Теориялық және эмпирикалық зерттеу әдістері
Презентация қосу
Теориялық және эмпирикалық зерттеу
әдістері
Ғылыми әдіс
Ғылыми әдіс — жалпы ғылыми аясындағы қолданылатын
әдістердің жиынтығы. Осыған қоса әрбір ғылым саласы тек қана
арнаулы объектіге ғана емес, сол объектіге сәйкес арнаулы әдіске
де ие болады.
Жеке ғылымдардың әдістері, жалпы ғылыми
әдістер.
Ғылыми танымның әдістері жалпы деңгейлеріне, ғылыми зерттелу үдерісіне, қолданылу
ауқымының кеңдігіне қарай бірнеше топқа бөлінеді.
Сондай-ақ олар:
жеке,
жалпы ғылыми және
жалпылама (философиялық) әдістерге бөлінеді.
Жеке әдістер нақты зерттеулердің тар шеңберінде қолданылады және зерттелетін
объектілердің сапалық ерекшеліктерімен тығыз байланыста болады. Пәндік бағдарына қарай
зерттелу үдерісіне: физикалық, биологиялық, әлеуметтік әдістері қолданылады.
Мысалы, химиядағы валенттілікті табу, социологиядағы анкета жүргізу әдістері сияқты.
Зерттелетін объекті мен оны зерттеу арасындағы тәуелділікті ескере отырып,
зерттеуші объект пен әдістің сәйкестілігін қадағалау керек.
Жалпы ғылыми әдістер ғылыми зерттеулер аясында кең қолданылады.
Ғылыми әдістіӊ жалпы логикасы мен парадигмалары
Зерттеу құралдарына түрлі процедуралар, әдістер, тәсілдер, методикалар, жүйелер мен
методологиялар кіреді. Бұл түсініктер төмендегі логикалық қатарды құрайды.
ӘДІС - зерттеу барысында белгілі бір қорытынды алуға бағытталған, бір немесе бірнеше
метематикалық, немесе логикалық операциялардың теорияға немесе практикаға негізделген
түрі. Процедура – белгілі бір операциялар жиынтығының орындалуын қамтамасыз ететін іс-
әрекеттердің жиынтығы.
ТӘСІЛ – күрделі әдіс болып табылады, ол зерттеу барысындағы бірнеше нысаналы
әдістердің жиынтығы.
МЕТОДИКА – бір немесе бірнеше әдістер жиынтығына негізделген зерттеу жолдары,
немесе олардың жиынтығына негізделген әдістер.
МЕТОДОЛОГИЯ - зерттеу әдістері, жүйелері мен методтары жөніндегі білімнің жиын
тығы.
ЖҮЙЕ – күрделі құбылыстар мен процестерді зерттеу үшін қажетті техникалық құралдар
мен методикалардың жиынтығы.
Ғылыми танымныӊ эмпириялық және
теориялық деңгейлері
Ғылыми таным эмпириялық және теориялық деңгейлерге бөлінеді. Жалпы
ғылыми әдістердің кейбірі тек эмпириялық деңгейде
(бақылау, эксперимент, өлшеу), басқалары тек теориялық деңгейде (идеалдау,
формалау), тағы бірқатары эмпириялық және теориялық деңгейде (модельдеу)
қолданылады.
ЭМПИРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ – ғылыми танымның негізгі формаларын,
сондай-ақ ғылыми білімнің құрылымдық компоненттері мен деңгейлерін сипаттайтын
категориялар. Ғылыми таным Эмпириялық және теориялық зерттеулерге бөлінеді.
зерттеу тікелей объектіге бағытталып, бақылау мен тәжірибе деректеріне сүйенеді.
Теориялық зерттеу ғылымының түсінік аппаратын жетілдірумен және дамытумен
байланысты және объективті ақиқаттың нақты байланыстары мен заңдылықтары
тұрғысынан алғанда оны жан-жақты танып-білуге бағытталған. Зерттеудің екі түрі де
бір-бірімен табиғи байланыста және бірін-бірі ғыл. танымның біртұтас құрылымында
деп біледі. Эмпириялық зерттеу бақылау мен тәжірибенің жаңа деректерін анықтай
отырып, теориялық зерттеудің дамуына жәрдемдеседі, оның алдына жаңа міндеттер
қояды. Екінші жағынан, теориялық зерттеу ғылымның мазмұнын байытып, оған нақты
сипат бере отырып, фактілерді түсіндіру мен көріп-білудің жаңа перспективаларын
ашады, эмпир. зерттеуді бағдарлап, оған жөн сілтеп отырады. Ғылым жаңа эмпир.
деректермен толыға отырып дамиды. Өмірде ғана көрінетін қозғалысты шын мәніндегі
ішкі қозғалысқа айналдыруды көздеген ғылым міндетін эмпир. таныммен тығыз
байланысты теор. ойлау жүйесі шешеді. Эмпириялық және теориялық мәселесінің
диалект.-материалистік шешімі гносеологияның, методологияның және ғыл.
логиканың болжамдарды тексерудің ғылым заңдарын білдіретін білімнің және бақылау
мен тәжірибе деректерін қалыптастыратын білімнің арақатынасын, идеализацияның,
типологияның, түсіндірудің табиғаты, т.б. маңызды мәселелерді пысықтау негізі болып
табылады.
Танымның эмпириялық деңгейінің әдістері
Эмпириялық танымның бастау алатын әдісі — бақылау. Ол айналадағы нағыздық
объектілері туралы бірқатар алғашқы ақпараттар алуға мүмкіндік береді. Бақылау белсенді
танымдық үдеріске жатады және нәрсе мен сыртқы дүние құбылыстарының сезімдік
(көбінесе көру) бейнеленуі болып табылады. Бұл әдісті қолданған кезде танушы адам белгілі
бір тану мақсатына сүйенеді. Әдетте, ойша әрекет бағдарламасын жоспарлайды және алынған
айғақтарға, демек, реалдылық туралы білімдерге сәйкес келетін түсінік береді.
Бақылау үдерісінде зерттеуші салыстыру және өлшеу операцияларын қолданады. Зерттеуші
объектіні белгілі бір белгісі бойынша салыстырады, сонан кейін оны өлшейді. Өлшеу
барысында субъективтілікті мейлінше азайтады. Ал өлшеу кезінде өлшеу құралдарын қолдану
зерттеушіні физикалық үдерістерді тіркеудің; сезім органдары сияқты сенімсіз құралдарынан
бас тартқызады.
Эмпириялық танымның бұдан да күрделі әдісі тәжірибе болып табылады. Тәжірибе деп
объектінің өзіне сай қасиеттерін айқындау зерттеушінің оған жасанды жағдайлар жасау
жолымен әсер етуін айтамыз. Мұндай жағдайда зерттеуші алдын ала объектінің белгісіз
(жасырын) сипаттарын ашу үшін, оның өту жағдайларын өзгерте отырып, табиғи үдеріс
барысына енеді. Эмпирикалық әдістер[өңдеу]
Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған: 1) бақылау – объективті шынайылықты
арнайы түрде қабылдау; 2) суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды
тілдің көмегімен бекіту; 3) өлшеу – объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша
салыстыру; 4) тәжірибе жасау – құбылыс қайталанған кезде қажетті жағдайлар
қайталанғанына байланысты өзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау .
Теоретикалық зерттеу математикалық
әдістерді қолданылу кезінде нақты нысанды
ауыстыратын математикалық модельмен
өткізілетін сынақ
Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми әдістерге төмендегілер
жатқызылады:
ФОРМАЛАНДЫРУ – зерттеліп отырған шынайы процестердің мағынасын ашатын
абстрактылы-математикалық модельдер құру;
АКСИОМАЛАНДЫРУ – дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дәлелдеуді
қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру;
ГИПОТЕТИКАЛЫҚ-дедуктивтік әдіс – нәтижесінде эмпирикалық фактілер
тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың
жүйесін жасау.
Зерттеу әдістерінің классификациясы аса күрделі мәселе болғанның өзінде де,
дәстүрлі түрде оларды үш топқа: жалпы ғылыми, интерғылыми және жеке ғылыми
әдістерге бөлу қабылданған. Жалпы ғылыми әдістер барлық ғылым салаларына тән
және оларды біріктіретін зерттеу объектісінде пайдаланылатын логикалық әдістерді,
яғни: бақылау мен тәжірибе, анализ бен синтез, жорамал мен гипотеза, индукция мен
дедукция, аналогия, классификация мен систематизация, генетикалық әдіс, т.б.
біріктіреді. Интерғылыми әдістерге – экстрополяция, интерполяция, модельдеу,
ретроспекция, эксперттік бағалау, т.б. жатады. Жеке ғылыми әдістердің көптеген
ғылыми топтары бар.
Жалпы ғылыми әдістер ішінде төмендегілерді бөліп көрсетуге
болады:
АНАЛИЗ – жан-жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас бөліктерге
(жақтарына, белгілеріне, қасиеттеріне және т.б) бөлу;
синтез – заттың құрамдас бөліктерін біртұтас затқа біріктіру;
АБСТРАКЦИЯЛАУ – зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес қасиеттері мен
қарым-қатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері мен қарым-қатынастарын бөліп алу;
ЖАЛПЫЛАУ – объектілердің жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік
беретін ойлау әдісі;
индукция – жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін зертеу
мен талқылау әдісі;
ДЕДУКЦИЯ – жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау
әдісі;
АНАЛОГИЯ – объектілердің бірдей белгілерінің ұқсастығы негізінде олардың
ұқсастығы туралы айтуға үмкіндік беретін таным әдісі, басқаша айтқанда, аналогия –
ғылымның бір саласындағы қатынастардың, оның екінші саласына транспозициялануы,
мысалға: тарихи аналогия, кеңістіктік аналогия және т.б
КЛАССИФИКАЦИЯ – зерттелетін пәннің зерттеушіге қажетті маңызды белгілері
бойынша түрлі топтарға бөлу (әсіресе, биология, геология, география, кристаллогрфия,
т.б. ғылымдардың түрлі бөлімдері).
Зерттеу процесі барысында төмендегідей
интерғылыми әдістер қолданылады:
ЭКСТРОПОЛЯЦИЯ – ойдың дамуы немесе белгілі бір тарихи кезеңдегі тенденциялардың
ашылуы, яғни жасалған заңдар мен тұжырымдардың бақылау аймағынан басқа аймаққа ауысуы;
ИНТЕРПОЛЯЦИЯ – құбылыстардың динамикалық қатарында көрінбейтін, бірақ осы қатар
мүшелерінің арақатынасын ашу негізінде параметрлерді, функцияларды, көрсеткіштерді табу;
МОДЕЛЬДЕУ – шынайы түрде бар процестер мен құбылыстардың логикалық, информациялық
және графикалық құрылымын жасау, яғни объектілерді жеңілдетілген түрінде бейнелеу; модельдеу
– түпнұсқаның зерттеушіні қызықтыратын қажетті жақтарының дәлме – дәл көшірмесін түсіру
арқылы зерттеу;
РЕТРОСПЕКЦИЯ – объектінің жүйелі түрдегі сипаттамасын алу үшін зерттеу объектісінің
тарихи дамуын зерттеу, яғни оның әртүрлі уақыт кезеңдеріндегі дамуының динамикалық қатарын
зерттеу;
ЭКСПЕРТТІК БАҒАЛАУ – эксперттің немесе эксперттердің тұжырымдары мен ойлары.
Күрделі құрылымды объектілерге анализ жасау
үшін төмендегі әдістерді қолданады:
декомпозиция – үлкен жалпы бір мақсатты бірнеше топтарға бөлу;
селекция – зерттелуге келетін варианттарды іріктеп алып, маңызы жоқ
фактілерді алып тастау;
агрегирование – жекелеген сипаттамаларды жалпы сипаттамаға біріктіру.
Егер объектінің құрылымы жүйесіз болса, оны талдау үшін дезагрегациялау,
яғни жалпылаушы сипаттамаларды жеке сипаттамаларға жекелендіреді.
Жоғарыда айтылып өткен әдістердің немесе тәсілдің ешқайсысы да, дара түрде
зерттеудің негізіділігін, дәлділігі мен дәйектілігін қажетті деңгейде қамтамасыз ете
алмайды. Сол себепті зерттеуде жоғары нәтижеге жету үшін олардың бірнеше
түрінің жиынтығын пайдалану ғана тиімді бола алады .
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz