Медиа білім берудегі медиамәдениеттің рөлімен таныстыру




Презентация қосу
ЦИФРЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ БІЛІМ БЕРУДЕГІ
МАҢЫЗЫ
Мақсаты: медиамәдениет, яғни цифрлық мәдениет ұғымымен жан-жақты
таныстырып, медиамәдениетті қалыптастыру арқылы медиа құралдарды білім
беру процесінде тиімді әрі пайдалы қолданудың алғышарттарын түсіндіру,
ақпараттарды сыни бағамдай білуді үйрету.
Зерттеу міндеттері:
-«Медиамәдениет», «медиасауаттылық» терминін жан-жақты анықтап,
маңызын түсіндіру;
- Медиа білім берудегі медиамәдениеттің рөлімен таныстыру;
-Білім беру процесіндегі медиамәдениеттің маңызын талдау;
Аннотация: тақырып бойынша «медиамәдениет» ұғымының мазмұны
жан-жақты ашылып, қарастырылады, медиамәдениетті қалыптастырудың маңызы,
білім берудегі рөлі қозғалады.
Кілт сөздер: Медиа құралдар, медиамәдениет, медиаландырылған қоғам,
медиасауаттылық, медиақұзыреттілік.
«Мeдиa» тepминi (лaтын тiлiндe «media», «medium» – құpaл, тacымaлдayшы) XX ғacыpдa
«бұқapaлық мәдeниeт» құбылыcын анықтaп көpceтy үшiн eнгiзiлгeн («mass culture», «mass
media»). Медиа құралдары білім беру саласына қосымша құрал ретінде қолданысқа енген
болатын, бірақ қазіргі бүкіл әлемді дүр сілкіндірген пандемиялық жағдай, медианы оқытудың
басты құралына айналдырды. Медиа құралдары, интернет желілер, оқыту платформалары білім
беру саласына үлкен пайдасын көрсетіп, онық құндылығы артты.

Медиа құзыреттілік

Медиа сауаттылық

Медиа білім беру

Медиа мәдениет
Медиабілім дегеніміз не?

Медиабілім адамдарды хабарламаларды жасауға, коммуникацияға мейлінше
тиімді ақпарат құралын таңдауға оқытады.
Медиабілім адамдарға өздерінің ойларын және ақпаратты еркін білдіру құқығын
жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

«Медиабілім» (media education) алынған ақпарат негізінде өздерінің ой-пікірлерін
айтуға қабілетті, ақпарат құралдарына және ақпарат көздеріне сыни және өзіндік
көзқарасы бар отандық азаматтарды тәрбиелеу мақсатында медиамәдениетті,
медиақұзыреттілікті дамытуға бағытталған оқу.
Әрине, кез келген нәрсенің екі ұшы болатыны тәрізді, бұқаралық ақпарат
құралдары мен ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуының оңды
тұстарымен қатар, бірқатар мәселелерді де тудырып отырғанын айта кету керек.
Олардың ішінде мына мәселелерді көрсете кетуге болады:
•аддикциялық жағдайларға ұшырау қауіпі артты;
•ұлттық мәдениет пен әлемдік мәдениеттің ең үздік жетістіктерінің жоғалта
бастауы;
•Психологиялық және физикалық денсаулыққа зиян келе бастады;
•Коммуникациялық қатынастар азайды.
Медиа мәдениет (media culture) - медиа саласындағы материалдық және
зияткерлік құндылықтардың жиынтығы, сондай-ақ олардың қоғамда көбеюі мен
жұмыс істеуінің тарихи тұрғыдан анықталған жүйесі. «Медиа мәдениет» медиатексті
қабылдауға, талдауға, бағалауға, медиа шығармашылықпен айналысуға, медиа
саласында жаңа білім алуға қабілетті адамның жеке басының даму деңгейлерінің
жүйесі бола алады.
Ақпараттық қоғамға көшу процесінде ақпараттың құндылығы өзгеріп, уақыт,
кеңістік және қашықтық ұғымдары туралы түсінігіміз кеңейіп, осылардың барлығы
жаңа мәдениеттің, яғни ақпараттық мәдениеттің тууына себепші болып отыр.
Ақпараттық мәдениет – бұл әңгімелесе білу, теледидар, хабарды талғамды түрде
қарау, алған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу.
Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам ақпараттың қажетті кезін сезінуі, оны тауып
алуға, бағалауға және тиімді пайдалануға қабілетті болып, ақпарат сақталатын
дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек.
е т н ем е с е
қ м әд е н и ертуді ң
Цифрлы б е р уд е и г
ет т і б іл і м
и а мә де н и р і
мед с еб е п те
Н.Б. Зиновьева ақпараттық мәдениеттің күрделі құрылымын бөліп көрсетеді.
Оның құрамына келесі мәдениеттерді: коммуникативті (қатынас жасау мәдениеті),
лексикалық (тілдік, жазу мәдениетімен, іс-қағаз құжаттарын жүргізу мәдениеті), кітап
және оқырман (кітап оқу мәдениеті), интеллектуалдық (ғылыми-зерттеу және ой
еңбегі мәдениеті), ақпараттық технологиялық (қазіргі ақпараттық технологияларды
пайдалана алу мәдениеті), ақпараттық, құқықтық, дүниетанымдық және
адамгершіліктік, библиографиялық элементтерді енгізеді
Қорытындалай келе қазіргі заман талабына сай
адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына
ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен
қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде
ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып
отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері –
жастардың бойында цифрлық мәдениетті қалыптастыру
қоғамның алдында тұрған басты міндет.
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Бүгінгі таңдағы Жапония мен Қытайдан кейінгі үшінші орындағы нарық ретінде Солтүстік Америкада шамамен
Әлеуметтік медиа
Мультимедиалық технология
Балаларды табиғатпен таныстырудағы әдіс - тәсілдер
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ БАКАЛАВРИАТ
Мультимедиа технологиялары
ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Саналы адам, қазіргі адамдар
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ПІШІНДЕР ЖАЙЛЫ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
Университеттегі кураторлар жұмысы
Пәндер