Адвокатура алқасы


Slide 1

Адвокатура алқасы

Орындаған: Молжигитова Таңшолпан

Тобы: Қт-18-Қб-07

Slide 2

Алқа заңды тұлға болып табылады және Қазақстан Республикасы Конституциясының, "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасының өзге де құқықтық актілерінің, осы Жарғының және адвокаттар алқасының жалпы

жиналысының (конференциясының) шешімдерінің негізінде әрекет етеді.

Алқа қызметінің мақсаты Мемлекет кепілдік берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілген адам құқықтарын, бостандықтарын сот арқылы қорғауға және білікті заң көмегін алуға құқығын іске асыруға жәрдемдесу болып табылад

Алқаға мүшелік міндетті болып табылады. Кіру жарнасына тыйым салынады. Алқа мүшелігіне Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, жоғары заң білімі, адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиясы (бұдан әрі-лицензия) бар және осы Жарғыны мойындайтын адам қабылдануы мүмкін.

Slide 3

АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ АДВОКАТТАР АЛҚАСЫНЫҢ

ЖАРҒЫСЫ

Алқаның толық аты:

- мемлекеттік тілде: Адвокаттар алқасы «Алматы облыстық адвокаттар алқасы».

- орыс тілінде: Коллегия адвокатов «Алматинская областная коллегия адвокатов».

Алматы облыстық адвокаттар алқасы (бұдан әрі - "алқа") жеке және заңды тұлғаларға білікті заң көмегін көрсету, адвокаттардың құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру және қорғау, " Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы " заңда және осы Жарғыда белгіленген өзге де функцияларды орындау үшін адвокаттар құрған коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіби, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын адвокаттар ұйымы болып табылады.

Алқаның қызмет мерзімі шектелмеген.

Алқаның орналасқан жері және заңды мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, 04, Талдықорған қаласы, Қаблиса Жырау көшесі, 69.

Slide 4

Алматы облыстық адвокаттар алқасында 2019 жылдың 12 қазанында алқа мүшелерінің жалпы жиналысы өтті.

Дауыс беру қорытындылары бойынша көпшілік дауысымен Махышев Сәкен Тұрғанұлы Алматы облыстық адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы болып сайланды.

Сәкен Махышев - 18 қаңтар 1977 жылы дүниеге келген, 2005 жылдың 1 маусымынан Алматы облыстық адвокаттар алқасының адвокаты.

Алқа төралқасының төрағасы:

Махышев Сакен Турганулы

Адвокаттардың жалпы саны-465

Заң консультацияларының саны-30

Адвокаттық кеңселер саны-8

Жеке адвокаттар саны: 33

Slide 5

Алқаның құқықтық мәртебесі

Алқа заңды тұлға болып табылады және Қазақстан Республикасы Конституциясының, "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасының өзге де құқықтық актілерінің, осы Жарғының және адвокаттар алқасының жалпы жиналысының (конференциясының) шешімдерінің негізінде әрекет етеді.

Алқа дербес балансы, банктерде есеп айырысу, валюталық және өзге де шоттары, мемлекеттік, орыс тілдерінде өзінің атауы көрсетілген дөңгелек мөрі, мөртабандары мен бланкілері және үлгісі заңнамада көзделген тәртіппен бекітілетін және тіркелетін эмблемасы болады.

Алқа адвокаттардың қарыздары мен міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Адвокаттар алқаның қарыздары мен міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

Slide 6

Алқа қызметінің мәні:

Адвокаттардың қылмыстық істер, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қорғау, сондай-ақ қылмыстық және азаматтық істер мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өкілдік ету, сондай-ақ жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және іске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегінің өзге де түрлерін көрсету жөніндегі қызметін ұйымдастыру.

Заңнамада көзделген жағдайларда мұндай қызмет республикалық бюджет қаражаты есебінен не тегін жүзеге асырылады;

Алқа қызметін ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық, әдістемелік және анықтамалық-ақпараттық қамтамасыз ету;

Алқа мүшелерінің адвокаттық қызметті жүзеге асыруына және олардың заңнама мен адвокаттардың кәсіптік этикасы кодексінің талаптарын сақтауына кәсіби бақылауды ұйымдастыру;

Алқа қызметінің мақсаты Мемлекет кепілдік берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілген адам құқықтарын, бостандықтарын сот арқылы қорғауға және білікті заң көмегін алуға құқығын іске асыруға жәрдемдесу болып табылады;

Slide 7

Адвокаттар алқасы қызметінің негізгі міндеттері:

Адвокаттық қызметті жүзеге асыру кезінде алқа мүшелерін оларға жәрдемдесу, кәсіптік көмек көрсету және қорғау;

Алқа мүшелерінің қызметін материалдық-техникалық және анықтамалық-ақпараттық қамтамасыз ету;

Адвокаттық қызметті жүзеге асыруға кәсіби бақылауды ұйымдастыру;

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуді және алдын ала тергеу органдары мен соттың тағайындауы бойынша қорғауды ұйымдастыру.

Slide 8

Алқаға мүшелікті тоқтата тұру:

Төралқаның шешімімен тоқтатыла тұруы мүмкін:

1) . Адвокаттың мемлекеттік қызметте болуы;

2) . Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының, өз қызметін бюджет қаражаты есебінен ақы төленетін тұрақты немесе босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутатының өкілеттіктерін орындауы;

3) . Адвокаттың мерзімді әскери қызмет өткеруі;

4) . Адвокаттың өз қызметін тоқтата тұруы оның адвокаттар алқасына берген өтініші негізінде жүзеге асырылады.

5) . Адвокат лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру лицензиар адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған күннен бастап адвокаттық қызметті жүзеге асыруға тыйым салуға әкеп соғады.

6) . Алқаға мүшелікті тоқтата тұру кезеңінде Төралқа адвокатты мүшелік жарналарды төлеуден толық босатады.

7) . Алқаға мүшелікті тоқтата тұру кезеңінде адвокат мүшелік қайта басталған кезде қайтарылатын адвокаттың қызметтік куәлігін тапсыруға міндетті.

Slide 9

Заң көмегін көрсетуді ұйымдастыру


Ұқсас жұмыстар
Құқық қорғау қызметінің мақсаты
Адвокаттардың заңды көмегі
Алқабилер сотының құқықтық жағдайы
Алтын тәж туралы ақпарат
Адвокат. Адвокаттар көрсететін заң көмегінің түрлері
Құқық қорғау органдары
АДВОКАТ ЭТИКАСЫ
Жол қозғалысының жас инспектрлары
ТУРИСТІК КӨПСАЙЫСТАҒЫ ЖАРЫСТАР ЖӘНЕ ТӨРЕШІЛЕР
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Н.Ә.Назарбаев
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz