Жануарлардың психикалық әрекеттінің жалпы сипаттамасы


Slide 1

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

СӨЖ

Механицизм (төменгі манизм) және антропоморфизм (жоғары манизм) .

Орындаған:Күнғозы Аяжан Вм-207

Тексерген:Бименова Жанат Жолшыбайқызы

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

1. Жануарлардың психикалық әрекеттінің жалпы сипаттамасы Негізгі бөлім

1. Антропоморфизм мен механицизмнің дамуы

2. Жануарлар мінез-құлқын реттейтін қарапайым түрлер. Таксистер мен тропизмдер.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе:

Ч. Дарвин жануарлардың психикасын зерттеу әдісінде экспериментальды және салыстырмалы әдістерді қолданады. «Выражения эмоции у животного и человека» (1872 ж. ), еңбегінде Ч. Дарвин жанурлармен адамдардың вербальсыз қозғалысының ерекшелігін зерттей келе, жануарлармен адамдардың эмоциялық көріністеріндегі ерекшеліктерді атап өтті. Жануарлар мінез-құлқын мынадай топқа бөлді.

Инстинкт

2. оқытуға қабілеттілігі

3. ойлау білуге ұмтылысы

Slide 4

Дарвиннан кейінгі ілім 2 бағытта дамыды:

І. Антропоморфизм

ІІ. Механицизм

Фабри - Леонтьев жануарлар психикалық әрекеті ілімінің негізін салған.

Slide 5

Антропоморфизм

Антропоморфизм ілімінің негізін салушы Джон Ромес. Ол өзінің көз-қарастарында және жануарлардың ақылы еңбегінде адамдарға тән сезімдік сапаның барлығын жануарларға да тән; көптеген жағдайда оларда саналы іс-әрекеттер жасайтындығын дәлелдеген.

Slide 6

Антропоморфизм (грек. anthropos адам, тогрһе - форма, пішін) - адамзаттық, халықтық дүниетанымдағы жаратылыс иелерін (құдайды, періштелерді, мал-жан иелерін), табиғаттағы нәрселерді (ғарыштык, геогр. объектілерді, жан-жануарларды, өсімдіктерді, т. б. ) адамға ұқсату құбылысы, өнердегі көркемдік әдіс. Антропоморфизм ежелгі дүниетаным мен ілкі санадан бастау алатын құбылысқа жатады. Ол байырғы мифологиялық және діни аңыздардан айқын байқалады. Антропоморфизм қазақ халқының арасында да кеңінен таралған. Адам кейпіндегі киік, жын, пері, дию, жезтырнақ, албасты, т. б. ұғымдар осының айғағы.

Антропоморфтандыру (грек. antropos - адам және mоrphe - форма, пішім) - адамзаттық, халықтық дүниетанымдағы жаратылыс иелерін (құдайды, періштелерді, мал-жан иелерін), табиғаттағы нәрселерді (ғарыштық, геогр. объектілерді, жан-жануарларды, өсімдіктерді т. б. ) адамға ұқсату құбылысы; өнердегі көркемдік әдіс.

Slide 7

Механицизм

Механицизм - бұл ілімнің негізін салушылар Жан Гебб; Джон Уотсон, Павлов. Бұл ілімнің негізгі мақсаты -жануарлардың қылық-әрекетін тек қана бақылау арқылы ғана болады. Бұл ілім антропоморфизм іліміне қарама-қарсы ілім.

Slide 8

Механицизм - шындықтың барлық процестерін классикалық механиканың заңдары негізінде түсіндіретін дүниеге көзқарас. Механицизм механицистік дүниетанымға негізделеді: дүниенің сапалық көптүрлілігі жоққа шығарылып, күрделі қарапайымға, тұтас бөліктердің жай ғана қосындысына саяды, механиканың ұғымдары мен принциптері абсолюттендіріліп, философиялық категориялар (мысалы, өзара байланыс, себептілік, заңдылық, т. б. ) механикалық тұрғыдан түсіндіріледі. Механицизмнің пайда болуы мен кеңінен таралуы 17 - 18 ғасырлардағы классикалық механиканың жетістіктерімен байланысты болды. Сол кездегі көптеген ғалымдар (Галилей, Ньютон, Лаплас, т. б. ), оның ішінде философтар (Гоббс, Ламетри, Гольбах, т. б. ) механицистік көзқарасты ұстанған. . Механицизмнің кейбір көріністері 20 ғ. ғылымында кванттық механиканы, кибернетиканы, т. б. түсіндіру кезінде орын алды. [1]

Slide 9

Л. Морган - жануарларды үйрету мен инстинктердің рөлін жоғары бағалаған. Ол инстинктерді туа біткен, ал үйретуді жүре пайда болу ерекшеліктері деп қарастырылған. Сондай-ақ көптеген жағдайларда қателесу арқылы танып білуді жануарларға тән деп көрсетеді. Морганның ілімін оқушысы Торндайк қолдайды.

Таксистер - грек тілінен аударғанда «реттік орналасу» көп клеткалы организмнің сұйықтық қозғалысы - клеткасының орналасуы немесе организмнің бейімделуі және бұл жүйкесіздерде болады. Таксистердің түрлері (бактериялармен жүргізілетін эксперименттерде олардың бағытталуы анықталған) .

-Хемотаксис - химиялық концентрациялық құрамына қарай градиенттердің қозғалыстары: -жағымды, -жаағымсыз

- Термотаксис - температураның ықпалына қарай қозғалысы.

- Фототоксис - жарықтың ықпалына қарай қозғалысы.

- Реотаксис - судың немесе ауаның ықпалы арқылы қозғалысы

- Гальвонотаксис - электртоғымен байланысты қозғалыстар.

Таксистердің атқаратын функциялары: белгілі бір ортада генетикалық қылық-әрекеттің ерекшелігін айқындау үшін, тіршілікке қажеті қозғалыстар.

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
Тұлға және мотивация
Сезімдік таным мен рационалдық
Жалаң түбір тұлғалы ауысу калпын білдіретін салт етістіктердің семантикасы АУЫСУ (ӨЗГЕРУ) ЕТІСТІКТЕРІНІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ТОПТАРЫ
Теріс эмоциялар және денсаулық
Психика және сана
ПСИХИКАЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ЗАТТАР
Психика мен сананың дамуы
Жануарлар психикасының дамуы
Мидың жергілікті зақымдануындағы психикалық процестердің өзгеруін зерттеу
Шығармашылық қабілеттін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz