Ірі қара малдарының спорадикалық энцефаломиелиті: қоздырғыштың төзімділігі, клиникалық белгілері және алдын алу шаралары


Slide 1

Ірі қара малдың спорадикалық энцефаломиелиті

Орындаған:Төленді А.

Қонқабай П.

ВС-313

Қабылдаған:Ромашев. Қ. М

Slide 2

Жоспары:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Аурудың сипаттамасы.

2. ІҚМ спорадикалық энцефаломиелиті қоздырушысының сыртқы ортаға төзімділігі.

3. Өтуі мен симптомдары.

III. Қорытынды.

IV. Пайдаланылған әдебиет

Slide 3

1. Аурудың сипаттамасы

Ірі қара малдардың спорадикалық энцефаломиелиті /орыс. спорадический энцефаломиелит КРС, лат. Encephalomyelitis bovum/ - энцефаломиелитпен, пневмониямен, таралатын серозды-фибринозды плевритпен, пеританитпен және полиартритпен мінезделетін жұқпалы ауру.

Slide 4

Тарихи деректер.

Бұл ауру АҚШ-та, Италияда, Венгрияда, Чехияда, Германияда, Жапонияда, Австралияда және т. б. елдерде кездеседі. ТМД елдерінде кездеспейді. Жас малдардың өлім көрсеткіші - 50-80%, ересек малдарда өлім көрсеткіші - 10-20%.

Slide 5

2. ІҚМ спорадикалық энцефаломиелиті қоздырушысының сыртқы ортаға төзімділігі.

Қоздырушысы. орнитоз, лимфогранулема және трахома (ОЛТ) топтарына жататын микроорганизм. Қоздырушысының элементарлық денешіктері сферикалық түрде болады, көлемі 300-400 нм. Олардың бірқабатты немесе екіқабатты қабықшалары болады.

Төзімділігі. Қоздырғыш 560С температура 10 мин. өлтіреді. 2% сілті ерітіндісімен, 1% карбол карбонат ерітіндісімен, 5%креозол ерітіндісімен өңдегенде 10-20 мин. өледі. Қоздырушыны тауық эмбрионында, бұзаудың бүйрек торша өсіндісінде және клеткаларында 5-7 күнде өседі. Зертханалық жануарлардан ақ тышқандар мен теңіз шошқалары сезімтал келеді.

Slide 6 Slide 7

Індеттік деректер.

Табиғи жағдайда ауруға тұқымы мен жасына қарамай барлық ірі қара малдар сезімтал, бірақ 1 жасқа дейінгі төлдер өте сезімтал. Ауру қоздырушысының бастауы - ауру жануарлар. Олар қоздырушысыны сыртқы ортаға танаудан аққан сорамен, несеппен және нәжіспен шығарады. Ауру спорадикалық өтеді. Жылдың кез-келген мезгілде өтеді, көбінесе тасымалдаудан кейін, тез салқындап, азығы және күтімі нашарласа шығады. 1 жыл бойы ауырып жазылған жануарлар қайта ауырмайды.

Slide 8 Slide 9

Алдын алу және күресу шаралары

Алдын алу шараларына арналған арнайы биопрепараттар жоқ. Негізгі күресу жолы - ауру жануарларды оқшаулап емдейді және ауру малдар тұрған қораларды дұрыстап дезинфекциялайды. Карантинді ауру жануарлар табылған шаруашылыққа ғана қояды. Оны соңғы аурудан кейін 21 күннен кейін алып тастайды. Сүтті пастерлейді. Өлген және күдікті жануарлардың етін пісіргеннен кейін қолданады, өлген жануарлардың ішкі мүшелерін утильге жібереді.

Slide 10

3. Өтуі мен симптомдары

Клиникалық белгілері. Жасырын кезеңі 4-27 күн. Жануарларда дене қызуы 39, 5- 41, 50С көтеріледі. Қызба жануар өлгенше немесе жазылып кетсе 4-10 күн бойы сақталады. Өзіне тән жіті түрде өткенде : танаудан кілегейлі сора ағады, жөтел, жоғарғы тыныс жолдарының ісінуі және катаральды пневмония байқалады. Аурудың 2-3 күндері орталық нерв жүйесінің зақымдауы байқалады - күрт күйзеледі, жүру қозғалысы бұзылады, опистотонус жағдайға түседі.

Slide 11

Ауру ауыр түрде өтсе мал жатып қалады, кейде күйіс қайыру бұлшықеттері мен тілі салданады. Жануарда орталық нерв жүйесінің зақымдану белгілері байқалған соң 2-7 күнде өліп қалады. Ауру жітіден төмен өткенде бұл жерде фибринозды плеврит пен перитонит дамиды, буындары зақымданады және ас қорыту мүшелерінің қызметтері бұзылады. Бұл белгілер дамып, жануар аурудың 7-15 күндері өліп қалады. Аурдың жеңіл түрінде жануарларда қысқа мерзімді дене қызуы көтеріледі және тыныс алу және ас қорыту мүшелерінің қызметтерінің бұзылуы байқалады. Жануарлар 10-15 күнде жазылып кетеді.

Балауды клиникалық белгілеріне қарап қояды. Зертханалық зерттеу тауық эмбрионына және теңіз шошқаларынан қоздырғышты өсіреді. Ретроспективті балауды ауырып жазылған жануарлардан КБ реакциясы арқылы антиденелерді тауып қояды.

Slide 12

Пайдаланылған әдебиет

1. Экспертиза доброкачественности и радиационной безопасности продуктов, их стандартизация и сертификация. Т. 1, 2, 3. Издательство «CREDOS». Алматы 2008г., под редакцией Н. Ф. Шуклина.

2. М. Ф. Боровков, В. П. Фролов, С. А. Серко. Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии и стандартизации продуктов животноводства. Издательство «Лань». Санкт-Петербург - Москва. Краснодар. 2007г.

3. Королев Н. С. Микробиология продуктов животного происхождения, Москва, агропромиздат, 1985


Ұқсас жұмыстар
Ірі қара цистицеркозы: қоздырғышы, эпизоотологиясы, клиникалық белгілері, диагностика, ем және алдын алу шаралары
Ауыл шаруашылық малдарының пестицидтік улануы: патогенезі, клиникалық белгілері және алдын алу шаралары
Ірі қара гиподерматозы, қой эстрозы, жылқы ринэстрозы және түйе цефалопинозы: қоздырғыштары, даму циклдері, клиникалық белгілері, алдын алу және ем шаралары
Ірі қара және шошқа обасы: қоздырғышы, клиникалық және патологиялық ерекшеліктері мен алдын алу шаралары
Ірі қара малдың қант қызылшасымен улануы: клиникасы, емі және алдын алу шаралары
Ірі қара мал лейкозы: этиологиясы, патогенезі, клиникалық-диагностикалық және профилактикалық шаралары
Шмалленберг вирусы: эпизоотологиясы, клиникалық белгілері, диагностикасы мен алдын алу шаралары
Ірі қара малдағы безноитиоз (Besnoitia besnoiti): клиникалық белгілері, патоморфологиясы және эпизоотологиясы
Ірі қара қарасаны: патогенезі, клиникалық белгілері және сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитарлық бағалау
Құтыру ауруы: этиологиясы, эпидемиологиясы, клиникалық белгілері және алдын алу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz