Сайлау комиссиясының өкілеттілік мерзімі - бес жыл




Презентация қосу
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті
Әлеуметтік ғылымдар факультетеі
Құқықтану кафедрасы

ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының сайлау
жүйесі

Орындаған: Куттимуратов Е.
Тобы: ЗҚТ-012
Қабылдаған:
Сайлау жүйесі ұғымы әдетте екі — тар және кең мағынада қолданылады. Кең мағынада сайлау
жүйесі дегеніміз — Қазақстан Республикасындағы сайлауды өткізу мен ұйымдастыруға байланысты
туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі. Оған сайлау комиссияларын құру мен олардың қызметі,
сайлау округтерін, учаскелерін құру, сайлау алдындағы үгіт-насихат, сайлаудың қорытындыларын
анықтау, т. б. жатады.
Сайлауды өткізу үшін еліміздін әкімшілік аумақтық бөлінісі және сайлаушылардың мөлшері шамамен
бірдей деңгейлес сайлау округтері құрылады. Сайлау округтерінің — бір мандатты, көп мандатты,
біртұтас жалпыұлттық деп аталатын үш түрі бар. Сайлау нәтижесі бойынша тек бір ғана депутат
сайланатын округ — бір мандатты сайлау округі деп аталады. Қазақстан Республикасының Парламенті
Мәжілісінің 67 депутаты осы жүйе бойынша сайланады. Осыған сәйкес Қазақстанның барлық аумағы
67 округке бөлінеді. Жергілікті өзін-өзі басқару органының бірнеше мүшесі сайланатын округ — көп
мандатты округ деп аталады. Мұндай округтер қалалық. және селолық кауымдастықтардың
аумақтарын қамтиды. Қазақстан Республикасының барлық аумағын қамтитын, Президент, сонымен
қатар партиялық тізімдер негізінде 10 Мәжіліс депутатын сайлайтын округ — біртутас жалпыұлттық
сайлау округі деп аталады.
Еліміздегі сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік органдар, сайлау
комиссиялары болып табылады. Олардың біртұтас жүйесін мыналар құрайды:
республикалық Орталық сайлау комиссиясы;
аумақтық сайлау комиссиялары;
округтік сайлау комиссиялары;
учаскелік сайлау комиссиялары.
Сайлау комиссиясының өкілеттілік мерзімі — бес жыл. ҚР-ның Орталық сайлау комиссиясы сайлау
комиссиясының бірыңғай жүйесіне басшылық етеді. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен
мүшелерін Республика Президентінің ұсынуы бойынша Парламент Мәжілісі қызметке сайлайды
және қызметтен босатады. Орталық сайлау комиссиясы тұрақты жұмыс істейтін және еліміздің
барлық аумағында сайлау туралы заңнамалардың орындалуына басшылық етуді жүзеге асыратын
орган болып табылады. ОСК Президент және Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын
әзірлеу мен өткізуді ұйымдастырады, Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру
мен өткізуге басшылық жасайды, Президент және Парламент сайлауының еліміздегі
қорытындыларын шығарады, сайланған Президентті және Парламент депутаттарын тіркейді, заңда
керсетілген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
Саяси партиялардың ұсынысы негізінде жергілікті мәслихаттар құратын, облыстық, аудандык,
калалық, каладағы аудандық сайлау комиссиялары аумақтық сайлау комиссиялары деп аталады.
Олар Президентті, Парламенттің және мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының мүшелерін сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз етеді. Округтік сайлау
комиссиялары саяси партиялардың ұсынысы негізінде жергілікті мәслихаттар сайлайтын орган, ол
сайлау округтерінде Парламент Мәжілісінің және мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыру
мен өткізуді камтамасыз етеді, сайлау округтерінде Мәжіліс депутаттары мен мәслихат депутаттары
сайлауын өткізуді тікелей ұйымдастырады. Учаскелік сайлау комиссияларының қызметін
ұйымдастырып, үйлестіріп отырады, учаскелік сайлау комиссияларынан дауыс берудің нәтижелері
туралы хаттамаларды алады, солардың негізінде округ бойынша сайлау нәтижелерін аныктайды, бұл
туралы БАҚ хабар жариялайды. Учаскелік сайлау комиссияларын аудандық мәслихаттар саяси
партияларды ұсынысы негізінде сайлайды. Олар сайлау учаскелерінде Президент, Парламент
Мәжілісінің, мәслихаттарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау
жөніндегі шараларды жүргізеді (сайлау учаскелерінде сайлаушылардың тізімін анықтайды, сайлау
күні сайлау учаскесінде дауыс беруді ұйымдастырады)
Сайлау комиссияларының мүшелері мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылады және
мемлекеттің қорғауында болады. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері өз
өкілеттіліктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асырады. Сайлау комиссиясының басқа
мүшелерін сайлау өткізу кезеңінде олардың келісімінсіз жұмыс берушінің ұйғарымы бойынша
жұмыстан шығаруға немесе басқа жұмысқа ауыстыруға жол берілмейді. Сайлау
комиссиясының мүшесі сайлау комиссиясының отырысында сөз сөйлеуге, тиісті сайлау
комиссиясының құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге, комиссия
құжаттарымен танысуға құқылы. Заңда сайлау комиссиясы мүшелерінің міндеттері нақты
көрсетілген. Олар:
ҚР-ның Конституциясы мен заңнамаларын сақтау;
жалпы жұрт таныған әдеп нормаларын сақтау;
азаматтардың сайлау құқықтары мен занды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын
қамтамасыз ету;
шешімдер қабылдау кезінде әділ және тәуелсіз болу;
кандидаттар мен партияның тізімі ұсынған саяси партиялардың қызметіне жария баға
беруден аулақ болу;
аталған комиссия орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұруға міндетті
Аудандар мен қалаларда дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау үшін тиісті
өкімдердің сайлау комиссияларымен келісілген шешімдеріне сай сайлау учаскелері
құрылады. Олар сайлаушыларға барынша қолайлы жағдайлар туғызу мақсатында,
жергілікті және өзге де мән-жайларды ескере отырып құрылады (әскери бөлімшелерде,
емханаларда, емдеу-сауықтыру орындарында, соттарда, тергеу изоляторларында, ҚР-ның
шетелдердегі өкілдіктерінде (елшіліктерде), т.б. Сонымен, еліміздегі сайлауды әзірлеу мен
өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік органдар — сайлау комиссиялары болып
табылады. Олар біртұтас жүйе құрайды. Бірыңғай сайлау комиссиясының жүйесіне ҚР-
ның Орталық сайлау комиссиясы басшылық етеді. Парламент Мәжілісінің және
мәслихаттарының депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін
сайлау кезінде ОСК және аумақтық сайлау комиссиясы сайлау округтерін құрады. Сайлау
округтерінің: бір мандатты, көп мандатты, біртұтас жалпыұлттық сайлау округі деп
аталатын үш түрі болады. Аудандар мен қалаларда дауыс беруді өткізу және дауыстарды
санау үшін тиісті өкімдердің сайлау комиссияларымен келісілген шешімдерге сай сайлау
учаскелері құрылады.
Сайлау және сайлану құқығы 1995 жылғы қыркүйекте қабылданған «Қазақстан
Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда реттелген. Конституцияның
және аталған заңның ережелеріне сәйкес Президентті, Парламент Мәжілісі мен жергілікті
өкілді органдар депутаттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жергілікті
органдарының мүшелерін сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде
жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi. Қазақстан Республикасының Президенті бес
жыл мерзімге сайланады.
Республика Президенті болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын қырық
жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда соңғы он бес жыл тұратын
Республика азаматы сайлана алады. Дүниежүзінде әбден жетілдіріліген сайлау жүйесі әлі
де болса қалыптаспаған. Ғасырлық демократиялық дәстүрі бар ежелгі мемлекеттердің өзі
жаңа сайлау науқандарын ұйымдастыру мен өткізу барысында кемшіліктер табады.
Сондықтан да «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң үнемі
жетілдіріліп, заманауи әлемнің реалийлеріне сәйкес түзетіліп отырады. Сайлау
заңнамасымен бірге сайлау үдерісі де жақсарады, сайлаушылардың және басқа да сайлау
үдерісіне қатысушылардың құқықтық мәдениеті артады.
1995 жылғы қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық
заңның бастапқы қабылдану уақытынан бастап оған он төрт рет өзгерістер мен
толықтырулар енгізілді. Жалпы алғанда осындай түзетулер 792-ден астам болды.
Сайлау алдындағы үгіт Сайлау комиссияларында кандидаттарды тіркеген күннен
бастап сайлау алдындагы үгіт басталады. Сайлау алдындағы үгіт —
сайлаушылардың белгілі бір кандидатты, саяси партияны жақтап немесе карсы
дауыс беруге түрткі болу мақсатында атқарылатын қызмет. Сайлауға қатысуға
шақыру үгіт нысаны болып табылмайды. Аталған қызмет сайлау болатын күннің
алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аякталады. Сайлау
алдындағы үгіт нысанына:
бұкаралық ақпарат құралдары арқылы үгіт;
сайлау алдындағы жария іс-шаралар — сайлау алдындағы жиналыс,
пікірталастар, митингілер, сайлаушылармен кездесу, шерулер, демонстрациялар,
т.б.;
баспа, дыбыс, бейне-дыбысты және өзге де материалдарды шығару және тарату
жатады.
Сонымен бірге сайлау туралы заң сайлау алдындағы үгіт жүргізуде, кез келген
сайлау алдындағы үгіт материалдарын таратуға төмендегідей тұлғаларға тыйым
салады:
мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі баскару органдарына, сондай-ақ
қызметтіқ міндет атқарып жүрген лауазымды адамдарға;
әскери қызметшілерге, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық корғау
органдарының қызметкерлері мен судьяларға;
сайлау комиссияларының мүшелеріне;
діни бірлестіктерге.
Елде өткізілетін сайлау заң талаптарына сай, әділетті өту үшін мемлекет кепілдіктер
береді, оған нақты қаржы бөледі және сайлауды өткізу тәсілдерін анықтайды.
Сайлауға қатысатын кандидаттар мен саяси партиялар өз бағдарламаларын ақпарат
құралдары мен баспасөзде жариялауға құқылы. Мемлекет кандидаттарға өз
бағдарламаларымен бұқаралық ақпарат құралдарына шығу үшін бірдей қаражат
бөлінуіне кепілдік береді. Әрбір кандидатка:
телеарналар арқылы 15 минут сөз сөйлеуге;
радио арқылы 10 минут сөйлеуге;
баспасөз беттеріне 0,1 баспа табақ көлемінен аспайтын екі мақала жариялауға
мемлекет есебінен қаражат бөлінеді.
ilginiz için
teşekkürler

Ұқсас жұмыстар
САЙЛАУ ЖҮЙЕСІ САЙЛАУ
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы
Сайлау жүйелері және сайлау
ПРЕЗИДЕНТ ПАРЛАМЕНТ
Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы
Сайлау алдындағы үгіт
Қазақстан Республикасының Парламенті қандай орган
ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ
Президентінің 1998 жылғы
Демократиялық мемлекет
Пәндер