1923 жылдың сәуірі




Презентация қосу
Кеңес өкіметі
кезеңіндегі
тарихтағы
арулар бейнесі
Алма Оразбаева.
1923 жылдың сәуірі. Москвада РКП(б) съезі өтіп жатқан. Кезекті
шешенге сөз берілгенде съездің мінбесіне қараторы өңді, талдырмаш,
өткір қара көзді қыз көтерілді. Ол алдымен залға бір қарап, жылы
шыраймен жымиып алды да сөзін бастап кетті. Сөйлеушінің іркілмей,
қағазға да қарамай сөйлеуі, мазмұнды, орысша ұста келген жалынды
сөздері жиналған қауымға оның өмірді жақсы білетін, мәселеге
таптық тұрғыдан қарайтын принципті коммунист екенін аңғартты.
Үлкен форумда сөйлеген бұл адам – қазақтың қадірмен қызы
Шығыс әйелдерінен шыққан тұңғыш коммунист, белгілі партия және
мемлекет қайраткері Алма Оразбаева еді. Қазақ әйелдерінің, жалпы
бүкіл Шығыс әйелдерінің негізгі қалың бұқарасы ғасырлар бойы
өздерін езіп, еңсесін көтертпей келген ескіліктің шырмауын үзіп,
жаңа өмірге әлі де болса ілесіп келе алмай жатқан сол бір тұста
Алманың бұлай жарқ етіп шығуы қараңғы түнді жарып шыққан
жарық жұлдыздай болып көрінді.
Алғашқы өзінің дәріс алған мектебі туралы әңгімелегенде Алма:
«кейбір ата-аналар қыздарын мектепке бергенде оқып білім алу үшін
емес, үйдегі ас ішетін артық ауыздан құтылу мақсатымен толық
пансионаты үшін беретін. Ал қыздары 13-14 жасқа келсе болды,
оларды қалың малға сатып, зорлап күйеуге беріп жіберетін еді», - деп
жазды.
Алманың алғашқы ұстаздарының бірі Разия Дүйсенғалиқызы Меңдешева: «Алма өзінің оқып білім
алуына алдымен алғашқы ұстазы, орыс-қазақ қыздары мектебінің сол кездегі меңгерушісі Г.А.
Воскресенскаяға борышты еді. Шәкіртінің қабілеттілігін, оқуға деген құштарлығы мен зор талабын бірден
аңғарған ол Алмаға жанын салып көмектесті. Мен сол жылдары осы кісінің көмекшісі болып істедім.
Глафира Андреевна Алманы маған да тапсырып қойды. Алма әсіресе, көркем әдебиетті сүйіп оқыды.
Оны кітаппен достасуға үйреткен де осы кісі еді», деген болатын.
Білімді аңсаған Алманы Симбирскіге жіберу Бөкей ағартушыларына оңай түспейді. 1909 жылдың 6
қамалында Ішкі Қырғыз (Қазақ) ордасындағы халық училищелерінің инспекторы М. Филиппов чуваштың
белгілі ағартушысы И.Я. Яковлевке мынандай хат жолдайды: «Биыл Ордадағы орыс-қырғыз
училищесінің әйелдер курсын 13 жасар қазақ қызы (хатта қате кеткен, Алма ол жылы 11 жаста) Алмабет
Оразбаева бітіреді, - деп басталады бұл хат. ...Ауылдағы әйелдер мектептеріне сабақ беретін
мұғалималардың орнын басатындай азды-көпті білімі бар қазақ қыздарына зәру бола отырып, мен оның
білімін жалғастыру үшін Сізге сеніп тапсырылған Симбирск мұғалімдер мектебіне жібергім келер еді.
Алмабет Оразбаеваның өзі де Симбирскіге баруға тілек білдіріп отыр. Бас иіп өтінемін... маған бір
хабарын берсеңіз екен, аталған Оразбаеваның қабылдануынан сірә де үміт етуге бола ма?»
Болашағынан зор үміті бар оқушының Симбирск мектебіне түскеніне әсіресе, өзіне дәріс берген
ұстаздары мықтап қуанады.
Алма қанша талаптанса да оқығаны үшін төлейтін ақшаны толық тапсырмағаны үшін 1911 жылдың
11 қамалында оқудан шығарылады. Тек И.Я. Яковлевтің бүкіл жауапкершілікті өзіне алып, әкелік қамқор
жасағанының арқасында ғана Алма оқуын аяқтап шығады.
1920 жылдың 28 декабрінде Қазақ ССР Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Советі
Шығыс республикаларынан бірінші болып қалың малды жою туралы декрет қабылдады. Алма
Оразбаеваның ұсынысы бойынша қалың малды жойған күн 1924-1930 жылдары республикада мереке
ретінде атап өтіліп келді.
Алма Оразбаева мәдениетке, білімге ұмтылған қазақ жастарының талабын жоғары бағалады.
Оларға қолынан келген жәрдем-көмегін жасап, бағыт-бағдар беріп отырды. Әйелдерді саяси,
экономикалық және мәдени өмірге араластыру республикада қауырт жүрді. Осы қозғалыстың көрігінде
Алма Оразбаеваның коммунистік бейнесі де шыңдала өсті. Қазақстан коммунистері оны Ленин
партиясының XII, XIII, XIV съездеріне делегат етіп сайлады.
1926 жылы Алма Қазақстанның сол кездегі басшы қызметкерлерінің бірі, азамат соғысы жылдары
Совет өкіметін қорғауда үлкен қайрат көрсеткен Орынбор қызыл казактарының ержүрек командирінің
бірі И.Д. Каширинге тұрмысқа шықты.
Иван Дмитриевич Алманы баласындай еркелетіп, абайы мен сыйына бөлеп тұрмыс еткен.
Зайыбының есімін де ол біраз өзгертіп өзінше «Альма» деп атапты. «Бұныңыз қалай?» дегенде ол:
«жаны да, өзі де нәзік, сыпайы адамға кілең ашық дауысты әріптен тұратын Алма дегенде құлаққа тым
қатты естілетін сияқты, ал ана «ь» - жіңішкелік белгісі оның есіміне нәзіктік береді», деген екен.
Нәзипа Құлжанова - Алаш қозғалысы кезінде
қайраткерлігімен көзге түскен қазақ қыздарының
бірі, Құлжан немересі 1887 жылы Торғай қаласында
туған. Аумалы төкпелі заманда ел қамы үшін
күрескен қайраткерлердің бірі. Қазақ қыздарынан
шыққан ұстаз, этнограф, аудармашы, журналист
Нәзипа Сағызбайқызы 1902 жылы Қостанайдағы
орыс-қазақ гимназиясын, 1903-1904 жылдары
Торғайдағы қыздар училищесін бітіреді. Оқып
жүрген кезінен бастап өзін ұлт үшін күресуге
даярлаған. Оқуын аяқтаған соң, 1905 жылы Семей
қаласындағы оқытушылар семинариясында ұстаз
болған. Ұстаздық жұмысты атқара жүріп,
этнография тақырыбын зерттеп, мақалалар жазып,
талантын танытқан ол 1913 жылы Орыс география
қоғамының Семей бөлімшесіне, «Азамат
серіктестігі» ұйымдарына мүше болады. 1914 жылы
26 қаңтарда Абайдың қайтыс болуына он жыл
толуына орай әдеби кеш ұйымдастырады. 1915
жылы 13 ақпанда Пертроградтағы мұсылман
ауруханасы мен мұқтаж қазақ шәкірттеріне көмек
көрсету мақсатында әдеби кеш ұйымдастырады.
«Қазақ», «Сарыарқа», «Алаш» газеттерінде әйел
мәселелеріне байланысты мақалалар жазады.
Партия қатарында болмаса да ХХ ғасырдың басында-ақ өзінің қайраткерлігімен көзге
түскен қазақтың қаламгер қыздарының бірі – Нәзипа Құлжанова.
Нәзипаның орысша білім алып, өз пікірімен сүйген азаматына тұрмысқа шығуы жайлы
деректерді 1982 жылы Ленинградтағы Орталық Мемлекеттік архивтен тауып алдық. Ішкі
істер министріне қазақ даласындағы әйелдер оқу орны жайын баяндаған бұл архив қағазы
қазақ қыздарының аянышты өмірін бейнелеумен бірге, Нәзипа Сағызбаеваның (қыз
кезіндегі фамилиясы) өмірінен сыр шертеді.
Енді сол архив қағаздарының аударма нұсқасының өзімен танысып көрейік:
«Торғай облысындағы бірден – бір оқу орны – Қостанайдағы орыс – қазақ әйелдер
прогимназиясы, өзінің аз ғана, сегіз жылдық шамалы уақыттың ішінде алдағы уақытта
қызмет істей алатынын көрсетті. 14 адамды халық мұғалімі етіп оқытты. Осы гимназияда
жиыны 5 қазақ қызы оқыды.
Сағызбаева Нәзипа прогимназияның барлық төрт жылдық курсын бітіріп шықты. Сабақты өте
жақсы оқыды, тәртібі де сондай тамаша болды. Курсты бірінші оқушы болып аяқтады.
Прогимназияны бітірген соң ол өткен жылдың июнь айынан бастап Торғайдағы әйелдер
училищесіне көмекші мұғалім етіп тағайындалды. Оның ата-анасы кәрі және кедей адамдар еді,
қазақтың әдепкі салтымен, ертерек қызын айттырып, қалыңмалын алып қойған екен. Оған, әрине
Сағызбаева, сатылған адам ретінде, өзі тіпті танып білмеген адамға күйеуге шыққысы келмеді,
қалыңмалын қайтарып беруге қаражаты болмады. Сол себептен Нәзипа облыстық әскери
губернаторға арызданып, осы жағдайдан құтылуға көмек сұрады. Бұндай көмекті алды да қазірде
Сағызбаева ерікті түрде Жетіғара – Шұбар болыстық мектебінің мұғалімі, мұғалімдер мектебінде
орысша білім алған, оқу орнына белгілі, интеллигенттер қауымына мәлім Құлжановпен сөз
байласып, тұрмысқа шықты.
Сағызбаева туралы ерекше айтуға болады. Болашақ мұғалім, ол өзі сүймеген адамнан өз
басын арашалап сатып алу үшін қазынадан қарыз сұрап әрекеттенді және орысша білім алған,
мұғалім болып істейтін адамға тұрмыстануға талпынды. Осы жағдайдан көрініп отырғандай, орыс
білімі – қазақ әйелдерінің ой-санасына әсер етіп қаншалықты өзгеріс енгізгенін дәлелдейді».
Семей қаласына келіп орналасқан Нұрғали, Нәзипа Құлжановтар мұғалімдер
семинариясында қазақ тілінен сабақ береді. Георгий Михайлович Хомутов 1906–1908 жылдары
Құлжановтардың үйінде тұрып семинарияда оқығанын, Құлжановтардың өте жоғары мәдениетті,
білімді адамдар екенін айта келіп, мен қазақ тілін жақсы оқыдым, маған Құлжанов бестік бағасын
қоюшы еді. Семинарияны бітірген соң маған өздерінің бірге түскен суреттерін өз қолтаңбаларымен
ескерткішке беріп еді деп есіне алады.
Нәзипа Құлжанова 1923-25 жылдары «Қызыл Қазақстан» (кейін «Қазақстан коммунисі»),
қазіргі «Ақиқат» журналының жауапты хатшысы болды. Нәзипа «Қызыл Қазақстанның» 1922
жылғы 12-санында жарияланған «Октябрь төңкерісі және қазақ әйелі» атты мақаласында:
«Бұрынғы қазақ халқының ешкімге бағынбай өз күнін өзі көріп, кең сахарада мал бағып, еркін
жүрген заманында қазақтың әйелдері еркін, қайратты тіршілік күресінде ерлерге шын жолдас
болған. Қандай қиын-қыстау жерлерде ақыл беріп, айла тапқан әйелдер болған. Әсіресе,
бұрынғы заманда сол қиын шаруаның ыстық-суығына бірдей төзіп, сол заманның әйелі еркекпен
қатар қол ұстасып қызмет еткен: «Алып – анадан, ат – биеден» деген мақал осы сөздерді тірілтсе
керек, – деп жазады. Осы бір үзіндінің өзінен-ақ Нәзипаның тереңнен толғайтын, байыпты да
байсалды сөз саптауын аңғаруға болады. Ол қазақ әйелінің өткен тарихына біржолата топырақ
шашпай, оның қоғамдағы үлкен беделінің де болғандығын атап көрсетеді».
«Қызыл Қазақстанның» 1922 жылғы 13-санындағы «Қазақ әйелдеріне» деген мақаласында
Нәзипа бостандық, теңдікке қолы жеткен қазақ қыздарын серпілуге шақырады. Автор әйелдердің
халықаралық мейрамы 8 наурызды айт мерекесімен салыстырады. Екі қолды бірдей төбеге
қойып діннен, дәстүрден безген заманда мұндай салыстыру жасау автордан азаматтық өжеттікті
талап етеді. Нәзипа қазақ әйелінің ұғымына жеңіл болу үшін 8 наурызды қасиетті айт мерекесіне
теңейді. Осы мақаласында ол бірнеше рет данышпан Абайға жүгініп, оның өлеңдерінен мысал
келтіреді. Абайды «байшыл, феодалдық заман ақыны» деп қаралап жатқан кезде Нәзипаның ұлы
ақынды дәріптеуі де, оның қаламгерлік, қайраткерлік позициясының айқындығын, беріктігін
дәлелдейді. Осы журналдың 1924 жылғы 10-санында жарияланған «Октябрь төңкерісі
құрбандарына» деген мақаласында Нәзипа: «Қазақстан үкіметі қаз тұрған баладай жаңа аяқ
басып келе жатқан кездерінде түрлі-түрлі қиындық кеселдер көп кездесті. Кеңестер одағының
бастан кешкен формалдылықтарының бәрін де өз әлінше көтерді», - деп Кеңес өкіметінің
алғашқы жылдарындағы қиындықтарды да ашып көрсетеді.
Нәзипа Құлжанованың бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық тұрғыда жазған бірнеше
кітаптары бар екені де анықталып отыр. Қазақстан өлкелік әйелдер бөлімі мен Қазақстан Оқу
комиссариатының тәрбие бөлімінің тапсыруымен 1923 жылы «Мектепке дейінгі тәрбие» деген
кітабы Орынборда 4000 дана тиражбен басылып шығыпты.
Нәзипа кітабының құндылығы – сөз басында айтқанымыздай, кеңес
өкіметі орнасымен жаңа адамды өсіріп, тәрбиелеу ісі туралы Коммунистік
партия алға қойған саясатты қазақ еліне, халық ортасына бірінші болып
таратуы. Бүгінгі қолданылып отырған тәрбие түрлерінің алғашқы
бастамасының негізін ана тілінде сөз етіп, түсіндіріп, жол көрсетіп кеткен –
Құлжанова. Нәзипа бүгін де еліне сол еңбегімен құнды. Сол еңбегімен
ұмтылмайтын қадірлі қалпында есте сақталады.
Нәзипа – сан қырлы талант иесі. Ол қазақтың алғашқы педагог
қыздарының бірі ғана емес, сонымен бірге тұңғыш педагог – ғалым қызы
да. Ол аудармашылық өнермен де айналысты. Оның бұл саладағы сүбелі
еңбектері ретінде Г.В. Короленконың «Күн тұтылғанда» және В.
Лавреневтің «Қырық бірінші» атты повестерінің аудармасын атауға
болады. Нәзипаның өзі көркем проза саласында еңбек етіп, «Есіл қыз-ай»,
«Маржан» атты әңгімелер жазды. Ол орыс географиялық қоғамының
мүшесі ретінде қазақ халқының тұрмыс-салт, әдет-ғұрыптарын, ауыз
әдебиеті мен фольклорлық шығармаларын зерттеп, оларды кеңінен
насихаттаумен айналысты. Ол 1920-24 жылдары А. Бимбоэс пен қазақ
музыкасының әйгілі зерттеушісі А. Затаевичке Абайдың бірнеше әндері
мен қазақтың халық әндерін айтып, нотаға да түсірткен. Мұның бәрі
Нәзипаның шын мәніндегі сан қырлы талант иесі болғандығының айқын
айғағы.
Назарларыңызға
рақмет!

Ұқсас жұмыстар
Сот билігінің органдары
SPSS бағдарламасы
ЕЭҚ-ғы шеңберінде халықаралық валютақаржылық жүйесі
ҒАРЫШ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ
Семей орманы МОТР РММ - нің құрылу және дамуының қысқаша тарихы
Ашаршылықпен күрес
Уәйіс Шондыбайұлының шығармашылығының зерттелуі
Италия мен Германиядағы фашизм
Қазақстан индустрияландыру кезеңінде
Майдангер ақын-жазушылар
Пәндер