Юнгтің аналитикалық психологиясы және Адлердің индивидуалды психологиясы
Презентация қосу
Юнгтің аналитикалық психологиясы және
Адлердің индивидуалды психологиясы
К.Г.Юнгтің аналитикалық психологиясы:
құндылықтар, мақсаттар, процедуралар, техникалар.
Аналитикалық психологиядағы психоанализдың
негізгі әдіснамалық мәселесінің «миф» (аңыз) түсінігі.
К.Юнг бойынша психотерапевтік принциптер.
К.Юнг З.Фрейдтің шәкірті ретінде аналитикалық психологияның негізін салушы.
Халықаралық психологиялық ассоциацияның периденті. Бірінші рет психология,
психотерпия, философияға ұжымдық бейсаналық ұғымын енгізген. К.Юнгтің ойынша жеке
бейсналық өмір сүру барысында ұжымдық бейсаналықтың ішінде тіршілік етеді.
Адамдардың психикасы соның ішінде бейсаналық құрылымы әлемдік ұжымдық
жағдайларға бағынады. Юнг архетип ұғымын енгізді. Ежелгі Грецияда бұл ұғымды
Аристотель, Платон қолданған, бірақ оған кең түсінік берген Юнг. Юнг бойынша архетип
дегеніміз - әртүрлі мейірімділік пен зұлымдық күштерін бейнелейтін әке, ана, батыр, қоғам
жөніндегі ой елестерінің жалпы формалары. Әртүрлі елдерде, халықтарда айырмашылығы
болады, алты түрлі архетипті бөліп көрсетеді. Персона, Эго, Көлеңке, Анима, Анимус,
Самость (өздік). Персона термині сыртқы әлемге қатысты өзін-өзі қабылдау, өз мінез-
құлқын реттеу, өзін - өзі көрсету. Бұл басқа адамдар арасында әртүрлі орындарда, әртүрлі
жағдайларда адамның өзін-өзі ұстауы. Бұл қандай мінез-құлықты басқа адамдарға
көрсеткісі келетін жағдай (өзімізді өзгеге қалай қабылдатуымыз). Эго – сана орталығы,
мақсаттар мен объективті жағдайларға байланысты мінез-құлықты логикалық, мақсатты
бағытталған түрде бақылауы, бағыттауы. Көлеңке – орталық, бірақ жеке бейсаналы
құрылым, санадан ығыстырылған жағдайлар, тілектер, елестер, қайғырулар.
Индивидум бұл әрекеттерді қоғамдық
стандарттар мен идеологияларға сәйкес
келмейді деп жоққа шығарған.
Анима, Анимус – «нағыз әйел»
(анима), «нағыз ер адам» (анимус)
бейнелеріне сәйкес келетін саналыдан
санасыз әрекетке өткен халық үшін
маңызды архетиптер. Белгілі бір
халықтардағы, ұлттардағы әйел адам
мен ер адамнан күтілетін мінез-
құлықтар. Самость – бейсаналы, саналы
әрекеттердің тоғысатын жері, таразы
секілді, қоғамда қабылдабайтын
инстинкті көрінулер мен биологиялық
қажеттіліктерді әлеуметтік нормаға
сәйкес реттеп отырады. Егер самость өз
қызметін дұрыс атқармаса түрлі ішкі
конфликтілер, невроз, жүйке жүйесінің
бұзылыстары, комплекстер, күрделі
психологиялық бұзылыстар пайда
Адлердің индивидуалды психологиясы. Кеңес беру
процесі: мақсаттар, консультанттың рөлі және
функциясы, клиенттің тәжірибесі, кеңес беруші мен
клиент арасындағы әрекеттестік, адлерлік
психотерапияның консультативтік техникалары және
процедуралары (ерте есте қалғандарды талдау, түс
жору және приориттерді талдау, әсерлерді жиыстыру,
талдау, реориентация, метафоралық әрекеттестік,
порадоксалды интенция). Көзқарасты бағалау:
құндылық және шектеу (шек қою).
Кеңес дәуіріндегі жүйеде психотерапевтік мамандығы
қысқа дайындық курсын бітірген травматологке,
оториноларингологке де, проктологке және басқа да
саладағы дәрігерлерге берілетін. Олар өздерінің
негізгі дәрігерлік мамандығымен қатар психотерапевт
деп атауға да құқылы болатын. Алайда көптеген
психотерапевтік мектептердің өзінде осы бір өте
күрделі мамандықтың иегері атану үшін біршама
ақпаратты игеру, бойында белгілі бір қабілеттілігі және
жеке психотерапиядан өту жеткілікті саналатын.
Көп жағдайда психотерапияға оқыту ақылық негізде құрылады. Адам оқуына ақша
төлеуге дайын болса, оған жоқ деп айту қиын болар. Оқыту құрылымдарының қатаң
бәсекелестік шартында сіз бас тартқанмен, бәсекелестеріңіздің бірі ол адамға диплом
берер. Сонымен бірге, біз үшін психотерапевтік қауымдастықтың және психотерапияны
ұйымдастырудың айқын үлгісі болатын батыста, бүгінгі күнге дейін, аталмыш жағдайдың
орын алуына адам құқығы түсінігіне тым ерекше күйбелеңді қарым-қатынас ықпал етуде.
Әрине бұл маңызды демократиялық құндылықты біз жоққа шығаруға тырыспаймыз. Бұл
түсініктің тек сөздік құрылымымен ғана емес, рухтық күшінде басшылыққа алса және
психотерапевтің жеке клиенттерінің құқығын да ұмытпаған жөн.
Жоғарыда айтылған ойлардан психотерапиямен шұғылдануға кәсіби жарамды және
жарамсыз адамдардың тобы болатындығын түйіндеуге болады. Сондай-ақ «кәсіби
жарамдылық» түсінігі болашақ психологтың өзінің бойындағы жекелік дамыту жұмысына
ғана қатысты айтылмайды. Өйткені бұл дамыту жұмыстары кез-келген адамның өз
мүмкіндіктерінің қандайда бір қайнар көзіне жеткендігін білдіреді. Мұндай жеке терапия
барысында қалыптасатын және дамуға тиіс қасиеттерге жеке тоқталармыз.
Психотерапиямен кәсіби түрде шұғылдану үшін адамға жеке терапия барысында
қалыптасуы және жетілуі мүмкін емес қасиеттер де қажет. Оларды тізбектеп көрейік.
Ең алдымен психотерапевт нағыз психиатриялық тұрғыда дені сау болуы қажет. Бұл
тұжырымдаудың маңыздылығы зор. Өйткені психолог және психотерапевтердің
арасынан өздері психикалық көмекті қажет ететін адамдарды кездестіруге болады. Бұл
бір жағынан түсіндіруге болатын жағдай. Өйткені тынысы тарылудан күйзеліс кешпеген
адамның тыныс алу жолдарының анатомиясы мен физиологиясына деген
қызығушылығы астмамен, созылмалы бронхитпен және тағы басқа осы іспеттес
ауруларға шалдыққан адамға қарағанда аз болатыны белгілі ғой. Осыған сәйкес
психологиялық факультетке құжат тапсыратындардың басым көбі қандайда бір
психологиялық қиындықтарды бастан кешкен жандар. Екінші жағынан, мысалы,
ұшқыш немесе биші оқуына қабылдау кезінде қатаң таңдау болады емес пе.... Болашақ
психотерапевт үшін келесі маңызды қасиет оның ақыл-ой өрісінің деңгейі. Себебі
психотерапевт мамандығы белгілі деңгейде ақыл-ойдың күш-жігерін, кез-келген
жағдайда жылдам жол таба білуі керек. Күрделі шешімдерді шұғыл түрде қабылдай алу
қабілеттілігін және ақыл-ой өрісінің жеткілікті жоғары деңгейлігін көрсететін басқа да
қабілеттіліктерді психотерапевт мамандығы қажет етеді.
Болашақ психотерапевтің жеткілікті жоғары мәдени деңгейі болуы да қажеттіліктердің бірі.
Оның тарихи және әлеуметтік хабары мол, қоғамның әр деңгейіндегі адамдармен тіл
табылса алуы, қазіргі заманғы өнер және әдебиетпен таныстығы терең және ауқымды
болуы тиіс. Басқаша айтқанда, терапевтің білімі мен қабілеті тура және терең белгілі бір
әлеуметтік-мәдени өлшемге сәйкес болуы керек. Сондай-ақ пәлсапа тарихы және дін
тарихы, қазіргі заманғы әр түрлі пәлсапалық және діни ағымдар жайлы үстіртін болсын
таныстығы болған жөн. Әрі бұл білімдер тек ғана белгілі бір оқу орнының оқу
бағдарламасымен ғана шектелмей, өзіндік білім жетілдіру есебінен, тұрақты түрде
жаңарып, толықтырылып және тереңдей түсуі қажет. Бұл білім қайнары терапевтің өзіндік
талаптануымен оның бойындағы психологиялық білімге негізделген жеке адамдық жалпы
дүниетанымдық жүйесімен ұштасқаны тиіс. Бұның барлығы клиентпен байланыс орнату
үшін де, сондай-ақ тиімді терапия үшін де аса маңызды.
Ал жеке терапияның нәтижесі болатын қасиеттерге қатысты айтсақ, ең алдымен
бұл қасиеттердің арнайы әдебиеттерде сипатталуын кездестіру мүмкін болмас.
Жеке терапия оның нақты нәтижесінен тәуелсіз өзінше маңызды болады. Көбіне
бұл процестің тиімді кәсіби қызмет үшін қажеттілігін өзіндік жеке мәселелердің
клиентпен қақтығыстық қарым-қатынасты болдырмау үшін жетілдіру қажеттілігі
айтылады. Бұған қоса болашақ психотерапевтің жеке терапиясының нәтижесінде
аса маңызды кейбір жекелік қасиеттерді жетілдіру қажет.
Психотерапевт үшін өте маңызды жеке қасиеттердің бірі ойлау және мінез-құлық
икемділігі. Психотерапевт басқаның көзқарасын қабылдай білу, өзіндік пікірінің
қателігіне көз жетізе алуы және клиентке өзінің пайымдауларын жүктемеуі тиіс.
Сонымен бірге, дәл осы қасиет терапевтке өзіндік бағыттар мен мүмкіндіктердің
шегін білуге жағдай жасайды. Қандайда бір ойдың және бағалаудың тым шектен
шыққан құндылығын алдына ала білу қабілеттілігі ретіндегі әзілдесе білу сезімі
психотерапевтке қажет қасиеттердің бірі.
Назарларыңызға рақмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz