ХАЛЫҚ САНЫ, УРБАНИЗАЦИЯ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚОЗҒАЛЫС
Презентация қосу
ХАЛЫҚ САНЫ,
УРБАНИЗАЦИЯ ЖӘНЕ
ҚОҒАМДЫҚ ҚОЗҒАЛЫС
Орындаған: Бейсембаева М.Н.
Нурмуханова М.Б.
Жоспар:
■ Жаңғыру және урбанизация;
■ Әлеуметтік өзгерістердің бастаулары;
■ Миграция;
■ Ауылдық жердегі өмір;
■ Қоғамдық қозғалыстар;
Жаңғыру және урбанизация
Жаңғыру, даму режимі. Бұл режимде қоғамның саяси жүйесі үздіксіз
кемелденіп отырады, онда жаңғыру тенденциясы басым болады. Ол
жеткілікті түрде белсенді жаңғыруларды қабылдайды, уақыттың саяси
талаптарына сай жаңаруға талпынады. Саяси практиканың қызмет
етуінің бұл режимі компоненттері саяси белсенділікті, саяси
қатынастар субъектілерінің белсенділігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ
қоғамдық өмірдің барлық негізгі тенденцияларының жүзеге асу
мүмкіндігі занды тұрғыда болатын жоғары дамыған демократиялық-
саяси мәдениет жағдайында ғана мүмкін болады.
Мемлекеттік билік құрушы құрылымдары қажетті
әлеуметтік-саяси заңдық мүмкіндіктерге, аса жоғары
заңдылыққа және саяси тұрақтылық жағдайын қамтамасыз
етуге бағытталған әсер ету құралдары мен әдістері
арсеналына ие.
Жаңғыру мен даму режимі саяси жүйенің тек жай ғана қайта
құрылуын емес, оның жаңғыру мен даму элементтерін ендіре
отырып қайта құрылуын білдіреді. Нәтижесінде қоғамның
саяси мәдениетінің өсуі, саяси қажеттіліктерге оның бара-
барлығы, әрекеттердің тиімділігі көтеріледі.
Урбандалу (Урбанизация) (лат. urbs - қала, urbanus -
қалалық) – еңбек бөлінісінің қоғамдық және аумақтық
тұрғыдан тарихи қалыптасуынан пайда болып, әлемнің
әртүрлі елдері мен өңірлерінің өзіндік ерекшеліктеріне
сәйкес дамитын әлеуметтік-экономикалық, демографиялық,
географиялық секілді көп жақты қырлары бар күрделі
құбылыс. Көне латын тіліндегі мағынасы "қалалық" деген
ұғымды білдіреді. Яғни, ең қысқаша айтар болсақ,
урбанизация, бұл – қала тіршілігі мен тұрмысы және
мәдениетінің үстемдікке ие болуы.
"Урбанизация" ұғымын "урбанизациялану" ұғымынан ажыратып
қарау керек. Біріншісі процесті білдіреді, екіншісі - процесс
барысында қол жеткен көрсеткіш денгейі. Урбанизацияның негізгі
көрсеткіші - елдегі қалалық тұрғындардың үлес салмағының арту
қарқыны ("урбанизация қарқыны")
Урбандалудың оң және теріс салдары бар. Ол - күрделі әрі қарама-
қайшылықты үдеріс. Оның теріс салдарына экологиялық
жағдайлардың біршама төмендеуі, автокөлік газдарымен қала
ауасының ластануы, жұмысқа орналасу қиындығы, қаладағы шаң,
қала шуы, қала құрылысының мәселесі және т.б. жатады.
Урбандалу түрлері Субурбандалу - қалалық агломерациялардың
қалыптасуының нәтижесінде ірі қалалардың қала
маңындағы аймағының өсу және даму процессі.
Контрурбандалу - урбанизацияға кері
процесс.
Жалған урбандалу - қала халқының санының өсуі. Бірақ
жұмыс орындары емес, үйсіз-күйсіздердің артуы.
Қазақстандағы урбандалу үдерісі
Халық саны бойынша қалалар жіктелуі:
кіші (20 мың адамға дейін)
орта (50 мың адамға дейін)
үлкен (100 мың адамға дейін)
аса ірі (500 мың адамға дейін)
миллионер қалалар
Қазір Қазақстанда 87 қала мен 200-ден аса қала типтес елді мекен бар.
Республикада 3 миллионер қала бар: Алматы (1 854 556 адам), Нұр-
Сұлтан (1 078 362 адам) және Шымкент (1 011 551 адам).
Әлеуметтік өзгерістердің бастаулары
■ Әлеуметтік өзгеріс - Әлеуметтік өзгеріс барысында
әлеуметтік жүйе, олардың ішкі құрамдас бөліктері мен
құрылымдары, байланыстары мен карым-қатынастары бір
күйден екінші күйге ауысу, не кейбіреуі жаңадан пайда
болу, немесе жоғалып кетуахуалын бастан өткереді.
Әлеуметтік өзгеріс, негізінен, екі деңгейде: микродеңгейде
және макродеңгейде өрбиді. Әлеуметтік өзгеріс
"әлеуметттік даму" ұғымымен шатастыруға болмайды.
Өйткені, қоғам өміріндегі өзгерістер мен әлеуметтік
қозғалыстардың барлығы бірдей оның сапалық даму
деңгейін бейнелей алмайды; кейде олар әлеуметтік даму
процесін тежеп, оның құрылымдарын тоқтата түсуі
мүмкін.
Сондықтан да әлеуметтану ғылымында Әлеуметтік өзгеріс және
"Әлеуметтік қозғалыс" ұғымдары "әлеуметтік даму" ұғымымен
салыстырғанда кең мағынада қарастырылады. Ал әлеуметтік даму
дегеніміз - жаңа қоғамдық карым-қатынастардың, институттардың,
нормалар мен құндылықтардың пайда болуына жетелейтін күрделі
құрылымдық процесс. Әлеуметтік дамуды бағалаудың әртүрлі:
экономикалық, құқықтық, мәдени, рухани, т.б. өлшемдері
калыптаскан. Оның мән-мазмұнын жете, толыққанды түсіну үшін
нақты әлеуметтік ортаны зерттейтін ғылым салаларының, әсіресе,
әлеуметтік философияның жетістіктері пайдаланылады. Жалпы
қоғамды, оның құрылымдық элементтерін дамытатын немесе
тоқырататын Әлеуметтік өзгерістердің негізгі себептері мен
факторлары туралы әлеуметтанушылар әлі ортақ бір пікірге келген
жоқ Әлеуметтанулық ғылымында әлеуметтік жанжал деген ұғымның
өзіне қатысты әр алуан пікір калыптасқан.
Кей ғалымдар оны әлеуметтік қарама-қарсылықтар немесе белсенді
адамдар мен топтар арасыңдағы шынайы күрес регіңде, ал басқа
әлеуметтанушылар оны қоғамдағы қарама-қарсылықтың пісіп жетілуі
мен дамуының жоғары сатысы ретінде түсіңдірді. Шын мәніңде,
әлеуметгік қарама-қайшылық пен әлеуметтік жанжал бір-біріне астасып
жататын ұқсас ұғымдар емес. Әлеуметтік қарамақарсылық бір-біріне
қарсы тараптар күресі ашық та айқын сипат иеленіп, әлеуметтік
шиеленіс әбден асқыну деңгейіне өткен кезде ғана әлеуметтік жанжалға
ұласады. Ал, Т.Парсонс сияқты функционалдық бағыттағы ғалымдар
Әлеуметтік өзгерістерді "қозғалмалы тепе-теңдік" ретінде карастырып,
оны қоғамның әлдебір бөлігіне, не бүгіндей әлеуметтік жүйеге телиді.
Адамзат қоғамы тарихыңда Әлеуметтік өзгерістердің, негізінен,
эволюциялық жөне революциялық екі пішімі кеңінен мәлім. Жалпы кез
келген әлеуметгік жүйедегі оң қабылдаған өзгерістер ретсіз, бейберекет
түрде емес, белгілі бір бағдарлылықпен, қарапайымнан күрделіге,
төменнен жоғарыға қарай, яки прогрессивті, жүйелі түрде жүріп
жатады.
Миграция
Миграция (лат. migratio — көші-қон, қоныс аудару) — адамдардың
(мигранттардың) қандай да бір аумақтардың шекарасынан өтіп, ұзақ уақытқа
немесе біржолата қоныс тебу процесі.
Халық көші-қонын бірегейлендірудің негізгі белгілерінің бірі - қандай да бір
аумақтың әкімшілік шекарасын кесіп өту (мемлекет, аудан, аймақ, қала және т.б.).
Осы негізде ең алдымен, халықаралық (мемлекетаралық) және ішкі миграцияны
анықтайды. Ӏшкі көші-қон ел халқының жалпы санын өзгертпейді, халықаралық
көші-қон әлем елдеріндегі халық санының өзгеруіне әкеледі, көбіне азаматтықты
өзгерту орын алады. Сондай-ақ қала ішіндегі аумақтық көші-қондар ("қала-қала"),
ауылдық жерлердегі ("ауыл-ауыл"), қалалық және ауылдық жерлердің өзара көші-
қон алмасуы ("ауыл-қала", "қала-ауыл"). Мерзімдік белгілеріне қарай қайтып
оралмайтын (ішкі көші-қон, эмиграция, иммиграция) және қайтып оралатын
миграция (ұзақ мерзімді, мезгілдік, үздік- создық, ауық-ауық көші-қон) түрлері
анықталған.
Ауылдық жердегі өмір
Ауылдық қоныстану - қалалық жерден тыс аумақтардағы тұрақты
немесе уақытша тұруға арналған әр түрлі типті ауылдық елді
мекендердің жиынтыгы түріндегі халықтың өмір сүруін аумақтық
ұйымдастырудың түрі. Ауылдық қоныстану - халық қоныстануының
тарихи қалыптасқан екі түрінің (қалалық және ауылдық) бірі. Ауылдық
қоныстану қалалык қоныстанудан өзінің шаруашылық салаларында
басқадай функция атқаруымен (ауыл шаруашылығы өндірісі, орман
шаруашылығы, табиғат қорғау), мекендер мөлшерінің айтарлықтай
кішілігі мен, мекен торларының тым жиілігімен, қора-қопсылы 1—2
қабатты үйлердің көп болуымен, бір үйден ғана тұратын мекендердің
(фермерлік, хуторлық; ормандық күзеттер және тағы да басқалары), кіші
көлемді (100— 200 адамдық) мекендердің көптігімен айқындалады.
Қоғамдық қозғалыстар
Қоғамдық қозғалыстар - қандай да бір қоғамдық мақсатты көздеуші
азаматтардың ортақ әрекеті; белгілі бір қоғамдық өзгерістерге қарсылыққа немесе
қолдауға бағытталған институцияланбаған қоғамдық күш жұмсау.
Қозғалыстың, әдетте, ұйымдық құрылымы және тіркелмелі мүшелігі болмайды.
Мүдделерінің ортақтығы жағдайында оған әртүрлі идеялық бағыттағы адамдар
қатысуы мүмкін, қозғалыс құрамы кең, бұқаралық сипатта, өзгермелі. Қоғамдық
қозғалыстардың мақсаттары мен міндеттері әртүрлі - әлеуметтік, саяси, рухани-
мәдени және т.б. болады. Көбіне бұл мақсаттар қүбылмалы, өзгермелі және
кеңейіп отырады. Қоғамдық қозғалыс, егер ол билік институттарына ықпал етуді,
сайлау кампанияларына қатысуды, мемлекеттік органдардың және жергілікті
өзін-өзі басқару органдарының шешім қабылдауына эсер етуді көздесе,
қоғамдық-саяси болып табылады. Қоғамдық қозғалыс қызметі мәселелерінің
саяси қыры олардың саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, бейресми
мүдделер тобымен қарым-қатынасын қарастыруы мүмкін.
1 2 3
4 5
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz