Сейітжан сал




Презентация қосу
Сейітжан сал

Орындаған: Бейсембаева М.Н.
Тексерген: Тасмагамбетова З.Ж.
Өмірбаяны

Сейітжан сал Көрпешұлы (1819-1885), ел
аузындағы дерек бойынша, қазіргі
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл
ауданындағы Гүлтөбе-Маманай мекенінде
дүниеге келген.
Оның әкесі Көрпеш–атақты Шақшақ
шешеннің баласы Баһрамның 7
ұлының бірі деген де болжам бар.
Шығармашылығы

Өкінішке қарай, Сейітжан салдың «Қанатталды» атты әні
ғана бүгінге жетті. Iрi ақын, күйшi Сейітжан кезiнде
бiрнеше лирикалық әндер, күйлер шығарған. «Айдос-
Қарашаш», «Айтбай батыр», «Манақ батыр», «Нашан
батыр», «Итiке батыр»
атты дастандар шығарды. Көптеген шығармалары
қазiргi кезге жетпедi.
Айтбай батыр

Айтбай (Айтмұхамет) Белгібайұлы (1887, Отырар
ауданы Тартоған ауылында туған – 11 қараша 1961,
Маяқұм ауылында қайтыс болды) – ақын, жырау. 1901
жылдан Түркістан маңындағы Қарнақта (Атабай
ауылы), кейін Бұхара медресесінде оқып, араб, парсы
тілдерін үйренген. Ташкент, Түркістан қалаларында,
Балтакөл, Ақынтоғай ауылдарында ұстаздық еткен.
Молда Мұса, Майлықожа, Мәделі, Шәді Төре, Қызыл
жырау, Құлыншақ сияқты ақындармен бірге жүріп, өзі
де өлеңдер, дастандар жазды.
Манақ батыр

Манақ батыр салмағына белі шыдамайтын болғасын
жауға шапқанда артынан он шақты ерттеулі атты алып
жүреді екен. Ол батыр ғана емес, ел билеген би болған.
Кемеңгер, көп сөйлемейтін бірайтар кісі екен. Анау-
мынау дау-дамайды ақылмен шешіп, ел бірлігін әрқашан
жоғары ұстаған. Заманында жаугершілік,
барымташылық, қуаңшылық көп болған. Содан зардап
шеккен халық алақан жайып келсе, қолын қайтармай
көмектескен. «Атымтай Жомарт» атанған.
Итiке батыр

Итіке Жандосұлы 1759 жылы осы күнгі Шал ақын
ауданындағы Коноваловка елді мекенінің маңындағы
ауылда туып, 1831 жылы 72 жасында қайтыс болады. Ол
әуелі ауыл молдасынан, кейін Қазан қаласындағы
медреседен оқыған. Онда діни біліммен қатар араб, парсы,
ежелгі түркі және татар тілдерін үйренген. Итікенің
батырлығы ХVІІІ ғасырдың 70­80 жылдары байқалады. Сол
кезде Еділ бойынан Қытай жеріне ауа бастаған қалың
қалмақ қолымен Абылайдың соңғы соғысы болғаны
тарихтан аян.
«Шаңды жорық» атанған осы соғыс туралы Шоқан Уәлиханов өзінің
«Исторические предания о баты­рах ХVІІІ века» деген еңбегінде:
«Последнее преследование бежавших торгоутов в преданиях народа
известно под названием «Пыльного похода». В этом походе народу
было без счета», – деп жазады (Ч.Ч. Валиханов. Собр. соч. в пяти
томах. Том 1. – Алма-ата, 1984. – С. 221). Осы соғысқа жас Итіке де
қатысқан екен. Ал негізінен ол өзінің туған жерін қалмақтардан,
естектерден (башқұрттардан) тазарту кезінде батырлық көрсетіп
көзге түскен.
«Қанатталды»
Әндердің ұлы атасы “Қанатталды”,
Арқада аңыратып Сәтжан салды.
Талдырып, тамылжытып шырқағанда,
Үзілтіп, естігенде жұрт таңқалды.

Гүл бақша көңілді бір әсем әнді,
Тілейтін бұлбұл едім сайрағанды,
Ән шырқап бой жаза алмай, шалқыта алмай,
Қалықтап қайран дүние, қанат талды.

Әнім ед сүйіп салған “Қанатталды”,
Бұл әнім балқытушы ед тыңдағанды.
Өмірден өз еркіме орын таппай –
Кейінге “Қанатталды” әнім қалды.
Салғара Жанкісіұлы
(1758 – 1859)
Өмірбаяны

Салғара Жанкісіұлы (1758 жыл, Ащылы-Тұщылы
қонысы, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы,
Жамбыл ауданы, Преснов ауылы - 1859 жыл,
Преснов станциясынан 6 км жердегі Марқаш
көлінің жағасындағы Жалағаш қонысы) — ақын,
композитор, ұлт-азаттық қозғалысының батыры.
Атақты батыр әрі жырау Жанкісі
Көшекұлының ұлы. Қожабергеннің Асқап
медресесінде, содан кейін Үргеніш
қаласындағы медреседе оқыған. Оқуын бітірген
соң мешіт имамы және медресе оқытушысы
болып жұмыс істеген. 18-ғасырдың соңғы
ширегінде басқа жақтан келгендердің басып
кіруіне қарсы соғысқа белсене қатысқан.
Шығармалары

Салғара жас серілерден құралған топты басқарған. Өз
әндерін қобыздың сүйемелдеуімен, ал күйлерін
сыбызғымен орныдаған. 1782 ж. Салғара атақты
"Жиырма бес" өлеңін шығарған. Ол «Жүсіп-Зылиха»,
«Бозжігіт», «Қасым Жомарт», «Сәйфүлмәлік-
Бәдигүлжамал», «Иранғайып», «Шәкір-Шакрат»
дастандарының , «Кү астындағы Күнікей қыз» бен
«Керкұла атты Кендебай» қазақ ертегілері желісіне
құрылған өз нұсқасын жазған.
Салғара «Күйік шаһар», «Шатыра
соғысы», «Үш төре», «Бала зары»,
«Көшкен жұрт» өлеңдері, «Қызыл бидай»,
«Тобылғы сай», «Алай көк», «Шалқыма»,
«Ахау-айым», «Еркем-ай», «Тоқсан бес»,
«Мұнанай» әндерін, «Бәйбіше», «Боз
тұлпар» күйлерін шығарған.

Ұқсас жұмыстар
Шәді Жәңгірұлы
Іскерлік қарым - қатынастағы сөйлеу мәдениеті
Ойын ережесі жалғастыру ережесі жалғастыру
Біржан сал - үш бірдей өнер иесі: асқақ үнді ақын, сазгер, әнші
Майдангер ақын-жазушылар
Швейцариялық ірімшік
Біржан сал шежіресі
Біржан сал Қожағұлұлы әлеуметтік өмір жыршысы
Аяқтардың аурулары
Біржан сал Қожағұлұлы
Пәндер