Дүниежүзілік мәдениеттің даму тарихы



Дүниежүзілік мәдениеттің даму тарихы
Орындаған :Аяпберген Элеонора

Мәдениет
Мәдениеттің тууы бір уақытта пайда болған зат емес. Ол пайда болу мен қалыптасудың ұзақ процесінен өтті және сондықтан дәл мерзімі жоқ. Алайда осы процестің хронологиялық шеңберлерін анықтауға болады. Егер қазіргі түрдегі адам - homo sapiens шамамен 40 мың жыл бұрын пайда болса, онда мәдениеттің бірінші элементтері одан ерте 150 мың жыл бұрын пайда болды. Бұл жағынан мәдениет адамнан үлкен. Бұл мерзімді одан әрі 400 мың жылға жылжытуға болады. Онда біздің бабаларымыз неандерталдықтар отты тауып пайдалана бастады. Мәдениет деп біз рухани құбылыстарды түсінетіндігімізден, ең дұрысы 150 мың жыл болып саналады, өйткені осы уақытқа рухани өмірдің басты көзі болып саналатын діннің бастапқы формаларының пайда болуы жатады. Осы орасан зор аралық - бір жарым мыңжылдықта мәдениеттің қалыптасу және эволюция процесі өтті.

Мәдениет
Барлық мәдениеттер өзінің айрықша өзгешелігімен ерекшеленді және адамзаттың дамуына үлкен үлес қосты. Осы кезеңде философия, математика, астрономия, медицина және ғылыми білімнің басқа салалары пайда болып, табысты дамыған. Көркем шығармашылықтың көптеген облыстары - сәулет, мүсін, барельеф классикалық формаларға жетеді.
Жаңа заман адамын толық есейген деп санауға болады, алайда ол әрқашан салмақты, жауапты, парасатты бола бермейді.
Адамның пайда болу тарихы ерте заманнан басталады, оның көп бөлігі ежелгі заманға жатады. Сол заманнан мәдениетте қалыптасады.

Ежелгі Шығыс
Мәдениетті
Ежелгі Шығыс адамды ертедегі дүние аясынан алып шыққан ұлы мәдениеттер отаны болды. Ертедегі дүниеден шыға отырып, Шығыс адамның дүниеге қатынасының мифологиялық тәсілін жеңе алмады. Бірақ ежелгі шығыс мәдениеттерінің әлемі - бұл табиғат апаттарының ғана емес, озбыр мемлекет қуатының құдайдай көрінуі. Ежелгі шығыс мәдениетінің негізі адамның дербестігі мен еркіндігін мойындамайтын абсолютті бірлік идеалы болып табылады. Мемлекеттің бұл типі қатаң біріктіру қажеттілігінен туды, ол нақты табиғат жағдайларына жауап болды. Осы мемлекет - шығыс озбырлығы зор төрешілдік аппаратпен басқарылады, оның бірлігі қол астына қарайтын адамдардың өмірі мен өліміне абсолютті билік етуге ие билеушімен бейнеленеді. Мемлекеттің мұндай типі Ежелгі Шығыс елдері Египет, Месопотамия, Үнді, Қытайға тән.

Ежелгі Египет - әлемді к өркениеттің
дамуына үлкен әсер ет кен
ежелгі мәдениеттердің бірі.
Б. з. дейінгі 3000 жылы перғауын патшалар басқаратын ерте құл иеленуші, орталықтандырылған озбыр формадағы мемлекет пайда болды. Египеттің жоғарғы билігін құрған негізгі принциптер оның мызғымастығы мен ақылға сыйымсыздығы болды.

Өлген адамның денесін сақтау қамы мумиялар жасау өнеріне әкелді. Өлген адамдардың денелері бальзамдалып, пирамидаларға салынды. Пирамидалардың ішіндегі ең ескісі 5 мың жыл бұрын салынған Джосер перғауынның пирамидасы, ол аспанға көтеріліп бара жатқан саты тәрізді салынған. Алайда ең белгілісі және өлшемі бойынша едәуірі - Хеопс пирамидасы.
Ежелгі египеттіктер мәдениетінің маңызды қасиеті мәңгілікке ұмтылу болды, оның белгісі «өлген адамға табыну» сенімінің болуы, оған сәйкес өлім өмірдің аяқталғандығын білдірмейді және мәңгілік өмірлік күш - «ка» ұзарады, және де тек жерлеу жорасын толық сақтаған жағдайда.

03
HYPEBEAST
PRESENTATION
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetuer adipiscing elit, sed diam nonummy nibh euismod tincidunt ut laoreet dolore magna aliquam erat volutpat.
02
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetuer adipiscing elit, sed diam nonummy nibh euismod tincidunt ut laoreet dolore magna aliquam erat volutpat. .
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetuer adipiscing elit, sed diam nonummy nibh euismod tincidunt ut laoreet dolore magna aliquam erat volutpat.
HYPEBEAST
PRESENTATION
HYPEBEAST
PRESENTATION
Діни табынуда перғауынды құдай деп тану басты орын алды. Ол күн құдайы Ра тәрізді болды. Осирис - өлім құдайы және жерасты әлемінің патшасы. Исида - Осиристің әйелі және қарындасы, құнарлылық пен аналар қамқоршысы. Маат - шындық пен тәртіптілік құдайы. Кейбір жануарлар, өсімдіктер, заттар құдайлар болып саналды. Аменхотеп ІV перғауын (Эхнатон) (б. з. дейінгі 1419-1400 ж. ж. ) Атон құдайының атымен бір құдай ғана қалдыруды ойлады, бірақ бұған абыздар мен ақсүйектер қарсы тұрды.
Египет мәдениетінің маңызды құрама бөлігі иероглифтер - суретті символдық хат болды, онымен храмдар мен сарайлар алдындағы жоғары ескерткіш тастарды жазды, олар кейіннен буын жүйеліге айналды.

Б. з. дейінгі ІІ мыңжылдықтың бейнелеу өнерінің жауһарыТутанхамон перғауынның әйелімен бақшадағы барельефі, Аменхотеп ІV әйелі - Нефертитидің скульптуралық портреті, Аменхотеп ІІІ мүсіні болды. Ежелгі Египеттің бейнелеу өнеріне фигураларды жазық бейнелеу, статикалық, канондық шарттылық тән. Ерлердің денесі қызыл түспен, әйелдердің түсі қызғылт түспен, ал шаштары қара түспен, киімдері ақ түспен бейнеленген. Өнер мелшиіп тұру сипатында болады.

Мәдениет термині
Алғаш рет әдебиетте «культура» термині Римнің атақты философы әрі шешені Цицеронның (б. д. д. 45 ж. ) «Тускул кеңесі» атты еңбегінде кездеседі. Оның этимологиялық негізі «өңдеу», «тазалау» деген сөздерден шығады. Алғашқыда агротехникалық термин (жерді өңдеу) ретінде қолданылды. Ал, Цицерон болса алғаш рет оны ауыспалы мағынада «адам ақыл-есіне ықлал жасау» үшін қолданды. Цицерон философияның адам өміріне ықпал жасау әдістерді қарастыруды мақұл көрді. Тек осымен антикалық азаматтарды дайындау, ессіз баладан ер адамдық деңгейге дейін қалыптасу жағдайлары сипатталады. Гректер бүл жағдайды «пайдейя» (жас бала) түсінігімен белгіледі.
Гректердің - «пайдейя» термині екі мағынада: біріншісі тікелей тәрбиелеу, үйрену, ал екіншісі білімді, білімділікті ағартушылықты, мәдениетті анықтайды. Олар адамдарды белгілі кәсіби емес, керісінше тұлға етіп айқындалған құндылықты қалыптастырды. Сөз жоқ, бұл адамға қарай бағытталғандықтан өзі мәдениет түсінігінің антикалық ауыспайтын гуманистік маңызын құрайды және негізінде мәдени жағдайлардың мақсатын шығаратын адам идеалы бар.
Ц и ц е р о н
Ц и ц е р о н

LOREM IPSUM DOLOR
Мәдениеттің мақсаты мынада болды: адамның ойлау қабілетін, эстетикалық сезімнің әдемілігін дамытып, адамның іс әрекетінде сезімділік өлшемі мен әділеттілікті қарастыруға жол ашу. Бұл жағдайда антикалық адам табиғатпен біртұтас екендігін жоғалтқан жоқ. Табиғат өзі қанатының астына құдайлар мен адамдарды ала отырып ғарыштың айрылмас негізгі бөлігі болып қала береді.
Мәдениетке дәл осылай келу оның аса терең мағыналы екендігін, сонымен қатар оның әлеуметтік бойына даруын, қоғамның өмірімен біте қайнасуы, оның тек ғана адам баласының тегіне тән екендігін көрсетеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz