Топырақ микрофлорасы және оның топырақ құру процесіндегі рөлі




Презентация қосу
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Өңірлік университеті
Ветеринарлық санитария кафедрасы

Топырақ микрофлорасы және оның топырақ құру
процесіндегі рөлі

Орындаған: Төлебай Ж.Ж
Тобы: 18-700-42
Тексерген: Елеусизова А.Т Ph.D,доцент
Жоспар:

Кіріспе
Негізгі бөлім
І Топырақ туралы түсінік
ІІ Топырақ микрофлорасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Топырақ өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің),
климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі
борпылдақ қабаты. Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді
сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады.
Топырақта микроорганизмдерге кажетті қоректік заттар мол болады да, тікелей
түскен күн сәулесінен оларды қорғап түрады.
Топырақ микрофлорасы
Топырақ табиғатта микроорганизмдердің тіршілік етуінің
шынайы ортасы және бастапқы резервуары болып табылады
(азот, көміртек, күкірт, темір және т.б.). Олар топырақтың
түзілу және өзіндік тазару процесіне белсенді қатысып,
табиғаттағы зат алмасуға қатысады. Топырақ таулы ортадан
желдің, судың тірі организмдердің және олардың
органикалық қосындылардың, яғни өсімдіктермен
жануарлардың өңімінен пайда болуынан түзіледі.
Топырақ микрофлорасының сапалық құрамы өте
әртүрлі: әртүрлі бактериялар, актиномицеттер,
спирохет, архебактериялар, микоплазм,
саңырауқұлақтар, вирустар.
Топырақтың сапасы морфологиялық, генетикалық, химиялық және физикалық
қасиеттеріне байланысты болады. Осы қасиеттерге сәйкес топырақтың
сапасын анықтауға қажетті негізгі табиғи диагностикалық белгілерге мыналар
жатады: қарашірік қабатыныңқуаты (қалыңдығы); қарашіріктің, тұнбаның
және саз балшықтың проценттік мөлшері; топырақтың
қарашірінділігі; топырақтағы қозғалмалы қоректік элементтердің (фосфордың
және калцийдің) қоры; топырақтың механикалық құрамы,қышқылдығы т.б
Топырақта топырақ түзу және топырақтың өзін – өзі тазарту процесстеріне
қатысатын, табиғатта азот, көміртегі және т.б элементтер айналымына
қатысатын әртүрлі микроорганизмдер тіршілік етеді. Топырақта бактериялар,
саңырауқұлақтар, мүктер ( саңырауқұлақ пен цианобактерия симбиозы) және
қарапайымдар мекендейді.Топырақтың 1 грамында бактерия саны- 10 млрд.
жасауға жетеді. Топырақ беткейінде УК- сәулелері, құрғақшылық т.б
факторлардың әсерінен микроорганизмдер салыстырмалы түрде азайып
отырады
Микроорганизмдердің көпшілігі 10 см қалыңдықтағы топырақтың
жоғарғы қабатында кездеседі. Тереңдеген сайын микроорганизмдер
мөлшері азайып, 3-4 метр тереңдікте олар мүлдем кездеспейді.
Топырақ микрофлорасының құрамы оның типіне және
жағдайына, өсімдік құрамына, температурасына, ылғалдылығына және т.б
байланысты. Топырақ микроорганизмдерінің көпшілігінің рН- ы бейтарап,
салыстырмалы жоғары ылғалдылықта, 25-450 С температурада дамуға
қабілетті.
Топырақта азотбекіткіш молекулалы азотты сіңіруге қабілетті бактериялар
(Azotobacter, Azomonas,Mycobacterium және т.б.) тіршілік етеді. Азотбекіткіш
цианобактериялар түрлерін немесе көк- жасыл балдырларды, күріш
алқаптарының өнімділігін арттыру үшін қолданады.

Топырақ- Bacillus және Clostridium туыстығының спора түзетін таяқшаларының
тіршілік ету ортасы болып табылады. Патогенді емес бациллалар
(Bac.megaterium. Bac. Subtilis және т.б. ), псевдомонадалармен қатар, протей
және кейбір бактериялар аммонифицирлейтін, шіріткіш бактериялар тобын
құрап, органикалық заттардың қатысады. Патогенді спора түзетін таяқшалар
(күйдіргі, ботулизм, сіреспе, газды гангрена қоздырғыштары) ұзақ уақыт
сақталып, кейбіреуі топырақта көбеюге қабілетті (Clostridium botulinum).
Топырақта көптеген саңырауқұлақтар болады. Олар топырақ түзу
процесіне, азот қосындыларының айналымдарына қатысады,
биологиялық белсенді заттар бөледі, сонымен бірге антибиотиктер және
токсиндер бөледі. Токсин түзуші саңырауқұлақтар тағамдық азықтарға
түсіп, микотоксикоздар және афлотоксикоздар сияқты уланулар
шақырады
Қарапайымдылар мөлшері 1 г топырақта 500-500 000-ға дейін
жетеді. Бактериялармен және органикалық қалдықтармен
қоректене отырып, қарапайымдылар топырақтың органикалық
заттарының құрамын өзгертеді.
Адам үшін топырақтық құрамы және оның микрофлорасының
мәнін білу топырақтың санитарлық-микробиологиялық
бағалануын реттеуге қажетті жағдай. Топырақтың санитарлық-
микробиологиялық зерттелуі алдын ала қадағалау және
ағымды санитарлық қадағалау инструкциясына бағынады.
Алдын ала қадағалау жүргізіледі:

а) құрылысты және тұрғылықты жерлердегі қайта қоныстандыру
орындарын қайта салуды жоспарлау кезінде.

б) емдеу-профилактикалық және дәріханалық мекемелердің,
санаторилардың, балалар мекемелерінің құрылыс орындарын
таңдау кезінде.

в) тұрғылықты жердегі сумен қамтамасыз ету және канализация
мәселелерін шешу кезінде.

г) ұжымдық дем алу орындарын және жағажайлардың санитарлық
бағалануы кезінде.
Топырақ микрофлорасынан пайда болатын аурулар:

● Ботулизм

● Сібір жарасы

● Сіреспе

● Газды гангрена
Топырақ микрофлорасын зерттеу әдістеріне экожүйенің
құрамын сандық және сапалық зерттеу әдістері жатады.

Сандық және сапалық талдау әдістері үшін топыраққа толық
немесе қысқаша талдау жүргізуге жол беріледі.
Топыраққа сапалы талдау бірнеше жағдайларда: топырақтың
санитариялық жай-күйінің толық сипаттамасын айқындау
кезінде; тұрғын үй салу, өнеркәсіптік және азаматтық
объектілерді тұрғызу үшін учаскенің қауіпсіз, жарамды жай-
күйін айқындау үшін; эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу
кезінде жүргізіледі.

Топырақ микрофлорасының сандық көрсеткіштерін зерттейтін
топырақты зерттеу әдістерінің ішінде ең көп тарағандардың
бірі-тікелей микроскопия әдісі. Әдістің мәні 1 грамм
топырақтағы микроорганизмдердің жалпы санын тікелей
зерттеу болып табылады
Қорытынды: Топырақ микрофлорасы топырақ түзу
және топырақтың өзің өзі тазарту процесстеріне
қатысатын,табиғатта азот,көміртегі элементтер
айналымына қатысатын әртүрлі микроорганизмдер
тіршілік етеді.Топырақта
бактериялар,мүктер,саңырауқұлақтар,қарапайымдылар
мекендейді.Топырақтың 1 грамында бактерия саны
10млрд жасауға жетеді.
Сұрақтар:

1.Топырақ микрофлорасы дегеніміз не?
2. Топырақ микрофлорасын зерттеу әдістері қандай?
3.Топыраққа сапалық талдау жасау дегеніміз не?
4.Топыраққа сандық талдау жасау дегеніміз не?
5.Топырақ микрофлорасынан пайда болатын ауру түрлері?
6.Топырақтың сапасы қандай қасиеттерге байланысты болады?
Пайдаланылған әдебиеттер

1.Экология (оқулық) – Алматы.2008
2.Қазақ энциклопедиясы
3.kk.wikipedia.org
4.www.rkm.kz

Ұқсас жұмыстар
Микробты паратизм эволюциясы және патогенді микроорганизмдердің шығу тегі
Микробиология негіздері
Адам денесінің микрофлорасы
АУА ЖӘНЕ ТОПЫРАҚ МИКРООРГАНИЗМДЕРІ
Микроэкология негіздері туралы
МИКРООРГАНИЗМДЕР ЭКОЛОГИЯСЫ
Микроорганизмдердің табиғатта таралуы
Тыныс алу жолдарының микрофлорасы
Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштері
Топырақ микрофлорасы
Пәндер