Жарнама түрлері




Презентация қосу
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Өңірлік университеті

Тақырыбы: Жарнама PR құралы

Орындаған: Төлебай Ж.Ж
Тобы: 18-700-42
Тексерген: Маркабаева Г.Т
Жоспар:

Кіріспе
Негізгі бөлім
І Жарнама туралы түсінік
ІІ Жарнама түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жарнама —(франц. reclame, лат. reclamo — жар саламын) адамдардың
беймәлiм тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға,
тауарларға, тауар белгiлерiне, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге
қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және
оларды өткiзуге жәрдемдесетiн кез келген нысанда, кез келген
құралдардың көмегiмен таратылатын және орналастырылатын
ақпарат.
Жарнаманың негізгі мақсаты –

-сатып алушының зейінің аудару; өнімдердің өсуіне немесе сатылуына барлық
жағдайлар жасау;

-өнімдердің өтуін сақтау;

-тұтынушылар алдында, фирманың беделін немесе өнімдерін тануға, сол тауарларға
қалыптасқан пікірлерді нығайту;

-сатып алушыға тауарды игергеннен кейін алалтын тиімділігін көрсету (қызметтері); -
сатып алушыға тауарды қосымша зерттеу үшін мүмкіндіктерді ұсыну;

-тұтынушыға тауар немесе қызмет туралы белгілі бір деңгейде білімді қалыптастыру;
-фирманың жағымды бейнесін құру

– оған өндірушінің немесе сатушының, сонымен қатар, тұтынушылардағы және іс
серіктестерінің судалық немесе өндірістік маркаларын құру жатады;

-тұтынушыға фирма және оның тауарлары жайлы еске салып отыру.
Жарнама хабарламаларды көрсету тәсілі бойынша екіге бөлінеді:

Рационалды (заттық) жарнама - сатып алушының ой-санасына бағытталып
жасалады. Ол сатып алушыны сендіру үшін, айтылған сөздерден алған әсерін
күшейту үшін аргументтерді мысалға келтіре отырып, өз пікірін сызба немесе
сурет арқылы сөз түрінде жеткізеді.

Эмоционалды (ассоциативті) жарнама - бір нәрсені еске түсіру арқылы
жасалады. Ол терең ойды қозғауы тиіс. Санаға, сезімге, эмоцияға көңіл
бөледі. Оның ең әсерлісі – сурет, өңі, түсі және аз деңгейдегі әуені.
Кейбір жарнамалар тек рационалды немесе тек эмоционалды болып келеді.
Бірақ, жарнама хабарламаларының көпшілігінде, көп жағдайда екі түрлі
комбинациядан құралатын жарнамалар кездеседі.
Тұтынушыға жарнама әр түрлі құралдар арқылы
жетеді. Жарнама түрлерін былайша жіктеуге болады:

1. Мақсаттық белгіленуіне қарай:
— тауарлар мен қызметтер жарнамасы;
— идея-ойлар жарнамасы;
— пайда алу үшін бағытталған коммерциялық жарнама;
— пайда алуды көздемейтін коммерциялық емес жарнама

2. Мақсатты бағытына сәйкес жарнама типтері:
1) Марка жарнамасы тұтынушылардың тауар маркасы туралы хабардар
болуына және фирманың нарықтағы үлесін арттыруға бағытталған.

2) Тауар жарнамасының мақсаты – жалпы тауар категориясына алғашқы
сұранысты ынталандыру.

3) Корпорация немесе компания жарнамасы олардың бейнесін жасауға
бағытталған.

4) Бірлескен жарнамада өндіруші бөлшек саудагерлердің тауарды
жарнамалауға кеткен шығындарының орнын толтырады.

Имидж жарнаманың негізгі мақсаты – адамдар санасында тауардың немесе
фирманың жағымды бейнесін жасау, ал ынталандырушы жарнаманың
мақсаты – тауарлар мен қызметтердің өткізілуін ынталандыру.

2/12/21
3. Практикалық мақсаттар үшін ең ыңғайлысы — өткізу арналары арқылы
жарнаманы жіктеу.

Баспа жарнамасы – ол тек көріп, қабылдауға арналған жарнамалық-каталогтық
басылымдар (каталог, проспект, буклет, плакат, листовкалар) және жарнамалық-
сыйлықтық басылымдар (үстелге қоятын және қабырғаға ілінетін фирмалық күнтізбелер,
іс күнделіктері, жазу кітапшалары, қалта күнтізбелері, т.б. жатады). Баспа
жарнамасының мақсаты-болашақ сатып алушыларды жарнамаланған фирма
тауарларымен толық таныстыру.

Баспасөздегі жарнама. Бұл – хабарландыру және шолу-жарнама жарияланымдары
сипатында баспасөзде жарияланған әр түрлі жарнамалық материалдар (мақалалар,
репортаж, шолу т.б.). Басылымның маңыздылығы оның кезеңділігіне, жарнаманың осы
басылымдағы орнына және көлеміне байланысты болады.
Радиожарнама. Негізгі түрлері – радиохабарландырулар, радиожурналдар,
радиорепортаждар, радиороликтер.

Тележарнама. Ең танымал түрлері: телеролик, телехабарландыру, жарнамалық
бағдарламалар, бағдарлама арасындағы жарнамалар.

Аудиовизуалды жарнама. Бұл – жарнамалық роликтер, жарнамалық-
техникалық фильмдер, жарнамалық-беделді фильмдер, бейне фильмдер және
слайдтар.

Сыртқы жарнама. Бұл – көру сезімі арқылы қабылданатын жарнама. Негізінен
бұл жарнама тұтыну тауарлары үшін қолданылады. Қалың көпшілікке арналған.
Оның түрлері: жарнамалық тақталар, афишалар, транспаранттар, түрлі-түсті
жазбалар, билбордтар, экрандар, дүкендер сөресі, фирмалық жазулар.
Көліктегі жарнама. Бұл – автобус, троллейбус және тағы басқа көлік түріне
орналастырылатын жарнамалық мәліметтер, хабарландырулар.

Тікелей пошталық жарнама – жарнамалық хабарларды тұтынушы мекен-жайына
жарнама хаттар немесе хабарландыру-ақпараттық материалдардың басылымдары
ретінде жіберу.

Жарнама сувенирлері – фирма қызметін таныту үшін қолданылатын фирмалық
сувенирлер, сериялық сувенирлік заттар, сыйлықтар, фирмалық орамалар.

Компьютерлендірілген жарнама. Жарнаманың бұл түрі шетелде жақсы дамыған. Ол
компьютерлендірілген ақпарат және кабельді теледидар арқылы жүргізілетін жарнама.
Интернет арқылы жарнама. Өзінің жеделдігіне, қайталануына және
таратылуының ауқымдылығына байланысты баспасөздегі жарнаманың ең
тиімді құралы болып табылады.

Жалпылама сұраныстағы тауарлар мен қызметтер үшін радио және
тележарнама тиімді болып табылады

Тележарнама – жарнаманың ең қымбат түрі және оның бағасы әр кезде өсіп
отырады.
Жарнама тәсілінің ең қарапайым түрі – жарнама хабарларын поштамен тарату.
Жарнама жеткізушілер – бұл жарнаманың әр түрін тарататын нақты құралдар.
Бұл – нақты журналдар, телешоу және радиобағдарламалар. Теледидарда жарнама
орналыстыруға болатын көптеген арналар мен бағдарламалар бар. Ыңғайлы
уақытта жарыққа шығатын бағдарламалар арнайы сұранысқа ие және бағасы өте
жоғары болады. Жарнаманы басылымда орналастырғанда оның тиражына,
жарнама орнының бағасына, басылым жиілігіне, беделіне, мақсатты
аудиториясына, басылым сапасына аса көңіл аудару керек. Мысалы, егер ақпарат
бизнесмендерге арналған болса, онда экономикалық басылымдарлы қолдану
қажет.
Жарнама агенттіктері – жарнама қызметін ұсынатын
делдалдар. Олар

*бұқаралық ақпарат құралдарын таңдау,

*жарнама орнын немесе уақытын сатып
алу

*жарнама науқанын шығармашылық
өндеу

* жарнаманы жасау сияқты қызметтерді
ұсынады.
Қызықты ақпарат

60-шы жылдары Америка кинотеатрларында мынадай эксперимент
жүргізілді. Кино көрсетілімі кезінде әрбір 24 кадрдан кейін, экранда «Поп-
корн жеңіздер», «Соса-Сola ішіңіздер» деген сөздер жарқ етіп шығып тұрды.
Өте қысқа уақытта көрсетілгеніне қарамастан, бұл ақпарат адам түйсігіне
жетіп, содан кейін санасына әсер етіп, өз кезегінде тауардың сатып алу
көлемінің ұлғаюына әкелді. Бұл эксперимент кейіннен «25-кадр тиімділігі»
деп аталды. Нәтижесінде мұндай жарнама түйсікке әсер ететін, адам
құқықтарын бұзатын жарнама деп танылып, оған тыйым салынды. Бірақ та
ғылыми түрде оның адамға тигізетін кері әсерін ешкім дәлелдеген емес.
Қорытынды: Жaрнaмa бұл сaтып aлу кeрeктігінe сeндіру олaрмeн тaныстыру,
хaлыққa тaуaр турaлы aқпaрaт бeру болып табылады. Жaрнaмa бұл мaңызды
жәнe
жіңішкe нaрық құрaлы. Дaмушы нaрық жaғдaйындa, жоғaры бәсeкeлeстік бaр
жeрдe әрбір сaтушы пaйдaлaнушының қaжeттілігін мaксимaлды қaнaғaттaндыруғa
тырысaды, ондa жaрнaмa бәсeкeлeс күрeсінің шeшуші фaкторы болуы мүмкін.
Тaуaрды сaтып aлушы циклдің әрбір сaтысындa жaрнaмaның өзіншe
eрeкшeліктeрі бaр.Жaрнaмaны тeк коммeрциялық тиімділікті aрттыру құрaлы
рeтіндe қолдaну тeріс нәтижe әкeлуі мүмкін.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.https://massaget.kz/layfstayl/bilim/ol-kim-bl-ne/50967/
2. https://infourok.ru/zharnama-zh%D3%99ne-ony%D2%A3-t%D2%AFrler%D1%96-4159286.html
.
Назарларыңызға рақмет!

Ұқсас жұмыстар
Аудиовизуалды жарнама
Кітапханалық жарнама мәселелері
АЙМАҚТЫҚ ЖАРНАМА
Жарнама және оның аспектілері
Жарнама мәні
Баспасөздегі жарнама
Анықтама жазу
Монополиялық бәсекелестік
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Жарнамадан табыс
Пәндер