Шетелдік психологиялық тұжырымдамалардағы психикалық даму мәселелері




Презентация қосу
Шетелдік психологиялық
тұжырымдамалардағы
психикалық даму
мәселелері
XX ғасырдың бас кезінде ғылыми білімнің ең
алдымен дамыған сұраныстарының салдарынан
санада интроспективтік психологияның тоқырауы
байқалды. Иностроспективік психология
тәжірибелік талдауды талап ететін проблемадардың
алдында әлсіздік танытты.
Капитализмнің тез қарқынмен дамуы анықталатын
тәжірибенің сұрақтарын бұрынғы субъективтік
әдістермен қанағаттамдыру мүмкін болмады.
Психология ғылымының тарихын зерттеушілердін
бірі профессор М.Г.Ярошевскийдің айтуынша,
сана психологиясының тоқырауы, әсіресе
Францияда тоқырау басталғанға дейін ерекше кең
өріс алған невропатологая және психиатрия
саласындағы зерттеулердің нәтижелері
дайындалды. Бұл зерттеулер адам психикасына
кейде санасыздық көріністер тән екендігін
дәлелдеп берді. Санасыздық саласына клиникалық
және эксперименталдік талдау жасалынды.
Бихевиоризм – ХХ- ғасырдың бас кезінде
жоғарыда келтірілген себептерге байланысты
қалыптасқан психологиялық бағыттардың бірі.
Бихевиоризм теориясының негізгі зерттеу нысаны
сана емес, адам мінез-құлқы болып табылады.
Мінез-құлық психологиясы АҚШ-та ерекше
дамыды. Бихевиоризм бағытының көрнекті өкілі
америка ғалымы, әрі психологі Джон Уотсон
(1873-1958) болды. Ол дәстүрлі психологияның
пәнін, жан құбылыстарын жаңа мінез-құлық
психологиясымен өзгерту қажеттігін ұсынды.
Бихевиоризм Ьеhаvіоuг- деп аталатын ағылшын
сөзінен шыққан, қазақшалағанда мінез-құлық
мағынасында қолданылады. 1913 жылы америка
психологі Джон Уотсон психологияны мінез-
құлық туралы ғылым ретінде қарастырды. Жаңа
бағыттың пайда болуы “Психология, оны
бихевиорист қалай көреді” атты мақаланың
шығуымен ерекшеленеді.
Бихевиоризмнің пайда болуына америка зерттеуші-ғалымы Э.Торндайктің
(1874-1949) еңбектерінің үлкен әсері тиді. Э.Торндайктің негізгі зерттеулері
жануарларға жүргізілді, олар “проблемалық жәшік” деп аталатынға
орналастырылды. Э.Торндайк “проблемалық жәшіктегі” жануарларлардың
мінез-құлқын бақылап, байқау және қателесу әдісімен әрекет ете отырып,
жануарлар кездейсоқ нәтижеге жетеді деген қорытындыға келеді. Үйрету,
бейімделу реакциясын қалыптастыру бірнеше рет қайталаудың нәтижесінде іске
асады (жаттығу заңы). Егер реакциядан кейін ағза үшін жағдай ойдағыдай іске
асатын болса, реакция бекітіледі, стимул мен реакцияның арасында берік
байланыс қалыптасады (тиімділік заңы).
Ашылған заңдылықтарды бихевиористер механикалық түрде адамға
пайдаланды. Адамдардың жануарлардан айырмашьшығын олар реакдиясының
өте күрделі сипатынан көреді.
Психоталдау (фрейдизм). Тоқырау кезінде пайда болған екінші
бағыттардың бірі психоталдау (фрейдизм) болып табылады. Оның
негізін қалаған австриялық психиатр және психолог Зигмунд Фрейд.
Психоталдау бағыты өкіддерінің бахевиористерден,
гешталыпсихологтардан айырмашылығы психологияда ғылыми
білімді құрудың үлгісі ретінде дәл және жаратылыстану ғылымдарына
бағдарланған жоқ, ал олар тоқыраудан шығудың жолын медицина
және психологаяның өз шеңберінде табуға ұмтылды.
Фрейдизм, оның негізі мынада — адам туралы психологиялық білімді
жаңа өмір шындығымен толтыруға, практикалық психологиялық, ең
алдымен психотерапевтік міндеттерді шешу үшін пайдалы теорияны
құруға және ақпаратты қабылдауға ұмтылды.
Гештальтпсихология (немістің
Се”іа1і деген сөзінен шыққан,
қазақшалағанда бейне, құрылым,
түр деген мағынаны білдіреді).
Егер бихевиоризм
психологияның тоқырау
жағдайынан шығудың
жолдарының бірі ретіңде АҚШ-та
(пайда болды және өз дамуында
бұл елден тысқары таралған жоқ.
Ал гештальтпсихология –
психологиялық бағыт ретінде
Германияда пайда болды және
XX ғасырдың бірінші жартысында
көптеген Еуропа елдерінде
жүргізіліп жатқан
психологиялық зерттеулерге
ерекше әсер етті, оның ішінде
біздің елімізде (соғысқа дейінгі
жылдарда) кеңінен тарады. Егер
де бихевиоризм өз дамуында
Гештальтпсихологияның ұстанымдары мен қағидалары жеке тұлға мен
тұлға аралық мінез-құлыққа қолдануды өзінің теориялық және
эксперименталдік зерттеулерінде К.Левин іске асырды. Орта, Левиннің
айтуынша, физикалық бірлікте емес, психологиялық тұрғыдан
анықталуы қажет, демек, адамдардың оған әсер ететін субъективтік
қабылдауы арқылы беріледі. –
Гештальтпсихологияның идеялары психологиянын көптеген негізгі
проблемаларын талдауда жағымды роль атқарды. Көп жағдайда
гештальтпсихология бихевиоризмге және өмір сүріп отырған
психологиялық бағыттарға қарсы. Жас эксперименталдық
психологияның ұзақ уақыт бойы зерттеу нысаны түйсіктер болды.
Шетел
• Қазіргі шетел психологиясына
психологияс талдау жасағанда психиология
ы ғылымында генетикалық бағыттың
ең көрнекті өкілдерінің бірі,
швейцария ғалымы, психологі Жан
Пиаженің генетикалық
психологиясына сипаттама
беруден бастағанды жөн көрдік.
Әлемдік психологияда баланың
интеллектісін дамыту саласында
өлшеусіз еңбек сіңірген ғалы мд ы
кездестіру қиын.
• Құрылымдық — жүйелік
талдауды пайдалана отырып,
психологиялық зерттеулердің
басшылыққа алатын әдіснамалық
қағидасы ретінде Пиаже
генетикалык әдіс туралы ілімді
ұсынады.
Баланың интелдектісін қалыптастыруға негізгі
көңіл бөле отырып, Пиаже ғылыми психологияда
кез-келген дамуды зерттеуден бастау керектігін
атап көрсетті. Пиаженің пікірі бойынша, тек
жекелеген ғылымдар емес, сонымен қатар
таным теориясы да генетикалық негізде
құрылуы қажет деп көрсетті. Бұл идея
Ж.Пиаженің генетикалық эпистемология
ғылымын жасаудың негізіне жатты, демек,
адамда әртүрлі білімнің, ұғымның, таным
операцияларының түрлері мен типтерін
қалыптастыру тетіктері мен жағдайлары туралы
ғылым.
Пиаженің негізгі міңдеті адам интелектісінің
құрылымын зерттеу болып табылады. Пиаженің
алғашқы кітаптары 20-жылдары жарық көрді:
“Баланың сөйлеуі мен ойлауы” (1923), “Түсінуі
және ой қорытындысы” (1924), “Баланың дүние
туралы түсінігі”(1926).
XX ғ. екінші жартысында психологияға бірден-бір күшті әсер еткен
ғылыми-техникалық революция. Қазір психологияда жан-жақты
математикалық, ақпарат теориясының әдістері қолданыла
бастады, сонымен қатар электрондық есептеу техникасы,
компьютерлендіру жүйесі кең өріс алды. Психология биология
және медицина салаларынан соңғы жаңалықтарды белсеңді
қабылдап отырды. Қазір психологияның практикаға бағытталған
салалары алдыңғы шепке шыға бастады. Психолог ғальмдармен
бірге практикалық психологтар пайда болды. Олар білім беру,
өндіріс пен мекемелер, армия мен медицина салаларында жұмыс
істейді. Онда өздерінің психологиялық қызметін керсетуде.
Назарларыңызға
рақмет!

Ұқсас жұмыстар
Басқару психологиясының даму бағыттары
Психологиялық кеңес беру
Психопрофилактика туралы түсінік және оның түрлері
Макаренко және педагогикалық психология
Отбасы баланы алғашқы әлеуметтендіру институты
Жас ерекшелік кезеңнің тарихи қалыптасуының мәселелері
ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ӘДІСТЕРІ
Психолог портфолиосы
Студенттердің психологиялық саулығының бұзылуын алдын алу
Психология адам мінез - құлығын зерттеу
Пәндер