Жамбыл облысының территориясы



Жамбыл облысы су ресурстарының қорлары мен мәселелері
Орындаған: Бақыткерей С. Б.
Тексерген: Зандыбай А.

КІРІСПЕ
Жамбыл облысы - Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан. Алматы, Түркістан, Қарағанды облыстарымен және Қырғызстанның Талас пен Шу облыстарымен көршілес болып табылады. Облыстың аты қазақ және кеңес ақыны Жамбыл Жабайұлының құрметіне қойылған. Жамбыл облысының территориясы Бетпақдаладан Тянь-Шаньға, Шудан Қаратауға дейін созылып жатыр. Жер аумағы - 144, 2 мың км².
Облыс орталығы, әрі ең үлкен қаласы - Тараз. Облыста барлығы 10 аудан: Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Тұрар Рысқұлов, Мерке, Мойынқұм, Сарысу, Талас, Шу, 4 қала (Тараз, Жаңатас, Қаратау, Шу), 153 кенттік және ауылдық округтерде 379 ауыл бар.
Облыс тұрғындарының саны 1031, 114 мың адам, соның ішінде 432, 438 мың қала тұрғындары және 598, 706 ауыл тұрғындары, орналасу тығыздығы 7, 15 ад. /км2. Жалпы суға деген қажеттілік 142, 13 мың. м3/сут, немесе бір адамға шаққанда 0, 14 м3.

Жамбыл облысы су ресурстарының қорлары
Жер бетіндегі сулардың сандық өзгерістерінің бағамы Шу, Талас, Аса өзендері бассейіндері Орта Азия және Қазақстанның экономикалық аудандарында орналасқан. Шу өзені Қырғыстандағы Тянь-Шань сілемінен бастау алып, Оңтүстік Қазақстан аумағында жалғасады. Қазақстан территориясындағы ең жоғарғы гидропост - 1971 жылы ашылған. Благовещенское селосы, төменірек Тасөткел, Амангелді, Ұланбел ауылдары орналасқан.
Шу өзенінің ағысы (сыйымдылығы 450 млн. м3) Ортотокой су қоймасы мен Тасөткел (сыйымдылығы 620 млн. м3) су қоймаларымен реттеледі. Шу өзенін республика аралық су бөлігі бойынша Жамбыл облысының еншісіне 2790 млн. м3 су бөлінеді, оның 1540 млн. м3 - вегетациялық кезеңіне сәйкес келеді. Шу аңғарында жерді қоректендіру көзі болып табылатын қарасулар бар. Олар өзен ағысын және суарылған жерлерден қайтқан суларды тазартатын (фильтрлейтін) танаптар есебінен жұмыс істейді.

Аса өзеніндегі негізгі су орындары - Маймақ қыстағында (1926 жылғы бақылау бойынша) және Билікөл ауылында (1925 жылғы бақылау бойынша) . Күркіреу өзенінің көптеген жылдардағы орташа су ағысы 190 млн. м3 құрайды және 1948-1949 жылыдары бекітілген республика аралық су ағысының бөлінісі бойынша Жамбыл облысы вегетациялық кезеңнің 46 % және қысты ағын сулардың толық көлемін алады.
Теріс өзені ағысы көлемі 158 млн. м3 Теріс-Ащыбұлақ су қоймасымен реттеледі. Талас және Аса өзендері екі каналмен біріккенін есепке алсақ, екі бассейн ары қарай бір су шаруашылық жүйесі болып қаралады.
Талас өзені Қырғыстаннан бастау алып, Мойынқұм құмдарында аяқталады. Талас өзеніндегі ең жоғарғы (гидропост) су орны - «Гродеково» 1970 жылы одан 15 км жоғарырақ Покровка ауылындағы пост ашылған, одан ары өзен ағысы бойынша Жамбыл қаласының гидропосты (су орны) орналасқан және ең төменгі Жейісмбет бөгетінен кейінгі су орны болып табылады.
1974 жылдан бастап ағысы сыйымдылығы 520 млн. м3 Киров су қоймасымен реттеледі. Қазақстан мен Қырғыстан арасындағы Талас өзенін бөлісу ережесіне сай Жамбыл облысына 808 млн. м3 көлемінде жылдық ағыс бөлінген, оның 716 млн. м3 Киров су қоймасынан жіберілсе, 589, 8 млн. м3 вегетациялық кезеңінде жіберіледі.

Шу, Талас, Аса өзендері бассейндерінде қалдық сулардан құралған көптеген көлдер бар. Олардың жағдайы, гидрологиялық, химиялық тәртіптері және бар болу уақытына қарай өзгеріп отырады. Көлдер біресе толығып, біресе кеуіп кетеді, сөтіп құрғақ шалғындар, сортақ жерлер, қалың қамыс қаптаған ойпаттар немесе сапасыз сулы кішкене көлшіктер пайда болады.
Көлемі жағынан екінші болып саналатын Аса өзенінің төменгі ағысында орналасқан Ақкөл көлі 1969 жылы ең үлкен ауданы 56 км2 болды. оның деңгейлік тәртібі Билікөл көлінің тәртібіне сәйкес келеді. 1974-1976 жылдардағы бірнеше құрғақшылық жылдарында көл толығымен кеуіп қалды. 70 жылдардың соңында ол қайта қалпына келгенімен, 80 жылдардың ортасында қайта жойылуы және 1988 жылы кішкене домбалар түрінде пайда болады.
1969 жылғы жағдай боыйнша аталған өзендер бассейнінде барлығы 1171 көл есептелініп, оның 993 су айнасы 0, 01-0, 10 км2 ауданды үлкен емес көлдерді құрайды. Жалпы ауданы 468 км2 көлдері ірі үш көлге бөлгенде 201 км2 келеді, яғни 43%.

Аса өзенінің төменгі ағысында орналасқан. Ащыкөлде (1964 жылы ауданы 35 км2) 1976 жылы толығымен жойылды. 1987-1988 жылдары мол су болғанымен де қайта қалпына келмеді.
Талас өзенінің сағасында орналасқан кіші көлдер тобы - Егізкөл, Қыздаркөл және басқалары, сондай-ақ олармен қатарлас Қазоты жүйесінің көлдері мен көлемі ірі Айдын, Жылқыбай және басқалары соңғы жылдары қайта қалпына келмеді.
Шу өзенінің сағасында көлдер мен көлдер жүйесінің үлкен жүйесі шоғырланған. Олырдың ең ірісі - Кіші және Үлкен Қамқалы, Қарабөгет, Жайлаукөл, Ақжайқын т. б.
Талас өзені бойынша су жинаушылық жиынтығының өсімі 60 жылдардың басында болып, 80 жылдары 700-550 мил. м3 деңгейінде тұрақтанды. Су қоймасы салынғанға дейін кіре беріс жармасындағы өзеннің көп жылғы су ағысының жылдық тербелісі негізінен табиғи метеошарттармен анықталып, суы мол 1958 және 1969 жылдары 1250 млн. м3, суы аз 1958 және 1965 жылдары 600 млн. м3 дейінгі аралықта өзгеріп отырады. Су сағасында бұл тербелістер 880-270 млн. м3 арлығында болды, яғни салалардағы су ағысының мөлшері кіре беріс жармасында су ағыннан 1, 5-2, есе төменірек болады.

Жамбыл облысы су ресурстарының қорлары мәселелері
Қазіргі уақытта көптеген елдер су тапшылығын бастан кешуде, бұл халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуге айтарлықтай әсер етеді. Ауыл шаруашылығы тұщы су қорының 2/3 бөлігін тұтынады. Халық санының және оның кірісінің өсуі өсімдік шаруашылығының тиісті дамуын және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды талап ететін азық-түлік тұтынудың артуына әкелді.
Мұндай жағдайда сумен жабдықтауды дамыту стратегиясы басқаша құрылуы керек. Ол экономикалық мәселелерді шешу табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды арттыру негізінде жүргізілуін талап етеді. Экологиялық менеджменттің жаңа тәсілі экономиканың стратегиялық мәселелерін шешуге және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған. Ол су ресурстарын пайдалану мен қорғау мәселелерін шешудің түбегейлі жаңа әдістерін қажет етеді.
Жамбыл облысының экономикасында су балансының тұрақтануы байқалады. Бұл бірқатар объективті себептермен байланысты: суы көп тұтынушылардың орналасуы су ресурстарының таралуына сәйкес келмейді; Су ағымының жылдық аралық ауытқуы мен оның жыл сайынғы таралуы көбінесе судың жыл сайынғы бөлу деңгейіне сәйкес келмейді; арнайы кепілдік берілген өзендер арқылы өту проблемалары толық шешілген жоқ.
Су балансының өсіп келе жатқан шиеленісінің субъективті себептері де бар. Оларға мыналар жатады: су ресурстарын ұтымсыз пайдалану, су өлшеу құралдарының болмауы. Мұның бәрі суармалы егіншілікте суды пайдалануды бақылаудың төмендеуіне және фильтрация үшін айтарлықтай шығындарға әкелді.

Шу, Аса, Талас өзендерінің ағысы, сондай-ақ кейбір басқа өзендер су қоймаларымен реттеледі, ал Жамбыл облысының ирригациялық жүйелері суару жүйелерінде судың таралуын қамтамасыз ететін ұстап қалатын, реттейтін су қабылдайтын құрылымдармен жабдықталған.
Шу өзені бассейнінде Қазақстан Республикасының аумағында 109 мың га суарылды. Мұнда аймақтың ең ірі суару жүйелері орналасқан: Георгиевская - 24 мың га, Тасоткельская - 47 мың га, ЗБЧК Меркенский филиалы - 19, 7 мың га, Далакайнарская - 3, 0 мың га, орта және төменгі ағысындағы бірқатар ұсақ жүйелер. .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz