Көк азықтар - ірі қараның жазғы уақыттағы негізгі азығы




Презентация қосу
Ірі қараны азықтандыру.
Орындаған: Аманбаев Рауан
2вет1 тобы.
Тексерген:Ізбайқызы Айнамкөз
Сиырды дұрыс азықтандыру үшін олардың негізгі ас қорыту
ерекшеліктерін білген жөн. Басқа да күйіс қайыратын мал сияқты
сиыр жеген азық та алдымен төрт камерадан тұратын асқазанының
алдыңғы камералары — үлкен қарын, жалбыршақ және тақия
қарындарда алдын ала өңдеуден өтеді. Бұл алдыңғы қарындарда
көптеген микроорганизмдер тіршілік етеді. Осы қарындар
олардың өсіп-өнуіне әбден қолайлы. Алдыңғы қарындарда
ұлтабардағыдай өте қышқыл реакциялы қарын сөлі немесе тұз
қышқылы болмайды, ал күйіс қайыру кезінде сиырдың сілекей
бездері шығаратын сілекейі көп мөлшерде үлкен қарынга
құйылъш, ондағы ортаға микроорганизмдер тіршілігіне қолайлы
сілтілік реакция береді.
Көк азықтар — ірі қараның жазғы уақыттағы негізгі азығы.
Жақсы жайылымда сауын сиырлар тәулігіне 70 килограмға
дейін көк балауса жей алады. Жас көк балаусаның
ылғалдылығы жоғары болғандықтан жалпы құндылығы 0,18—
0,29 азық өлшемі аралығында болады. Орташа химиялық
құрамын алғанда түрлі жайылым отында 60—80% су, ал құрғақ
затында 20—25% протеин, 10—18% клөтчатка, 4—5% май, 35
—50% азотсыз экстравтік заттар, 9—11% минералды (күлді)
заттар болады. Құрамында мал организмінің тіршілігіне қажетті
барлық дерлік қоректік және биологиялық белсенді заттар, ең
алдымен витаминдер, өте жақсы сіңірілетін болғандықтан көк
азықтардың қоректілігі мен құндылығы өте жоғары бағаланады.
Жалпы қоректілігі жағынан көк азықтардың құрғақ заты
құнарлы жемдермен тең түссе, биологиялық және витаминдік
бағалылығы жағынан олардан анағұрлым басым.
Өріс те, суат та онша алыс болмауы тиіс. Жайылымды
алдын- -ала тастардан, былтырығы өсімдік қалдықтарынан
бөгде заттардан тазартып, сиырларды әрқайсысына бірнеше
күннен жаятын өріс-терге бөлген жөн. Сонда бір жағынан
жайылым отын сақтап, ал екінші жағынан оларды қажетті
мөлшерде көк азықпен қамтамасыз етіп тұруға болады. Бір
килограмның орташа қоректілігі 0,22 азық өлшемі, 25 грамм
Қорытылатын протеині, 3,0 грамм кальцийі 0,7 грамм
фосфоры, 40—60 миллиграмм каротині бар шалғында тірілей
салмағы 450—500 килограмдық сауын сиырлар тәулігіне 8 литр
сүт өндіргенде 40—45 кг, 10—12 литр өндіргенде —55—65 кг,
18—20 литр өндіргенде —65—75 кг көк азық жеуге тиіс.
Сүттілігі өте жоғары болса немесе жайылым оты мардымсыз
болып, соған орай сиыр күні бойы көк азықты мұндай
мөлшерде жұлып жей алмаса, оларды орылған балаусамен
қосымша азықтандырады.

Ұқсас жұмыстар
Мүйізді ірі қараны бордақылау
Мал азығына санитарлық­гигиеналық баға беру
Мал шаруашылығы Ет,сүт өнімдері
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАҚЫЛДАРЫ
Ауыл шаруашылық малы өнімділігінің түрлері
Бұғы шаруашылығындағы азықтар
Қойлар гигиенасы
Шошқаны азықтандыру ерекшеліктері
Құрама азық негізі
Мал азығын дайынду технологиясы
Пәндер