Асқазан бездерінің секрециясы бұзылу


Slide 1

Тыныс алу мүшелеріне және асқорыту жүйесіне әсер ететін дәрілік заттар

Қабылдаған:Ахметова Ажаргуль Казиевна

Топ: ҚБ-13

Дайындаған: Бахытқызы Аружан

Slide 2

Кіріспе

І

Тыныс орталығын қуаттаушылар

1.

Жөтелге қарсы заттар

2.

Қақырық түсіретін заттар;

3.

Ас қорыту мүшелеріне әсер ететін дәрілер

4.

Өт айдайтын дәрілер. Әсер ету механизмі

5.

Іш айдайтын дәрілер. Әсер ету механизмі

Гепатопротекторлар. Әсер ету механизмі

6.

7.

Қорытынды

Жоспары:

Slide 3

Кіріспе

Ас қорыту жолдарының сөл бөлу және қозғалыс белсенділігінің бұзылуы кқптеген аурулар мен патологиялық жағдайларда кездеседі. Асқазан - ішек жолының қызметін қалыпқа келтіру үшін дәрілердің үлкен арсеналы қолданылады. Негізінен оларға асқазан мен ішектің сөл бөлу және моторлық қызметіне тікелей әсер ететін дәрілер де жатады. Сонымен қатар, олардың қатарына тәбетті реттейтін, құсу шақыратын және құсуға қарсы дәрілер жатады. 1. Тікелей тыныс алу жүйенің орталығының белсенділігін арттыратын дәрілер: бемегрид, кофеин, этимизол (Aethimizolum) .

2. Тыныс алуды рефлекторлы түрде қуаттаушы дәрілер:

цититон, лобелин гидрохлориді.

3. Аралас түрде қуаттаушы дәрілер: кордиамин, көмір қышқылы (карбоген), камфора.

Slide 4

Тыныс орталығын қуаттаушылар

1.

Slide 5

Бұл топқа жататын дәрілер мидың қыртыс асты туындыларының және сопақша ми орталығының белсенділігін арттырады. Бірақ қыртыс миды басып отырады. Оларды тек тыныс алуды қуаттап отыруға ғана емес, сонымен бірге бұлар психиатрияда тыныштандыру үшін де қолданылады.

Тыныс алу жүйесінің орталығына әсер ететін дәрілер

Slide 6

Этимизол - 0, 1 г түймедақ түрінде және ампуласы

1% ерітіндісі - 3 мл; 1, 5% ерітіндісі - 5 мл егуге пайданылады. Наркотиктермен және анальгетиктермен уланғанда, содан соң нәрестенің асфиксиясында тыныс орталығын қоздыру үшін қолданылады. Адренокортикотроптық гормон арқылы қабынуға қарсы әсері болғандықтан артриттер, бронхылық демікпеде, өкпе ателектазында және аллергиялық ауруларында пайданылады.

Біраз қолданғаннан кейін жанама әсерлері де байқалады: құсу, диспепсиялық көрініс, бас айналу, ұйқының бұзылуы және т. б. өзгерістер пайда болады.

Этимизолды қолдануға болмайды: қимыл және психикалық белсенділігі жоғары ауруларда, ұйқы қашқанда, артериялық гипертензияда, жүрек-тамыр жүйесінің органикалық ауруларында.

Rp. : Sol. Aethimizoli 1, 5% - 5ml

D. t. d. № 10inamp.

S. 3-5 мл тері астына егу.

Slide 7

Бұл топқа жататын дәрілер синокаротидтік аймағының Н-холинорецепторларын қоздырып, ол жерден афференттік импульстер сопақша миға келіп, тыныс алу орталығы белсенділігінің жоғарылауын қамтамасыз етеді. Оның әсері қысқа бірнеше минут қана. Цититон мен лобелинді морфинмен, барбитураттармен, көмір қышқыл газымен уланғанда, жарақаттанғанда, операцияларда, шокта, коллапста қолданады.

Бұл топқа жататын дәрілер каротидтік түйіршіктік хеморецепторына әсер етеді. Медициналық тәжірибеде қолданатын 5-7 % көмір қышқылы және 93-95% оттегі екеуінің қосындысын карбоген деп атайды. Бұны ингаляция дем алдыру арқылы береді. Бұл кезде тыныс алу орталығында көмір қышқылының жиналуынан тыныс алуды қоздырады.

Рефлекторлы түрде қуаттаушы дәрілер

Аралас түрде қуаттаушы дәрілер

Slide 8

1

2

3

Сопақша мидағы жөтел орта-лығына әсерін тигізетін дәрі-лер. Оларға наркотикалық ана-льгетиктер жатады: кодеин фосфаты (Codeini phosphas) және этилморфин гидрохлориді (Aethylmorphini hydrochloridum) .

Қосымша әсері бар дәрілер:

глауцин гидрохлориді (Glaucini hydrochloridum) және тусупрекс (Tusuprex) .

Сыртқы тыныс жолына әсер ететін дәрі - либексин (Libexin) .

Slide 9

Жөтел орталығына әсер ететін дәрілер.

Кодеин фосфаты (Кодеин, Туссамаг кодеині және т. б. Кодеин қосымша күрделі дәрілердің құрамына кіреді: Коделак, Терпинкод, Пенталгин, Седалгин, Кодтерпин “Жөтел түймедағы” және т. б. ) - опийдан алынған алкалоид, морфинге ұқсас, бірақ ауырсынуды басатын әсері біршама төмен келеді. Морфиннен артықшылығы тікелей сопақша мидағы жөтел орталығына тежеулік әсері жоғары келеді.

Кодеин фосфат тыныс жүйесін аздап болса да тежеп отырады және ұзақ қолданғанда құмарлыққа, яғни тәуелдікке әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, артериялық гипотензия, ішек және қуық босауы, жүрек аритмиясы және аллергиялық өзгерістер болады.

Бұл дәріні қолдануға болмайды: тыныс жетіспеушілігінде, қан қысымы төмендегенде, бас-ми жарақатында, жүкті әйелдерге, бауыр және бүйрек қызметінің бұзылуында қолдануға болмайды.

Кодеин фосфат түймедақ және ұнтақ ретінде мөлшері 10-20 мг жөтелді тыныштандыру үшін қолданылады.

Rp. : Codeini phosphatis 0, 015

D. t. d № 10.

S. 1 ұнтақтан жөтелге.

Slide 10

Қақырықты шығаратын дәрілер

Тыныс алу жолының секреция-сын белсендіретін дәрілер

Жергілікті қақырықты сұйылтатын, яғни муколитикалық заттар

Термопсис шөбі (Мышатник шөбі) . Бұл шөптің құрамындағы алкалоидтар асқазан рецепторларын тітіркендіреді, тыныс алуды қоздырады, содан соң рефлексті жолмен кеңірдек бездерінің сөл бөлуі көбейеді. Қақырықтың сұйық болып және көп шығуы жеңілдейді. Егер мөлшерін біраз көбейтіп жіберсе құстырады. Бұл уланудың алғашқы белгілері. Термопсисті жас балаларға беру өте қауіпті.

Термопсис көбінесе тұндырма ретінде қолданылады және кепкен экстракты, ұнтағы, түймедағы бар.

Rp. : Herbae Thermopsidis 0, 01

Natrii hydrocarbonatis 0, 25

D. t. d. № 10 in tab.

S. 1 түймедақтан күніне 3-4 реттен.

Slide 11

Жалбызтікен (алтей) тамыры (алтей сиропы, кеуделік жинақтар, мукалтин т. б. ) . Бұлар көбінесе тыныс жолдарының созылмалы қабыну ауруларында қақырықты жылдам шығару үшін және жөтелді басу үшін қолданылады.

Мукалтин (Mucaltinum) - алтей шөбін кептіріп, үгіп ұнтақ және түймедақ түрінде мөлшері 50 мг күніне 1-2 рет ас алдында қолданылады.

Rp. : Inf. red. Аlthaeae 3, 0-100 ml

Sir. Althaeae 20 ml

M. D. S. 1 шай қасықта

Slide 12

Кристаллдық трипсин (ұнтақ түрінде ампула мен флаконда мөлшері 0, 005 және 0, 01 г-нан егуге және бүрку (ингаляция) ретінде пайданылады; Дальцекс -трипсин және Пакс - трипсин іріңді жараға арналған сальфетка түрінде жапсыруға) - ірі малдың ұйқы безінен алынған белсенді ферменттік дәрі. Трипсиннің өліеттенген тінді ыдыратулық әсеріне байланысты баттасып қалған қақырықтың сұйылуына әкеледі.

Бұл дәріні деммен қабылдау ретінде пайдалынады. Ол үшін 5-10 мг дәріні 2-3 мл натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісіне қосып ингалятормен немесе эндотрахеалық зондпен беріледі.

Rp. : Trypcini cristallisati 0, 01

D. t. d. № 6 in amp.

S. 2-3 мл-ден ингаляция ретінде.

Slide 13

Демікпеде қолданылатын дәрілер.

Демікпеге (тұншығу бара-бара ұстамалы ауруға айналады, сондықтан жедел көмек керек) қолданылатын дәрілер үш топқа болінеді.

1. b - адренорецепторларының белсенділігін арттыратын дәрілер

2. M-холинді бөгегіштерге атропин, метацин, платифиллин және т. б. дәрілер жатады.

3. Салалы бұлшық етке әсер ететін спазмолитиктерге эуфиллин және т. б. дәрілер жатады.

Изадрин, адреналин және эфедрин. Ең тікелей кеңірдекке әсер ететін дәрі изадрин болып табылады. Ол кеңірдек тамырының қысылуын жою үшін ингаляция ретінде қолданылады. Жүрек соғуын жиілетіп, күшейтеді, артериялық қысым өзгертпейді.

Изадрин көбінесе созылмалы демікпеге, бронхиттерде және бронхоскопия жасағанда қолданылады.

Кеңірдек тарамының қысылуына қарсы адреналин де қолданылады. Оның әсері тез әрі қысқа. Ал эфедриннің әсері ұзақ болғанымен күші адреналиннен төмен.

Slide 14

Қолдану кезінде жанамалы әсерлері: ауыздың құрғауы, дененің дірілдеуі, жүрек фибрилляциясы болуы мүмкін.

Бұл топқа тағы да басқа дәрілер: орципреналин, фенотерол, салбутамол жатады.

Изадринге қарағанда бұлар ұзақ уақытқа әсер етеді.

Осы топқа жататын дәрілердің әсер ету механизміне келсек, бұлар кеңірдек тарамының b2-адренорецепторларын белсендіріп, жасуша ішіндегі ц-АМФ-ты көбейтіп, тегіс бұлшық еті қимылының қысымын төмендетеді. Сонымен қатар үлкен жасушалардан гистаминнің шығуын тежейді.

Slide 15

Асқорту жүйесіне әсер ететін дәрілік заттар

Slide 16

Ас қорыту жүйесінде астың соңғы өнімдерге ыдырауы, қаңға сіңірілуі, микроорганизмдерді зиянсыз ету, метаболизмі мен дәрілердің сіңірілуі процесі жүреді. Ас қорыту жолының секреторлы және қимыл белсенділігінің бұзылуы көптеген ауруларда және патологиялық жағдайларда байқалады. Асқазан-ішек жолдарының аурулары қазіргі кезде, әсіресе, балалар арасында өте көп тараған. Ол асқазан-ішек жолдарының иннервациясы, бездерінің секрециясы мен толқи жиырылуы қызметінің бұзылуы нәтижесінде байқалады. Асқазан-ішек жолдары қызметінің бұзылуында қолданылатын ас қорыту жүйесіне әсер ететін дәрілердің бірнеше тобы бар.

Жіктелуі:

1. Тәбетке әсер ететін дәрілер

2. Құстыратын және құсыққа қарсы дәрілер

3. Асқазан бездерінің секрециясы бұзылуында қолданатын дәрілер

4. Ұйқы безінің секрециясы бұзылуында қолданатын дәрілер

5. Өт айдайтын дәрілер

6. Іш жүргізетін дәрілер

Slide 17

Тәбетке ісер ететін дәрілерді тәбетті қуаттандыратын және тәбетті төмендететін дәрілер деп бөлінеді.

Тәбетті қуаттандыратын дәрілер:

витаминдер, анаболикалық стероидтар, Карнитин, Апилак, т. б.

Rp. :

Apilaci

0, 01

Da tales doses. N 25 in tabul.

Signa. 1 таблеткадан 3 рет

Тәбетті төмендететін дәрілер:

Фепранон, Дезопимон, Дексфенфлурамин, Мазиндол, т. б.

Rp. :

Phepranoni

0, 025

Da tales doses. N 50 in dragée

Signa. Ішке тамаққа дейін 30-60 минут бұрын 0, 025 г. 2-3 рет күніне

Slide 18

Құстыратын дәрілер:

апоморфин, морфин, оймақгүл препараттары, ісікке қарсы дәрілер.

Құсық бұл - күрделі рефлекторлы акт, оның жүзеге асуына бұлшық еттер (асқазанның, аш ішектің, кеуде, құрсақ қуысы) қатысады. Сопақша мидың торлы құрылымында құсу орталығы болады.

Rp. : Sol. Apomorphini hydrochloride 1% 1ml

Da tales doses. N. 10 in ampull.

Signa. По 0, 5-1 мл под кожу (взрослому как

рвотное)

Құсыққа қарсы дәрілер:

Метоклопрамид(церукал, реглан), тиэтилперазин(торекан), Аэрон, димедрол, дипразин, т. б.

Rp. : Tabulettam Mеtoclopramidi 0, 01 №50 Da. Signa. 1таблеткадан 3 рет тамаққа дейін

Slide 19

Асқазан безі секрециясының төмендеуінде қолданылатын дәрілер: гастрин, пентагастрин, көмір қышқылды сулар, табиғи асқазан шырын, пепсин және сұйытылған тұз қышқылы, пепсидил, абомин.

Rp. :

Acidin-pepsini

0, 5

Da tales doses. N 20 in tabul.

Signa. 1-2 таблеткадан күніне 2-3 рет

Slide 20

Асқазан безі секрециясының жоғарылауында қолданылатын дәрілер: Альмагель, Альмегель А, Фосфалюгель, Мааклокс, Мегалак, Гелюсиллак, Викалин, Викаир, Протаб, Тальцид, Тисацид, Ренни, Гастал, Гастралюгель, циметидин, ранитин, фамотидин, низатидин, роксатидин, атропин, пирензепин, мизопростол және т. б.

Rp. : Almageli 170, 0 ml Da tales doses. N 2 in lagenis Signa. по схеме.

Rp. : Tabulettam Histodili 0, 2 N. 30

Da. Signa. По 1 таблетке 2 раза в день

Rp. : Tabulettam Ranithydini 0, 2 N. 20

Da. Signa. По 1 таблетке 2 раза в день.

Slide 21

Ұйқы безі қызметінің бұзылуында қолданылатын дәрілер:

протеаза, амилаза, липаза, өт компоненттері, гемацеллюлоза, пепсин, аминқышқылы, панкреатин, солизим, нигедаза, Мезим-форте, Трифермент, Панзинорм-форте, Дигестал, Энзистал, Фестал, Креон, Лиреаза, Панцитрат, пантрипин, ингитрил, контрикал, гордокс, антагозан және т. б.

Rp. : Dragee «Mezym-forte» N. 30

Da. Signa. По 1-3 драже в день перед приемом пищи

Rp: Solutionis. Contrykali 10 000 АТрЕ - 3 ml. №10 Da. Signa. По схеме.

Slide 22

Өт айдайтын дәрілер

Өттің құрамында ішектегі майлардың, майда ерігіш дәрумендердің эмульгирлеп және сіңірілуін қамтамасыз ететін өт қышқылдары бар. Оның бауыр жасушаларының түзілуінің бұзылуымен немесе өт түтіктерінің ұлтабарға шығуының қиындауымен байланысты. Осыған орай медициналық тәжірибеде өт айдаушы дәрілерді екі топқа жіктейміз:

Өт түзілуін күшейтетін дәрілер

Өт бөлінуін жеңілдететін дәрілер

Slide 23

Өт түзілуін күшейтетін дәрілер (Холесекретиктер- холиретиктер) :

жануарлардан алынған: “Аллохол”, “Холензим”, “Лиобил” таблеткаларының құрамында жануарлардың құрғақ өті бар.

синтетикалық: оксафенамид, никодин, циквалон, гимекромон (одестон) .

өсімдіктен алынған: құмдық салаубас гүлі (қайнатпа, құрғақ сығындысы, фламин препараты), жүгері шашағы (қайнатпа, сұйық сығынды), танацехол (түймешетен гүлінің препараттары), холосас (раушан жемісінің шырыны), берберин биосульфаты (барбарис препараттары), холагол (құрамында куркума тамырының бояғыш заттары және т. б. бар), Холагогум капс. (құрамы: куркума сығындысы, бұрыш жалбыз майы, эссенциальды фосфолипидтер және т. б. ) .

Slide 24

Холесекретиктер өт секрециясын күшейтуден басқа, оларды сұйылтуына және айдауына алып келеді, нәтижесінде инфекцияның дамуын және тастардың түзілуін жойып, өттің айдалуын жақсартып, қабыну процесін төмендетеді. Олар созылмалы гепатитте, холециститте және холангитте қолданылады. Кейбір препараттар холеретикалық әсерінен басқа спазмолитикалық әсер: оксафенамид, көптеген өсімдік препараттары, циквалон - қабынуға қарсы; никодин - микробқа қарсы әсер көрсетеді. Холесекретиктерді жіті қабыну мен бауырдың айқын дистрофиялық процестерінде және өт жолдарының тығындалуымен жүретін өт тас ауруларында қолдануға болмайды.

Slide 25

Rp. :

Allocholi N 50 in tabul. obd.

1, 0

Da. Signa. По 1-2 таблетки 3-4 раза

в сутки после еды.

Rp. :

Nicodini

0, 5

Da tales doses. N 10 in tabul.

Signa. По 1-2 таблетки 3-4 раза

в сутки до еды.

Slide 26

Өт бөлінуін жеңілдететін дәрілер (холекинетиктер) - өттің ағуын жеңілдетеді.

- өт бөліну жолдарының дискинезиясының гипотониялық түрінде өттің ұлтабарға өтуін жақсартатын, өт қабының тонусын жоғарылататын, одди сфинктерін босаңсытатын: магний сульфаты, ксилит, сорбит, маннит, зәйтүн немесе күнбағыс майы қолданылады. Әсер ету механизмі: ұлтабардың рецепторларының тітіркенуімен байланысты. Магний сульфаты өт түтігіне спазмолитикалық әсер көрсетеді. Осы топ препараттары өт қалтасының атониясында, өт түтігінің дискинезияларында, созылмалы холециститте және созылмалы гепатитте қолданылады. Бұларды бауыр мен асқазанның жедел қабыну ауруларында, өт-тас ауруларында қолдануға болмайды.

Rp. :

Sol. Magnesii sulfatis 25%

10, 0

Da tales doses. N 10 in amp.

Signa. 10-20 ml күніне 4 реттен

Slide 27

- өт бөліну жолдарының дискинезиясының гипертониялық түрінде өт жолдарының біріңғай бұлшық еттерін босаңсытатын препараттар: М-холиноблокаторлар (атропин, платифиллин), миотропты спазмолитиктер (папаверин, но-шпа), өсімдіктерден алынған препараттар (холагол, олиметин) қолданылады. Бұл препараттар өт-тас ауруларында, ауырсыну түйілуін басу үшін белгіленеді.

Rp. : Sol. Atropini sulfatis 0, 1 % 1 ml

Da tales doses. N. 6 in ampull.

Signa. По 0, 5-1 мл вводить под

кожу 1-2 раза в день.

Slide 28

Холелитолитикалық дәрілер - өт қалтасындағы тастарды ерітеді: хенодезоксихол қышқылы (хенодиол, хенофальк), урсодезоксихол қышқылы (урсофальк, урсосан) - 0, 25 капс. тек қана түнде қабылдау қажет, себебі өт холестеринмен түнде қанығады, ал бұл препараттар бауырда холестерин синтезін бұзып, холестеринді тастардың біртіндеп еруіне алып келеді. Препараттарды ұзақ 6 айдан 2 жылға дейін қабылдау қажет.

Rp. : Ursu ( Ursosani-Ursofalci) 0, 25 №100

Da. Signa. 10 мг /кг тәулігіне 2-3-5 капсуладан

Slide 29

Іш жүргізетін дәрілер

а) Ішектің барлық бөлімдеріне әсер ететін қш жүргізетін дәрілер

в) Ішек құрамының көлемін үлкейтетін дәрілер

б) Тоқ ішекке әсер ететін дәрілер

г) Нәжісті жұмсартатын дәрілер

Slide 30

Ішектің барлық бөлімдеріне әсер ететін іш жүргізетін дәрілер. Тұзды іш жүргізетін дәрілер (ішектің осмостық қысымын жоғарлатады. ) : магний сульфаты, натрий сульфаты, табиғи карловар тұзы.


Ұқсас жұмыстар
Эфферентті жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер
Ұйқы безі гормондарының биохимиясы. Бүйрек үсті қыртысты және милы қабығының гормондарының биохимиясы
Асқазан бездерінің секрециясы бұзылуында қолданатын дәрілер
ГОРМОНДАРЫ КІРІСПЕ
Гормондардың биохимиясы. Тағам қорытылу реттелуінің биохимиялық механизмдері асқазан- ішек жолдың гормондары
Асқазан сөлінің патологиялық құрамдас бөліктер
Негізгі әсері, жанама әсерлері
Шырышты эпителийдің қызметі
Гастроэзофагальды рефлюкстік синдром
Асқорыту мүшелерінің патологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz