Мүгедектерге қатысты көзқарас модельдерінің жіктелуі және әлеуметтік қорғау шаралары


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

Тақырыбы:Мүгедектерге деген көзқарас модельдерінің жіктелуі. .

Орындаған:Бакатова Д. М

Тексерген: Амантаева А. Қ

Тобы:ПХ-815

Семей 2021

Slide 2

Жоспар

Мүгедектік дегеніміз не?. Қанша түрі бар.

Мүгедектерді қорғаудың әлеуметтік шаралары.

Мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік көмек түрлері.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заң.

Slide 3

Мүгедектік деген не ?

Мүгедектік - науқастану, жарақат, апатқа ұшырау, кемтар болып туу салдарынан адамның мүлдем не уақытша еңбек ету қабілетінен айырылуы. Мүгедектік медицина, әлеуметтік және құқықтық болып ажыратылады. Аурудың жағдайына, органдардың қызметінің бұзылу деңгейіне, клиника болжамға және еңбекке жарамсыздығына байланысты мүгедектік үш топқа бөлінеді

Slide 4

Мүгедектік - өзгеріп тұратын категория. Мысалы, аурудың түріне қарай және оның дұрыс емделуіне байланысты мүгедек адамның денсаулығы жақсарып, еңбек ету қабілеттілігі жоғарылауы, ал кейде, керісінше жағдайдың да көрініс беріп, адам мүлдем кемтарболып қалуы мүмкін. Тұрақты еңбекке жарамсыздықты сараптау және мүгедектік тобын әлеуметтік қорғау мекемелерінің жанынан ұйымдастырылған медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясы белгілейді.

Slide 5

Қанша топқа бөлінеді

1- ТОПҚА. мүлде немесе ұзақ уақыт еңбекке жарамсыз, үнемі басқа біреудің күтімін, көмегін немесе бақылауын қажет ететін адамдар жатады;

2-ТОПҚА. басқа адамның көмегін қажет етпейтін, жұмыстың кейбір түрлерін атқара алатын адамдар жатады;

3-ТОПҚА. еңбек ету қабілеті төмен болғанымен жеңіл-желпі жұмыстарды істей алатын, бірақ денсаулығына байланысты жұмыс жағдайын оңтайлы өзгертуді қажет ететін адамдар жатады.

Slide 6

Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты қазіргі кезде экономикалық қиын жағдайларға байланысы халықтың аз бөлігінің ғана қызығушылықтарын қанағаттандырады. Стационарлы мекемелерде тұрмайтын еңбекке қабілетсіз азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетудің қазіргі даму кезеңінде әлеуметтік жұмысшылардың қызметі әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетуге негізделеді. Соның арасында олардың қызметтері анағұрлым кең әлеуметтік қызметкерлердің арнайы білім беру институттарын құру өлшемі бойынша еңбекке қабілетсіз азаматтар едәуір мамандандырылған және түрліше әлеуметтік көмек пен қолдау алуына мүмкіндігі жоғары. Мүгедектігі бар адам қоғам өмірінің барлық салаларын қатысуға теңдей құқық алады. Тең құқық әлеуметтік қызмет жүйелерімен қамтамасыз етілуі тиіс.

Slide 7

Көрсетілетін әлеуметтік көмек түрлері

Мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы оларға әлеуметтік, медициналық және әлеуметтік, кәсіби жарамдылығын арттыру, білім беру сияқты бағыттағы қоғамдық өмірге оралтуға байланысты өткізілетін шаралармен жүзеге асады . Сонымен бірге, еңбекке жарамсыз болған жағдайдағы міндетті сақтандыру төлемдері заңмен қарастырылған . Ауру, жарақат алу, мертігу салдарынан болған әлсіздікті жою бағытында диагностикалық, емдеу және қалыпқа келтіру сияқты медициналық сауықтыру шаралар жүргізіледі . Мүгедектерді әлеуметтік сауықтыру мүгедектердің әлеуметтік статусын, олардың әлеуметтік - тұрмыс және әлеуметтік - орталыққа үйрету мақсатында жүргізіледі . Оған мүгедектерді әлеуемттік, техникалық көмек құралдарымен, көлік және рекреакциялық құрылымдармен, ақпараттық ортамен қамтамасыз етілуін және материалдық, әлеуметтік - психологиялық қолдау көрсету кіреді .

Slide 8

Қосымша көмек қажет ететін мүгедектердің әлеуметтік қамтамасыз етілу жүйесіне республикада мед - әлеуметтік мекемелердің, әлеуметтік қорғаудағы территориялық орталықтардың және үйде жеке көмек көрсету сияқты мүмкіндіктері кіреді . Интернат - үйлерінде тұратын мүгедектер мен қарттарға медициналық, әлеуметтік - тұрмыс жағынан, әлеуметтік адаптация, еңбекке жарамдылығын арттыру, білім беру сияқты көмектер көрсетіледі . Республикамызда мүгедектер мен қарттарға әлеуметтік көмек көрсететін, медицналық, әлеуметтік және кәсіби даму, мүгедек - балаларға білім беру бағдарламасын жасау, моральды - психологиялық жағынан қолдау көрсету, олардың хұқықтары туралы ақпарат беретін 6 территориялық орталықтар бар . Заңға сәйкес мүгедектер сауықтыру бағдарламаларына орай протез - ортопедтік көмекпен, қозғалуға байланысты әлеуметтік жабдықтармен, сурдо - тифложабдықтармен және басқа да техникалық құралдармен, сонымен қатар мемлекеттік бюджеттен бөлінетін мемлекеттік тапсырыс бойынша сауықтыру - курорттық емдеу шаралымен қамтамасыз етіледі .

Slide 9

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заң

Бұл Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) арнаулы жүрiп-тұру құралдары - мүгедектердiң белсендi және баяу жүрiп-тұруына арналған техникалық көмек түрi;

кәсiптiк бағдарлау - мүгедектiң еңбек қызметi түрлерiн таңдауына көмек көрсетуге бағытталған шаралар жүйесi;

сурдоаударма - қандай да бір тілден дактильді әліпби және (немесе) ымдау тілі көмегімен аудару;

Slide 10

сурдотехникалық құралдар - есiту кемiстiктерiн түзеуге және олардың орнын толтыруға арналған, соның iшiнде байланыс құралдары мен ақпарат берудi күшейтетiн техникалық құралдар;

протездiк-ортопедиялық көмек - мүгедектердi протездiк-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету жөнiндегi медициналық-техникалық көмектiң мамандандырылған түрi және оларды пайдалануды үйрету;

халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары - мүгедектерге және мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын, көлемін және шарттарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер;


Ұқсас жұмыстар
Мүгедектерге көрсетілетін медициналық-әлеуметтік көмек: түрлері, сараптама және жұмыспен қамту
Капитализмнен социализмге көшу: Маркстік көзқарас, әлеуметтік-экономикалық алғышарттар және революцияның салдары
Балалардың қылмысқа баруы: әлеуметтік-отбасылық факторлар мен құқықтық қорғау шаралары
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы стационарлық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты
Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау: заңнама, медициналық-әлеуметтік сараптама және оңалту мәселелері
Күріш масасының биологиясы, таралуы және қорғау шаралары
Өсімдіктер ауруларының жіктелуі және қорғау шараларының жүйесі
Судың ластануы және су ресурстарын қорғау шаралары
Топырақтың экологиялық функциялары, қасиеттері және эрозиядан қорғау шаралары
Гидромелиоративтік жүйелерді пайдалану кезеңіндегі қоршаған ортаны қорғау шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz