Оқыту әдістемесі
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ЖАРКЕНТ ЖОҒАРЫ ГУММАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Мамандығы: 0105000- «Бастауыш білім беру»
Біліктілігі: 0105013- «Бастауыш білім беру
мұғалімі»
Пән бойынша: Математика
Тақырыбы: Бастауыш математика курсында нумерациялық
ұғымды
оқыту әдістемесі.
БҚ І-17 401 -топ
студенті:
Оразбаева
З.М____________
Жобаның жетекшісі:
Ашимбекова
Г.Н__________
Жаркент
2021
Жоспар
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
І БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ,САН
ЖАЙЫНДА ТҮСІНІК ҚАЛЫПТАСТЫРУ
1.1 Сандар жайлы жалпы түсінік (нумерация деген не?)....................5
1.2 Оқыту әдістерінің педагогикалық негіздері...................................7
ІІ НУМЕРАЦИЯЛЫҚ ҰҒЫМДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Алғашқы ондық сандарын оқыту. Сан және цифр ұғымдарын
анықтау...................................................................................................................13
2.2 «Жүз» көлеміндегі сандар нумерациясын оқытуда дидактикалық ойындарды
қолдану..............................................................................................18
2.3 «Мың» көлеміндегі сандар нумерациясын оқытуда дидактикалық
ойындарды қолдану..............................................................................................21
2.4 Көп таңбалы сандар нумерациясын оқытуда дидактикалық ойындарды
қолдану...............................................................................................23
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................30
Зерттеудің өзектілігі:
Жаңартылған білім беруді негізге ала отыра өскелең ұрпаққа білім
мен тәрбие беру .
Кірісп Жаңартылған білім беру жүйесі барлық буынға, соның ішінде
бастауыш буынға, зор жауапкершілік жүктейді. Себебі, білім мен
е тәлім-тәрбие негізі мектеп табалдырығын аттаған кезден яғни
бастауыш сыныптарда қаланады, сонымен қатар үш тілділікті ұстана
отыра жас буынға елі-жері үшін еңбек етер ,білімді әрі білікті өскелең
ұрпақ болады деп
Бастауыш мектептің табалдырығын үлкенбүлдіршіндерге
аттаған үміт артылуында.
жаңартылған білім беру
мазмұны бойынша дәріс беретін педагогтарды дайындау педагогикалық колледждердің,
жоғары оқу орындарының бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі факультеттерінің
үлесіне тиюде. Осы оқу орындарының әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері болғанымен,
бастауыш мектептке білім берер болашақ педагогты дайындауды негіз ретінде алсақ, ортақ
міңдетті шешуіне тура келеді, яғни кәсіби мамандыққа қажетті білім, білік және
дағдылармен жан-жақты қаруландыру мақсаты көзделеді. Осыған орай "Бастауыш
сыныптарда математиканы оқытудың әдістемесі" атты курс оқытылып, үйретіледі.
"Математиканы оқыту әдістемесі" — психология, педагогика пәндерімен тығыз
байланысты.
Бұл курсты жалпы алғанда, математиканы оқытудың заңдылықтарын зерттейтін
педагогиканың бір бөлімі немесе тармағы деп түсінген жөн. Өйткені мұнда алдымен
қоғамның қойып отырған талаптары мен мақсаттарынан туындайтын мынадай үш сұраққа
жауап беріледі:
1. Математиканы неге және не үшін оқытамыз?
Бұл курста бастауыш мектепте оқытылатын басқа да пәндердің
(қазақ тілі, еңбекке баулу, бейнелеу өнері т.б.) әдістемелерімен
ортақ көптеген мәселелердің барын да ескерген жөн, яғни
пәнаралық байланысты дұрыс жүзеге асырудың мүмкіндігімен санасу
керек.
Бұл курста қарастырылатын әрбір нақты әдістемелік
мәселелерден педагогикалық, психологиялық заңдылықтардың
өзіндік көрінісін байқап отыруға және керісінше соны жалпы
қағидаларға сүйеніп негіздеуге ерекше және баса көңіл аударылады.
Дегенмен курста жалпы педагогикалық мәселемен салыстырғанда,
жекелеген дербес әдістемелік сұрақтар қарастырылады, яғни пәннің
өзіндік ерекшеліктерінен туындайтын арнайы мәселелер, дербес
заңдылықтар мен қағидалар үйретіледі. Демек, бұл курстың
психология және педагогика пәндерінің зерттеулерінен айрықша,
тек қана математиканы оқытуға қатысты болатын өзіндік зерттеу
аймағы бар.
Сондықтан біздің зерттеу жұмысымыздың мақсаты: бастауыш
мектептегі нумерацияны оқытуда дидактикалық ойындарды
қолдану.
Зерттеу объектісі. Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу пәні. Математиканы оқыту әдістемесі және теоремасы
Зерттеудің болжамы. Егер математиканы оқытуда әдістемелер мен
технологиялар тиімді қолданатын болса, онда оқушылардың
І БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ,САН ЖАЙЫНДА ТҮСІНІК
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
1.1 Сандар жайлы жалпы түсінік(нумерация деген не?)
Сан — мөлшерді сипаттайтын, санауда пайдаланылатын абстракт
нәрсе.
Сан — математиканың негізгі ұғымдарының бірі. Қарапайым түрде
алғашқы қоғамдарда-ақ пайда болған, кейін бірте-бірте қолданыс
аясы кеңейіп әрі жалпыланды. Кейбір заттарды санауға байланысты
бүтін оң (натурал) сандар ұғымы, кейіннен сандардың натурал
қатарының (1,2,3,4, шексіздігі туралы идея пайда болды. Сан
ұғымының алғашқы кеңеюі — натурал сандарға бөлшек сандардың
қосылуы болды. Ол ұзындықты өлшеу, ауданды табу, сондай-ақ,
атаулы шамалардың үлесін бөліп шығару қажеттілігіне байланысты
қолданысқа енгізілді. Теріс сандар арифметикалық есептерді шешудің
жалпы тәсілдерін беретін алгебраның ғылым ретінде дамуына
байланысты шықты. Бүтін, бөлшек (оң және теріс) және нөл сандары
рационал сан деп аталды. Айнымалы шамалардың шексіз өзгеруін
зерттеу үшін сан ұғымы кеңейтіліп, нақты сандар жиынтығы пайда
болды. Шамалардың қатынасын (мыс., квадрат диагоналының оның
қабырғасына қатынасы) дәл өрнектеу қажеттігі иррационал сандар
ұғымын енгізуге себепші болды. 16 ғасырда квадрат және куб
теңдеулерді шешуге байланысты жорамал сандар ұғымы енгізілді.
Сан ұғымы дамуының соңғы кезеңі комплекс сандардың енгізілуі
Негізгі сандар жиыны
Сандар жиынының мынандай түрлері бар:
Натурал сандар — натурал сандар жиынын N деп
белгілейді.
Бүтін сандар — бүтін сандар Z деп белгілейді.
Рационал сандар — рационал сандар жиынын Q деп
белгілейді.
Иррационал сандар — иррационал сандар жиынын
әдетте I деп
белгілейді.
Нақты сандар — нақты сандар жиынын R деп
белгілейді.
Нақты сандардың өздері алгебралық және
трансценденттік болып
бөлінеді.
Комплекс сандар — комплекс сандар жиынын C деп
Нумерация (лат. Numeratio , numero-дан - есептеймін):
Арифметикада: таңбаларды қолдана отырып сандарды атау және жазу
тәсілдерінің жиынтығы.
Нысандардың сандық реті,
Есептелетін жиынтықтың пайда болу механизмі
- қолданылған санау жүйелеріндегі сандардың пайда болу заңдылықтарын
санды сөзбен өрнектеуге қолдану
Жалпы санау жүйесін олардың әрқайсысы формуламен көрсетілген бүтін
сандар мен бөлшек сандарды топтастыру ретінде анықтауға болады
Бұл жерде n санау жүйесінің негізгі нөмірін, ал
1-ді 0, 1, 2, 3, ..., n - 1-ге көбейтуден туындаған кез келген санды білдіреді.
1.2 ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Әдіс Тәсіл
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды
алдында тұрған міндеттерді хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару,
дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды
оқушылардың бірлесіп жұмыс қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады.
істеу үшін қолданатын тәсілдері. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.
Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін
Оқыту тәсілдерінің түрлері:
істелетін жұмыстар ретке
келтіріледі. Оқыту әдістері • ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту
танымға қызығушылық туғызып, тәсілдері;
оқушының ақыл-ойын дамытады,
• мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін
ізденуге, жаңа білімді түсінуге
ықпал етеді. Оқытуда ең басты тәсілдер;
нәрсе – оқушылардың танымдық • оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
жұмыстары. Оқыту әдістері ең
• жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты
анық фактілерді білуді
қамтамасыз етеді, теория мен Басқару тәсілдері.
тәжірибенің арасын жақындатады
Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына
кіреді, әдістің жүзеге асуына көмектеседі.
2. Оқыту әдістері және оларды жіктеу мәселесі. Әдістер белгілі бір негіз
бойынша топтарға бөлінеді.
Оқытушының басшылығымен жұмыс істейтін оқушылардың танымдық белсенділігі
әртүрлі.
Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы "дайын" білімдерді есінде сақтап, кейін қатесіз
айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсен ділігі төмен болады.
Эвристикалық әдіс арқылы ақыл-ой жұмысы күшейеді, оқушы білімді өзінің
танымдық
іс-әрекеті арқылы алады. Бұл әдіс бастауыш мектептерге де таралған. Бірақ
сабақты
тұрақты түрде мәселелік, эвристикалық, зерттеу әдістерімен өткізу мүмкін бола
бермейді.Ю.К. Бабанский оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістерін топтады.
Ол іс-әрекет 3 бөліктен: ұйымдастыру, ынталандыру, бақылаудан тұратынын атап
көрсетіп, әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау
әдістері деп бөледі .М.И.Махмутов оқыту әдісіне сәйкес келетін оқу әдістерін
іріктеген. Оқыту әдістері:а) ақпарат беру әдісі, ә) түсіндіру әдісі, б) ынталандыру
әдісі, в) тәжірибелік әдіс.Бинарлық әдістер бір-бірімен тығыз байланысты оқыту
мен оқудың тәсілдерін (хабарлау, міндеттер қою, мұғалімнің
тапсырма беруі,
оқушылардың тыңдауы, жаттығулар орындауы, есептер шығаруы, мәтінді оқуы,
Түсіндіру – оқыту әдісі ретінде әр Оқыту әдістерін тандау
жастағы балалар тобымен жұмыста әдетте сабаққа оқу
кең қолданылады. Бірақ орта және материалының мазмұнын
жоғары сатыларда оқу материалының таңдаған кезде жүреді. Ол
күрделеніп, оқушылардың ақыл-ой дидактикалық мақсатқа,
жұмысының мүмкіндіктері өскенде оқушылардың білім
бұл әдіс кіші жастағы оқушылармен деңгейіне мұғалімнің өзінің
жұмысқа қарағанда көбірек дайындық деңгейіне
қолданылады. байланысты.
Әңгімелесу – оқытудың диалогтық
әдісі, мұғалім оқушыларға мұқият
ойластырылған сұрақтарды жүйелі
қою арқылы олардың жаңа оқу
материалын меңгеруіне жағдай
жасап, бұрын оқылған
материалдарды қалай меңгергенін
тексереді. Әңгімелесу - дидактикалық
әдістің ескі түрі, оны Сократ шебер
түрде қолданған, сондықтан
әңгімелесу әдісін Сократ әдісі деп
атайды.
ІІ НУМЕРАЦИЯЛЫҚ ҰҒЫМДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Алғашқы ондық сандарын оқыту. Сан және цифр ұғымдарын анықтау
Сан және цифр туралы түсінік қалыптастыру, бір таңбалы сандарды шығарып алу және
оларды цифрдың көмегімен жазу, қосу және азайту амалдарымен таныстыру, теріс емес бүтін
сандар нумерациясын оқытудың алғашқы кезеңі болып табылады. Сандар нумерациясын
оқыту әдістемесінің өзіндік ерекшелігі тақырып біртіндеп кеңею және төмендегідей ретпен
даму арқылы қарастырылады: он көлеміндегі сандар — жүз көлеміңдегі сандар – мың
көлеміндегі саңдар — миллион көлеміндегі сандар – миллиард көлеміндегі
сандар
Оқытудың міндеттері
1. Сан және цифр туралы түсінік қалыптастыру: санды әр түрлі тәсілмен
шығарып алу, 10 көлеміндегі сандардың атауын және сол сандарды
сәйкес цифрлармен белгілеуді меңгерту, цифрларды жазу біліктерін
қалыптастыру.
2. 1-ден 10-ға дейінгі (және керісінше) сандар ретін еркін игеру. Сандар
қатарындағы 0 санының орнын білу.
3. Сандарды салыстыру және оның нәтижелерін >, <, = таңбаларымен
белгілей алу біліктерін қалыптастыру және тендік пен теңсіздік
ұғымдарымен таныстыру.
4. 10 көлеміндегі сандар құрамының барлық жағдайларын берік игеру.
5. «Бір және екі таңбалы сан» ұғымдарын, бірдің және нолдің
Жұмыс әдістемесі
1. Сан және цифр туралы түсінік қалыптастыру алғашқы 10 санның
мысалы негізінде жүзеге асырылады, мұнда оқушылар натурал
сандар қатарын құру принциптерімен танысады: сан жеке емес,
басқа сандармен өзара байланыста қарастырылады, сондықтан жеке
сандар емес, сандар қатарының кесінділері 1, 2; 0, 1, 2, 3; 0, 1, 2, 3, 4
және т. б. оқытылып үйретіледі.
Санды шығарып алудың әр түрлі тәсілдерін (олар үшеу) қарастыру
барысында:
а) кез келген санды заттарды (дыбысты, қозғалысты) санау арқылы
шығарып алуға болады:
Дөңгелек нешеу? (Дөңгелек бесеу).
Қандай сан шықты? (5).
5 санын қалай шығарып алдық? Санау арқылы, яғни санау —
санды шығарып алудың бірңнші көзі және сан — санаудың
нәтижесін сипаттайды.
ә) Санды шаманы өлшеудің нәтижесінде шығарып алу:
кесіндінің ұзындығын сантиметрдің немесе уақытты сағаттың
көмегімен өлшеу арқылы;
- кесіндінің ұзындығы 5 см.
Ұзындықты өлшеу арқылы қандай сан шығарып алдық? 5, яғни
сан шаманы өлшеудің нәтижесін сипаттайды.
б) Қосу және азайту амалдарын орындау нәтижесінде санды
шығарып алуға болады:
4+1=5 5-1=4
Демек, сан арифметикалық амалдың нәтижесін
сипаттайды.
в) Сандардың аталуын игеру жүзеге асырылады: оқушылар санды естиді
және айтады (дыбыс сияқты), сонымен бірге санды таңбалардың, яғни
цифрлардың (әріп сияқты) көмегімен жазумен таныстыру: оқушылар санды
белгілейтін таңба ретінде цифрды көреді және жазады, демек, ауызша
және жазбаша нумерация бір уақытта енгізіледі.
г) Цифрларды жазу біліктері төмендегідей жоспар бойынша
қалыптастырылады:
цифрдың баспа және жазба түрімен таныстыру: оларды ажырата алуға,
басқалардың ішінен тани білуге үйрету;
«Цифр неге ұқсайды?», «Цифрды қайдан көрдіңдер?», «Нешеу, көрсет.»
(сан — зат және керісінше) балалар ойындарын қолдану:
цифрды жазу үлгісін талдау: цифр қандай элементтерден тұрады
(кестеде, оқулықта, тақтада, дәптерде);
қол қозғалысының бағытын игерту: ауада жазу, тақтада біртіндеп
жазу,
дәптердегі үлгіні бастыру;
цифрды өз бетімен жазу: әлдеқайда әдемі жазылғанын (бір сызықпен
сызады) және сәтсіз жазылғанын (екі сызықпен сызады) таңдату.
2. Бір таңбалы сандар ретін анықтауға және натурал сандар қатарын
құруға үйрету.
а) Натурал сандар қатарын құру принциптерімен таныс¬тыру жүзеге
асырылады: санға 1-ді қосу арқылы келесі сан шығады, ал саннан 1-ді
азайту барысында оның тікелей алдында келетін сан шығады, яғни
сандар қатарындағы санға 1-ді қосып, келесі санды, саннан 1-ді азайтып,
алдыңғы санды шығарып алуға болады.
ә) Оқушылар тура және кері бағытта санауға үйренеді, яғни кез келген
саннан бастап, өсу және кему ретімен санайды.
б) Сандар қатарындағы сандардың орнын анықтау олар¬ды салыстыру
арқылы іске асырылады: 5>4, демек, ол сан¬дар қатарында 4-тен кейін
тұрады, ал 4<5, яғни ол сандар қатарында 5-тің алдында тұрады, демек,
5 саны 4 және 6 сандарының арасында тұрады.
Алдыңғы санды, кейінгі санды, берілген сандар арасындағы санды,
берілген санның көршілерін атау;
ең кіші бір таңбалы, ең үлкен бір таңбалы санды атау;
әр жаңа санды белгілі сандармен салыстыру;
«Жалғастыра санау», «Эстафета», «Доп лақтыру», «Көршісін ата» және
т.б. ойындарды қолдану.
в) 0 (нөл) санымен таныстыру 1 және 2 сандарын оқытып үйреткеннен
кейін іске асырылады.
Дорбада бір доп бар, мүғалім оны бір балаға береді: «Мен не істедім?
Неше доп қалды?» Жауап: «Ешнәрсе қалған жоқ». Егер ештеңе жоқ
болса, оны біз 0 деп түсінеміз. (Екі қарындашпен көрсетуге болады),
демек, 1—1=0, 2—2=0.
1, 2 және 0 сандарын салыстыру және сандар қатарындағы 0-дің орнын
анықтау: 0<2; 0<1, демек, 1-дің алдында сол жақта бірінші тұрады және
ең кіші сан болады.
Осының нәтижесінде сандар қатары және ондағы әр санның орны
Қайсысы кем? немесе Қайсысы
туралы ұғым қалыптасады.
артық? Неге?
3 және 4 сандары туралы не айтуға болады?
3 <4 және 4 > 3.
2.2 «Жүз» көлеміндегі сандар нумерациясын оқытуда дидактикалық ойындарды қолдану
Сан туралы түсінікті дамыту ондықтар мен жүздіктерді, екі таңбалы сандарды шығарып
алумен таныстыруды көздейді, бұл теріс емес бүтін сандар нумерациясын оқытудың екінші
кезеңі болып табылады.
Оқытудың міндеттері
1. «Жүз» көлемінде санауға үйрету және ондықтарды шығарып алу, «натурал сандар»
ұғымы.
2. «Толық ондықтар» және «Жүз» ұғымдарымен таныстыру.
3. 100 көлеміндегі екі таңбалы сандарды шығарып алу, оқу және жазуды меңгерту.
4. Екі таңбалы сандарды
Оқыту салыстыруға, санды разрядтық қосылғыштарға жіктей алуға,
әдістемесі
ондықтар мен бірліктерден
1. Ондықты екі таңбалы
шығарып сан«натурал
алу және құрастыруға үйрету.
сандар» ұғымы («М-1», 119-
бет).
а) Натурал сандар жөнінде түсінік беріледі:
санау таяқшаларының көмегімен 1, 2, ..., 9 сандары анықталады және
көрнекі түрде олардың бір таңбалы нату¬рал сандар екендігі
көрсетіледі;
натурал сандар санау кезінде қолданылатыны, бірліктермен санау
делінетіні жөнінде түсінік қалыптастырылады.
ә) Ондықты шығарып алуда санау таяқшалары қолданылады:
9 таяқшаға бірді қостым, 10 таяқша болды; оларды байлап, бума
жасайды,
10 бірлік – бұл 1 ондық.
1 және 10 сандарын салыстыру: Ұқсастығы неде? Айырмашылығы
неде?
10 санындағы 1 цифры онда 1 ондық бар екенін, ал 0 цифры – онда тек
ондықты білдіретін бірліктен басқа жекелеген бірліктің жоқ екендігін
көрсетеді.
2. «Толық ондықтар» және «Жүз» ұғымдарымен таныстыру.
а) «Ондық» ұғымымен танысқаннан кейін-ақ оқушылар ондықтармен
санауға үйренеді:
әр ондықтың атаулары айтылады: екі бума таяқша — екі ондық немесе
жиырма;жаңа санау бірлігі ретінде оңдықты енгізу: оқушылар
ондықтармен санауды үйренеді;
әр ондықты цифрлардың 10, 20, ..., 90 көмегімен таңбалау: әр толық
ондықты жазу сәйкес екі цифрды таңдаумен байланысты: бірінші сол
жақтағы цифр оңдықтар санын, ал екінші цифр 0 толық ондық
құрамында жекелеген бірліктердің, яғни ондық құратын бірліктен
жоғары бірліктің
жоқ екенін білдіреді;ондықтардың бірнеше жеке бірліктерден
Екі таңбалы санды санау арқылы шығарып алуды
меңгерту.
Шаршы нешеу? (он және тағы төрт), яғни 1 онд. 4 бірл. Бұл сан былай
жазылады: 14 және «он төрт» деп оқылады, яғни ауызша және жазбаша
нумерация қатар оқытылады.
Үлкен шаршы (кіші 100 шаршыға бөлінген) — жүздің баламасы, бұл бір
жүздік.
ә) Екі таңбалы сандарды шығарып алу, оқу және жазу «Ондықтар мен
бірліктер кестесі» көмегімен іске асырыла¬ды («М-2», 5-бет).
Ондықтар Бірліктер Санның оқылуы Санның жазылуы
2 4 Жиырма төрт 24
3 9 Отыз тоғыз 39
Осы кесте жазбаша және ауызша нумерация қатар оқытылатынын
дәлелдейді.
Білімді тиянақтауға төмендегідей тапсырмалар беріледі («М-2»,
7-бет).
1онд. 3 бірл. = □ бірл. 37 бірл.=
□ онд. □ бірл.
9 онд. 2 бірл.= □ бірл. 73 бірл. =
□ онд. □ бірл.
2 онд. 9 бірл. = □ бірл. 88 бірл.
= □ онд. □ бірл.
сандарды ондықтар мен сандарды
ондықтар
бірліктерден құрастыру мен бірліктерге
жіктеу
2.3 «Мың» көлеміндегі сандар нумерациясын оқытуда
дидактикалық ойындарды қолдану
1. 1000 көлеміндегі сандарды оқуға үйрету (бірліктермен
қосып және ондықтармен және жүздіктермен топтап
санау).
2. Жүздіктерді шығарып алуға үйрету, «толық жүздіктер»
ұғымын енгізу және толық жүздіктерді санау.
3. 1000 көлеміндегі үш таңбалы сандарды шығарып алу, оқу
және жазумен таныстыру.
4. Үш таңбалы сандарды салыстыруға үйрету.
5. Үш таңбалы сандардың разрядтық құрамын оқыту.
6. Берілген санның барлық бірліктерін, барлық ондықтарын
және барлық жүздіктерін, сондай-ақ әрбір разряд
бірліктерінің санын табу біліктерін қалыптастыру.
7. Ондық санау жүйесі жөніндегі түсініктер қалыптастыру.
Оқыту әдістемесі
Үш таңбалы сандардың нумерациясын оқыту барысында сандар
облысы кеңейе түседі: бір таңбалы сандар толық ондықтар екі
таңбалы сандар толық мыңдықтар мың.
Мұнда оқыту әдістемесі екі таңбалы сандарды оқыту әдістемесіне
ұқсас, сондықтан үш таңбалы саңдарды оқытудың ерекшеліктеріне
ғана тоқталамыз.
1. Көрнекілік ретінде түймелер қолданылады ( «М-2», 153-бет): 1 түйме
— бірлік; 10 түйме (қағазға тігілген карточкада) — ондық; 10 карточка
- жүздік; 10 бума карточкалар — мыңдық, осылайша мынды шығарып
алу үйретіледі, 1000 санымен және оның жазылуымен
таныстырылады: оқушылардың өздері нөлдердің нені білдіретінін
түсіндіре алады.
2. Әрі қарай оқушылар «толық жүздіктер» ұғымымен танысады,
жүздіктермен санайды және толық жүздіктердің қатарын
құрады.Толық жүздіктерді атауға үйренеді:1 жүзд. – бұл жүз саны
2 жүзд. — бұл екі жүз саны
3 жүзд. — бұл үш жүз саны
5 жүзд. — бұл бес жүз саны
Толық жүздіктерді жазуға үйренеді, ондағы нөлдердің орнын
түсіндіреді.
Толық жүздіктердің қатарын 100 200 300 400 500 600 .... 900
( «М—2», 153-бет) құрады: сандарды салыстырады және осы
қатардағы сандар 100-ге артып отырғандығы туралы
қорытынды шығарады.
Бір таңбалы сандар, толық ондықтар және толық жүздіктер
қатарын салыстырады («М—2», 156-бет).
3. Үш таңбалы сандарды шығарып алу, оқу және жазу-мен
таныстыруда оқушылардың оз бетімен жұмыс істеуіне
мүмкіндік
10 20 30 беру керек:
100
1 2 200 3 300
Мәселен, сандар қатарын салыстыруда әр бағанды пайдаланып,
оқушыларға үш таңбалы сан құрастыруға тапсырма беруге
болады: 100+10+1 = 111; 200+20+2=222; 300+30+3=333 және
т.б.
2 жүзд. 3 онд. 4 бірл.; 5 жүзд. 0 онд. 1 бірл.; 7 жүзд. 6 онд. 0 бірл.
тұратын сандарды оқушылар оқи және жаза білулері тиіс.
«Үш таңбалы санда 0 жүздік болуы мүмкін бе?» — деп сұрауға
болады. Жауабы: Болмайды, өйткені санның жа-зылуының
басында 0 тұра алмайды.
Оқушылар өз беттерімен «Разрядтар кестесін» толтырады, мұнда
сандарды жүздіктер, ондықтар мен бірліктерден құрастырады,
оларды оқиды және жазады.
Сан ұғымын кеңейту бастауыш мектепті аяқтайтын төртінші сыныпта екі
тәсілмен: миллион көлеміндегі сандарды оқу және жазу, одан соң миллиард
көлемінде жүзеге асырылады
Оқытудың міндеттері
1. 1000 көлеміндегі сандар нумерациясын қайталау.
2. «Разряд» ұғымымен таныстыру, бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші
және алтыншы разряд бірліктерін енгізу.
3. Бірінші класс — бірліктер класымен және екінші класс бірлігі — мыңмен
таныстыру.
4. «Разрядтық қосылғыштар қосындысы» ұғымын енгізу және санды
разрядтық қосылғыштарға жіктеуге үйрету.
5. Екінші класс – мыңдықтар класымен және үшінші класс бірлігі -
миллионмен,
оның жазылуымен және санды жазудағы цифрдың мәнімен таныстыру.
6. Осыған ұқсас төртінші сыныптың соңында миллиардпен таныстыру.
7. Класс пен разрядтар кестесін пайдаланып, көп таңбалы сандарды
құрастыруға үйрету. 8. Көп таңбалы сандарды оқу және жазу ережелерін
енгізу.
9. Көп таңбалы сандарды салыстыруға үйрету.
10. Сандар қатарындағы көп таңбалы сандардың орнын анықтау білігін
бекіту.
11. Көп таңбалы сандардың ондық (разрядтық) құрамын анықтау білігін
қалыптастыру.
Оқыту әдістемесі
1. 1000 көлеміндегі сандар нумерациясын қайталау:
а) разрядтар кестесі қолданылады («М—4», 4-бет);
ә) сандар мен шамалар бірге қарастырылады («М—4», 5-бет).
7 м = □ см 600 бірл.= □ жүзд. 7 жүзд. 8 онд. 9 бірл.= □
7 жүзд.= □ бірл. 600 см = □ м □ жүзд. □ онд. □ бірл.=987
7 дм =□ см 600 бірл.= □ онд. 7 м 8 дм 9 см =□ см
7 онд.= □ бірл. 600 см =□ дм □ м □ дм □ см = 987 см
2. «Разряд» ұғымымен таныстыру.
а) Бірліктер. Ондықтар. Жүздіктер – бұлар разрядтар екендігі
оқушыларға хабарланады.
ә) Кестемен жұмыс («М—4», 4-бет) – бұл разрядтар кестесі,
мұнда үш таңбалы сандар құрамы басқаша аталады.
1-разряд - бірліктер разряды => бірліктер — 1-разряд бірлігі.
2-разряд - ондықтар разряды => ондықтар — 2-разряд
бірлігі.
3-разряд — жүздіктер разряды => жүздіктер — 3-разряд
3.Бірінші класс бірліктер класымен таныстыру: бірліктер,
бірліктері.
ондықтар, жүздіктер бірінші класты, яғни бірліктер
класын құрайды, өйткені мұнда санау бірлігі бірлік болып
табылады
Екінші класс бірлігі – мынды енгізу: 999+1=1000 – бұл ең
кіші төрт таңбалы сан, өйткені ол 4 цифрдың көмегімен
жазылады: сол жақтағы бірінші орында тұрған цифр
мындар санын (1 мың), ал нөлдер мынды құрайтын
бірліктерден басқа жекелеген жүздіктер, ондықтар және
бірліктердің (бірінші класс бірліктерінің) жоқ екендігін
білдіреді.
Бекіту үшін жаттығулар орындау («М-4», 5-бет).
Үшінші разрядтың 6 бірл., екінші разрядтың 4 бірл. және
бірінші разрядтың 7 бірл. => 647.
4. «Разрядтық қосылғыштардың қосындысы» терминін
енгізу («М-4», 19-бет).
Үшінші разрядтың 4 бірл., екінші разрядтың 6 бірл.
және бірінші разрядтың 9 бірл. тұратын санды жазу
ұсынылады => 469 - бұл үш таңбалы сан, өйткені, ол
жүздіктен, ондықтан, бірліктен тұрады: 400+60+9 =
469.
469 санын разрядтық бірліктердің қосындысымен
алмастыруға болады: 469 = 400+60+9.
Қорытынды: мұндай жазуды санды разрядтық
қосылғыштардың қосындысымен алмастыру немесе
санды разрядтық қосылғыштарға жіктеу деп атайды.
5. Екінші класс — мындар класымен таныстыру
(«М- 4», 13-бет).
а) Оқушыларға таныс санау бірліктері көрнекілікке
– түймелерге сүйеніп қайталанады. Санау
бірліктері: бірліктер, ондықтар, жүздіктер,
мыңдықтар.
ә) Санаудың әр түрін еске түсіру: бірліктермен
санау, мұнда натурал сандар шығады;
ондықтармен санау, мұнда толық ондықтар
шығады; жүздіктермен санау, мұнда толық
жүздіктер шығады.
1000
2000
3000
б) Мыңдармен санау:
1 мың, 2 мың, 3 мың, ..., 9 мың, 10 мың және т.б.
10 мың = 1 онд. мың
10 онд. мың = 1 жүздік мың 4000
10 жүзд. мың = 1 мыңдық мың = 1 млн.
Екінші класты мыналар құрайды: 5000
4-разряд - бірлік мың
5-разряд — ондық мың
6000
6-разряд - жүздік мың
7000
в) Екінші класс — мыңдар класымен таныстыру.
Бірлік мың, ондық мың, жүздік мың екінші класты құрайды - оны мыңдар
класы деп атайды, онда санау бірлік мың болады.
Үшінші кластың бірлігі - миллионды енгізу.
1000000; үшінші класс - миллиондар класы. Неге?
6. Көп таңбалы сандарды құруға үйрету.
а) «Кластар мен разрядтар кестесімен» таныстыру («М— 4», 13-бет).
Мыңдар класы (екінші класс ) Бірліктер класы (бірінші класс)
Жұздік мыңдар Ондық Бірлік Жүздікт Ондықтар Бірліктер
мыңдар мыңдар ер
Кластарды салыстыру: үш разрядтан, бірақ мындар класында разряд
атауына «мың» сөзі қосылады, оңнан солға қарай разряд бірліктері 10
есе өседі.
Бастауыш кластарда математиканы оқыту - күнделікті өмірде және
тұрмыста кеңінен қолданылып, мектепте басқа да пәндерді табысты
оқу және білімді жалғастыру үшін қажетті математикалық білім, білік,
Қорытынды
дағдылардың, практикалық негізін қалайды және осыларды игеру
процесі — оқушыларды тәрбиелеу және жан-жақты дамыту ісімен
тығыз да берік және табиғи байланыста жүргізіледі. Сондықтан
математика сабақтары балалардың ғылыми көзқарасының негіздерін
қалыптастыруға, олардың танымдылық қабілетін дамытуға, ақыл-ой,
есі және тағы басқа қырларын шыңдай түсуге, оқуға және қоғамдық
пайдалы еңбекке баулуға, жалпы алғанда адамзат қоғамдағы
жоғарғы ізгі игіліктерді игеру және қорғау қасиеттерін тәрбиелеуге
септігін тигізеді.
Оқу пәні ретінде бастауыш математика курсы оқушылардың белгілі бір білім
көлемін игеруін көздейді. Атап айтқанда: натурал сан туралы қарапайым
түсінік қалыптастырады; арифметикалық амалдардың мән-мағынасы мен
оларды орындаудың тәсілдерімен таныстырады; қарапайым есептеулер
жүргізудің тәсілін игереді; шамалармен және оларды өлшеудің тәсілдерімен
және практикалық іс-әрекет үстінде олардың арасындагы байланыспен,
геометриялық фигуралар мен олардың қасиеттері туралы қарапайым
түсініктермен байланысты ұғымдарды оқып-үйрену өмірден алынған нақты
материалдар мен мысалдар арқылы жүзеге асырылады.
1-3 сыныптарда өтілген сандардың
нумерациясы, арифметикалық амалдар және
олардың қасиеттері, есептеу тәсілдері шамалар
және оларды өлшеу, есеп және оны шығару,
алгебраның және геометрияның элементтері
секілді мазмұндық - әдістемелік желілер әрі
қарай сабақтастыра жалғасады. Осы
бағыттардың әрқайсысы бойынша бастауыш
буынның соңғы 4- сыныбында қайталау мен
пысықтау және қорытындылау оңтайлы
үйлестіріледі, бастауыштан кейін орта буында
математиканы оқытуға қажетті дайындықтың
іргетасын қалыптастырудың тиімді жолы
ретінде жоғарыдағы бағыттардың әрқайсысы
бойынша іріктелген білім мазмұны дамытыла
түседі.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz