Сыныпқа мінездеме



Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі
401 топ студенті
Тұрғанбек Балжан
«Дипломалды практика» портфолиосы

Диплом алдындағы практиканың мақсаты:
Студенттердің жалпы білім беретін мектептерде оқу-тәрбие жұмыстарын өз бетімен ұйымдастыру, өткізуге, қарым-қатынас және тәрбиенің негізгі міндеттерін шешуде шығармашылық жол табуға, балалардың психологиялық ерекшеліктерін білуге үйрету;
Балалар ұжымы мен жас өспірімдермен, әдістемелік әдебиеттермен жұмыс істей білу және практикалық жұмыста қолдана білуге үйрету;
Педагогика, психология және жеке пән әдістемелерінен алған теориялық білімдерін тереңдету, бекіту;
Педагогикалық мамандыққа сүйіспеншілікпен қарау;
Практиканың басты міндеттері
1. Қала және ауыл мектептері жағдайында мұғалімнің, сынып жетекшісінің оқу - тәрбие жұмысына қажетті дағдыларды меңгеру.
2. Мектептің, педагогикалық ұжымның және мектептегі қоғамдық ұйымдардың жұмысымен және оқу - тәрбие үрдісінің материалдық жағынан қамтамасыз етілу деңгейімен танысу;
3. Мектептің, жекелеген мұғалімдердің тәрбиешілердің, аға тәлімгерлердің оқу - тәрбие жұмыстарын жоспарлау жүйесімен таныстыру;
4. Жеке оқушылар мен сынып ұжымын психологиялық - педагогикалық тұрғыдан зерттеп білу(жеке іс құжаттары, дәрігерлік карта, класс журналдары, күнделіктер) ;
5. Бастауыш сынып мұғалімдерінің, әдістемелік бірлестіктің және педагогикалық кеңес жұмыстарымен танысу;
6. Сабақ және тақырыптық оқу жұмыстарын, сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау;
7. Студенттерді оқу - тәрбие жұмысын өз бетінше өткізуге үйрету, мектеп оқушыларының оқу материалын терең қабылдауына жағдай жасау, олардың ғылыми дүниетанымын ойлау қабілетін, ауызша және жазбаша жұмыстар мәдениетін көтеру, оқытылатын пәндерге деген ықыласын, оқушылармен қосымша сабақтар жүргізу көрнекті құралдар мен дидактикалық материалдарын дайындау;

Мазмұны
Практикаға дайындық жөніндегі мәліметтер бөлімі
Ақпараттық бөлім (практика базасы жөніндегі мәліметтер)
Әдістемелік бөлім
Психологиялық-педагогикалық бөлім
Рефлексиялық-бағалау бөлімі
Бағалау қорытындылау

А. Т. Ә: Тұрғанбек Балжан Ұлдарханқызы
Туған жылы: 19. 09. 2020
Оқу орны: Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі
Мамандығы: Бастауыш білім беру
Телефон: 87472468835
E-mail: turganbek00@inbox. ru

«Өзін-өзі бағалауы және болжауы»
Менің мінезім. Әр адамның мінезі әр түрлі. Бір -біріне ұқсамайтын қырсық, ақкөңіл, ашушаң т. б болып келеді. Бірақ адамның бойында жақсы мінезбен қоса жаман мінезі де болады. Әр адам оны біліп сол жаман мінезінен құтылуға ұмытуы керек дем ойлаймын. Менің жақсы мінезім сабырлымын, ашуға салмаймын, ұзақ ойланамын. Ал кері жағым, кейде шыдамсыздық танытамын. Темперамент типім-флегматик.

Колледждегі оқу процесінің нәтижелері:
Біз қашаннан «дүниенің кілті - оқу-білімде» деген ата сөзін ұстанған, табиғатынан жаны білуге, үйреніп-түюге құмар дана халықпыз. Сондықтан оқу процесіне бар күшімді саламын. Үздік студентпін.

«Егер мұғалім өз ісін, оқушыларын
сүйе білсе, ол - нағыз мұғалім»
Болашақта атқарылатын жұмыстардың жоспары:
1. Шығармашылық педагогикалық байқауларға қатысуды жалғастыру;
2. Инновациялық педагогикалық технологиялардың тың жолдарынан іздену;
3. Оқушыларды шығармашылық жұмыстарға жетелеу;
4. Оқушылардың ғылыми жұмыстармен айналысуына қолдау көрсету;
5. Ғылыми тәжірибелік жұмыстардың нәтижелерін баспа беттеріне жариялау;
7. Шығармашылық топпен жұмыстарды жалғастыру;
8. Педагогикалық оқуларға қатысу;
9. Конференцияларға қатысып, өз іс-тәжірибелеріммен бөлісіп отыру;
10. Шеберлік- сыныптар жүргізу; 12. Технологияландырылған онлайн ашық сабақтар беру. «Егер ісім өнсін десеңіз, ретін табыңыз» деген қағидаға сүйене отырып, алдыма белгілі мақсаттар қойып, соған жету - менің міндетім.

Студенттің жеке жоспары
-практиканы ойдағыдай өткізу;
-жаңа тәсілдерді меңгеру;
-оқушылармен тығыз қарым-қатынаста болу;
-қашақтықтан оқытуды ұйымдастыра алу;
-дайын жас маманға айналу!

Қ. Тоқаев «Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез», - деп ұлы Абай айтқандай, Ұстаз - әрқашан ілім мен ізгілікті алға қоятын тұлға.
Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу - аса жауапты әрі күрделі міндет.
Сіздердің арқаларыңызда тұтас бір буынның құндылықтары мен қасиеттері қалыптасады.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген халқымыз.
Ұстазсыз адам болмайды. Бәріміз де кезінде мұғалімнің тәлімін алып, білімін үйрендік.
Сондықтан болашаққа жол сілтейтін мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау - өте маңызды міндет.

Мектеп: Б. Құндақбаева атындағы №1 орта мектеп
Мекен-жайы: Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы, Исабаева №247
Директоры: Алдибекова А. Д
Сыныбы:1 «А»
Сынып жетекші: Мустафаева З. Т
Телефоны: 87786836395
Мектеп координаталары

1 «А» сынып тізімі
Оразбек Бекасыл
Сағынбай Шынар
Айтқали Ануар
Шалқарұлы Еламан
Әлімберді Пейіл
Бақкелді Қуаныш
Кәрімхан Кәусар
Қуатқызы Іңкәр
Намазбаев Батырхан
Нұрдан Аяла
Серік Дарын
Танай Назым

Сабақ/
Урок
Дүйсенбі/
Понедельник
Сейсенбі/
Вторник
Сәрсенбі/
Среда
Бейсенбі/ Четверг
Жұма/
Пятница
Орыс тілі
Сауат ашу
Математика
Сауат ашу
Сауат ашу
Математика
Ағылшын тілі
Орыс тілі
Өзін-өзі тану
Музыка
Сауат ашу
Көркем еңбек
Дене шынықтыру
Математика
Математика
Дене шынықтыру
Сауат ашу
Сауат ашу
Ағылшын тілі
Дене шынықтыру
Сын. сағ.
Көркем жазу
Жаратылыстану
Дүниетану
Қызықты математика
Сабақ кестесі
ІІІ тоқсан

Мінездеме
Танай Назым. Назым оқу бағдарламасын жақсы меңгереді. Тіл дамуы жоғары, белсенді. Қазақ тілі пәнінен өтілген тақырыптарды меңгеруі жақсы, грамматикалық тапсырмаларды өз бетімен орындай алады. Каллиграфиясы қалыптасуда, дәптері таза.
Математикалық түсініктер қалыптасуда, санайды, сандарды біледі, күрделі есептерді өз бетімен шығарады. Логикалық ой қажет ететін тапсырмаларды орындау балаға аса қиыншылық тудырмайды. Танымдық аймағы қалыптасуда, айналадағы қоршаған орта туралы білімі толығуда . Ой әрекеті, зейіні дамуда . Есте сақтауы да жақсы Жалпы психикалық қабіліеттерінің дамуы жетілуде. Өзіне өзі қызмет көрсетуі жақсы дамыған, өте ұқыпты, үсті басын таза ұстайды. Еңбеққор, елгезек, әрдайым көмекке дайын тұрады.
Мектептегі балалармен жақсы қарым-қатынаста, достары көп.

Нұрдан Аяла. Өз отбасы туралы толық мәлімет бере алады. Әлеуметтік жағдайы жақсы. Сырт бейнесі өте тартымды, жарасымды. Мектеп талабына сай киінеді. Үнемі таза жүреді. Дене дамуы өзінің жасына, ортасына сәйкес келеді. Денсаулық жағдайы жақсы. Оқу материалын қабылдайды, заттар мен құбылыстарды ажыратады. Еске сақтау қабілеті, шығармашылық қиялы орташа деңгейде дамыған. Сөздік қоры жас ерекшелігіне сай. Сауатты, таза жазады, жазу дағдысы жақсы қалыптасқан. Негізгі қолы оңқай. Пәндер ішінде математика, бейнелеу, еңбек пәндеріне қызығушылығы мол. Сабақты себепсіз босатпайды. Мінезі тұйық, көңіл - күйі тұрақты. Өзіне - өзі қызмет ете алады. Қойылған талаптарды қабылдайды, тәртібі мектеп ережесіне сай. Эмоциялары: мазасыз емес, сабырлы, әр нәрсеге шыдамдылық таныта біледі. Үзілісте де жүгіру, шулау, қатты сөйлеу деген сияқты жаман қылықтарды көрсетпейді. Қоршаған орта туралы түсінігі мол, айналасындағы адамдармен тіл табыса алады, сыныптағы балалармен қарым - қатынасы жақсы, кішіпейіл. Тәртібі жақсы.

Каллиграфиясы жақсы, дәптері таза, жолмен жазуды меңгерген. Математикалық түсініктер қалытасқан, 1 сынып бағдарламасын орындай алуға мүмкіндігі келеді. Күрделі есептерді ересектердің көмегімен де шығарады. Логикалық ой қажет ететін тапсырмаларды мүлде орындай алады. Танымдық аймағы қалыптасуда, алайда дамуы жақсы. Ойлауы өз жасынан дамыған, зейіні жақсы. Есте сақтауы да орташа. Жалпы психикалық қасиеттерінің дамуы жетілген.
Есте сақтауы жақсы; зейіні шоғырланған, ойлауы бейнелі, затты, әлі дамуда.
Өзіне өзі қызмет көрсетуі де дамыған.

Сыныпқа мінездеме
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz