Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері


Slide 1

Ежелгі Шығыс: «Философия ғылымының негізгі даму кезеңдері

Қабылдаған: Киндикбаева. К. К.

Орындаған: Серікбай Аружан, Турысбек Алтынай, Ажибаева Алия, Байбулатова Жібек, Армиянова Назерке, Өмірзақ Айтбек, Иебек Жәнібек

Slide 2

Жоспары

1. Ежелгі Үнді және Көне Қытай философиясының ерекшеліктері және негізгі бағыттары.

2. Антикалық философиясының мектептері, өкілдері және олардың идеялары.

3. Орта ғасыр және Қайта өрлеу дәуірі философиясының негізгі бағытары мен өкілдері.

4. Жаңа заман философиясының ерекшелігі, бағыттары және өкілдері.

5. XIX ғасыр философиясының негізгі бағыттары мен өкілдері, олардың идеялары.

6. Қазіргі заман философиясының негізгі бағыттары,

мектептері және өкілдері.

Slide 3

Ежелгі Үнді философиясы.

Ежелгі үнді философиясы үш кезеңге бөлуге болады:

Б. з. д. ХҮ+ҮІ ғғ. - ведалық кезең.

Б. з. д. ҮІ - ІІ ғғ. эпикалық кезең.

Б. з. д. ІІғ. - б. з. ҮІІ ғ. сутралық кезең.

Ведалар (санскрит тілінде - “білім”) - б. з. д. ХҮ ғасырлада Орта Азия, Еділ жағалауы, Ираннан Үндістанға келген арийлер тайпасының жасаған діни-философиялық трактаттары. Ведалар құрамына “ әдетте мыналар кіреді:

- “қасиетті жазулар”, діни-ұрандар (самхиттер) ;

- брахмандардың (абыздардың) шығарған, жазған жоралғы-рәсімдерін бейнелейтін және діни уағыздард өткізгенде қолданылатын нұсқалар;

- орман тақуаларының кітаптары (“араньяктар”) ;

- Ведаларды философиялық түсіндіру (“упанишадалар”) .

Slide 4

Ежелгі үнді философиясының бағыттары

- Йога

- Веданта

- Вайшешика

- Миманса

- Санкхья

- Ньяя

- Буддизм

- Джайнизм

- Чарвака -

- Локаята

Slide 5

Ежелгі Қытай философиясы.

Қытай философиясы өзінің даму барысында 3 кезеңнен өтті:

Б. з. д. ҮІІ ғ. - б. з. ІІІ ғ. - ежелгі ұлттық философиялық мектептердің пайда болуы мен қалыптасуы.

ІІІ ғ. - ХІХ ғ. ғ. Үндістаннан Қытайға буддизмнің енуі және оның ұдттық философиялық мектептерге ықпалы.

ХХІғ. - қазіргі замаңғы кезең - Қытай қоғамының біртіндеп ашыла басталуы, қытай философиясының еуропалық және дүние жүзілік философия жетістіктерімен сусындауы.

Slide 6

Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері:

Ең басты ерекшелігі - саяси-практикалық сипатының басымдылығы, яғни философиялық ой мемлекет мүддесіне қызмет етті. Бұл ерешелік сол Қытай қоғамының әлеуметтік құрылымынан, мемлекеттік саясаттан тікелей туындайды.

Қытай философиясының да бастауы мифология болды деуге болады. Ежелгі мифтердің мазмұнындағы адамның адамгершілік келбетін жетілдіру, адам және қоғамның арасындағы қатынастарды реттеу мөселелеріне басты назар аударылды.

Натурфилософиялық мәселелер мардымсыздау талқыланды, бұл мәселелерді «инь-ян» мектебі немесе натурфилософтар, моистер және дао-сизм мектебінің өкілдері ғана қарастырды. Бірақ табиғи құбылыстарды да Қытай ойшылдары әлеуметтік және адамгершілік құбылыстармен байланысты қарастырды.

Slide 7

Көне Қытай философиясының негізгі мектептері: Конфуций мектебі Даосизм, легизм мектебі.

Олардың арасындағы бастысы - Конфуций мектебі болды деуге болады, оның біздің дәуірімізге дейінгі екінші мыңжылдықтан бастап, XX ғасырдың басына дейін Қытай мемлекетінің ресми идеологиясы қызметін атқарғаны бұл пікіріміздің дәлелі бола алады. Көне Қытай философиясынын негізгі ұғымдары: Адамды сүю (жэнь) - Конфуций философиясының маңызды катего-риясы. Ең әуелі әке мен ұлдың, билеуші мен шенеуніктердің, дос адам-дардың, аға-інінің арасындағы қарым-қатынастарды бейнелейді, сонан соң ғана жалпы адамдар арасындағы сүйіспеншілікті білдіреді.

Slide 8

Дао - дұрыс жол, космостық және адамгершіліктік заң, Қытай фило-софиясының басты категориясы, ол басқа категориялардың бәрін қамтиды. Дао өзінен өзі дамитын универсумнің жоғарғы принципі, барлық бар нәрселердің алғашқы бастауы, дүниенің генетикалық бірлігі ретінде түсіндіріледі

Легистер (заңгерлер) Негізгі өкілдері Шан Ян (б. д. д IV ғ. ), Хань-Фэй-цзы (шамамен б. д. д IIIғ. ) . Легистер конфуцийшылдардың мемлекетті әдептілікке негізделген заңдарды жүзеге асыру арқылы басқару керек деген пікірлеріне қарсы болып, керісінше, мемлекетті тек қана заңға сүйеніп басқаруға болады, себебі «мейірімділік пен адамгершілік» - қылмысқа апаратын бірден-бір жол, ал шын қайырымдылық өзінің бастамасын жазалаудан алады деп уағыздайды.

Slide 9

Антика философиясындағы мектептер

Милет мектебі - Грекиядағы ең көне материалистік философиялық мектеп. Милет қаласы сауданың, теңізде жүзудің, мәдениеттің ірі орталығы болды, ал бұл жағдайлар Фалес, Анаксимандр және Анаксимен секілді көрнекті милеттіктердің ой-өрісі мен ғылыми ынта-талабының жан-жақты өрістеуіне жағдай жасады. Олар математика, география, астраномия салаларында ғылыми жаңалықтар ашты.

Элей мектебі-б. д. д. 6-5 ғ. ғ. Элей қаласында (оңтүстік Италия) пайда болған философиялық мектеп. Басты өкілдері - Ксенофан, Парменид, Зенон, Мелисс. Элей мектебінің негізгі мәселесі-болмыс болды.

Slide 10

Эпикуршылдар мектебі - негізін салған Эпикур. Ірі өкіл Лукреций Кар. Мектепті эпикур бақшасы деп те атайды. Ол Эпикур үйінің артында орналасқан бақшамен байланысты. Осы бақшада шәкірттер білім алып, сол жерде өмір сүрген. «Атараксия» ( гр. «ataraxia» -сабырлылық, жан тыныштығы, оған дана адамдар ғана қол жеткізе алады. ) күйіне жету үшін бақшадан тысқары шығармаған. Эпикур өмірден өткеннен кейін, мектепті шәкірті Гермарх басқарады.

Slide 11

Орта ғасырлық философиясының ерекшеліктері:

* ислам дінімен тығыз байланыстылығы. Ғылым мен діннің бірін-бірі үйлесімді толықтыруының жақсы мысалы.

* көпұлттылық - араб, парсы, түркі және т. б. ұлт философтары.

* негізгі философиялық тіл - арабтілі. Араб тілінде философия «фалсафа» деп аталды.

* Басты мәселелер - адам және оның тағдыры, адам және Құдай, адам және қоғам, онтология мәселелері.

Ортағасырлық мұсылман философиясының негізгі бағыттары

Қалам (сөз, тіл) - спекулятивтік теология. Спекуляция -тәжірибеден тыс жатқан заттар туралы білімге ойлау жолымен қол жеткізу дегенді білдіреді. Қалам - мұсылман қоғамының даму эволюциясының заңды құбылысы болды. Әр түрлі секталар мен топтар Мұхаммед пайғамбар дүниеден өткеннен кейін ислам діни ілімінің уағыздарын қызу талқылау нәтижесінде пікірталас объектілерін анықтап, дұрыс шешім іздеп отырды. Белгілі Иран ойшылы Мортаза Мотаххари қаламға «исламдық көзқарастар туралы, яғни ислам тұрғысынан алғанда не нәрсеге сенімді болу және не нәрсеге сену қажеттігі туралы ғылым» деген анықтама береді.

Slide 12

Қайта өрлеу дәуірі философиясының негізгі бағытары

Қайта өрлеу дәуірінің философиясы өз кезегінде пайда болу кезеңіндегі философия тағдырын қайталады десекте болады. Мұнда философия мифологиялық ойдан арылып, философияны мәдениеттің жаңа саласы ретінде құрды, ендігі философия діни түсініктерден бөлек мәдениеттің жеке жаңа саласы болып келеді. Бірақ ойлау қайтадан философияға оралды. Қайта өрлеу дәуірінің философиясының мұндай екі мінезділігі, оның екі түрлі сапасымен түсіндіріледі: абсолюті шындықты анықтауға бағытталған бала сенімімен қатар, орта ғасырлық философия бағалауының скептицизмімен түсіндіріледі. Сократ философиялық әдісті ойлап тапты, Жаңа заман философиясы - ғылыми әдіс (негізін Аристотель құрған), және де ол жемістілігін көрсетті.

Slide 13

Жаңа заман философиясы

Өндірістік тәсіл мен құралдардың жедел қарқынмен дамуына байланысты, қалыптаса бастаған қоғамның жаңа талап, сұраныстарын қамтамасыз етуге ескі схоластикалық ілім мен діни көзқарастар кедергі болды. Жаңа заманға жаңа ғылыми жаңалықтар, жаңаша дүниетанымдық көзқарастар керек еді. Осы себептен ғылымның пайдалы деп табылған жаңа салалары тез дами бастады. Гидростатика, механика, геометрия, т. б. ғылымдар саласында қол жеткен табиғаттану, философия ғылымдарына үлкен әсер етіп, философияда механистік көзқарасты және метафизикалық ойлау тәсілін қалыптастырды. Тіпті қоғамдық өмірді де, адам табиғатын механикатұрғысынан қарастыру әдетке айналды.

Жаңа Заман Философиясының ерекшеліктері

Жаңа Заман философиясы, деп XVII, XVIII және XIX ғасырларды қамтитын дәуір. Шартты түрде - жаңа тарихтың басы деп 1640 жылғы ағылшын буржуазиялық революциясын - капиталистік немесе буржуазиялық қатынастардың, индустриалды өркениеттің бастауы болған құбылысты алады. Үш ғасыр бұрын адамзат ежелгі дүниемен қоштасып (антика және орта ғасырлар), «адам - ғаламдағы ең мінсіз тіршілік иесі, эволюцияның тәжі, демек - дүниенің қожасы» деп сенген жаңа рухани пікірді бекіткен философия болды

Slide 14

Бэкон философия ғылымының практикалық функциясына ерекше көңіл бөледі. Оның ойынша, философия ғылыми білімдердің көмегі арқылы адамға табиғатты игеруге көмектесуі қажет. Әйгілі “Білім-күш” “Күш-білім”деген қағиданың авторы Бэкон еді. Оның пікірінше, философияның негізгі зерттеу объектілері- құдай, табиғат және адам. Бэкон философияны табиғи философия деп түсінеді, оның өзін теориялық және практикалық деп бөледі. Біріншісі табиғат құбылыстарының себептерін түсіндірсе, екіншісі теориялық жаңалықтарды пайдалана отырып, адамға қажетті жаңалықтар ашады. Табиғи философияны Бэкон физика және метафизика деп жіктейді, оның негізінде- Аристотельдің себептілік ілімі.

Фрэнсис Бэкон(1561-1626)

Slide 15

“Философия ағаш секілді, оның тамыры- метафизика, діңгегі-физика, діңгектен тарайтын бұтақтары-үш басты ғылымның: медицина, механика және этиканың төңірегінде топталатын ғылымдар. Жемістерді тамырдан бастап жинайтынынымыз секілді, философияның пайдалылығы да оны құрастыратын бөліктерге байланысты” деп, Декарт барлық ғылымдардың бірлігін, тұтастығын атап көрсетеді. • Декарт адамның ақыл-ойына көбірек жүгінді, Бэкон жекеден жалпыға қарай жүрсе, Декарт жалпыдан жекеге көшті, оның бұл ерекшеліні математикалық ойлау тәсілінен жақсы көрінеді.

Рене Декарт (1596-1650)

Slide 16

Спиноза адам табиғаттың ажырамас бөлігі екеніне сенімді. Табиғатта механикалық заңдар үстемдік құрса, адам қызметінде оған ойлау қосылады. Ол адамгершілік принциптерінің табиғи сипатын ерек атап көрсетеді. Бірақ оның философиясында құдай-табиғаттың өзі. Ол-субстанция, құдайы табиғатта кездейсоқ ештеңе жоқ, адамдардың құдай деп жүргендерді өздері түсінбеген табиғат.

Барух Спиноза (1632-1677)

Slide 17

К. Маркс (1818-1883жж)

Ф. Энгельс (182-1895 жж)

О. Конт(1798-1857жж)

А. Шопенауэр(1988-1860жж)

Slide 18

Марксизм - 19 ғасырдың 40-жылдары Карл Маркс пен Фридрих Энгельс негізін қалаған философиялық, экономикалық және әлеуметтік-саяси көзқарастар жүйесі. Марксизмнің теориялық қайнар көзі - классикалық неміс философиясы (Г. Гегель, Л. Фейербах), классикалық ағылшын саяси экономиясы (А. Смит және Д. Рикардо) және француз утопиялық социализм ілімі (Ш. Фурье, Р. Оуэн және Сен-Симон) . Марксизмнің мақсаты, қоғамның негізгі қозғаушы күші ретінде жұмысшы табының маңызын теориялық негіздеу болды. Философия саласында марксизм табиғат, қоғам мен ойлау дамуының жалпы заңдарын (қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы, терістеуді терістеу заңы, т. б. ), Гегельдің идеалистік философиясы ережелерін тұжырымдап, қоғамды, экономиканы талдау кезінде қолданды. Марксизмнің түйінді идеялық қағидалары - қосымша құн және өндірісті қоғамдастыру түсініктеріне негізделген капитализмнің экономикалық жүйесін талдау, тарихи материализмнің философиялық жүйесі. Марксизм дүниені кең ауқымда қайта құрудың белгілі бір үлгісін қалыптастыруға бағытталды, жаппай әлеуметтік, рухани көзқарастар төңкерісі идеясын жариялады. Классикалық марксизм ымырасыздығымен, іске асатын жобасының зардаптары туралы мәселені шешудегі қаталдығымен ерекшеленді. Марксизм социалистік төңкеріс нәтижесінде пролетариат диктатурасын, екі кезеңнен (социализм мен коммунизм) тұратын коммунистік қоғам орнатуды мақсат етті. Марксизмдегі аш-қан қоғамдық-экономикалық формация теориясы бойынша жаңа өндіргіш күштер мен күні өткен өндірістік қатынастардың арасында жанжал шығып, әлеуметтік төңкеріске әкеледі. Нәтижесінде бір формация екіншімен ауысады.

Марксизм ілімі бойынша тарих барлығы бес формациядан:

алғашқы қауымдық,

құл иеленушілік,

феодалдық,

капиталистік және

коммунистік формациялардан тұрады.

Slide 19
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Қытай Ежелгі Үнді Сократқа дейінгі кезең
Ежелгі Қытай буддизм философиясының ерекшелітері
Ежелгі Үнді және Қытай философиясы
Греция философиясы
Ежелгі Қытай философиясы
Ғылымныӊ пайда болуының негізгі кезеңдері
ҚЫТАЙ ФИЛОСОФИЯСЫ
Ежелгі Шығыс философиясы тарихи философиялық процесте дербес өзіндік ерекшелігі бар бағыт
Сократ философиясы
Қытай философиясының негізгі бағыттары мен мектептері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz