Зиянды өндірістік факторлар
Презентация қосу
Зиянды өндірістік
факторлар
ОРЫНДАҒАН: ҚҰЛЖАНОВА АРУЖАН
ТЕКСЕРГЕН: КЕНЖЕБЕКОВА Г. Б.
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар
Зиянды өндірістік фактор — жұмыскерге әсері ауруға немесе жұмыс
жарамдылығының төмендеуіне және (немесе) ұрпағының денсаулығына
теріс әсеріне алып келуі мүмкін өндірістік фактор, белгілі бір жағдайларда
(қарқындылық, ұзақтық және т.б.) жұмыс істеушіге әсері кәсіптік ауру,
жұмыс қабілетінің уақытша немесе тұрақты төмендеуін тудыруы,
соматикалық және инфекциялық аурулардың жиілігін арттыруы,
ұрпағының денсаулығының бұзылуына алып келуі мүмкін орта және еңбек
процесінің факторлары. Сандық сипаттамасына (концентрация және т.б.
деңгейне) және әсер ету ұзақтығына байланысты зиянды өндірістік қауіпті
болуы мүмкін.
Зиянды өндірістік факторлар:
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР
температура, ылғалдылық, ауаның қозғалу жылдамдығы, жылулық сәулелену;
иондамайтын ЭМ өрістер мен сәулеленулер: электростатикалық өрістер,
тұрақты магниттік өрістер (соның ішінде геомагниттік), өндірістік жиіліктегі
(50 Гц) электрлік және магниттік өрістер, радиожиілік диапазонындағы ЭМ
сәулеленулер, оптикалық диапазондағы ЭМ сәулеленулер (соның ішінде лазерлік
және ультракүлгін);
Иондаушы сәулелер;
өндірістік шу, ултрадыбыс, инфрадыбыс;
діріл (жергілікті, жалпы);
аэрозолдар (шаң), негізінен фиброгенді әсері бар;
жарықтандыру: табиғи (болмауы немесе жетіспеу), жасанды (жеткіліксіздігі,
тікелей және шағылған, шағылыстыратын, жарықтандырудың пульсациясы);
ауаның электрлік зарядталған бөлшектері – аэроиондар;
ХИМИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР,
солардың қатарында табиғаты биологиялық заттар (антибиотиктер,
витаминдер, гормондар, ферменттер, ақуыз препараттар);
БИОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР: микроорганизмдер-продуценттер,
препараттардың құрамындағы тірі жасушалар мен споралар, патогенді
микроорганизмдер.
Еңбектің ауырлығы– негізінен организмнің тірек-қимыл аппаратына
және функционалдық жүйесіне (жүрек-тамыр, тыныс және т.б.) түсетін
жүктемені көрсететін еңбек үрдісінің сипаттамасы.
Еңбектің ауырлығының сипаттамалары: физикалық динамикалық
жүктеме, көтеретін және жылжытылатын жүктің салмағы,
стереотиптік жұмысшы қозғалыстардың жалпы саны, статикалық
жүктеме мөлшері, жұмыс қалпытың формасы, дененің еңкею дәрежесі,
кеңістікте орын ауыстыру.
Қауіпті өндірістік
факторлар
Өндірістік
микроклимат
Өндірістік микроклимат ауа ортасының физикалық
факторларының – ауа температурасының,
ылғалдылығының, қозғалу жылдамдығының және
инфрақызыл сәулелердің жиынтығы болып табылады.
Өндірістік микроклимат бұл факторлардың едәуір
дәрежеде әр түрлі болып қалыптасуымен
ерекшеленеді және ол өндіріс үрдісінің сипатына,
сыртқы метеорологиялық жағдайларға, ауа
алмасуының ұйымдастырылуына, т.с.с. байланысты
болады.
Көптеген өндірістерде (ыстық цехтар) технологиялық үрдіс
барысында қызған қондырғылардан, балқыған және барынша
қызған металдардан, шыныдан, ауаға өткен ыстық булар мен
газдардан бөлінетін жылу есебінен ауа мен қоршаған нысандардың
ысып кетуіне алып келетін жағдайлар туындайды. Мұндай
цехтарға металлургия зауыттарындағы мартен, прокат, домна
цехтары, тоқыма өнеркәсібіндегі бояу, кептіру бөлімдері, тері илеу,
қант зауыттары, қағаз өндірісі жатады.
Бірқатар өндірістер (суық цехтар) арнайы қалыптастырылатын
ауаның төмен температураларымен сипатталады (тоңазытқыштар,
кеме жасау өнеркәсібі, сыра қайнату зауыттарының ашыту бөлімі,
тез бұзылатын тағам сақтайтын қоймалар және басқалар). Бұл
цехтардағы ауа температурасы 0ºС жақын болуы мүмкін.
Өндірістегі метеорологиялық жағдайлар
Өндірістік бөлмелердің ықшамклиматы дегеніміз ауа температурасының,
ылғалдығының, және ауаның қозғалу жылдамдығының, қоршаған
беткейлердің температурасы мен олардың жылулық сәулеленуінің
үйлесімі.
Өндірістік бөлмелердің ықшамклиматы технологиялық үрдістің
жылулық физикалық ерекшеліктеріне, жергілікті жердің климатына, жыл
мезгіліне, жылыту және желдендіру жағдайларына тәуелді болады,
сондықтан да үлкен динамкалық айырмашылығы болады.
Өндірістік
шу
Гигиеналық тұрғыдан алғанда шу дегеніміз – жағымсыз
дыбыс немесе адам денсаулығына қолайсыз әсер ететін, оның
жұмысы мен демалысына кедергі келтіретін дыбыстар
жиынтығы. Физикалық тұоғыдан қарағанда шу дегеніміз –
тығыз орта (газ, сұйық, қатты) бөлшектерінің толқын тәрізді
таралған механикалық тербеліс қозғалысы. Оның көзі болып
сыртқы күштің тұрақты жағдайынан шыққан қандай да бір
тербелісте болатын дене. Дыбыс туралы физикалық
түсінікке тығыз ортаның естілетін де, естілмейтін де
тербелістері жатады. Адамға қалыпты естумен қабылданатын
16 Гц – 20 кГц зонасында жатқан акустикалық тербеліс
дыбыс деп аталынады, ал олардың таралу кеңістігін – дыбыс
алаңы деп атайды. 16 Гц-тен аз жиіліктегі акустикалық
тербеліс – инфрадыбыс, 20 кГц-тен жоғары – ультрадыбыс
деп аталады.
Өндірістік діріл
Діріл физикалық факторларға жатады. Оның
әсері адамға механикалық энергияның тербелісі
арқылы беріледі. Діріл күрделі тербеліс процессі.
Оның сипаттамасы кинетикалық параметрлермен
өлщенеді. Олар – дірілдің жылдамдығы немесе
оның шапшаңдығы (ускорение). Адамға дірілдің
қалай берілуіне байланысты оны 2 топқа бөледі.
Жалпы діріл - жұмыс орнының дірілі. Ол тұрған
немесе отырған адамға қасында орналасқан
жайылмадан немесе тіректерден беріледі.
Жергілікті діріл – адамның қолы арқылы
беріледі.
УЛЬТРАДЫБЫС
Ультрадыбыс дегеніміз 20 кГц тен асқан
адамға естілмейтін ауа тербелісі.
Ультрадыбыс жиілігі бойынша бірнеше
топқа бөлінеді:
20-100 кГц – төмен жиілікті;
100-1000 кГц – жоғары жиілікті
Ультрадыбыс тербелісінің көздері болып
механикалық және электромеханикалық
сәулелену құралдары жатады. Төмен
жиілікті ультрадыбыс аэродинамикалық
процесстерде пайда болады (реактивті
қозғағыштар, газды турбиналар, компресс
қондырғылары).
Инфрадыбыс
Инфрадыбыс деп диапазоны 20 Гц-тан төмен
төмен жиілікті акустикалық тербелісті айтады.
Бұл тербелістер адамға естілетін шектен төмен
болады.
Инфрадыбыстың адамға әсер етуінің
өзгешеліктері бар.
Оған тән ерекшеліктер:
•толқын ұзындығы;
•тербеліс жиілігінің аздығы.
• Осының салдарынан олар ауада алысқа энергия
деңгейін аса жоғалтпай таралады. Қазіргі
өндірістік инфрадыбыс көздеріне әртүрлі
компрессоорлар, кондиционерлер жатады.
Өндірістік шаң
Өндірістік шаң деп мөлшері бірнеше ондаған мкм-ден
жүздеген мкм-ге дейін болатын болатын ауада қалқыған,
баяу қалқыған бөлшектерді айтады. Шаң аэрозоль болып
табылады, яғни ол дисперстік жүйе, оның дисперсті
фазасы қатты бөлшектер, ал дисперсті ортасы ауа болып
табылады.
Шаңды түзілу тәсілі, шығу тегі және бөлшектерінің
мөлшері бойынша жіктейді.
Түзілу тәсілі бойынша конденсация және дезинтеграция
аэрозольдерін ажыратады. Дезинтеграция аэрозольдері
қатты материалды ұсақтау, бөлшектеу және шашылмалы
заттарды тиеу, түсіру, тасымалдау кезінде түзіледі.
Конденсация аэрозольдері қатты заттарды термиялық
айдау процесстерінде: балқыту, электрлік дәнеркерлеу
процесстерінде түзіледі.
Өндірістік улар
Өндірістік улар дегеніміз –
адамның еңбек ету процесі
барысында оның туа және жүре
пайда болған қасиеттеріне сәйкес
келмейтін мөлшерде (немесе
сапада) организге түскен,
жұмысшыларға зиянды әсер ететін
газ, бу немесе сұйықтық, сонымен
қатар шаң, түтін немесе тұман
түрінде кездесетін сол кездегі,
аралық, жанама және соңғы
өнімдер.
Жоғары атмосфералық қысым
Адам жоғары атмосфералық қысым
жағдайына сүңгіуірлік жұмыстар
кезінде, аквалангпен су астында
жүзгенде, баракамераларда ем
қабылдау кезінде ұшырайды. Су
астында жүргізілетін жұмыстардың
кеңейе түсуімен және спортсмен-
аквалангисттердің санының өсуімен
байланысты жоғары қысым жағдайына
ұшырайтындар саны күннен күнге өсе
түсуде
Төменгі атмосфералық қысым
Төмен атмосфералық қысым кәсіптік фактор ретінде таулы жерлерде
әртүрлі жұмыстарды атқарғанда кездеседі. Биіктіктен басқа бірқатар
арнайы факторлардың әсеріне ұшырайтын ұшқыш құрамның кәсіптік іс
әрекеті авиациондық медицинаның зерттеу нысаны болып табылады.
Гигиенисттердің ерекше назарын биік таулы аймақтарды осы
жағдайларға бейімделмеген үлкен контингенттерді орын ауыстыра
отырып игерумен айналысатын (жол құрылысын, су электрстанцияларын
салу, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу, пайдалы қазбаларды
өндіру) адамдардың биік таулы жағдайлардағы еңбек іс әрекеті алады.
Сонымен бірге туристтер мен альпинисттер санының күннен күнге өсіп
отырғанын да есте сақтау керек
Назарларыңызға
рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz