Тобыр - надан, оны басқара біл



XIX ғасырдағы қазақ ағартушылардың саяси көзқарастары (Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев)
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-технологиялық университеті
«Ветеринария және биоқауіпсіздік» жоғары мектебі
Орындаған :ВТ-25 тобының студенті Абдуллина З. Д.
Тексерген: Галиева Ж. С

ХІХ - ғасырдың аяғынан бастап Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық және қоғамдық - саяси өмірінде күрделі өзгерістер болды. Қазақ қоғамында демократиялық ой - пікір, ұлттық сана өсті. Отаршылдық - әкімшілік басқару жүйесі қазақ халқының алдыңғы қатарлы азаматтарының сана - сезімі, ұлттық намысы оянуына түрткі болды. Ұлттық езгіге қарсы қозғалыстарының басында енді қазақ зиялыларының талантты тобы тұрды. Олар Ресей демократиялық саяси қозғалысымен таныс болып, орыстың озық ойлы демократтарының еңбектерін оқып білді.
Патша үкіметінің Қазақстандағы саяси тәртібі, оның салдары және соған байланысты қазақ қоғамында саяси ой - пікірдің қалыптасуы, дамуы туралы ғылыми зерттеулер жазылып, кеңестік дәуірге сәйкес бағасын алды. Бірақ оларда қазақ ағартушыларының және зиялыларының еңбектеріндегі саяси - құқықтық идеяларына ұлттық мүдде тұрғысынан баға берілмеген.

Қазақстандағы XIX ғ. Қоғамдық-саяси, философиялық жəне ағартушылық ой-пікірінің бірінші өкілі Ш. Уəлиханов (1835-1865) өз дəуірінің белгілі ғалымы, ағартушы-демократы болды. Шоқан Уəлиханов Қазақстандағы ағартушылық ойдың басында тұрды. Ол бірінші болып ХІХ ғасырдың ортасындағы қазақ қауымның дамуына сəйкес ағартудың саяси, философиялық жəне социологиялық принциптерін негіздеді
Оны қазақ ағартушылық идеологиясының негізін салушы деп санауға болады. Отандық ғалым Мұрат Өрленбайұлы Насимовтың айтуынша: «Қазақ ойшылы, этнографы, тарихшысы, географы, ғұлама ғалымы жəне ағартушысы Шоқан Уəлихановтың ғылыми еңбектері мен қоғамдық көзқарастары бүгінгі күнге дейін өз құндылығын жоғалтпайды. Оның «Абылай», «Шаман дінінің қазақ арасындағы қалдықтары», «Сібір қарамағындағы қазақтардың сот реформасы туралы записка», «Жоңғария очерктері» атты мақалалары халқымыздың қалыптасуы мен дамуы туралы баяндайды»

Шоқан өзінің ғылыми еңбектерінде қоғамның экономикалық проблемаларын да қарастырғаны белгілі. Олардың астарында да терең ағартушылық мəн бар десек, қателеспейміз. Мысалы, ол аймақта өндіріс күштердің дамуына кедергі жасайтын бұрынғы керітартпа дəстүрлерді жою қажет деп есептеген. Соның бірі - барымта болып табылады деген ойшыл. Егер осындай дəстүрлер экономикаға кері ықпал етсе, оларды ұстанбауға шақырған.
Шоқанның ағартушылық көзқарастарының тағы бір саяси сипаты қоғамдық өмірді реформалаумен тығыз байланысты болды. Оның пікірінше, қоғамның білімді мүшелері қандай да болмасын реформаларға қол жеткізіп сол арқылы халықты қоғамдық прогреске жетелеуге тиісті. Осы жерде ол реформаларды қалай дайындау жəне өткізу керек деген қызықты ойлар ұсынады.
Ойшыл мəжбүрлі реформаларға түбегейлі қарсы болған. Күшпен жүргізілген реформалар адамзатқа үлкен қасіреттер əкеледі деп тұжырымдайды. Ол ондай əдістерге қазақ даласында жол беруге болмайтыны туралы айтады.
Ұлттық, тарихи, мəдени дəстүрлерді жəне көшпелі тұрмыстың ерекшеліктерін жан-жақты ескеру қажет деп санайды ойшыл. Ол қоғамдық дамудың төменгі сатыларының саяси құрылымының жетістігі ретінде гуманизм идеясы болуы тиіс деп санады жəне адамгершілік мəселесіне зор көңіл бөледі. Ол үстем таптың адамгершілік принциптерін сынға алып, қарапайым халық пен бай адамдардың мүдделері сəйкес келмейтінін атап көрсеткен. Жалпы алғанда, ойшыл қазақтарды бейбітшіл, дарынды халық екеніне шүбə келтірмей, олардың прогреске жету жолдарын қарастыруға тырысқан жəне осыдан өз халқының айқын болашағының кепілін көрген.

XIX ғ. Екінші жартысында Уəлихановтың ағартушылық дəстүрлерін Ыбырай Алтынсарин әрі қарай дамытты
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) - қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы, жазушысы, қоғам қайраткері. «Қазақ мектептерін Еуропа жолына, өнер жолына бұрып бастаған ең тұңғыш жаңашыл оқытушы, тарихта өшпестей із қалдырған педагог, ақын, жазушы Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметке қосқан үлесі мен еңбегі зор. Ыбырай жастарды оқу-білім, өнерге ұмтылуға кеңес бергенде құрғақ насихатқа ұрынбайды, қайта өз ойын нақтылықпен дəлелдеуге ұмтылады» [4], - деген пікірмен келісе отырып, оның өмірі мен шығармашылығы Қазақстанның Ресейге қосылуынан кейінгі кезеңмен байланысты болғанын атап өтуге болады.
Ағартушы өзіндік білім алумен мықтап айналысып əжептəуір табысқа жетеді. Оны педагогика да, əдебиет те, философия да қызықтырды. Осының əсерінен ол сол кездегі бай Орынбор кітапханасына жиі барып барлық күрделі əдебиеттерді қызыға оқыды. Оның рухани əлеміне сол кезде өлкеде тарала бастаған алдыңғы қатарлы ойшылдардың, соның ішінде Ресейдегі революциялық-азаттық қозғалыстың өкілдерінің идеялары əсер етпей қойған жоқ.

Ағартушы көзқарастарының саяси мазмұны оның билік жүйесін жақсарту жолдарын іздеу кезеңінде ақсақалдар билігіне көңіл бөлуден де көреміз. Өйткені көшпелі халыққа билік жүйесі жақын жəне ұғынықты болуы тиіс еді. Бұл билік, ойшылдың ойынша, жоғарының үстемдігінен еркін болып, қазіргі билікке қарағанда əділетті болар еді. Сонымен бірге ол отаршыл əкімшіліктегі қазақтар санын көбейтіп, олардың білімін көтергісі келген. Осынысымен ол жергілікті халық өкілдерін билікке тартып, сол арқылы билік органдарында жəне елді басқаруда халықтың егемендігі элементін сақтап қалғысы келген.
Сонымен бірге билеушілер өздері де заңды қатал ұстануы керек. Бұларсыз қоғамдық тыныштық жəне тəртіп орнату мүмкін емес деген ойшыл. Билік жəне сот өкілдері қоғамдық зұлымдық негізі - парақорлықтан алыс болуы тиіс. Олардың қызметі жеке мүдделерге емес, қоғамның, отанның мүдделеріне бағынуы тиіс. Олар бағынышты халықтың жағдайын жəне тұрмысын жақсы білулері қажет деп есептейді қазақ ағартушысы. «Егерде олардың болашағымен, жергілікті жағдайларды білетін тəжірбиелі мамандар айналысса, қазақтар жақын болашақта елінің пайдалы, адал жəне іскер мүшелеріне айналады», - деп жазады Ыбырай
Ы. Алтынсариннің саяси көзқарастарында терең демократизм жəне өз халқының мүддесін қорғауға деген ұмтылысты байқауға болады. Мысалы, «Қазақтың қайғысы» деген жазбаларында ол билікті жəне басқаруды ұйымдастырудың өзіндік бағдарламасын ұсынды. Онда жəне басқа да еңбектерінде билік, басқару жəне сот туралы бірқатар пікірлер айтылған. Оның ойынша, олар халықты мойын ұсындыру үшін емес, халықтың əл-қуатын жақсарту үшін қажет.

XIX ғ. Қазақ ағартушыларының келесі ірі өкілінің бірі, əрине, көрнекті ақын Абай Құнанбаев болып табылады.
Оның шығармашылық еңбектері саяси сипатта болды. Ол ғылым мен білімнің, адамдардың өзіндік қасиеттерін қалыптастыратынын, өзі, ақиқат пен əділдік үшін күресуге шақыратынын айтқан болатын. Ал оның іс-əрекеті халықты қанаудан сақтау болатын. Осы жағдайда ол билікті білімді адамдарға беру керек деген тұжырымға келеді. Ойшыл білімді билеуші мен білімді халықтың концепциясын негіздеушілердің бірі. Оның пікірінше, қазақтарды дұрыс жолға қойғысы келетін адам билікке ие болуы тиіс. Халықтың қоғамдық өміріндегі билік пен басқарудың күші, маңызы жəне орны ерекше екенін атап көрсетті. «Егер менің қолымда билік болса, мен адам түзелмейді дегендердің барлығының тілін кесер едім», - дейді ол. Жəне ойшылдың қоғамдық өмірде бірқатар нəрсе мемлекеттік лауазымдағы адамдардың ерік-жігеріне байланысты деген ойы бізді қызықтырмай қоймайды. Осыдан ақын-демократ саяси биліктің күштілігін мойындайды деген пікірге келеміз.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz