Саңырауқұлақтар гетеротрофты организмдер




Презентация қосу
«Оомицеттер, зигомицеттер, аскомицеттер,

базидиомицеттер мен дейтеромицеттер кластары» .
Саңырауқұлақтар бөлімі – Mycophyta.

Саңыраукұлақтар микроорганизмдер ішіндегі ең
үлкен топ. Саңырауқұлақтардың 100000-дай түрі
белгілі. Бірқатар белгілері бойынша
саңырауқұлақтар балдырларға ұқсас, бірақ
олардың клеткаларында хлорафилл болмайды.
Саңырауқұлақтардың кейбіреулері бірклеткалы,
алайда олардың көпшілігі көпклеткалы
организмдер болып келеді.
Саңырауқұлақтардың талломасы мицелий, немесе
грибница деп аталынады.

Мицелий гифа деп аталынатын жіңішке тарамдалған
жіпшелерден тұрады. Төменгі сатыдағы
саңырауқұлақтардың гифаларында көлденең перделер
болмайды, сондықтанда олар тарамдалған үлкен бір клетка Ал жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың гифалары көлденең
түрінде болады. перделері арқылы клеткаларға бөлінген болады. Тек аздаған
төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың клетка қабықшасы
целлюлозадан тұрады.

Саңырауқұлақтардың көпшілігінің гифасының қабықшасының
құрамы біршама күрделі болады: төменгі сатыдағыларының
қабықшасы пектинді заттардан, ал жоғарғы сатыдағыларының -
целлюлозаға жақын углеводтардан, және насекомдардың хитиніне
ұқсас азоттық заттардан тұрады. Клетка қабықшасының астында
протопласт жатады. Ядросы өте ұсақ және клеткада 1-2 немесе
көптен болады. Қор заты ретінде гликоген немесе май
тамшылары жиналады, крахмал ешуақытта түзілмейді. Гифалары
жоғарғы ұшы арқылы өседі. Қолайлы жағдайларда олар өте тез
өседі.
Қоректенуі.
Саңырауқұлақтар гетеротрофты организмдер. Олардың
көпшілігі өліп қураған өсімдіктердің қалдықтарымен
қоректенетін сапрофиттер. Сапрофитті саңырауқұлақтар
клетканың целюлозды қабықшасын және лигнинді бұзатын
ферменттер түзеді. Сапрофиттердің аздаған түрлері ғана
жануарлардың қалдықтарымен қоректенеді. Паразиттері өзіне
қажетті қоректік заттарды тірі организмдердің клеткаларынан
сорып қабылдайды.
Саңырауқұлақтар бөлімі (Грибы) – Mycophyta.

Төменгі сатыдағы Жоғарғы сатыдағы

1.хитридиомицеттер класы (Chytrіdіomycetes), 1.аскомицеттер класы (Ascomycetes)

2.гифохитромицеттер класы 2.базидиомицеттер класы (Basіdіomycetes),
(Hyphochytrіomycetes),
3.жетілмеген саңырауқұлақтар класы (Deuteromycetes).
3.оомицеттер класы (Oomycetes),

4.зигомицеттер класы (Zygomycetes),
Оомицеттер класы (Оомицеты) - Oomycetes

Бұл класқа 300-дей түр жатады. Олардың мицелиі
көп ядролы, көп бұтақтанған, мүшеленбеген жіп
шумақтарынан (гифалардан) тұрады. Жіп
шумақтарының қабықшалары целлюлозадан тұрады,
хитині болмайды. Өмірінің көп бөлігі гаплоидты
жағдайда өтеді. Жыныссыз көбеюі екі талшығы бар
зооспоралар арқылы жүзеге асады. Жыныстық
процесі оогамиялы. Зиготасы диплоидты. Ол өскен
кезде мейоз процесі жүреді. Көптеген түрлерінің
өмірлік циклы сулы ортамен байланысты.

Фитофтора (Phytophthora іnfestans) - картоптың жапырағында өмір сүретін
паразит. Мицелиі жапырақтың мезофиліне еніп жатады. Гифалары (жіп
шумақтары) клетка аралық қуыстарында өсіп ұлғаяды, содан соң өскіншелері
(емшекшелері - присоски) арқылы клеткалардың ішіне енеді және олардың өлуін
жеделдетеді. Устьица қуысы арқылы сыртқа шығып тұратын гипалардың ұштары
зооспорангия сабағы болып табылады.
Көбеюі
Оомицеттер жыныссыз және жыныстық жолмен көбейеді.
Жыныссыз көбею кезінде спорангияда зооспоралар пайда
болады. Кейбір жағдайларда спорангий бөлініп, бір спора
ретінде өніп шығуы мүмкін. Зооспораларда екі флагелла бар-
алдыңғы циррус және бифидті артқы, іс жүзінде қозғалыс
үшін қызмет етеді.

Жыныстық көбею ерекше оогамиямен ұсынылған.
Оогонийде бір немесе бірнеше жұмыртқа болады, ал
антеридий жеке гаметалар түзбейді және ұрықтанған кезде
оның жасушалық құрамының бір бөлігін ядроларымен
оогонийге құяды, бұл топ бөлінген тән белгі. Ұрықтанғаннан
кейін пайда болған ооспоралар оомицеттің демалу түрі
болып табылады, онда ол қолайсыз кезеңді, мысалы, қысты
күтеді. Көктемде олар өсіп, зооспорангия түзеді.
Зигомицеттер класы (Зигомицеты) – Zygomіcetes

Зигомицеттерге 400-дей түр жатады. Олардың мицелилері
біртұтас, перделерге бөлінбеген болып келеді. Гифаларының
қабықшаларында хитин болады. Жыныссыз көбеюі
спорангиоспоралары немесе конидийлері арқылы жүзеге асады.
Зооспоралары болмайды. Түрлерінің барлығы жер бетінде өседі.

Негізгі өкілдерінің бірі мукор (Mucor mucedo). Ол нанда,
көкөністерде, жылқының тезегінде, көңде және басқада
көптеген органикалық субстраттарда сапрофит ретінде өседі.
Гифалары біртұтас, перделерге бөлінбеген, ерекше бұтақталған,
көп ядролы болып келеді. Жыныссыз көбеюі шар тәрізді
спорангилердің ішінде пайда болатын споралардың көмегімен
жүзеге асады. Споралар ылғалды субстратқа түсіп, өсіп жаңа
гифалар береді.
Жыныстық жолмен сирек көбейеді.Ол тек физиологиялық
жағынан бір-бірінен айқын айырмашылықтары болатын екі
мицелий (гетеротальды) қатар өскен жағдайда ғана жүзеге
асады. Бұл жағдайда мицелийдің гифалары бір-біріне қарама-
қарсы бағытта өседі де, ұштары жуандап түйіседі. Алайда
олардың арасын көлденең перделер бөліп тұрады. Гифалардың
түйіскен жерлеріндегі клетка қабықшалары еріп, олардың
ішіндегі заттарыда, ядроларыда қосылады. Пайда болған зигота
қара түсті қалың қабықшамен қапталады да біраз уақыт
тыныштық кезеңін басынан өткізеді. Содан соң зигота мейоз
жолымен бөлінеді де өседі. Одан ұрықтық гифалар пайда
болады. Осындай гифалардың үстінде спорангилер жетіледі, ал
олардың ішінде көптеген гаплоидты споралар
дамиды.Қолайсыз жағдайларда гифалар бірнеше бөліктерге
бөлінеді, оларды оидии деп атайды. Оидии қалың қабықшамен
қапталадыда келешегінде хламидоспоралар айналады. Қолайлы
жағдай туысымен хламидоспоралар өсіп мицелийге айналады.
Қалталы саңырауқұлақтар немесе аскомицеттер класы (Сумчатые грибы или аскомицеты) –
Ascomycetes.

Қалталы саңырауқұлақтарға 30 мыңдай түр жатады.
Олардың мицелийлері субстратқа еніп жататын, бірнеше
бөліктерге бөлінген гифалардан тұрады. Субстраттың
бетінде тек жыныстық көбею органдары орналасады.
Қалталы саңырауқұлақтардың түрлерінің дені (көпшілігі)
сапрофиттер. Олар негізінен топырақты мекендейді де,
өсімдіктердің шірінділерімен және тағамдардың
қалдықтарымен қоректенеді. Сонымен бірге бұлардың
бірқатары өсімдіктердің, сиректеу жануарлардың және
адамның паразиттері болып келеді. Кейбіреулері өмірлік
циклын паразит ретінде бастап, сапрофит ретінде
аяқтайды.
Көбеюі.

Жыныссыз көбеюі конидиялары арқылы жүзеге асады. Жыныстық
көбеюі қарапайым түрлерінде мицелидің екі жіпшесінің (члеников)
бірігіп кетуі арқылы жүреді. Зигота тыныштық кезеңін басынан
өткізбей-ақ, оның диплоидты ядросы бірден мейоз жолымен, содан соң
митоз арқылы бөлінеді. Нәтижесінде сегіз гаплоидты аскаспора пайда
болады. Жоғарғы деңгейде жетілген қалталы саңырауқұлақтарда
жыныстық көбею органдары болады: аналық жыныс органы-архикарп
және аталық жыныс органы - антеридий деп аталынады.

Архикарп екі клеткадан тұрады: төменгі бүйірленген - аскогеннен
және жоғарғы цилиндр тәрізді - трихогинадан. Антеридий –
бірғана цилиндр тәрізді клеткадан тұрады. Осы екі органда (мүше)
әдетте көп ядролы болып келеді. Антеридий трихогинаның үстінгі
ұшына жақын орналасады, оның ішіндегі заттары архикарпқа
құйылады, нәтижесінде екі жыныс клеткасының цитоплазмалары
қосылады. Бірақта шығу тегі әртүрлі болып келетін ядролары
аскогендік (аналық) және антеридиалық (аталық) қосылмайды,
олар екеу-екеуден жақындасып дикариондар түзеді. Осы
жағдайдан соң аскогеннен тарамдалған аскогендік гифалар кетеді.
Олардың ішіне дикариондар өтеді де бөліну арқылы көбейеді.
Базидиомицеттер класы (Базидиомицеты) – Basіdіomycetes

Түрлерінің жалпы саны 30 мыңдай болады. Мицелийлері
көлденең перделері арқылы бірнеше бөліктерге бөлінген
гифалардан тұрады. Жыныссыз көбеюі конидийлері арқылы
жүзеге асады, бірақ ол сирек болады. Жыныстық процесі екі
гаплоидты гифаның бөліктерінің (члеников) қосылуы арқылы
жүзеге асады. Арнайы жыныстық көбею органы болмайды.
Гетеротальды түрлерінің мицелийлерінің қарама-қарсы белгілері
бар особьтарының гифалары қосылады. Бұл жағдайда
дикариондар түзіледі, олардың ядролары келешегінде
синхронды бөлінеді. Жыныс процесі дикарионның ядроларының
қосылуымен, мейозбен және төрт базидиоспорасы бар
базидийдің түзілуімен аяқталады. Құрылысы жағынан
базидийлер әртүрлі болады: холобазидия - жекелеген бөліктерге
(члеников) бөлінбеген, бірклеткалы, түйрегіштің басы тәрізді
өсінді; гетеробазидия екі бӛліктен тұрады – төменгі кеңейген
бөліктен (гипобазидия) және гипобазидияның өсіндісі болып
табылатын үстінгі бӛліктен (эпибазидия);
Базидиомицеттердің өмірлік циклында дикарионды фаза басым болып келеді, ал
гаплоидты және диплоидты фазалары өте қысқа. Көптеген түрлерінің
базидиоспоралары формасы мен мөлшері әртүрлі болып келетін жемісті
денелерінде түзіледі. Концистенциясы жағынан жемісті дене борпылдақ,
өрмекшінің торы тәрізді қатты болып келеді. Гимений қабаты көп жағдайда
жемісті дененің төменгі жағында орналасады. Ол базидийден, парафизден және
цистидадан тұрады. .

Қарапайым өкілдерінде ол жылтыр, ал жоғарғы деңгейде жетілгендерінде
формасы тікенек, пластинка, түтікше тәрізді болып келеді. Сол себептенде
гимениальды қабаттың үсті біршама ұлғаяды. Кейбір түрлерінің базидийі
базидияспоралары мен тікелей мицелидің гифаларында пайда болады.

Базидиальды саңырауқұлақтар үш клас тармағына бөлінеді:
холобазидиомицеттер, гетеробазидиомицеттер, телиобазидиомицеттер.

Осы үш клас тармағының ішіндегі маңыздысы және табиғатта кең
таралғандары холобазидиомицеттер мен телиобазидиомицеттердің өкілдері.
Холобазидиомицеттер класс тармағы – Holobasіdomycetіdae. Бұл класс тармағы холобазидии
түзетін саңырауқұлақтарды біріктіреді. Мысал ретінде олардың ең кең таралған туысы
шампиньонды қарастырамыз. Шампиньон (Agarіcus campestrіs) - сапрофит ретінде, ылғалы
мол топырақта өседі. Оны арнайы теплицаларда қолдан өсіреді. Жемісті денесі тармақталған
мицелийінде пайда болады. Ал мицелийі топырақта болатын, бірнеше клеткадан тұратын
(членистый) гифалардан құрылады.

Холобазидиомицеттер класстармағына жататын саңырауқұлақ- тардың
ішіндегі аса кең таралғандарына қалпақты саңырауқұлақтар жатады.
Қалпақ пен түбір бір-біріне тығыздалып өрімделген мицелийдің
жіпшелерінен (гифаларынан) тұрады. Түбірдің барлық жіпшелері бірдей
болады, ал қалпақта олар екі қабат түзеді. Жоғарғы қабат сыртқы
қабықшамен қапталған және әртүрлі пигменттермен боялған болып
келеді, ал төменгі қабатта гименофоралары қалыптасады.
Дейтеромицеттер, немесе жетілмеген саңырауқұлақтар класы (Дейтеромицеты, или
несовершенные грибы) – Deuteromycetes, Fungі іmperfectі.

Түрлерінің жалпы саны 300 мыңдай. Гифалары мүшеленген (членистый).
Көбеюі конидилері арқылы жүзеге асады. Жыныстық жолмен
көбеймейді. Бұлар парзиттер мен сапрофиттер болып келеді. Көптеген
түрлері табиғатта аса кең тараған. Жетілмеген саңырауқұлақтар көп
жағдайда ауылшаруашылық дақылдарын ауыруға шалдықтырады және
оларды өлуге әкеліп соқтырады.Жетілмеген саңырауқұлақтардың
классификациясы конидия сағақтарының орналасуы мен конидилерінің
формасына негізделген. Бір түрлерінде конидия сағақтары жалғыздан
орналасып, онша онша үлкен болмайтын шоқ түзеді. Оны кореми деп
атайды (ботритис- Botrіtіs туысы).

Екінші бір түрлерінде гифалары матасып жапырақтың үстінде ложе
немесе строма деп аталынатын құрлым түзеді (коллетотрихум-
Colletotrіchum).

Үшінші бір түрлерінің конидилері шар тәрізді немесе сопақтау болып
келген, жоғарғы жағында тесігі бар қуыстың- пекнидидің ішінде
орналасады (диплодина - Dіplodіna туысы).

Ұқсас жұмыстар
Автотрофты және гетеротрофты ағзалар
ЖАСЫЛ БАЛДЫРЛАР
Жанармай өндірісінде микроорганизмдердің қолданылуы
Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтар
ЭКОЖҮЙЕЛЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ
Саңырауқұлақтардың көбеюі, морфологиясы, қоректенуі
Топырақ қабаты
Трофикалық түрдің пайдалануы
Экологиялық байланыстар
Продуценттер - күн энергиясын пайдаланатын жасыл өсімдіктер немесе органикалық заттарды биогенді элементтерден құрайтын жасыл өсімдіктер
Пәндер