Дарет Фигийский Троя қаласының қирауы



Троя соғысы және эллада батырлары

Ақпарат көзі
Дарет Фигийский «Троя қаласының қирауы»
Гомер «Илиада»

Троя соғысының тарихы
Аңыз бойынша ежелгі грек қала-мемлекеттері мен Кіші Азияда орналасқан Троя қаласы арасында болған. Соғыстың болғаны Трояда жүргізілген қазба жұмыстары кезінде дәлелденді. Ежелгі деректер бойынша шамамен біздің заманымыздан бұрын 13 ғасырдың орта кезінде Микен қаласы билеушісі Агамемнонның басшылығымен Ахейя патшаларының бірлескен әскерлері Кіші Азиядағы Троя қаласын ұзақ уақыт бойы қоршап, басып алған. Бұл соғыс “Илиада”, т. б. эпикалық жырлардың желісіне айналды. Аңызға қарағанда Спарта патшасы Менелайдың әйелі - Еленаны троялық Паристің ұрлап әкетуі Троя соғысына себеп болған. Гректер Трояға үздік-создық 10 жыл бойы шабуыл жасаған, өйткені Троя патшасы Приамның фригиялықтар, ликиялықтар, фракиялықтар, т. б. халықтар тарапынан күшті одақтастары болды. Жекпе-жек шайқаста гректерден Ахилл, Диомед, Агамемнон, Одиссей, ал троялықтардан Гектор, Главк, Сарпедонт және Эней ерлік көрсетті. Трояның жеңілуі ахеялықтардың Кіші Азияға келіп қоныстануына жол ашты.

«илиада» дастаны бойынша
Әйел құдайлар Гера, Афина және Афродита бір күні Ида тауында той-думан жасайды. Бірақ олар араздық құдайы Эриданы шақырмайды. Эрида кек қайтаруды көздеп, оларға «Ең әдемісіне» деген жазуы бар алманы тастайды. Араларындағы ең әдемісі кім деген дауды шешу Париске тапсырылады. Құдай әйелдердің үшеуі де Паристі өз жағына тартуға тырысады. Бірақ ол өзіне ару қызды әйелдікке беруге уәде еткен Афродитаны таңдап алады. Афродита Еленаны оғна ғашық болуға мәжбүр етеді де, ғашықтар Трояға қашып кетеді. Грек патшалары Еленаны қайтарып алу үшін Трояға қарай әскер аттандырады. Гректер Трояны он жыл қоршап тұрады. Одиссейдің ойлап тапқан қулығының арқасында қаланы алады. Олар ағаштан ат жасап, оның ішіне бірнеше жауынгерді тығып қояды да, өздері кері шегініп кеткен сыңай танытады. Троялықтар атты қалаға енгізеді, гректер түн ішінде сыртқа шығып, өз әскерлеріне қақпаны ашып береді. Гректер еркектерді өлтіріп, әйелдер мен баладарды құлдыққа алады.

Ақиқат әлде аңыз
Ежелгі гректер трояндық соғыстың тарихи дәлдігіне күмәнданбады. Өйткені бейтарап грек тарихшысы Фукидидтің өзі Илиадада сипатталған Трояның он жылдық қоршауын тарихи факт ретінде алып қарастырды. Ол Гомердің баяндауды тек құдайлар қатысатын көріністермен ғана әсірелегеніне сенімді болды.

Шындыққа бір қадам
Шамамен б. з. б 100 жылы Дион Златоуст соғыс шын мәнінде болғанымен, ол трояндықтардың жеңісімен аяқталды және гректер бұл фактіні жасыруға тырысты деп тұжырымдайды. 1870 жылы Батыс Еуропада трояндық соғыс ешқашан болмаған және Троя қаласы жоқ деген ұғым қабылданды. Содан кейін Генрих Шлиман өзі және басқалары Троя деп санайтын Гиссарликте, Чанаккаледе жүргізген қазба жұмыстарынан кейін миф пен шындықты ажыратып берді. Сондай-ақ Грецияның Микен қалаларында танымал етті. Бүгінгі күні көптеген ғалымдар Троялық соғыс Грецияның Троя қаласына қарсы экспедициясының тарихи өзегіне негізделген деген пікірге келіседі, бірақ Гомер өлеңдері соғыстың нақты оқиғаларын дәл көрсетеді деген пікірлер аз.

Эллада батырлары
Аргонавтар
Персей
Дедал және Икар
Тесей
Орфей және Эвридика
Геракл

Гераклдың 12 ерлігі
Геркулес және Эфрисфей
Геркулестің алғашқы ерлігі - Неман арыстаны
Геркулестің екінші ерлігі - Лернейлік гидра
Геркулестің үшінші ерлігі - Кериней көгершіні
Геркулестің төртінші ерлігі - эримантиялық қабан
Геркулестің бесінші ерлігі - Стимфалия құстары
Геркулестің алтыншы ерлігі - Августың ат қорасы
Геркулестің жетінші ерлігі - Крит бұқасы
Гераклдың сегізінші ерлігі - Диомедтің аттары
Геркулестің тоғызыншы ерлігі - Гипполитаның белбеуі
Гераклдың оныншы ерлігі - Герён бұқалары
Геркулестің он бірінші ерлігі - Гесперидтің алмалары
Геркулестің он екінші ерлігі - Церберус

Практикалық сабақ
1. Ежелгі грек тираниясы
2. Ежелгі грек мәдениеті

Ежелгі грециядағы Тирания күш қолдану арқылы құрылған және бір адамдық басқаруға негізделген мемлекеттік биліктің ежелгі түрі. Ертедегі грек озбырлығы грек қала-мемлекеттерінің құрылуы кезінде пайда болды (б. з. д. 7-6 ғғ. )

Назарларыңызға рахмет!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz