ОҚЫТУ МАТЕРИАЛДАРЫН ТІРЕК СИГНАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ


Slide 1

ОҚЫТУ МАТЕРИАЛДАРЫН ТІРЕК СИГНАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Slide 2

Бүгінде қоғамдық формацияның ауысуы - білім беру жүйесіне айтулы өзгерістер мен реформалар енгізгені белгілі. Бұған жаңа білім стандартының жасалынуы, төл оқулықтарымыздың жазылуы, жаппай компьютерлендіру т. б. игі істер дәлел бола алады. Осының бәрі - ХХІ ғасыр табалдырығынан аттаған жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды, ұлттық мәдениетті танитын, оны өзгеге таныта алатын білімді, жан - жақты қалыптасқан, әлемдік өркениетке қол соза алатын, бәсекеге қабілетті дербес тұлға тәрбиелеу қажеттілігінен туындайды.

Slide 3

Педагогикалық әдістемелік процестерде В. Ф. Шаталов әдісі деген атпен енген тірек - сызба белгілерін (сигналдарын) сабақта қолдану мұғалімдердің көпшілігінен үлкен қолдау тауып отыр, оқыту процесінде кеңінен қолданылуда.

Slide 4

Негізінен мына мәселелерге назар аударған жөн:

1. Тірек - сызба белгілерін пәнді жүргізудің басынан бастаған жөн.

2. Мүмкіндігінше барлық сабақтарда пайдалану керек.

3. Сызбанұсқаға оқушылармен бірге талдау жүргізіп отыру. Сызбанұсқаларды (схемаларды) оқушылардың қатысуымен талдау керек.

4. Оқушылардың белгілі тақырыпқа сай сызба белгі даярлауға негізделген өзіндік жұмыс жасауына мүмкіндік беру.

5. Оқушының топпен және екі - екіден жұмыс жасауына мүмкіндік беру.

Slide 5

В. Ф. Шаталов технологиясының ерекшелігі:

Бірінші ерекшелігі - нақты дәл есептелген оқу процесін құра білу. В. Ф. Шаталов бұл құрылымды былай түсіндірді «Тірек сигналдары дегеніміз - ойынның элементі, уақыт үнемділігі және бала психологиясын қызықты құбылысқа бағыттау. Бірақ ең басты мақсат - берілген тақырыпты логикалық байланыстар негізінде оқушының түсінуі мен ұзақ уақыт есте сақтауы».

Екінші ерекшелігі - уақыт үнемділігі. Мысалы, белгілі бір тақырыпты түсіндіру барысында бірнеше тақырыпты жинақтап, ықшамдап бір-екі тірек сигналына сыйдыруға болады. Бұл әдістеме қазіргі күнге дейін құндылығын жойған жоқ. Тірек сызба белгілер сабақтың негізгі құрам бөлігі ретінде қолданылады.

Slide 6

Тірек сызбаның артықшылықтары мынада:

а) оқушыға оқу материалы жинақы, қысқаша беріледі;

б) оқушы оқу материалының ішінен ең негізгісін таңдай білуді үйренеді;

в) оқушы таңдап алған танымдылық - білімдік түсініктерін бір - бірімен байланыстырып, қарапайым жүйе жасауды үйренеді;

г) оқушы оқулықпен және қосымша әдебиеттермен жұмыс жасауға дағдыланады;

д) Оқушы өзінің танымдық деңгейін біледі. Өзін - өзі бағалауды үйренеді.

Slide 7

Тірек сигналдары арқылы оқыту өзінің нәтижесін береді:

Мұғалім:

- оқушы білімін тексеруде дидактикалық құрал ретінде пайдаланады - мағыналық, логикалық белгілерді нақты, қысқа түсіндіреді;

- баға қоры молаяды;

- оқушы білімі әділ бағаланады.

Оқушы:

- берік білім негізі қаланады;

- сөйлеу қабілеті дамиды;

- тұжырымдап, топшылау дағдылары қалыптасады;

- танымдық процесі нығаяды;

- қарым - қатынасқажеттілігі қанағаттандырылады;

- пәнге деген қызығушылығы артады;

- шығармашылығы шыңдалады.

Slide 8

Оқушы материалдарды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді. Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының негізін қалаған В. Ф. Шаталов тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының мынадай мақсаттарын - білім, білік, дағдыны қалыптастыру; барлық баланы оқыту; оқытуды жеделдету.

Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктері - үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, ірі блокпен оқыту, тіректі қолдану; жеке бағдарлы қарым-қатынас ықпал; ізгілік, еркімен оқыту.

Slide 9

Тірек сызбабелгілерін пайдаланып оқытудың тиімділігі мынада:

1. Оқу материалы жинақы, қысқаша беріледі;

2. Оқушының сызбабелгіні түсінуі үшін ойлау, салыстыру, есте сақтау қабілеттерінің мүмкіндік туады;

3. Оқу материалының ішінен негізгісін таңдай білуді үйренеді;

4. Топпен және өзара бірлесе жұмыс істеуді үйренеді;

5. Оқушы сызу, сурет салу, өз бетімен шартты белгі ойлау, оның мәнін білуге мүмкіндік туады;

6. Оқушы өзінің танымдық деңгейін біледі. Өзін өзі бағалап үйренеді.

Slide 10

Тірек-сызбалар - кестелер, сызбанұсқалар, диаграммалар, модульдер, блоктар, суреттер арқылы іске асырылады. Тірек-сызбалар оқушы қиялын дамыту мен өзін-өзі талдау, қызығушылығын ояту, шығармашылығын дамытудың негізі. Тірек-сызбаны құрудың негізгі қағидалары:

1. Тірек-сызба - оқу материалының негізгі бөліктерінің мазмұынын жинақтайтын бөліктерден тұрады;

2. Әрбір бөліктердегі теориялық материал арнайы белгілер, сызбалар, сөздер арқылы біріктіріледі;

3. Тірек-сызбалар - есте оңай сақталатындай қарапайым болуы керек.

Slide 11

Тірек-сызбасына ғылыми анықтама берсек ‒ білім алуда оны меңгеруге, есте сақтауда, талдауда білімнің көзі ретінде пайдаланатын сызба құрал .

Тірек-сызбаларды теориялық білім күрделі болып келген жағдайда пайдаланған тиімді. Күрделі формулаларды қорыту барысында, құралдардың неден тұратыны, қалай жұмыс істейтінін меңгеру үшін көп көмегін тигізеді.

Тірек-сызбалары ‒ оқу материалын тұжырымдап жүйелеуге, оқушылардың білім деңгейіне орай, даралық ерекшеліктеріне сай, олардың әр түрлі әрекетін ұйымдастыруға жағдай туғызады. Қазіргі таңда заманауи ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндігі пайда болғанда әр түрлі қызықты суреттері мен сызбалары бар тірек-сызбаларды жасауға мүмкіндік туды.

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық технология анықтамалары
Оқытудың компьютерлік технологиясы
Жоғары мектептегі жаңа білім беру технологиялары
Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды қолдану
ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДІҢ МӘНІ
Жаңашыл педагог идеялары. Шалва Александрович Амонашвили
Жаңашыл педагогтар
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың технологиясы
БАСКЕТБОЛ ТАРИХЫНАН
Оқытудың белсенді әдістерінің түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz