ҒҰН ДӘУІРІ ТҮРКІТАНУДЫҢ ҚАЙНАР



Ғұн дәуірі түркітанудың қайнар көзі

Ғұн дәуірі алтай дәуірімен ұштасып, байланысып жатады да, біздің заманымызға дейінгі ІІІ ғасыр мен Ү ғасыр аралығын қамтиды. Егер Алтай дәуіріндегі тайпалар туралы бізде ешқандай тарихи мәлімет, жазба деректер болмай келсе, Ғұн дәуірі жайлы аз болса да, деректер бар.

Б. з. б. І ғасырдың аяқ кезінде Ғұн мемлекеті өз ішіндегі алауыздықтың нәтижесінде батыс ғұн және шығыс ғұн болып екіге бөлінеді.
Батыс ғұн құрамына бұлғар, оғыз, қыпшақ, қарлұқ деп аталатын тайпалар енген.
Шығыс ғұн құрамына ұйғыр-оғыз, қырғызқыпшақ деп аталатын 2 тайпа одағы және олардың тілдері енген.

Ғұндар б. з. д. ІІІ ғасырда түркіше сөйлеген және олар қаңлы, үйсін, қырғыз т. б. жиырмадан астам түркі тайпаларымен бірге өмір сүрген. Түркі тайпаларының көпшілік бөлігі ертеде Алтайды мекендегенін түркі халқының аңыздары, тайпа, өзен, көл, тау аттары айғақтайды.
Ғұн мемлекеті тарихын зерттеуші Л. Гумилев ғұндарда жазу болған, Орхон-Енисей ескерткіштері сол жазудың жалғасы дегенді айтады.

А. Н. Бернштам, Л. Лигети, В. В. Бартольд, Н. А. Аристов тәрізді белгілі ғалымдар хундар - түркі тайпаларының ата-тегі, олар түркі тілінде сөйлеген деген пікірді қолдаса, Г. Рамстедт ғұн тілі түркілер мен моңғолдардың ата-бабаларына ортақ тіл болған деген пікір айтады. Көне түркілер тарихын зерттеуші белгілі ғалым Л. Н. Гумилев ғұндардың тілі туралы айтылған барлық пікірлерді жинақтай отырып, ғұндардың түркітілділігі жайлы бағытқа күдікпен қараудың негізсіздігін көрсетеді. Осы пікірлерге қарағанда, ғұндардың өмір сүрген дәуірін түркі тілдерінің бір кезеңі ретінде толық қарастыруға болады.

Ғұндардың этникалық шығу тегі
1)
2)

Ғұндардың алғашқы ордасы болған жер
Еділ мен Жайық

Ғұндар
Біріншісінің ішінде сюннулар болды, олар б. з. б. І мыңжылдықтың ортасынан бастап Хуанхэ өзенінің орта тұсы мен төменгі ағысындағы қазіргі Қытай жерін және Орта, Орталық Азияның көп бөлігін қамтып, Шығыс Түркістанның Оңтүстік Манчжурияға дейінгі аумақты алып жатты
б. з. б. І мыңжылдықта сыртқы Моңғолияда, солтүстік Манчжурияда түркі-моңғол тілінде аралас сөйлеген сәнбилер. Кейіннен сәнбилер солтүстік Вэй әулетін құрған.
түркі тілінде сөйлеген тайпалар қоныстанған орта мұнда Ішкі Моңғолияда, Байкалда, Ордостан, Алтай, Тарбағатай, Жетісуға дейінгі жерлерді мекендеген хун тайпалары қалыптаса бастайды. Бұл тайпаларда түркі тілінде сөйлеушілер көбірек болған, ал бұлар бұрынғы сақ тайпаларының ұрпақтарымен көрші тұрған

Сақ
Ғұн
Түркі
Ә. Марғұлан
«Қытай тарихының суреттеуінше, ғұндардың арғы тегі қола дәуірінің соңғы кезі, Қытайдың Шан-ин, ескі Чжау заманында жасаған елдер, сақтардың (скифтердің) бір үлкен ұлысы. Олардың ерте кезде мекендеген жері теріскей күнгей өлкесі. Бергі кезде олардан түркі тайпалары тарап, тегісімен байтақ сахарада өсіп-өнеді»

Ғұндардың өз жазуы, әліпбиі де болған. «Тап осындай ашық пікірді VIІ ғасырдың 30 жылдары Жетісуды аралап шыққан саяхатшы Сюань -Цян да айтады.

Ғұн империясы дәуірінде ғұндардың жазуы болғандығын растайтын археологиялық айғақтар әзірше табылмаған. Қытай деректерiнде «ғұндарда жазу жоқ, заңдары ауызша айтылады» делінген. Алайда, «сүйекке сызып ағашты оюлап, өрнектеген «kemu>кему» жазулары бар, оны шумақтап уәзiрлерi талқылайды» деген деректер де кездеседі.

Ғұндардың тілі әлі күнге дейін жұмбақ, ғұн тілінен қалған үш-ақ сөзден sztraba, medosz, kamon (sztraba - страва, қайтыс болған адамға берілетін ас, яғни medosz - бал сырасы, kamon - тары сырасы) ешқандай байсалды тұжырым жасай алмаймыз. Ғұндар империясының негізгі күшін топтар құрағаныны да білеміз. Аттила деген ат готтікі»

Қаржаубай Сартқожаұлы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz