Отбасы қызметтері



Отбасы: типологиясы, қызметтері, тұжырымдар
Орындаған: Демеубай Т., Кенжебек Ә.
Курс: 1 курс
Мамандығы: Жалпы медицина
Қабылдаған : Қызырова А. А.

Жоспар:
Ⅰ. Кіріспе
Ⅱ. Отбасы.
Ⅲ. Отбасы түрлері.
Ⅳ. Неке.
Ⅴ. Қорытынды.
Ⅵ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе
Социология негізін салушы О. Конт қоғамды зерттеу үшін ең алдымен отбасына көңіл бөлу керек деп есептеді.
Отбасы социологиясы отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттейтін социологиядағы негізгі бағыттарының бірі. Негізгі мәселелері отбасылардың өз қызметін орындау сипатын, әр түрлі типтегі отбасылардың өмірін, ажырасу себептері мен салдарын және т. б зерттеу болып табылады.
Сонымен қатар отбасы - некеге немесе қаны бір туыстыққа негізделген, ал оның мүшелері тұрмыстың ортақтығымен, өзара жауапкершілікпен және өзара көмек көрсетумен байланысқан шағын топ. Неке отбасындағы қатынастарды қалыптастырушы болып саналады.

Отбасы
Отбасы - ортақ тұрғын үйімен сипатталатын, экономикалық кооперациямен, ұдайы өндірумен сипатталатын әлеуметтік топ. Отбасына ең болмағанда екеуі әлеуметтік бағытталған жыныстық қатынас жасайтын және бір немесе одан да көп өз балалары, сондай - ақ тәрбиелеуге алған балалары бар ересек жыныс өкілі кіреді.
“Отбасы” ұғымы “неке” ұғымымен тығыз байланысты.
Социологияда неке дегеніміз - отбасын қалыптастыру мен оған қоғамдық бақылау жасаудың дәстүрлі тәсілі, жыныстардың еркек пен әйелдің, арасындағы бір - біріне және өз балаларына, ата - анасына қатысты құқықтары мен міндеттерін белгілейтін қатынас формасы.

Отбасы түрлері
Билік формасына қарай
Патриархалды
Матриархалды
Құрамына қарай
Нуклеарлы (ата анасы мен балалары)
Толық емес
Кеңейтілген

Отбасы құрамына байланысты
Нуклеарлы (ядерлік) отбасы - бұл ерлі-зайыптылар және олардың балалары. Егер отбасында бала болмаса, онда нуклеарлы отбасының құрамы шектеледі. Нуклеарлы отбасы - ХХ ғ. отбасының типтік түрі, бұл патриархалды отбасының орнын алмастырған бірнеше жақын және алыс туысқандардан тұратын, территориалды және экономикалық мүдделермен біріккен отбасы.
Кеңейген нуклеарлы отбасы - ата-әже немесе басқа да жақын туысқандар (ерлі-зайыптылар сиблингі, ағалар және апалар, яғни ата-әже сиблингтері т. б. ) қосылған отбасы.

Отбасы құрамына байланысты
Толық емес отбасы - ерлі-зайыптылардың біреуі ажырасқан немесе өмірден озған отбасы. Толық емес отбасының типтік түрі - бұл баламен (балалармен) қалған ана. Толық емес отбасының қызмет ету сипаты екінші жұптың болмау себебіне байланысты. Мәселен, ажырасқан ерлі-зайыпты бұрынғыдай ата-аналық рөлін, «асыраушы» рөлін сақтайды және балаларды материалды қамтамасыз етуге қатысады.

Толық емес отбасы
Алайда дүниеден өткен әке отбасында құрмет пен махаббатқа бөленеді, ал ажырасқан әкеге көп жағдайда ашық немесе үнсіз айып тағылады, оның үстіне ана баланың ажырасқан әкемен кездесуіне кедергі жасайды. Толық емес отбасының тағы бір түрі «аналық отбасы», оның құрамына ана мен бала (балалар), ананың саналы ниеті бойына некесіз туған балалар кіреді. Сонымен, толық емес отбасының типтік түрі - бұл әкесіз отбасы. Толық емес отбасы рөлдік шамадан артық күштенуіне қарай тәуекел тобына кіреді.

Бала санына байланысты
Көп балалы(үш немесе одан да көп)
Орташа (екі балалы)
Бір баласы бар
Баласыз отбасы

Бала санына қарай
Бiр балалы отбасы. Мұндай отбасылар қалалық 53, 6%, ал ауылдың жерде 39-40% құрайды. Мұндай отбасының әрбiр екiншiсi ажырасады. Бұдан бала санының аздығына байланысты отбасы ажырасады деп қарамау керек, ерлi-зайыптылар осылайша ұзақ уақыт бiрге тұра алмайтындықтан келесi баланы өмiрге әкелуге тәуекел етпейдi. Мұндай отбасыдан шыққан балалардың жан-жақты дамыған, моральды-психологиялық жақсы қалыптасқан адам болуы екiталай. Көптеген психологтар мен социологтар мұндай адамдарда жауапкершiлiктiң болмауы, еңбек сүйгiш еместiгi, жеке басын ойлаушылық, адамдармен бірқалыпты қатынас жасай алмауын көрсетедi.
2. Аз балалы отбасы (бiр, екi балалы) . Социологтар мен психологтардың бақылауы бойынша екiншi баланың туылуы бiр балалы отбасыға қарағанда отбасының тұрақтылығын 3 есеге артады екен. Бұл отбасылардың әрбiр алтыншы, жетiншi жұбы ғана ажырасады.

Бала санына қарай
3. Көп балалы отбасы-үш баладан көп балалы отбасы. Бұл отбасыларда ажырасу сирек болады, болған жағдайда да ол ерiнiң күнәсiнен болуы мүмкiн. Бұл жерде ананың еңбегi зор, сондықтан да қазiргi кезде әйелдердiң көпбалалыболуға ұмтылуы кем.
4. Толық емес отбасы. Мұндай отбасыда ата-ананың бiреуi ғана болады (көбiне жалғыз басты ана) . Мұның себебi-ерлi-зайыптының бiреуiнiң қайтыс болуы, ажырасу немесе некесiз туылған бала, жалғыз басты әйелдiң бiреудiңбаласын асырап алуы т. б. Мұндай типтегi отбасы әлеуметтiк сапасыз, тиiмсiз. Мұндай отбасыдағы балалар көп уақыттарын үйден тыс өткiзедi, себебi аналары жұмыста болады. 50% заң бұзушылар осындай отбасылардан шыққандар.

Авторитарлық отбасы
Отбасындағы билікті бөлу, яғни билікке, лидерлікке ие болу және ондағы міндеттерді бөлу сипатына қарай отбасының екі типі сақталған. Оның біріншісі -дәстүрлі немесе авторитарлық отбасы. Дәстүрлі отбасында мынандай сипаттар тән:
· Ер адам негізгі мәселелер бойынша шешім қабылдаушы болып саналады, оның қожайындығы басым;
· әйелдің ер адамға экономикалық жағынан тәуелділігі;
· отбасындағы міндеттерді бөліп, ер адамның және әйелдің міндеттерінің бекітілуі.

Демократиялық отбасы
Отбасындағы билікті бөлуге орай қалыптасқан отбасының екінші түрі - эгалитарлық немесе демократиялық отбасы. Бұл отбасында:
· үй шаруасына қатысты міндеттердің отбасы мүшелері арасында тең, әділ бөлінуі;
· ерлі - зайыптылардың тұрмыстық мәселелер бойынша бірлесіп шешім қабылдауы;
· демалыстарын бірге өткізуі, балалар тәрбиесіне бірдей қатысуы тән.

Неке
Неке - бұл қоғам тарапынан ретке келтірілген әлеуметтік қатынастар, мұнда жеке-дара құштарлық сезім тұрақтылыққа, өзара бейімділікке және неке шарттары ерлі-зайыптылардың нақты әрекетіне айналады. Бейімділік жаңа сәби туғаннан кейін тұрақтылыққа айналады, ол жан-жақты дамыған және толық ұйымдасқан түрге ауысады. Дау - жанжал негізінде бейімділік тұрақты зорлық, күштеу жағдайына да айналуы мүмкін, Ақыр аяғында ол отбасының ыдырауына, некенің бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.

Неке
Неке формалары
Полигамия ( бір индивид пен бірнеше индивидтің арасындағы неке )
Моногамия ( бір еркек пен бір әйелдің арасындағы неке, бұл бүгінгі күнде ТМД, АҚШ, Еуропа елдеріндегі бірден бір форма )

Неке
Некелік серік таңдау түрлері
Эндогамия - серіктер бір топтың ішінде.
Экзогамия - неке мен белгілі бір топтан тыс, мысалы, рулар арасында болады.

Некелесудің негізгі белгілері:
Өзін түсінетін және өмірдің кез келген жағдайында қолдау көрсететін адамның үнемі қасында болуы.
Өзін біреуге керекпін деп сезіну, біреуге қамқорлық жасау тілегі
Тұқымды жалғастыру
Сүйген адамнан ажырамау үшін
Жалғыз болмау үшін
Жабдықталған, жайлы үй болу үшін

Отбасы қызметтері
Отбасын, қоғамның бір бөлігі ретінде, социологтар оның қызметін орындауға қатысты қарастырады.
Отбасының қызметі дегеніміз отбасы мен оның мүшелерінің белсенділігі, тіршілік әрекеті. Қоғамның отбасына қатысты, отбасының тұлғаға қатысты және тұлғаның отбасына қатысты қызметтерін анықтауға болады. Осыған байланысты отбасының қызметін әлеуметтік ( қоғамға байланысты) және жеке ( тұлғаға қатысты) .

Отбасы қызметтері
Отбасының негізгі қызметі
Репродуктивті
Экономикалық
Демалыс
Тәрбиелік
Алғашқы әлеуметтік бақылау
Шаруашылық - тұрмыстық, әлеуметтік - мәртебелік.

Отбасы мүшелерінің атқаратын рөлі
Отбасы мүшелерінің атқаратын рөлі тек қана өзара эмоциялық сезімдерімен ғана емес, сонымен бірге, адамдардың үлкен топтары - мемлекет, мешіт, шіркеу, т. б. институттардың қызметімен байланысты болады.
Сонымен, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастар олардың сезімімен (махаббат, сыйласу, құрметтеу), салт-ғұрыппен, ұрпақтан - ұрпаққа берілген тәрбие, ереже, т. б. өлшемдер арқылы анықталады. Осы сыртқы бақылау түрлері отбасының бірлігін сырттан қолдаушы, әрі типі, факторы болып есептеледі. Бірақ, қандай да бір отбасының іштей даму күштері болады. Олар жеке қажеттілік, мұқтаждық, талап-тілек, бейімділік, алға ұмтылу, т. б. негізінде пайда болады. Бұлар, яғни ішкі даму күштері сыртқы қысымдарға айтарлықтай қарсы тұра алмайды.

Отбасының қызметтері
Отбасының атқаратын қызметі қоғамның әлеуметтік-экономикалық іс-қызметімен тығыз байланысты. Сондықтан әрбір тарихи кезеңдерде отбасы функциясы, оның сатылы қызметі де өзгеріп отырады.
Тұлғаның дамуына, әрбір ерлі-зайыпты адамдардың бақытты өмір сүруіне, балаларды ізгілікке тәрбиелеуге, ата-аналар мен балалардың арасындағы қатынастарды жақсартуға қажетті жағдай жасау қажет. Бұл қоғамның әрбір отбасына қойған негізгі талабы мен міндеті.

Отбасының қызметтері
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz