Қос жарнақты тұқымның құрылысы



Қосжарнактылар морфологиясы және тұқымдастары

Тұқымында екі тұқым жарнағы болатын гүлді өсімдіктер косжарнақтылар класына жатады. Гүлді өсімдік түрінің 75%-ы қосжарнақтылар болып есептеледі. Бұлар шөп, бұта, ағаш түрінде барлык жерлерде кездеседі.
Қосжарнақтылар класы

Қосжарнактылар класы
Қос Жарнақтылар, магнолиопсидтер (Magnolіopsіda) - гүлді өсімдіктердің екі класының бірі. Жер шарында (Антарктидадан басқа) құрлықтарда кеңінен таралған. Ағаштар немесе шөптесін өсімдіктер, кейде қайта сүректенген жартылай бұта, бұталар. Құрамында 8 класс тармағы, 429 тұқымдасы, 10 мыңға жуық туысы және 190 мыңнан аса түрі бар. Ұрығы 2, кейде 1 ғана жарнақты, өте сирек 3 - 4 жарнақтылары да кездеседі. Жапырақтары қауырсынды, кейде саусақ салалы жүйкеленген. Жүйкеленуі ашық тұйықталмаған; айқын сағақты. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің жапырақтар және бүршіктер орналасқан сабағы өркен деп аталады. Өркен негізінен сабақтан және онда орналасқан жапырақтардан тұрады. Сабақ пен жапырақ төбе меристемасынан бір мезгілде пайда болады да тұтас бір мүше өркенді түзеді.

Қосжарнақтылар класы
Дара жарнактылар класы
1
Кіндік тамыр, негізгі тамыры өте жақсы дамыған
Шашақ тамыр қосалқы тамырлардан құралған, негізгі тамыр дамымайды
2
Ұрығы 2/қос/жарнақты.
Ұрығы 1 ғана /дара/жарнақтан тұрады
3
Шөптекті, ағаштекті қайта жуандауға бейім, бұтақтанады.
Шөптекті, қайта жуандауға бейім емес
4
Пішіндері әр түрлі, тақтасының жиектері алуан түрлі тілімденген. жүйкеленуі торлы
Жапырақтары жай, тегіс жиекті, таспа пішінді, күрделі жапырақтары болмайды. жүйкеленуі қатар, доға, сағағы жоқ/қынапты/
5
Гүлдері 4-5 көп күлтелі, қос гүлсерікті. Көбінесе бунақденелілермен тозаңданады.
Гүлдері 3-6 күлтелі, жай гүлсерікті. жел арқылы, өздігінен тозаңдану болады
6
Жапырақты ағаштар, бұталар, біржылдық, көпжылдық
Біржәне көпжылдық шөптер

Қос жарнақты тұқымның құрылысы
Қос жарнақты тұқымның мысалы ретінде үрмебұршақ (фасоль) тұқымын қарастырайық. Тұқымның қабығы (қауызы), жарнағы және ұрығы болады. Үрмебұршақ тұқымының пішіні бүйрекке ұқсайды. Оның ойыс жағында жеміске бекінген жерін тұқым кіндігі дейді. Тұқым кіндігінен тұқымның ішіне ауа, су кіреді.

Maybe you need to divide the content
Тұқым қабығы (қауызы) қалың, тығыз, сырты тегіс жылтыр, түрлі түсті. Қабығы тұқымды кеуіп кетуден, мезгілсіз өнуден, зақымданудан, шіруден сақтайды.
Қабығын сылып алса (суға жібіген тұқымда тез сылынады), ішінен екі тұқым жарнағы көрінеді. Тұқымда екі тұқым жарнағы бар өсімдіктер қос жарнақтылар деп аталады.
Қос жарнақтыларда (күнбағыс, қауын, қарбыз, асқабақ, қияр және т. б. ) ұрыққа қорек болатын заттар жарнақта жиналады. Жарнақты ұзынынан екіге жарса, бір ұшында жабысып тұрған ұрығы болады.
Ұрық - алғашқы тамырша, алғашқы сабақша және бүршікшеден тұрады

Өркенді жүйе және өркендер морфологиясы
\
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің жапырақтар және бүршіктер орналасқан сабағы өркен деп аталады. Өркен негізінен сабақтан және онда орналасқан жапырақтардан тұрады. Сабақ пен жапырақ төбе меристемасынан бір мезгілде пайда болады да тұтас бір мүше өркенді түзеді.
Бүршік - жаңа өркеннің бастамасы, бүршіктен өркеннің бұтақтануы мен өсуі, яғни өркендер жүйесінің қалыптасуы жүзеге асады. Өркен тамыр сияқты жоғары сатыдағы өсімдіктердің негізгі вегетативтік мүшесі. Оның атқаратын қызметі - фотосинтез (жапырақтар арқылы) . Споралы өркендер, сол сияқты гүл де көбею қызметін атқарады.

Өркеннің ұшы (апексі) алғашқы түзуші ұлпалардан тұрады. Осы ұлпаның белсенді бөлінуінен өркеннің алғашқы ұлпалары мен барлық мүшелері қалыптасады.
Өркеннің бой конусы тамырдағыдай тегіс емес. Оның бетінде жапырақ примордиялары деп аталатын жапырақ бастамаларының төмпешіктері үздіксіз қалыптасады. Олардың пайда болуы акропетальды ретпен төменнен жоғары қарай жүреді

Сабақта орналасу ретіне қарай бүршіктер:

Негізгі тұқымдастары :
Раушангүлділер тұқымдасы
Раушангүлділер - ағаш, бұта, көпжылдық шөптекті, гүлдері қосжынысты өсімдіктер тобы. Бұлардың сирек те болса (біржыныстылары) да даражыныстылары кездеседі. Раушангүлділердің гүлшоғырлары алуан түрлі. Гүлсеріктері қосқабатты, 5 тостағанша жапырақшадан және 5 күлтеден тұрады. Олардың 4 тостағанша жапырақшалары да (түзу қазтабан) бар.
Жапырақтарының құрылысы алуан түрлі :
Жай жапырақтылары : алма, алмұрт, долана, шие, өрік, тб.
Күрделі жапырақтылары : бүлдірген, құлпынай, таңқура», тб
Қауырсын тәрізді : итмұрын, шетен, қараған, тб
Саусақ салалы : қазтабан, жатаған, тб.
Гүлдері қожынысты, гүлсеріктері қосарлы, аталықтары көп, бірақ аналығы біреу(шие, шабдалы) немесе көп. Жемістері сәйкесінше алуан түрлі (құрғақ жемісті, шырынды жемісті, сүйекті-шырынды, тб) .

Бұршақ тұқымдастар - ағаш, шала бұта, бұта тобы . Жалпы 12000 түрі бар, елімізде 650-ге жуығы кездеседі . Жапырақтарында бөбешік жапырақ бар . 5 тостағанша жапырақша, 5 күлте жапырақшадан тұрады . Басым бөлігі бунақденелілер арқылы айқас тозаңданады .
Олардың маңызды ерекшелігі - түйнек бактерияларымен селбеседі .
Өмірдегі маңызы :
Тағамдық ( асбұршақ, соя, жасымық )
Мал азықтық (сары бөрібұршақ, беде, жантақ)
Дәрілік (кассия, жалаң қызыл мия)
Сәндік (қараған ) ; улы (тентекмия)

Кресгүлділер тобы (Cruciferae, или Brassicaceae) . Кресгүлділер
отбасы негізінен Солтүстік жарты шардың экстратроптық
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz