Кейбір түрлерінің бойының биіктігі
Презентация қосу
Магнолиялар
Магнолиялар өткен геологиялық кезеңдерде кең таралған өсімдіктер болған,
олар солтүстікте поляр шеңберіне жақын орналасқан елдерде, тіптен
Шпицберген, Гренландия аралдарында таяу жерлерге дейін, ал оңтүстікте
Австралияға жеткен. Кейіндеу климаттың салқындауына байланысты олардың
ареалының солтүстік бөлігі жойылған, осы тұқымдастың бүтіндей ертеде
пайда болған өсімдіктер екендігін көрсетеді. Қазіргі кездегі түрлерінің ең көп
таралған орталығына Қытайдың оңтүстік Шығысы, Индоқытай, индияның
Солтүстік шығысы жатады. Тұқымдастың тіршілік ету формалары: магнолиялар
өте ірі ағаштар, бұта түрлері де кездеседі. Кейбір түрлерінің бойының биіктігі
35-40 м дейін, мысалы американдық тюльпан ағашының (тюльпанное дерево -
Liriodendron tulipifera) биіктігі – 75 м жетеді, ал діңінің жуандығы 10 м.
Вегетативтік мүшелерінің ерекшеліктері. Магнолиялардың тамыр жүйесі негізінен өте жақсы
жетілген кіндік тамыр, қауырсын жүйкелі жай жапырақтары кезектесіп орналасқан, мәңгі
жасыл, ірі болып келеді. Мыс. Ірі жапырақты магнолияның - (магнолия крупнолистная -
Magnolia macrophylla) жапырағының ұзындығы 1 м., ал ені 40 см.
Генеративтік мүшелерінің ерекшеліктері. Гүлдері үлкен , диаметрі 32 – 46 см. әдетте өсімдіктің
сабағының жоғарғы жағында орналасады, гүл серігі қарапайым немесе қосарланған болып
келеді және шеңбердің бойымен орналасады. Аталықтары мен аналықтары жеке-жеке
тұрады, олардың сан мөлшері ерекше көп және спиральдың бойымен орналасады. Геницейі
апокарпты. Жемістерінің дәні көп жағдайда үлкен болады. Олар таптамалардың
жиынтығынан, сиректеу жаңғақшалардың жиынтығынан тұрады.
Магнолия туысы (магнолия – Маgnolia). Бұл туыста 70-тей түр бар, олардың 20-дайы сәндік
өсімдіктер ретінде Кемпбелла магнолиясы мәдени жағдайда (30 - сурет) өсіріледі. Солтүстік
Америкада (мәңгі жасыл түрлері) және Азияның Оңтүстік шығысында (жапырақты түрлері) кең
таралған ағаш.
Кемпбелла магнолиясы (Magnolia):А-гүл;
Б - гүл (тігінен жасалған кесіндісі); В-аталық; Г- гүлдің диаграммасы; Д- жемісі бар өркен
біріккен таптама; Е- тұқым (тікесінен жасалған кесіндісі).
Магнолиялар тұқымдасы (лат. Magnoliaceae) — гүлді
өсімдіктердің Қосжарнақтылар класының
Магнолиидтер класс тармағының (Magnoliidae)
тұқымдасы.
Магнолиялар тұқымдасы 14 туыс, 240 түрді
біріктіреді. Басым түрде Солтүстік жарты шардың
субтропикалық аудандарына тараған.
Тіршілік формалары – ағаш, көбіне өте ірі, кейде бұталар. Кейбір түрлерінің биіктігі 35-40 м., ал
америкалық жауқазын ағашы (американское тюльпанное дерево) – 75 м. Жапырақтары кезекті, жай,
қауырсын жүйелі, мәңгі жасыл немесе түсетін бөбе жапырақты. Магнолиялардың гүлдері ірі, (ірі
жапырақты магнолияның гүлінің диаметрі 32-46 см жетеді), ашық, ациклді немесе спироциклді,
қосжынысты немесе кей жағдайда біржынысты, энтомофильді, жалғыздан. Магнолиялардың кейбір
азиаттық түрлерінің гүлдері ерте көктемде жапырақ түзгенге дейін ашылады (ақпанда), басқалары
жапырақ түзгенге немесе жапырақ жарғаннан кейін гүлдейді. Ерте гүлдейтін азиат түрлері бақша
өсіретіндерді қызықтырады.
Дегенерия (лат. Degeneria) - монотипті
Дегенерея тұқымдасындағы гүлді өсімдіктер түрі
(лат. Degeneriaceae). Фиджи аралдарында бір
немесе екі түрі жиі кездеседі.
Дегенерия-жіңішке, төмен ағаш.Жапырақтары
қарапайым, тұтас, Гүлдер жалғыз,
жапырақтардың астында орналасқан. Жылтыр
ерекше қоңыздарымен тозаңданады. Жемісі
ұзын, ұзындығы шамамен 5 см, көп
тұқымды.Тұқымдары екіжақты емес екендігімен
ерекшеленеді
• Мускат (лат. Myristicaceae) - планетаның тропикалық аймақтарында таралған
жиырма шақты ұрпақ, ағаштар мен бұталардың бірнеше жүздеген түрлерін
қамтитын Магнолиягүлділер катарына кіретін екібұрышты өсімдіктер
тұқымдасы. Экономикалық тұрғыдан ең танымал және маңызды отбасы өкілі-
мускат жаңғағы. Оның кептірілген тұқымы дәмдеуіш ретінде тамақ дайындауда
кеңінен қолданылады, сонымен қатар медицинада және парфюмерия
саласында қолданылатын эфир майларын алу үшін шикізат ретінде қызмет етеді.
Аннондар (лат. Annona) - Annonaceae тұқымдасына жататын екі жақты гүлді өсімдіктердің кең таралған
түрі.Тұқымның барлық түрлері-ағаштар мен бұталар. Аннондар бірнеше түрі жеуге болатын жемістер
үшін өсіріледі. Бұл тұқымның көптеген түрлерінің әртүрлі бөліктері көптеген ауруларды емдеу үшін
дәстүрлі медицинада қолданылады.
Бұрынғы одақтас республикалардың территориясында табиғи жағдайда
сібір магнолиясы (магнолия сибирская - M.obovata) деп аталатын бір ғана
түрі өседі (курил аралдарында). Мәдени жағдайда ең көп отырғызылатын түріне үлкен гүлді
магнолияны ( магнолия крупноцветковая - M.grandiflora)
жатқызуға болады. Ол Флоридадан шыққан мәңгі жасыл ағаш, гүлі үлкен, түсі балауыз тәрізді
ақ және жұпар иісі болады, парфюмерияда қолданылады. Магнолияның кесілген бөренелері
әртүрлі бұйымдар жасауға қажетті аса құнды материал болып саналады. Американдық
тюльпан ағашының қабығынан, жапырағынан және гүл бүршіктерінен дәрі жасап медицинада
пайдаланады.
Назарларыңызға рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz