Еріген газдар


Slide 1

Су сапасының негізгі көрсеткіштері су және оның ластану себептері

Slide 2

Су сапасының негізгі көрсеткіштері

Әртүрлі көздердің су сапасының көрсеткіштері: физикалық, химиялық, биологиялық және бактериологиялық болып табылады.

1. өлшенген заттардың құрамы (құм, тұнба, планктонның

өлшектері) . Тұнбаның булануынан кейін өлшеніп анықталады (мг/л) ;

2. шартты бірліктерде түстің (бояудың) бағалануы;

3. дәмі және иісі баллмен бағаланады (органолептикалық) .

Физикалық көрсеткіштерге жатады

Slide 3

Химиялық көрсеткіштер шартты түрде бес топқа бөлінеді: негізгі иондар, еріген газдар, биогенді заттар, микроэлементтер және органикалық заттар.

Негізгі иондар. Табиғи суларда кең таралған аниондар: HCO3-, SO2-, Cl-, CO32-, HSiO3-, NO2-, NO3-; катиондар: Na+, K+, Ca2+, Mg2+, Fe2+.

Судың кермектілігін (қаттылығын) еріген кальцийдің және магнийдің тұздары көрсетеді. Кермектілікті карбонатты (СаСО3, MgCO3) және карбонатсыз (CaSO4, MgSO4, CaCl2, MgCl2, Ca(NO3) 2, Mg(NO3) 2) деп ажыратады.

Slide 4

Оттегі судағы фотосинтездің нәтижесінде пайда болады және ауадан келіп түсуімен анықталады. Оттегінің еруі судың температурасына байланысты: температура төмен болған сайын, оттегі аз болады. СО2 суда еріген түрінде де, көмірқышқыл түрінде де кездеседі. Көмірқышқыл газының негізгі көздері заттар ыдырауының биохимиялық процестері болып табылады. Н2S шығу тегі жағынан органикалық (өнімнің ыдырауы) және бейорганикалық (минералды тұздардың ыдырауы) болады. Судағы күкіртсутектің болуынан жағымсыз иіс және металдың коррозиясы пайда болады. Су организмдерінің тіршілігі үшін қажетті биогенді заттар, зат алмасу процесінің (азот пен фосфордың қосылысы) нәтижесінде пайда болады.

Еріген газдар: O2, CO2, H2S және т. б.

Slide 5

- судың құрамында 1 мг/л болатын элементтер. Адам үшін ең маңызды элементтер йод пен фтор болып табылады. Судың қышқылдылығы әдетте табиғи сулар үшін 6, 5 - 8, 5 дейін сутектік көрсеткішпен (рН) анықталады. Суаттағы су рН-ның өзгеруі, әдетте, жаңбырмен шайылып, суатқа ағып түсетін ауаның қышқылды қоспалармен (азот және күкірт оксидтерімен, т. б. ) ластануының нәтижесі болып табылады. Сонымен бірге рН-тың өзгеруі тазарту және нейтрализациялау жолдарын өтпеген, суаттардың өндірістік ақаба суларымен ластануынан пайда болады. Табиғи сулардың қышқылдылығы, сонымен қатар, суат орналасқан орнымен, топырақ сипатымен, су түбінің өзгешелігімен анықталады.

Микроэлементтер

Slide 6

Суда еріген оттегі экологиялық маңызға ие. Гидробионттардың тыныс алуын қамтамасыз ету үшін оттегі жеткілікті болу қажет. Өлі организмдердің ыдырауына, органикалық және басқа қосылыстардың тотықтыру процестеріне қатысатындықтан, суаттардың өздігінен тазалануына қажетті. Ауамен әсерлескенде, оның еру жолымен және су өсімдіктерінің фотосинтезі, физико-химиялық, биохимиялық процестердің нәтижесінде оттегінің суға түсу жолдары байқалады. Табиғи сулардың сапасы, едәуір деңгейде, еріген минералды тұздар концентрациясының еруімен анықталады. Әдетте табиғи суларда кездесетін минералды тұздардың екі үлкен класын бөледі.

Slide 7

Судың физикалық қасиеттерін анықтайтын құрал

Батометр - су немесе ағын тасымалдайтын тасындылардың сынамасын алуға арналған құрал. Батометрдің көмегімен келесі көрсеткіштерді: судың физикалық қасиеттері мен ондағы еріген заттардың құрамын (тұздар мен газдар) ; судағы жүзбе немесе түптік тасындылардың шамасы мен ірілігін; судың санитариялық сапасын анықтау үшін сынама алынады. Құрылымдық ерекшеліктеріне қарай Б. шапшаң және ұзақ мерзімді толтырылатын батометрлер болып екі түрге бөлінеді. Химиялық талдау мақсатында су сынамасын алу үшін "халықаралық үлгідегі" Молчанов батометрі пайдаланылады. Судағы жүзбе заттардың шамасы мен ірілігін анықтау үшін негізінен шөлмек және вакуумдық батометрлер қолданылады.

Slide 8

Су және оның ластану себептері

Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады.

биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар

химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер

физикалық ластану: жылу-қызу, электр-магнитті өріс, радиоактивті заттар

Су айдындарының ластануын былайша топтайды:

Slide 9 Slide 10

Лас суды тазартуға төмендегідей әдістер қолданылады: механикалық, химиялық, физико-химиялық және биологиялық әдістер.

Механикалық әдіс

Механикалық әдістер- ерімеген қалдықтары бар суларды әртүрлі торлардан, сүзгілерден, электрден өткізіп, бір жерге жинап, тұндыру арқылы тазалайды. Бұл әдіс суды ірі дисперсті заттардан тазартудың оңай жолы және тазарту үлгісінің 1-ші сатысы болып табылады.

Механикалық әдіс, лас судың құрамындағы күрделі минералды заттарды, ерітілмейтін қоспаларды ұстау үшін қолданылады. Жалпы механикалық әдіс сирек қолданылады. Өндірістік лас суды тазартуда жеке қолданылуы мүмкін, ал көбінесе басқа әдістердің алдында қолданылады.

Slide 11

Тұндырғыштар

Ағынды судың улылығын азайтуға кеңінен тұндырғыштар немесе тұндырғыш шұңқырлар (алап немесе құйғын) пайдаланылады. Тұндырғыш ғимараттарында ағынды сулардан түпке тұнатын не қалқыма салынды және майлы заттектер гравитациялық жіктеу негізінде бөлінеді.

Бірінші реттік тұндырғыштар ағынды суларды биологиялық тазарту ғимараттарына дейін, екінші реттіктері одан кейін орнатылады.

Slide 12

Биологиялық әдіс


Ұқсас жұмыстар
Судың химиялық құрамын анықтайтын факторлар
Газдардың қанмен тасымалдануы
Идеалды ерітінділер
Өкпенің ауа көлемдері
Ерітінділер. Ерітінді концентрациясын белгілеу тәсілдері. Есептер шығару
Биологиялық жүйедегі осмос қысымының рөлі
Биологиялық жүйедегі осмос қысымының рөлі. Плазмолиз,гемолиз, тургор. Гипо-, изо-, және гипертонды ерітінділер
Еріген зат еріткіш ерітінді
Көмірсутектердің табиғи көздері
Көмірсутектердің табиғи көздері туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz