Өндіріс орындарын сумен камтамасыз ету


Slide 1

Өндіріс орындарын сумен камтамасыз ету

Slide 2

Қазақстанның су артериялары шамамен 85 мың

өзендерден құралған. Ең ірі су көздеріне: Ертіс, Есіл,

Іле, Сырдария, Жайық, Шу, Талас, Асса өзендері

жатады. Қазақстан су ресурстарының жетіспеушілігі

күшті байқалатын елдердің қатарына жатады.

Slide 3

Су ресурстарының құрылымы

Республикамызда 8643 тұрақты және уақытша су ағыстары белгілі. Олардың жалпы ұзындығы 123 мың км. Қазақстанның өзендерінің ерекшелігі олардың біртекті таралуында. Жер бетіндегі су қорына әсіресе, Орталық және Батыс Қазақстан кедей. Республикамыздың бүкіл жазық территориялары сирек

Өзен торымен сипатталады. Шөлейт және шөлді аудардарда

өзендер жоқ деуге болады. Қалың өзен торы таулы және тау етегіндегі аудардарында тузілген.

Slide 4

Сумен қамтамасыз ету

Сумен қамтамасыз ету, сумен жабдықтау- елді мекендерді, өнеркәсіп кәсіпорындарын, көлікті және т. б. сумен қамтамасыз ету жөнінде атқарылатын әртүрлі жұмыстардың жиынтығы.

Сумен қамтамасыз ету міндеттерін жүзеге асыратын инженерлік құрылыстар кешені сумен қамтамасыз ету жүйесі немесе су кұбыры деп аталады. Елді мекендерді сумен қамтамасыз етудің қазіргі кездегі жүйесі талықтандырылған. Олардың әрқайсысы тұтынушылардың үлкен тобын сумен қамтамасыз етеді. Сумен қамтамасыз ету мақсаты үшін жер үсті (өзен, көл, бөген, теңіз) және жер асты сулары пайдаланылады.

Slide 5

Судың сапасына қойылатын талаптар

Судың сапасын бағалау суды пайдалану түрінен қарап жүргізіледі. Тәжірибелік көзқарастан, оларға қойылатын жеке талаптарына сәйкес, суды пайдаланудың келесі түрлерін ажыратады : орталықтанған сумен қамтамасыздандырудағы ауыз суы үшін, орталықтанбаған ( жергілікті ) сумен қамтамасыздандырудағы ( құдықтардың, бұлақтардың ) ауыз суы үшін. Ауыз суда патогенді микроорганизмдер және гельминттер мүлдем болмауы тиісті. Олардың болуы сумен қамтамасыздандыру жүйесінде маңызды ақаулардың барын және ауыз су құбырының канализация коллекторымен немесе өнеркәсптік су жүйесімен тікелей байланысының барын көрсетеді.

Slide 6

Өндірісті сумен қамтамасыз ету

Өндіріс орындары суды тұрмыс қажеттілігіне, өндіріс қажеттілігіне және өртті сөндіру үшін қолданылады. Суды қойманың су жүйелерінен, скважиналардан және құдықтардан алады.

Техникалық талаптарға және жер жағдайларына байланысты сумен қамтамасыз ету системасына төмендегі ғимараттар кіреді:

1) су айдағыштыр;

2) су башнялары;

3) резервуерлер.

Slide 7

Өндіріс канализациясы

Өндіріс канализациясы дегеніміз - ағын суларды жинау үшін, оларды тазалап ағызу үшін қолданылатын ғимараттар кешені.

Ағын сулар 2 топқа бөлінеді:

тұрмыс қажеттілігінен шығатын ағын сулар;

өндіріс қажеттілігінен шығатын ағын сулар.

Жалпы өндірістегі канализация 2 түрге бөлінеді - ішкі және сыртқы канализация болып.

Ішкі канализацияға жататындар: тұрмысқа қажеттілігінен шығатын ағын сулар, ток қоспасы, қоспа, ішке қарай ағатын ағын сулар.

Сыртқы канализацияға жататындар: көшедегі ағын сулар және айдағыш станиядан шығатын ағын сулар.

Slide 8

Аумақтың су ресурстарымен қамтамасыз етілуі

Республиканың жекелеген өңірлері бойынша жерүсті және жерасты су ресурстарымен қамтамасыз етілу жағдайы әртүрлі.

Жерүсті және жерасты суының жеке ресурстарымен Ертіс өзені, Балқаш-Алакөл бассейндері анағұрлым қамтамасыз етілген. Нұра-Сарысу, Есіл, Тобыл-Торғай бассейндерінде жерасты сулары тапшы болып табылады. Есіл, Жайық-Каспий, Арал-Сырдария, Тобыл-Торғай және Нұра-Сарысу бассейндерінің едәуір аумағы жерүсті және жерасты суынан тапшылық көріп жатыр.

Slide 9

Ластануға судың барлық категориялары: мұхит,

континенттік, жер асты, әр түрлі дәрежеде

ұшырайды.

Судың, әсіресе ауыз судың сапасы халықтың

денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың

бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық

сақтау ұйымының мәліметтері бойынша судың

сапасыеың төмен болуы себепті 5 млн. адам (негізі

балалар) өледі де, әр түрлі дәрежеде уланған

немесе ауырған адамдардың саны 500 млн - нан 1

млрд - қа дейін жетеді.

Судың ластану мәселесі

Slide 10

Жайык Каспий бассейні

Жайық-Каспий бассейні бойынша су ресурстарымен қамтамасыз ету көп жағдайда осы көрші елмен трансшекаралық су объектілерін пайдалану мен қорғауда бірлескен іс-қимылды талап етеді. Жалпы, Жайық-Каспий бассейні бойынша Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары аумағында барлығы 172 өзен-көлдер, топтық су құбырлары бар. Каспий теңізінің суын есептемегенде, Жайық-Каспий бассейнінің орташа көп жылдық су қоры 17, 37 км3-ге тең. Алайда, бүгінгі күні аталған су қорының 24 пайызын пайдалануға мүмкіндігіміз бар. Қалғаны санитарлық, экологиялық қажеттіліктерді өтеуге, судың булану, жерге сіңу және реттеуге келмейтін ағымдарға жұмсалады.

Slide 11

Жайық-Каспий бассейнінде

орналасқан елді мекендер мен экономика салаларын сумен қамтудың өз ерекшелігі бар. Мысалы, жан басына шаққандағы орташа жылдық су пайдалану көрсеткіші дамыған елдерде 7100 м3 болса, бұл көрсеткіш Жайық-Каспий бассейнінде тұратын 2, 5 млн. халықтың жан басына шаққанда 1680 текше метрден келеді. Демек, 4, 2 есеге кем. Бұл ең алдымен көптеген елді мекендердің табиғи су көздерінен едәуір қашық жерлерде орналасуымен, су тазарту қондырғылары мен су жеткізу жүйелерінің техникалық жағдайларының нашарлығы және ауыл-село тұрғындарының төлем қабілетінің төмен болуымен түсіндіріледі.

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Агроөнеркәсіп кешені. Агроөнеркәсіп кешеніндегі нарық
Қатынас ыдыстар
Қостанай облысы
Трансшекаралық өзендер
Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығы
Топырақ микрофлорасы және оның топырақ құру процесіндегі рөлі
Өндірістік экология келешегі
Қазақстан Республикасының металлургия кешенінің қазіргі жағдайы
Қайта құрудың әлеуметтік - экономикалық тиімділігі
Азаматтық қорғаудың басқару органдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz