Сатылай кешенді талдау технологиясы



Дамыта оқыту технологиясы
Модульдік оқыту технологиясы
Жобалау технологиясы
Сатылай кешенді талдау технологиясы

Дамыта оқыту - күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады.
Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқыту үрдісі мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып-білу үрдісін ұйымдастыру түрлерінде көрінеді.

Оқушы дамуының негізі-оқу әрекеті. Оқу әрекеті-әрбір сабақтың өзегі. Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар. Дамыта оқытудың В. В. Давыдов жасаған жүйесінің көздеген мақсаттарына жету тек баланың белсенділігіне байланысты. Осыған орай, бұл жүйенің әдіс - тәсілдері де оқушының белсенділігін ұйымдастыруды, талдап, көмектесіп отыруды көздейді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Дамыта оқыту технологиясы негізінде сабақ үш құрамдас бөліктен тұрады:
Оқу мақсаттарының қойылуы
Оны шешудің жолдарын бірлесе қарастыру
Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу
Бұл үшеуі - дамыта оқытудың В. В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Мақсатты шешу іштей талқылау, сонан соң жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы ролінде. Шешім табылған кезде әрбір оқушы оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретеді.

Дамыта оқыту технологиясы-жеке тұлғаны өз бетімен дамыту құралы. Ол баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқыту. Онда мұғалім жай ғана мұғалім емес, танымдық іс әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы, бала интеллектісінің көзін ашуға, шығармашылығын дамытуға, баланы ойлауға үйрететін ерекше күш болып табылады. Мұндай сабақтарды, яғни, баланы ойлауға үйрететін сабақтарды біз дамыта оқыту сабақтары дейміз.
Дамыта оқыту сабақтары арқылы біз оқушының
Сезімін, түйсігін;
Ынтасын, қабылдауын;
Зейінін, есте сақтау қабілетін;
Ой, логика, қиял, болжамын;
Ерік-жігерін;
Оқу іс-әрекетін, дағдысын
Өз бетінше ізденісін, т. б. жеке сапалық қабілеттерін дамыта аламыз.


Педагогикалық процесінің компоненттері
Дәстүрлі иллюстрациялық түсіндірме әдісі
Дамыту оқыту
Мақсаты
Оқушыларда білім, білік, дағды қалыптастыру
Байқампаздығын, ойлауын, практикалық әрекетін дамыту
Бастапқы мазмұны
Факторлар, мысалдар, тақырыптар, дәлелдер
Заңдылықтарды, теорияларды, ұғымдарды, ережелерді қорыту
Оқытудың формалары
Жеке, топтық, фронтальді
Бірлескен ұжымдық іс-әрекет
Оқыту әдістері
Ауызша түсіндіру, көрнекілік, практикалық
Проблемелық баяндау, ізденушілік, зерттеушілік, ойлау
Бақылау, бағалау
Оқытудың нәтижесін мұғалімнің бақылауы, бағалауы
Өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау, рефлекция
Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы

Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті:
Оқу материалдарын оқушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс - әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы өз іс-тәжірибесінде қалай қолданады?
Оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым-қатынасқа дайындау, дара тұлғалық адамгершілік нормаларын меңгерту.
Оқу барысында баланың бойындағы дамытуды қалыптастыруды дағдыға айналдыру.
Оқу мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
Сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
Оқушының сезіміне әсер етіп, логикалық ойын дамыту.
Жалпы оқушының жан дүниесін дамыту.

Жоба - ол баланың мақсатқа жетуде қоршаған ортасын кезеңді процестер мен алдын-ала жоспарланған тәжірибелік іс-әрекет арқылы қабылдайтын педагогикалық әдіс.
Жобалау технологиясы ХІХ ғасырдың ІІ жартысында АҚШ ауылшаруашылығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған - Джон Дьюн атты психолог және педагог, философ. Дьюндің ілімін жалғастырушы - Колумбия университеті жанындағы мұғалімдер колледжінің профессоры Уильям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үнемі өмірге дайындау - бұл технологияның негізі.

Басты Идеясы: Балалардың танымдық қызығушылығын дамыту, өз беттерінше және тәрбиешісі мен ата-анасының көмегі арқылы өз білімдерін дұрыстап ақпараттық кеңістікте жөн таба білу сыни ойлауды дамыту.
Жобалау әдісі - мәселені жете зерттеу арқылы, нақтылы нәтиже бере алатын, рәсімделген дидактикалық мақсатқа жету тәсілі.
Жобалау әдісі - барлық кезде қандай да бір мәселенің шешміні жорамалдайды.
Жобалау әдісі - жеке басқа бағытталған оқыту әдісі.
Мақсаты:
Әр түрлі дерек көздерінен қажетті білімді қз бетімен және шын көңілен қуана алады;
Танымдық және тәжірибелік міндеттерді шешу үшін бар білімін пайдаоануды үйренеді;
Әр түрлі топтармен жұмыс істей отырып, қарым-қатынас дағдыларын меңгереді;
Өзінің зерттеу дағдыларын дамытады (проблеманы коре білу, ақпарат жинау, бақылау, эксперимент жасау, талдау, болжам құру, жинақтау)

Жобалау түрлері
Жобалауда көбіне қолданылатын әдістер:зерттеу, шығармашылық, рөлдік-ойындық, таныстыру-бағыттау, т. б
Жобаны бағыттау: тікелей, жасырын.
Қарым-қатынас: бір мектеп, бір сынып, қала, аймақ, халықаралық оқушылар арасында.
Жобаға қатысушылар саны;
Жоба уақыты: тақырып ауқымына сай.

Жобалау түрлері
Шығармашылық, ойын әдісті жобалар
Зерттеу әдісті жоба
Мұндай жобалар жан-жақты ойластырылған, мақсаты айқын, барлық қатысушылар үшін өзектілігі бірдей, әлеуметтік маңызы бар. Алынатын нәтижені өңдеу, жасалатын тәжірибелер мұқият қарастырылған. Зерттеу қисынында толықтай бағындырылып, нағыз ғылыми зерттеулерге мейлінше жақындастырылған.
Бұл жоба түрінде құрылыс нақтыланбайды, тек жоспарланып, күтілетін нәтиженің жанрфна бағына отырып дамиды. Бұл жағдайда күтілетін нәтижені ұсыну түріне қарай ойластыру керек. (Шығармашылық)
Мұндай жобада құрылым соңында дейін, ашық күйінде қалады. Қатысушылар жоба түрі мен мазмұнына қарай өздеріне әр түрлі рөлдерді таңдап алады. Күтілетін нәтиже жоба басында анықталуы немесе соңында көрінуі мүмкін. Бұл жбада шығармашылық деңгей өте жоғары болады. Дегенмен, әрекет рөлдік, ойындық-шытырмандық болып қала береді.

Модульдік оқыту технологиясы - білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
Ал «модуль» дегеніміз - іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне (жоспарланған алдағы нәтиже) жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының шамасы. Жалпы «модуль» сөзі «оқытудың мазмұны мен технологиясын» білдіреді. «Модуль мазмұны» өзіндік мағына беретін оқу материалының көлемі ретінде ұсынылады.

Модульдік оқыту технологиясының мақсаты:
Оқу үрдісінде оқушының шығармашылығын
дамытуға қолайлы жағдай туғызу,
эстетикалық сезімін, зейінін тәрбиелеу.
1. Жеке тұлғаның қажеттіліктерін
қанағаттандыру;
2. Таным үрдістерін дамыту;
3. Танымдылық қабілеттерін дамыту
4. Сөздік қорын дамыту;
5. Өзара көмек және бірге бастан өткізу;
6. Оқу себептілігінің өзгеруі.
Міндеті:


Кіріспе және қорытынды бөлімге 1-2 сағат мөлшерде уақыт бөлінеді. Кіріспе бөлімде оқушылардың осы модуль бойынша алатын негізгі ұғымға, іс-әрекеттерге айрықша мән беріп, негізі ұғымдардың модуль ішінде алатын орнына көңіл бөлулері керек. Кіріспе бөлім мынандай оқу әрекеттерінен тұрады:
- оқу-проблемалық жағдаятын жасау;
- оқу мақсатын қалыптастыру;
- өзін-өзі бақылау, мүмкіншілігін бағалау арқылы модульдің тақырыптарын меңгеруге дайындау;
- модуль бойынша жұмыстарды жоспарлап, бірге талдау;
Тілді оқытуда сөздікпен жұмыс оқушының тілін байытуда ерекше орын алады. Бұл жұмыс оқушының сөздік қорын молайтып, тілін, ойлау қабілетін дамытады. Сөйлесу сабағы оқушыларды тек қана қазақ тілінде ауызекі сөйлеуге үйретіп қоймайды, оларды ойлау, талдау, сараптау және қорытындылау қабілеттерін жетілдіреді. Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өзінің орындау мүмкіндігіне қарай тандауға еркін. Оқу модулінің сөйлесу бөлімінің тағы бір ерекшелігі бар. Оқытудың белсенді және ойын формаларын кеңінен қолдану оқушылардың оқу материалына бірнеше мәрте қайта-қайта оралып, жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Сөйлесу бөлімі оқушылардың өзін-өзі оқытуына және бірін-бірі оқытуына құрылады

Негізгі бөлімде:
Негізгі бөлімде әр оқушы бір-біріне мәтінді оқып береді, танысады, негізгі ұғымдарды ажыратады. Әр деңгейге қойылған сұрақтарға жұппен бірге отырып жауап береді. Сөздік көмегімен оқу мен қатар аудару жұмысын жасайды. Сонымен осы бөлімде оқушылардың мәтінді қаншалықты түсінгені анықталады. Бірінші, екінші сабақтарда оқушылар жаңа білім алады. Негізгі сұхбат бөлімде модульді әр түрлі бөлімдерге бөліп, саралап, жеңілден күрделіде өту жағы қарастырылады.
Сөйлесу бөлімі
Сөйлесу жаттығуларын, тілдік материалдарын керек кезінде, айтылатын ойға байланысты оқушы орынды қолдана алуын көзднеу керек. Оған: сұраққа дұрыс жауап беру; өзі сұрақ қоя білу; тілдік жаттығуларда меңгерген сөйлем үлгілерін сөйлеуде еркін қолдану; тақырып бойынша мазмұндама, шығарма жазу; сурет арқылы әңгімелеу; оқыған мәтіннің мазмұнын әңгімелету; мақал-мәтелдерді сөйлеуде дұрыс қолдануға жаттықтыру; тақпақ, өлең айтуға, ән салуға үйрету. Кей модульдерде ізденіс, шығармашылық ашатын тапсырмалар ұсыну.

Сабақ өткізу, оқыту барысында өткізілетін ең күрделі жұмыс түрлерінің бірі - сабақта мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру. Мәтінмен жұмыс дегеніміз - сабақта мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру. Мәтінмен жұмыс дегеніміз - сабақта өтілетін әртүрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады. Олар:
1) Дыбыстармен жұмыс;
2) Сөздіктермен жұмыс;
3) Сөздік қорларын жетілдіру;
4) Тіл дамыту;
5) Ережемен жұмыс;
6) Ауызша сөйлей білуге дағдыландыру.
Мәтінмен жұмыс істеу мынадай кезеңдерге бөлінеді:
1) Мәтінді оқығанға дейінгі жұмыс.
2) Мәтінмен жұмыс кезеңі.
3) Мәтінді оқығаннан кейінгі кезең.

1) Мәтін алдындағы жаттығулар мен соған сәйкес жұмыс түрлері мынадай бағытта жүргізіледі: тілдік тұлға мен сөйлем үлгілерін мәтінде танып, айыра білу және әртүрлі құрылымдық материалдарды (сөзжасам элементтері, етістіктің жақ, шақ түрлері, т. б. ) меңгерту.
2) Келесі мәтінмен жұмыс кезеңі. Бұл кезеңде мәтіннің тілдік материалы мен құрылымы орындалады. Мәтін ішінен қажет мәліметті бөліп алу, айыра білуге машықтандыру жаттығуларын әртүрлі тәсілмен орындау. Мәтінмен жұмыс былайша ұйымдастырылады: оқығанның мазмұнын айту, мәтін бойынша сұраққа жауап беру, жоспар жасату, бірнеше бөлімге бөліп оқыту, негізгі жанама ойды таптыру, қорытынды жасату.
3) Шартты түрде алып отырған үшінші кезеңде мәтінді оқып, түсініп, негізгі ойды қазақ тілінде жеткізе білу.
Мәтінді оқығаннан кейінгі жұмыстар:
1) Логикалық сұрақтар;
2) Сөздік жұмыстар;
3) Фонетикалық жаттығулар;
4) Сөйлем құру;
5) Мәтінге жоспар құру;
6) Аударым;
7) Мәтінге ат қою;
8) Диалог, ситуация құру;
9) Мәтіннің мазмұнын жоспар бойынша айту.

Модульдің 3-ші бөлімі қорытынды бақылау бөлімі. Қорытынды бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс. Оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеруге арналған бақылаудың бірнеше түрлері ұйымдастырылады. Олар:

Сатылай кешенді талдау дегеніміз - оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері, өзіндік ерекшелігі бар және оқушыларға білімді ғылыми негізде сатылай, жүйелі, кешенді меңгертіп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалай, қолдана білуге машықтандыратын оқыту. Сатылай кешенді талдау оқушыларға әр пәннің ғылыми мазмұны мен жүйесін, құрылымын терең меңгерте отырып, сөйлеу тілінің байлығын және әдеби тіл нормасын үйретіп, дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдысын қалыптастырады. Сатылай кешенді талдау технологиясының басты қағидаларының бірі - жоғары қиындықта оқыту.
“Сатылай кешенді талдау” технологиясының мақсаты:
Қазақ тілінде ойын еркін жеткізе алатын, өз ана тілінде толық орындай алатын, қазақтың тарихы мен мәдениетін меңгерген жан-жақты білімді ұлттық тұлға қалыптастыру.

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ТАЛДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
Пәндік материалдарды оқушының жас ерекшелігін ескере отырып ғылыми негізде меңгерту.
Сатылай кешенді талдау арқылы әр пәннің теориялық материалдарын тілдік қатынас теориясы (жазылым, айтылым, тыңдалым, сөйлесім) арқылы практикалық тұрғыдан талдап, тұжырым жасап, оны өмірде қолдана білуге машықтандыру.
Әр пәннің табиғатын танытуда оқушының жеке мүмкіндігін ашуға ықпал ету.
Оқушылардың логикалық ойлау жүйесін дамыту мақсатында әртүрлі пәндердің мазмұнына сай түрлі сөзжұмбақтар, танымдық, ұлттық ойындар үлгілерін кеңінен қолдану және ондай ойындарды олардың өзіне құрастырып, жасауына бағыт-бағдар беру.
Кез келген шаршы топта өз көзқарасын дәлелдей отырып, шешен де шебер жеткізе білуге машықтандыру. Сол арқылы әр оқушының өз ана тілін, тарихын, ділін, ұлттық құндылықтарын жете меңгеріп, басқаларға таныта, бағалай білуге баулу.

"Сатылай кешенді талдау "
технологиясының деңгейлері
Бірінші деңгей
Тілдік бірліктерді толық жазылым
бойынша сатылай кешенді талдау.
Екінші деңгей
Тілдік бірліктерді қысқаша жазылым
бойынша талдап, айтылым бойынша
толық ауызша сатылай кешенді талдау.
Үшінші деңгей
Тілдік бірліктерді жазылым бойынша ықшамдау принципімен өрнектеу,
айтылым бойынша ауызша толық
сатылай кешенді талдау.
Төртінші деңгей
Тілдік бірліктерді жазылым бойынша символдар арқылы өрнектеу, айтылым бойынша ауызша толық талдау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz