Ежелгі грек мифтері


Slide 1

Ежелгі грек мифтері. Гректердің құдайлар пантеоны Антикалық теогония. Хаос. Космос. Құдайлардың бірінші ұрпағы. Гея (Жер), Никта, Эреб, Тартар, Эрос, Уран, Понт. Құдайлардың екінші, үшінші және төртінші ұрпақтары.

Slide 2

Хаос грек мифологиясы бойынша бар дүниенің бастауы болып табылады. Бұған қарамастан, Гесиод хаосты көзге көрініп, сезілетін нәрсе деп қарайды. Ол хаосты титандардың өмір сүретін орны дейді де, олай болса ол Жер мен Тартардың ортасында орналасқан қараңғылық болуы мүмкін екенін айтады. Ғалымдар бұл түсінік космологиядағы ең ақылға қонымды деп санайды.

Хаостан ең алғашқы үш Құдай жаратылады: Гея-Жер, Тартар - Жер асты әлемі және Эрос -Махаббат. Гея әлемдегі бар кереметтің анасы болады. Сондай-ақ Хаостан Эреба - Қараңғылық және Никс - Түн дүниеге келеді. Түннің ұрпағы, Хаостың қызы Гемера мен Эфирден Зевстің өзі қорыққан, себебі олардың ұрпақтары зұлымдарды дүниеге әкелген.

Slide 3

Космос (грек тілінен аударғанда космос - «тәртіп», «әлем», «сұлулық», «үйлесім») белгілі бір заңдылық негізінде пайда болған әлем.

Космос эстетикалық тәртіп пен әдеміліктің әлемі. Ол Хаосқа қарсы келбетте жаралған. Космос Хаостан уақыт бойынша да, оның жаралуы үшін біріккен элементтердің құрамы бойынша да екінші аталады. Космос та Хаостан жаралады:қараңғылық жарыққа айналып, бос кеңістік толығып, аморфтілік реттеледі.

Гераклит үшін Космос біркелкі, үйлесімді, иілгіш, керемет, осылайша әртүрліліктен «тамаша үйлесімділік» туады. Платон үшін «Космос-барлық туындаған дүниеден де керемет». Космос шектілік және әділеттілік заңына бағындырылған. Бұл заң Космос физикасы мифологиясының түп тамыры десек те болады.

Slide 4

Гея - жер Құдайы, Жер-Ана, алғашқы Хаостан кейін жаратылған. Жерде өмір сүретін барша нәрсенің анасы есептеледі. Ең бірінші ол жұлдызды аспан - Уранды дүниеге әкеледі, кейін биік таулар мен терең теңіз Понтты жаратады. Уран әлемді билеген кезде Гея оның әйелі атанып, оған 12 ұрпақ сыйлаған. Олар Океан, Кой, Крий, Гиперион, Иапет, Кронос, Тейя, Рея, Мнемосина, Феба, Фемида және Тефида деген титандар еді. Кейін Гея үш біркөзді алыптар - киклоптарды, үш елу басты және жүз қолды алыптар - гекатонхейларды дүниеге әкеледі. Гея өз балаларын Уранға қарағанда шынайы жақсы көреді. Уран құбыжық іспеттес жүз қолды алыптарды ерекше ұнатпай оларды жердің тұңғиығына қамап, жарыққа шығуларына тыйым салады. Гея ана қатты қайғырып титандарды Уранға қарсы шығуға үгіттеп, оны билігінен айырғысы келеді. Бұған титандардың ең кішісі Кронос қана келісім беріп, өзің әлемнің жаңа әміршісі етіп жариялайды.

Slide 5

Уранның қанынан Гея титандарға ұқсас, тіпті олардан да күшті алыптарды дүниеге әкеледі. Кейін, Зевс өз әкесін тақтан тайдырған кезде Гея гиганттарды билікті күштеп басып алушы узурпаторға қарсы шығуға шақырады. Атақты Флегрей алаңындағы соғыс орын алады. Соғыста алыптар жеңіліп, Тартарға қамалады. Сол кезде Гея Зевсты жеңеді деген үмітпен Тартардан өте қорқынышты құбыжық Тифонды дүниеге әкеледі. Тифон жүздеген аждаһабасты құбыжық. Алайда Зевс Тифонды да жеңіп шығып, найзағай арқылы оны Тартарға қаматады.

Кейбір аңыз- деректер бойынша Гея Уранның қанынан сондай-ақ кек құдайлары Эринилерді дүниеге әкеледі. Басқа нұсқаларда олар Геяның мәңгі қараңғылық құдайы Эребпен байланысынан дүниеге келген деп көрсетіледі. Бұдан бөлек Гея теңіз бен теңіз тұңғиығының құдайы Посейдонға Нерей, Тавманта, Форикс есімді ұлдар мен Кето және Эврибия есімді қыздарды дүниеге әкеледі.

Slide 6

Никта - Хаостың қызы, түн Құдайы, рим мифологиясында ол Нокс деп аталған. Никта аңыздарға өзінің ұрпақтарының арқасында енген. Оның мәңгі қараңғылық құдайы Эребпен некесінен Эфир-мәңгі жарық және Гемера-ашық күн құдайлары дүниеге келеді. Тұңғиық құдайы Тартардан Никта Танатоса-өлім және Гипноса - ұйқыны дүниеге әкеледі. Кейін Никта Эребтен өлген адамдарды о дүниеге жеткізуші Харонды дүниеге әкеледі.

Бұдан бөлек, Никта өзінен өтірік Құдайы Апатаны және зорлықпен болатын өлім құдайлары Керді жаратады. Никта өзінің ұрпақатрына қарағанда адамдарға жақсы көзқараста болған:ол адамдарға тыныштық беріп, ойды тазалаған. Никта туралы бүлікші алыптарға қарсы олимпия құдайларының жағында соғысқаны белгілі.

Slide 7

Гесиодтың теориясы бойынша Эребус Никта секілді Хаостың ұрпақтары болып есептеледі. Өзінің әпкесімен некелескен Эребустың бірнеше ұрпағы болған.

Платон Эребті тамұқтың ең қараңғы бөлігі деп есептеген. Ол жерде мәңгі ретсіз түн билейді. Эребус абсолютті қараңғылықты тудырып, көлеңкелерді өзгерте алатын болған. Кейбір аңыздарға сәйкес Эребус екі бөлікке бөлінген:Элизий(жұмақ) және Тартар(Аид патшалығының өте терең тұңғиығы) .

Slide 8

Ежелгі грек мифологиясында Тартар Құдайдың есімі болса, сондай-ақ өте қараңғы жер. Тартар ең алғашқы Құдайлардың бірі, ол олимпия құдайларынан бұрын дүниеге келген. Алғашында Тартар Олимп құдайларына қатер төндіргендер түрмесі саналған ұлы тұңғиық деп таныстырылса, кейін ол өлілер әлемінің ең ауыр қылмыс жасағандар баратын мекен ретінде көрсетіледі.

«Гесиод» теогониясында Тартар Әлемнің жаратылысы, Геяға қарама-қарсы. Тартар басқа жаратылыстар секілді құдай деп танылмаған. Жер, мекен ретінде Тартар аударылған күмбез секілді. Гректер космосты жұмыртқа тәріздес сфера формасында елестеткен. Бұл сфера тегіс жасыл диск арқылы екіге бөлінген. Сфераның жоғарғы бөлігі күмбез қалыпына еніп, ал төменгі бөлігі тұңғиық Тартарға айналған.

Slide 9

Эрот, Эрос немесе Амур - махаббат Құдайы. Аңызға сәйкес ол мәңгі қараңғылық Эреб пен түн құдайы Никтаның некесінен дүниеге келген. Осы себептен оны Хаосты көрген жаратылыс деп атайды. Уран мен Геяның бір болуына себепкер Эрос болатын.

Уақыт өте келе гректер Эростың өмірге келуі туралы өзге аңыздарды тарата бастады. Ол аңыз бойынша Эростың ата-анасы Олимптың ең мықты тұрғындары Афродита мен Арес еді. Зевс Эроттан қауіптеніп, оны сәби кезінде өлтіруді бұйырған. Алайда махаббат пен сұлулық құдайы әкесінің бұл шешіміне келісе алмай сәбиді қасиетті орманға жібереді. Ол жерде сәбиді екі арыстан қорғап, тамақтандырған деседі.

Гректердің махаббат құдайы Эрот- өте сұлу, денелі жасөспірім болған. Эллиндер оның анасы Афродита болғандықтан ол әлемдегі ең сұлу келбеттің иегері деп санаған. Эроттың келбеті римнің махаббат құдайы кейінірек Купидон атанған Амурдың прототипіне айналды.

Эрот қасиетті махаббат садағының иегері болған. Гректер садақтың таза алтыннан жасалғанына сеніп, оның жалт-жұлт еткен әсемдігі кез-келген жанды, тіпті құдайлардың өзін баурап алады деп ойлаған.

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
Эгей мәдениеті
Мифологияның түрлері
Мәдениеттің белгілер әлемі типологиясы
ЕЖЕЛГІ ГРЕК МИФОЛОГИЯС
ДІН ТАРИХЫ ДІН
Зевстің екінші әйелі
Қисса - сул әнбия қиссасы
Антикалық мәдениет
Гомер дәуірінің мәдениеті
Грек рим күресі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz