Қалқанша бездің құрылысы




Презентация қосу
«Семей» Медициналық колледж
мекемесі

Қалқанша
безі
Орындаған:Сабажан.Ж.
Қ
Қабылдаған:Данабеков.
Б .Д
Тобы2леч1к
Жоспары:

1 Кіріспе

2 Топографиясы

3 Құрылысы мен қызметі

4 Өлшемі,салмағы

5 Аурудың белгілері
• Қалқанша без (glandula thyroidea, лат.
glandula - без, гр. thyreos —қалқан) -
шеткі ішкі секреция безі. Қалқанша без
сырты дәнекер ұлпалық қапшықпен
қапталған. Қапшықтан қалқанша без
ішіне таралатын дәнекер ұлпалы
перделіктер без паренхимасын
бөлікшелерге бөледі. Бөлікшелер
көптеген көпіршіктерден
(фолликулдардан) тұрады. Фолликул
қуысын құрамында күрделі протеин —
тироглобулин болатын қоймалжың зат
— коллоид толтырып тұрады. Фолликул
қабырғасын екі түрлі клеткалар
құрайды. Тироциттер және
парафолликулалы немесе К-жасушалар.
Тироциттер ұлпалардың дамуына,
өсуіне, протеиндердің, көмірсулардың,
майлардың, йодтың алмасуына әсер
ететін, құрамында йод болатын
тироксин және трийодтиронин
гормондарын бөліп шығарады. Азық
Қалқанша бездің құрылысы
мен қызметі
Қалқанша бездің құрылысы
• Қалқанша без барлық омыртқалы жануарларда
болатын ішкі секреция бездерінің ішіндегі ең
ірісі. Қалқанша без көмекейдің алдыңғы
жағына орналаскан. Ересек адамдарда оның
салмағы шамамен 30-60 г, пішіні таға тәрізді,
бірімен-бірі өзара байланысқан екі бөліктен
тұрады. Қалқанша безде іші шырышты затқа
толы қуыстар бар. Шырышты заттан тироксин
гормоны бөлінеді, ал оның құрамында йод
болады. 50 жастан әрі қарай калқанша бездің
салмағы мен мөлшері кішірейеді. Жаңа туған
баланың қалқанша безінің салмағы 1-2 г.
• Қалқанша без
мойынының
алдыңғы
аймағында
орналасады,
кейбір
жағдайларда төс
артына
(ретростернальді)
локализациясы
байқалады
Скелетотопиясы
• Қалқанша без ІҮ-ҮІ мойын
омыртқаларының деңгейінде
орналасқан
• Оң және сол жақ үлестері жоғары
жағында қалқанша шеміршегінің
жоғарғы жиегіне дейін жетеді,
төменгі ұшы кеңірдектің 5-6
жартылай сақиналы шеміршегінің
тұсында орналасады
• Қылтасы кеңірдектің бастапқы екі
жартылай сақиналы
шеміршектерінің алдында немесе
жүзік тәрізді шеміршектің
доғасының деңгейінде
орналасқан
Синтопиясы
• Қалқанша бездіің алдында тіласты
сүйегінен төмен орналасқан
бұлшықеттер
• Қалқанша без мойынның ІІ-ІҮ
фасцияларымен жабылған
• Үлестерге медиальді жағында
қалқанша тәрізді шеміршек және
кеңірдектің жоғарғы жартылай 5-6
сақиналары жанасып орналасқан
• Үлестерге артқы жағымен
жұтқыншаққа жанасқан
• Өңеш пен кеңірдек арасындағы
жүлгеде көмейдің қайырылма нерві
орналасқан
Қызметі
1) тироксин гормоны
барлық зат алмасуға
(нәруыз бен май) қатысады;
2) ағзаның өсуі мен
дамуына әсер етеді;
3) жүйке жүйесі мен жүрек
жұмысының қозуын
арттырады. Қалқанша
бездің қызметі бұзылғанда
пайда болатын ауытқулар.
Қалқанша безден бөлінетін
гормондар жетіспесе, адам
микседема (грекше «myxa»
- шырыш және «oidema» -
ісіну) ауруына шалдығады.
Аурудың
белгілері:
1) ағзада зат алмасу 30-40%-ға дейін
бәсеңдейді, әсіресе нәруыз алмасуы
бұзылады;
2) терінің астына су жиналады, тері
құрғап, дене ісінеді;
3) дене температурасы төмендейді;
4) жүрек соғысы баяулайды;
5) қозғалысы бәсеңдеп, ойлау қабілеті
нашарлайды; шашы түсіп, сирейді.
Ауруды тироксин гормонымен
емдейді. Тироксин гормонының
синтезделуі ағзада йодтың болуына
байланысты. Адам йодты, йодты
калий, йодты натрий түрінде
тағаммен қабылдайды. Адам
денесінде 30-50 мг йод болса, соның,
шамамен 15 мг қалқанша безде
Егер ішетін су мен тағамда йод жетіспесе, адам
іспебұғақ (эндемиялык зоб) ауруымен ауырады (18, ә-
сурет). Мұндай ауру әсіресе топырақ пен судың
құрамыңда йодтың аз болуынан пайда болады. Тәулігіне
адамның қабылдайтын йод мөлшері 0,15-0,20 мг болуы
керек.
Аурудың белгісі. Қалканша бездің ұлпалары өсіп,
ұлғайып, салмағы 1 кг-ға дейін жетеді, сон-дыктан оны
алкым ісуі дейді. Бұл ауруды емдеу және болдырмау
үшін ас тұзына йод (100 кг ас тұзына 2,5 г йодты калий
тұзы) қосады. Балабакша мен мектептерде балаларға
дәрі береді. Дәрінің бір түйірінің құрамында 1 мг йодты
калий бар.
Жас балаларда қалканша бездің гормоны жетіспесе,
бойы әспей, жыныстық жетілуі тоқталады. Ми сыңарлары
қыртысьшың жұмысы бұзылып, ақылесі кем болады.
Мұндай ауруды кретинизм (фр. «сrtinismе» - жарымес)
дейді. Ауру асқынбаса, емдеп жазуға болады.
Қалқанша безден гормон көп бөлінсе, денеде зат
алмасу күшейеді; жүрек соғуы жиілейді; қан
қысымы көтеріліп, жүйке жүйесінің қозуы артады;
тамақты көп ішкенмен салмақ қоспай, керісінше
арықтайды. Тез ашуланады және терлегіш
болады. Көздері бадырайьш, шарасынаналға
қарай шығып тұрады. Мұндай ауруды бадырақ көз
немесе базедов ауруы дейді. Бұл ауруды неміс
дөрігері К. А. Базедов сипаттап жазған.

Ауруды емдеп жазу үшін қалқанша бездің кішкене
бөлігін кесіп алып тастайды. Жеке жасушаларын
жою үшін рентген сәулесімен де емдейді
Назарларыңызғ
а рахмет

Ұқсас жұмыстар
Айырша без
Тироксин гормоны және қалқанша безі қызметінің бұзылуы
Тироксин - зат алмасу реакциясын реттейтін гормон түрі
Аналық безінің ісіктері
Қалқанша безі
Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі
Диффузды эндокриндік жүйе
Эндокринді бездер және түрлері
Ұйқы безі бездері
Қалқанша маңы бездері
Пәндер