Асқазан сөлінің патологиялық құрамдас бөліктер



ТАҚЫРЫБЫ: “Асқазан сөлінің патологиялық құрамдас бөліктер”
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ҚАЗАҚ-РЕСЕЙ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Орындаған: Балмуханова Ж.
Тексерген: Байбулова М.
Топ: 204 А ЖМ

ЖОСПАР:
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
2. 1. Асқазан дамуы және құрылысы
2. 2. Асқазан сөлінің паталогиялық құрамдас бөліктері
3. Қорытынды

АСҚАЗАН.
Асқазан организмде бірқатар маңызды қызметтерді атқарады. Олардың ішіндегі ең негізгісі - секреторлық қызмет. Бұл - бездердің асқазан сөлін бөліп шығаруынан көрінеді. Оның құрамына пепсин, химозин, липаза ферменттері, сондай-ақ тұз қышқылы мен шырыш жатады.

ДАМУЫ.
Асқазан, құрсақ ішілік дамудың 4-ші аптасында пайда болады. Ал екінші айдың кезінде оның барлық негізгі бөлімдері қалыптасады. Асқазанның бірқабатты призмалық эпителийі ішек түтігінің энтодермасынан жетіледі. Асқазан шұқырлары ұрықтың дамуының 6-10-шы аптасынды түзіледі, ал бездер асқазан шұңқырларының табанында бүршіктер түрінде пайда болады, қарқынды өсе келіп, одан әрі шырышты қабықшаның меншікті табақшасында орналасады. Ең әуелі оларда - париетальдық жасушалар, одан соң - басты және шырышты жасушалар қалыптасады. Дәл осы кезде (6-7 апта) мезенхимадан алдымен - бұлшық етті қабықшаның айналмалы қабаты, содан кейін - шырышты қабықшаның бұлшық ет табақшасы дамып шығады. 13-14 аптада бұлшық етті қабықшаның сыртқы бойлай және сәл кейінірек ішкі қиғаш қабаты түзіледі.

Құрылысы.

құрылымы.


Асқазанның қабырғасы шырышты қабықшадан, шырыш асты негізден, бұлшық етті және сірі қабықшадан тұрады. Асқазанның шырышты қабықшасының беті онда үш түрлі түзілім: қатпарлардың, алаңдардың және шұңқыршалардың болуының салдарынан тегіс емес. Асқазан қатпарлары шырышты қабықшадан және шырыш асты негізден құралады. Асқазан алаңдары шырышты қабықшаның өзара атыздар (жыралар) арқылы бөлектенген аймақтары болып келеді. Асқазан мен шұңқыршалардың шырышты қабықшасының бетін жауып тұрған эпителий - бір қабатты призмалық. Бұл эпителийдің өзгешелігі - оның бездік сипатында, асқазанның барлық үстіңгі эпителиоциттері үнемі мукоидты (шырыш тәрізді) секрет бөледі. Ол ас түйіршіктерінің механикалық әсерінен ғана емес, сонымен бірге асқазан сөлінің химиялық ықпалынан қорғайды.

Шырышты қабықшаның меншікті табақшасында араларында борпылдақ талшықты дәнекер ұлпаның жұқа қабатшалары жатқан асқазан бездері орналасқан. Онда әрқашан азды - көпті мөлшерде диффуздық инфильтраттар түріндегі немесе, көбінесе асқазанның ұлтабарға өтер тұсында орналасатын, солитарлық (жекелеген) лимфа түйіндері түріндегі лимфа элементтерінің шоғырлары бар.
Шырышты қабықшаның бұлшық етті табақшасы жазық бұлшықет ұлпасынан түзілген үш: ішкі және сыртқы айналмалы және ортаңғы бойлық қабаттан тұрады. Асқазан бездерінің үш түрін ажыратады, олар: меншікті, пилорикалық және кардиальдық бездер. Саны жағынан асқазанның меншікті бездері көп. Олар асқазанның денесі мен түбінде орналасады (фундальдық) . Кардиальдық және пилорикалық бездер асқазанның сол аттас бөліктерінде орналасқан.

Асқазанның шырыш асты негізі құрамында эластиқалық талшықтардың көп мөлшері бар, борпылдақ пішінделмеген дәнекер ұлпадан тұрады. Онда артерия және вена өнімдері, лимфа тамырларының торы шырыш асты нерв өрімі орналасқан.
Асқазанның бұлшықетті қабықшасы оның түбінде нашар жетіліп, денесінде жақсы білінеді де, кіре берісінде ең жоғарғы даму шегіне жетеді. Бұлшық етті қабықшада жазық (тегіс) бұлшықет жасушаларынан түзілген үш қабатты ажыратады. Бұлшық етті қабықшаның қабаттары арасында бұлшық ет аралық нерв өрімі және лимфа тамырларының шоғыры қоныстанады.
Асқазанның сірі қабықшасы оның қабырғасының сыртқы бөлігін құрайды

Асқазан сөлінің негізгі ферменттері
Пепсин
Химозин
Жұмыртқа және ет құрамындағы нәруызды оңай, ал сіңір және шеміршек нәруыздарын өте баяу ыдыратады.
Химозин немесе ұлтабар ферменті асқазанда сүтті ірітеді. Химозин баланың асқазан сөлінде болады.
Олар нәруыз молекулаларын аминқышқылдарына дейін ыдыратады.

Асқазан сөлі ферменттері белсенді әсер ету үшін
Температурасы 37 С болуы
Тұз қышқылы беретін қышқыл орта қажет
Асқазан сөлінің құрамындағы тұз қышқылы тағаммен түсетін микробтарды өлтіреді әрі талшықты асты жұмсартады.
Қышқыл асқазан сөлін тек тамақ ішкен кезде асқазан бездері бөледі.


Шартты рефлекс байланысты сөл
Тамақ ішуден біраз уақыт бұрын бөліне бастайды.
Тәбет ашатын сөл
Тәбет ашатын сөл асқазанды тамақ қорытуға алдын ала дайындайды және оның қалыпты жұмысының маңызды шарты болып табылады.

Күрделі рефлекстік кезең
Тамақ ішу кезінде сөл бөліну асқазан секрециясының күрделі рефлекстік кезеңін құрайды. Осы кезеңде асқазан сөлі шартсыз және шартты рефлекстер жиынтығына бөлінеді.

Нейрогуморальдық сөл бөліну
Асқазанның сілемейлі қабығының механикалық тітіркенуі, сондай-ақ асқазаннан қанға сіңірілетін химиялық заттар есебінен асқазан сөлінің бөлінуі секрецияның нейрогуморальдық кезеңін құрайды.
Гастрин гормоны түзіледі. Ол қанға сіңіп, қарын бездерінің секрециясын күшейтеді
Сілемейлі қабық көптеген қатпар түзеді. Әрбір мм2-нде, шамамен, 100 қарын безі орналасады.

Сілекейдің құрамындағы фермент
Амилаза
Лизоцим
Көмірсуларды ыдырататын фермент
Сілекейдің құрамында бактерияларды жояды.

Асқазан сөлінің бұзылу түрлері және көріністері
Пайда болу тетіктері
Гиперсекреция
Асқазан, ішек ауруларының дамуында маңызы жоғары (ойық жара ауруы, шырышты қабықтың жалағы, гипертрофиялық гастрит ж. Көпт. Б. ) .
Төс астында жиі ауыру сезімімен, жүрек айну, қайталанған құсу, асқазаннан ішекке тағамның өтуі баяулауымен көрінеді, сөйтіп ішектік асқорытудың бұзылуын туындатады.
Іргелік немесе энтерохромафиндік жасушалар массасының, тұқым қуалайтын, ұлғаюында.
Кезбе жүйкесі межеқуаты жоғарылағанда.
Асқазанның шыға беріс бөлігінің созылуында (босатылуының бұзылуы) .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz