Арнайы психологияның зерттеу пәні


Slide 1

Тақырыбы: “Арнайы психологияның зерттеу пәні”

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Slide 2

Жоспар:

1. Кіріспе бөлім

2. Негізгі бөлім

2. 1. Арнайы психология пәні

2. 2 Кемістік және оның орнын толтыру (компенсация) .

2. 3. А. Адлердің компенсация теориясы

3. Қорытынды бөлім

Slide 3

Арнайы психология - психикалық және дене бітімі жағынан кемістіктері бар ересек адамдар мен балалардың психикалық даму заңдылықтарын және психикалық қызметтерінің өзіндік ерекшеліктерін зерттейтін психология ғылымының дербес саласы.

Slide 4

Арнайы психологияның жеке бағыттары: кемақылдар психологиясы (олигофренопсихология), саңыраулар мен нашар еститіндер психологиясы (сурдопсихология), соқырлар мен нашар көретіндер психологиясы (тифлопсихология), психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалар психологиясы, логопсихология, мінез-құлқы бұзылған балалар психологиясы, қимыл-тірек аппараты зақымданған (ТҚАЗ) балалар психологиясы, ерте жастағы балалар аутизмі бар (ЕЖБА) балалар психологиясы, күрделі даму бұзылуы бар балалар психологиясы. Арнайы психология пәні ерекше оқытуды қажет ететін балалардың психикалық дамуы болып табылады.

Slide 5 Slide 6

Дамуында бұзылуы бар балалар - бұл әр түрлі немесе бірнеше анализаторлардың (көру, есту, қимыл-қозғалыс, сөйлеу) қызметіндегі бұзылулар салдарынан, сондай-ақ, ОЖЖ органикалық зақымдануы салдарынан психикалық және дене бітімдік дамуында тежелуі (бұрмалануы) бар балалар. Термин психологиялық - педагогикалық әдебиетте арнайы білім беруді қажет ететін балалар категориясын ажырату үшін қолданылады.

Slide 7

Денсаулық мүмкіндігі

шектеулі балалар -

бұл дамуындағы кемістіктер әлеуметтік жеңілдіктер мен жәрдемақы алуға мүмкіндік беретін, яғни бинефицитарлық статусқа ие балалар. Дәстүрлі терминологияда бұл балаларды мүгедек балалар деп атайды.

Slide 8

Білім алу қажеттілігі ерекше балалар - бұл білім беруде арнайы коррекциялық көмекті қажет ететін балалар. Арнайы білім беру жағдайы тек қана арнайы мекемелерде ғана емес, жалпы білім беретін мектептер мен балабақшаларда да болуы мүмкін.

Slide 9 Slide 10

Дамудың алғашқы және туынды кемістігі туралы ұғымды Л. С. Выготский енгізді. Алғашқы кемістіктер қандай да бір биологиялық жүйенің (анализаторлар, ми бөліктері) патогендік факторлардың әсерінен органикалық зақымдануы мен жетілмеуі нәтижесінде пайда болады. Туынды кемістіктер - бірінші кемістіктерден туындамайтын, бірақ солардың негізінде қалыптасатын (саңыраулардың сөйлеу тілінің бұзылуы, соқырлардың қабылдау және кеңістікті бағдарлау қабілетінің бұзылуы, т. б. ) психикалық жетілмеу және әлеуметтік мінез-құлықтың бұзылуы тәрізді сипатқа ие. Кемістік биологиялық негізден қаншалықты алыс болса, соншалықты психологиялық - педагогикалық коррекцияға оңай көнеді. «Элементарлық функциялармен салыстырғанда жоғары функциялар анағұрлым тәрбиеге көнгіш болады».

Slide 11

Даму процесінде бірінші және екінші кемістіктер арасындағы, биологиялық және әлеуметтік шартты бұзылулар арасындағы қатынастар өзгереді. Егер оқыту мен тәрбиелеудегі негізгі кедергі органикалық кемістік болса, яғни, туынды кемістік бағыты «төменнен жоғары» болған жағдайда дер кезінде коррекциялық - педагогикалық жұмыстар басталмаса, екінші кезекте пайда болған психикалық жетілмеулер мен жеке тұлғалық қалыптың бұзылуы баланың әлеуметтік ортаға деген, өзіне деген кері, жағымсыз көзқарасының қалыптасуында жетекші орын алады. Психологиялық қиын мәселелер шеңберін кеңейте отырып, туынды кемістік барлық элементарлық психикалық функцияларға өзінің кері ықпалын жасай бастайды, патогендік әсерлер «жоғарыдан төмен» қарай бағытталады.

Slide 12 Slide 13

А. Адлерден кейін Л. С. Выготский де функционалдық позициядан алғанда қандай да бір органикалық кемістік баланың кеміс екендігіне дәлел еместігіне назар аударады. Кемістіктің әсері ылғи да екі жақты: бір жағынан, ол ағзаның қалыпты әрекетін қиындатады, екінші жағынан - кемістіктің орнын толтыратын басқа функциялардың қарқынды жетілуіне жағдай жасайды.

Slide 14

Психикалық функциялардың кемшілігі мен зақымдануларын компенсациялау тек жанама жолмен жүзеге асырылады. Жанама жолға жататындар - жүйе ішілік қайта құрулар (жойылған функциялардың сау компоненттерін пайдалану) немесе жүйе аралық, мысалы, соқырлардың оптикалық заңдылықтарды меңгере алмауы сипап сезумен компенсацияланады (Брайль шрифті) .

Slide 15

Л. С. Выготский баланың мәдени дамуының жанама жолынан емдік педагогиканың негізін көреді: «Кеміс баланың өзіндік дұрыс келбеті оның қандай да бір функциясының жоғалуынан қалыптаспайды, сол жоғалған функцияның бала дамуында жаңа бір құрылымдарды туғызатындығынан, яғни, жеке тұлғаның өз кемістігіне деген реакциясы мен даму процесіндегі компенсациясы».

Slide 16

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
ПСИХОЛОГИЯНЫҢ МІНДЕТТЕРІ
Қолданбалы психология
ПСИХОЛОГИЯ пәні
Арнайы психологияның дамуы
ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ӘДІСТЕРІ
Педагогикалық психология
Кәсіби таңдау мен кәсіби бағытталудағы психодиагностика
Педагогикалық психологиялық жалпы ғылымы
ХХ ғасырдағы бихевиоризм мен гештальт психология (толықтырылған)
Медициналық психология
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz