Жыныс мүшесі




Презентация қосу
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ
ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ПРЕДПРИЯТИЯ НА ПРАВЕХОЗЯЙСТВЕННОЕ
ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ ВЕДЕНИЕ «ВЫСШИЙ
“ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНА МЕДИЦИНСКИЙ КОЛЛЕДЖ»
КОЛЛЕДЖІ” МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ УПРАВЛЕНИЯ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ
КӘСІПОРНЫ ГОРОДА ШЫМКЕНТА

Ерлер сыртқы жыныс мүшелері
құрылысы,орналасуы
Тақырыбы:

Орындаған:Мамыр Гүлмира
Қабылдаған:Абдуллаева Гульдана
МБ 20 “Е” тобы
Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
Еркек жыныс мүшесі
Ұма
Үрпі
Ұрық бауы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Бүйректер

Несеп ағарлар

Шәует қуықшасы Несеп қуығы

Жыныс мүшесі
Шәует шығаратын
түтіктер
Қуық асты безі

Купер бездері
Атабез қосалқысы

Атабез
Ұрпақ жаңғырту
Ұрпақ жаңғырту (көбею) - барлық тірі ағзаға тән қасиет.
Көбею - түрдің тіршілігін жалғастырып сақтап қалуды
қамтамасыз ететін физиологиялық үдерістердің жиынтығы.
Басқа тірі ағзалар сияқты адам да жынысты жолмен
көбейеді. Жыныс жасушаларының түзілуі ағзада болатын
физиологиялық өзгерістерге байланысты. Жыныстық
мүшелер жүйесін аталық және аналық жыныс
мүшелері деп 2 топка бөледі. Олардың жыныс бездерінен
жынысжасушалары түзіледі. Аталық және аналық жыныс
жасушаларының қосылуынан дүниеге жаңа ұрпақ келеді.
Жыныс бездері аралас бездерге жатады.
Жыныстық мүше, пенис (лат. pénis,
көне грекше: πέος және φάλλος — еркектің
зәр шығару және жыныстық жүйесінің
сыртқы мүшелерінің бірі, яғни бір уақытта
зәр шығару жүйесіне де, көбею жүйесіне
де тиесілі. Зәр шығару,жыныстық
қатынасқа түсу және ұрық шашу қызметін
атқарады.
Несеп қуығы
Қуық асты безі
Шат симфизі

Тік ішек

Қойнаулы денесі

Купер безі

Несеп шығаратын
Денесі өзектің сыртқы тесігі

Күпек басының
Түбірі жүгеншесі
Басы Ұма Мойны

Басы
Тәжі
Кеуекті денелері

Несеп шығаратын өзек
Күпек басы
Жыныс мүшесі

Еркектің сыртқы жыныс мүшелері
Аталық жыныс мүшелері

Аталық жыныс мүшелерін сыртқы және
ішкі мүшелер деп 2 топка бөледі. Сыртқы
аталық мушелеріне - ұма және жыныстық
мүше жатады. Ішкі аталық жыныс
мушелеріне аталық бездер, оның қосалқы
бөлімдері (ұрықшығарушы өзекшелер,
ұрықтық көпіршіктер, сыңар қуықасты безі)
жатады. Аталық без (ен) екеу, мөлшері 4-6
см, салмағы 15-30 г.
Ұма (енқалтасы)—өзара қатынаспайтын, ортасы
пердемен бөлінген бұлшықетті тері қалта тәрізді
мүше. Ұма еркек жыныс мүшесінің түбінде төмен
салбырап орналасады. Ұманың қабырғасы жеті
қабаттан түзіледі, олар: тері, бұлшықет қабаты,
ұрықтың сыртқы шандыр қабаты, енді көтеретін
бұлшықет, енді көтеретін бұлшық-еттің шандыр
қабығы, ұрықтыц ішкі шандыр қабығы және еннің
қынап қабаты болып саналады. Бұлшықет
қабатынан пайда болған ұма пердесі ұмадағы екі
енді екіге бөліп тұрады.
Ұма

Ұма (мошонка, енек); (лат. scrotum — ұма) —
енқаптың сыртқы етті-терілі қабығы. Ол теріден
және ет-серпімді қабықтан тұрады. Ұманың ішкі
ет-серпімді қабығы беткей шандырдан, терінің
шел қабатынан және бірыңғай салалы ет
ұлпасынан түзілген. Ет-серпімді қабықтың пердесі
ұманың қуысын екіге бөледі. Ұманың қуысында ен
және ен қосымшасы орналасады. Оның терісінде
тер мен май бездері болады.[1]
Тері

Бұлшықетті қабық

Ұманыңжеті қабаты
Сыртқы шәует шандыры

Атабезді көтеруші бұлшықет
пен шандыры

Ішкі шәует шандыры

Атабездің қынапты қабығы

Ата без қосалқысы

Ата без

Ұма қабықтары
Еркектің жыныс мүшесі.
Еркектің (аталық) жыныс мүшесі зәрді қуықтан сыртқа
шығару және аталық ұрықты аналық жыныс жолына енгізу
қызметін атқарады. Бұл мүше жұмырланып, үш үңгір және
қуысты денелерден тұрады. Оның екеуі—үңгірі дене және
сыңары — кеуекті дене. Екі үңгірлі дене де жұмыр денелі,
ал ұштары сүйір болып келеді. Қасаға сүйегіне тірелетін
ұштары екі жаққа ажырап, аша түзеді. Бұл екі денені ақ
қабық орайды. Екі дененің аралығындағы үстіңгі сайда
мүшенің арқа венасы, ал астыңғы сайда кеуекті дене
орналасады. Ерекше жуанданып, еркек жыныс мүшесінің
басын түзеді. Бұл дене де сырт жағынан ақ қабықпен
оралады.
Еркек жыныс мүшесінің қасаға сүйегіне тірелген жағы —
түбірі, алдыңғы жуан бөлігі — басы, ортаңғы бөлігі —
денесі, үстіңгі жағы — арқасы, басынан кейінгі жіңішкелеу
жері — мойын, ал басының айналасындағы кенересі —
кенере деп аталады. Жыныс мүшенің басында зәр және
шәует шығатын түтіктің тік саңылаулы тесігі болады.
Еркек жыныс мүшесінің терісі өте жұқа болады және
мүшенің басындағы кенерені жауып тұрады. Мұны күпек
деп айтады, күпектің денесін астыңғы жағынан теріге
жалғайтын бөлігі күпек жүгеншесі болып табылады.
Күпектің ішкі бетінде оның өнімі мен мүшенің басын және
мойнын жұмсартып тұратын майда бездер болады.
Қазақ баланы сүндетке отырғызғанда жыныс мүшесшің
мойын тұсынан айналдыра кесіп алады.
Еркектің жыныс мүшесінің терісі мен қабаттарын ұманың
алдыңғы тамырлары, жыныстың үстіңгі артериясы
жабдықтайды. Үңгірлі және кеуекті денелер батыңқы
жыныс артерияларымен жабдықталады. Веналық қан
жыныс мүшесінің жонындағы батыңқы Венамен және
артерияға аттас веналармен сондай-ақ, жыныс венасының
ішкі тармағымен қайтады. Сарысу жолдары да жыныс
мүшесінің қан тамырлары бойымен кайтып, мықын және
шат сарысу жүйесіне қосылады. Бұл мүшені негізінен
жыныс жүйкелері жүйкелендіреді.
Үрпі немесе зәр (несеп) шығаратын
жол

Үрпі немесе зәр (несеп) шығаратын жол –
қуықалды безін, несеп-жыныс көкетін,
кеуекті денені қамтитын, ұзындығы 18 см
түтік. Үрпі қуықтағы тесіктен басталып,
жыныс мүшесінің басындағы тік
саңылаулы тесікпен аяқталады
Үрпінің үш бөлігі бар:

кеуекті бөлігі
қуықалды бөлігі

қабыршақты бөлік
Қуықалды бөлігі қуықалды безінің бойымен тік төмен құлдырайды,
оның ұзындығы 3 см. Бұл бөліктің ортасы аздап кеңейеді де
астыңғы қабырғасында ұзыншалау келген үстірт төмпешігі,
төмпешіктің тебесінде қуық-алды безінің жатыршасы болады.
Ұрық шашатын жолдың тесігі осы жатыршаның екі жығынан
ашылады, қуықалды безінің түтігі де осы жерден ашылады.
Қабыршақты бөлігі қуықалды бөлігінен басталып, кеуек дененің
буылтығьша дейін созылады. Бұл—өте қысқа (1,5 см) бөлік, тесігі
де тар, несеп-жыныс кекетін тесіп ететін жері, онда үрпінің ерікті
бұлшықет қыспағы болады.
Кеуекті бөлік — кеуекті дененің ішінде орналасатын ең ұзын (15
см) бөлік. Оның түбі мен бас жағында — екі жерде кеңейген
шұңкыр бөліктері бар, ал басында қайың тәрізді шұңқыры болады.
Несеп ағар
Несеп ағар трубка тәрізді орган, оның бас жағының диам. 2 – 4
мм, ұзындығы 30 см-дей. Несеп ағар төмен қарай, кіші жамбасқа
түсіп, одан әрі қуыққа кірігеді. Бұл тұста несеп ағар жақсы дамыған
бұлшық ет талшықтарымен (сфинктер) қапталған. Сфинктер
зәрдің қуықтан кері қарай, несеп ағарға өтуіне жол бермейді. Қуық
– дөңгелек пішінді қуысты орган, сыйымд. 400 мл, кіші жамбаста
орналасқан. Оның түбі, денесі және төбесі болады. Қуықтың
қабырғалары жақсы дамыған бұлшық ет қабатынан тұрады.
Бұлшық еттің жиырылуы нәтижесінде қуық зәрден босайды. Зәр
шығарушы канал – несеп түтігі арқылы қуықтағы зәр сыртқа
шығарылады.[1] Ер адамдардың несеп түтігінің тағы бір қызметі –
шәуҺетті шығару және жыныстық қозу кезінде үрпінің алдыңғы
бөлімінің бездерінен арнайы сөл бөлу. Дені сау адам тәулігіне 4 –
6 рет дәрет сындырады (шамамен 1,5 л-дей).
Несепағар
Несепағар - бүйректік түбектен шығып құрсақ қуысы
қабырғасының дорсальдік бетін бойлай каудальдік бағытта, іштік
сірлі қабығының несеп-жыныстық қатпар арқылы қуықтың
дорсальдік қабырғасына жанасып, қуықтың сыртқы сірлі қабығы
мен адвентициясының шекарасында қосылып, оның еттік қабығын
тесіп өтеді. Одан соң еттік, кілегейлі қабықтар арасында 3-5см
аралықта жүріп отырып, қуықтың қуысына ашылады.
Несепағардың қуықтың қабырғасында осылай орналасуы несептің
тек бір бағытта, яғни бүйректен қуыққа қарай ғана ағуына жағдай
тудырады.
Несепағардың кілегейлі қабығын көп қабатты ауыспалы эпителий
астарлайды. Несепағардың тек басталатын жағының кілегейлі
қабығында ғана кілегей бөлетін бездер орналасады.
Еттік қабығы сыртқы, ішкі ұзынша және олардың аралығындағы
сақинаша үш қабаттан түзілген. Сыртынан сірлі қабықпен
қапталған.
Үрпінің жалпы пішіні 8 тәрізді, үш жерінен:
үрпінің ішкі тесігі аймағынан, несеп-жыныс
көкеті тұсынан және үрпінің сыртқы
тесігінің аймағынан жіңішкереді.
Ұрық бауы
Ұрық бауы ең алғашқы эмбриондық кезенде құрсақ
қуысында болады да кейін жетілуіне байланысты шат
түтігінен сыртқа шығып, ұманың ішіне келеді, оның
ұзындығы — 15-20 м. Ұрық бауы ұрықты әкететін жолдан,
ен артериясынан, ұрықты әкететін жолдың артериясынан
веналық өрімнен, ен және сағақ сарысу тармағынан,
жүйкелерінен, нәзік талшықты байламдарынан құралады.
Осы құрамдарды ең ішкі жағынан ұрықтың ішкі шандыр
қабығы орайды. Мұның сыртына қарай енді көтеріп
тұратын бұлшықет, бұлшықеттің қабығы, олардың
сыртында ұрықтың сыртқы шандыр қабығы, одан кейін
бұлшықетті қабат және ұманың терісі орналасады.
Пайдаланылған әдебиеттер

Биология:Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына
арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2008. ISВN 9965-34-
812-Х
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә.
Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас
редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
"Қазақ Энциклопедиясы",4 том 3 бөлім
Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы
редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын -
Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-
↑ https://dic.academic.ru/dic.nsf/seksolog/361

Ұқсас жұмыстар
Жыныс мүшелері
Түлкі өсіру
Жамбас сүйектің сынуы
АТАЛЫҚ ЖЫНЫС МҮШЕЛЕРІ
Аңдардың жыныс мүшелері
Еркек жыныс бездері
Қолдан артқы тесік жасау техникасы
Жануарлардың аталық жыныс жүйесі
Тироксин
БІРДЕН ЕКІ МҮШЕКАПТЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ЖҮКТІЛІКТІН
Пәндер