Ұжымдастыру саясатының басталуы


Slide 1

Тексерген:Рүстем Жақсыбекұлы

Орындаған: Қасен Аяулым

1106 топ

Семей, 2021

«Семей медицина университеті» КеАҚ

Slide 2

Семей, 2021

«Семей медицина университеті» КеАҚ

.

Жоспар:

Ұжымдастыру саясатының басталуы

Саясат мақсаты

Ұжымдастыру саясатының алып келген қатері

Бесеудің хаты

Филипп Голощекин қайда кетті?

Slide 3

.

Семей, 2021

«Семей медицина университеті» КеАҚ

1927 жылы желтоқсанда Коммунистік партияның XV съезі ауылшаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады.

Қазақ АКСР-де ұжымдастыруды 1932 жылы аяқтау белгіленді.

Ұжымдастыру қуғындау мен террорға негізделді.

«Асыра сілтеу болмасын-аша тұяқ қалмасын!»

(Ф. И. Голощекин)

Slide 4

«Семей медицина университеті» КеАҚ

Семей, 2021

Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары Кеңес Одағы индустрияландыру бағытына көшті. Зауыт фабрикалардағы жұмысшыларды азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі тұрды. Одақ басшылығы шаруалардан бидай жинауға кірісті. Жай ғана жинап алмай, соңғы дәніне дейін тартып алды. 1927 жылдың соңына қарай астық өндіруде дағдарыс басталды. Халықтан жиналған бидай сыртқа жөнелтіліп жатты. Одан түскен қаражат зауыт, фабрикаларды тұрғызуға жұмсалды. Қолындағы бар астығын бергісі келмеген байлармен күрес басталды. Билік сол кезде ұжымдастыру науқанын бастап кеткен болатын. 1927 жылдың желтоқсанында бүкілодақтық коммунистік партияның ХV съезі өтіп, оның шешімі бойынша 1932 жылдың көктеміне дейін, яғни өте қысқа мерзімде ауыл шаруашылығы колхоздастырылып, бір ұжымға біріктірілуі керек деген шешім шықты.

1928 жылы Қазақ АКСР Атқару комитеті мен халық комиссарлар Кеңесінің «Бай шаруашылықтарын тәркілеу» туралы қаулысы шыққан соң, осының негізінде 700-ге жуық ірі бай шаруашылықтары тәркіленіп олардың иелері қанаушы тап ретінде атылды. Осы саясат колхоздастастыру кезінде де жалғасып, оған орта шаруалар да ұшырады. Ұжымдастыру өте тез қарқынмен жүргізілді.

Slide 5

Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру идеясы әуел бастан-ақ мейлінше қатаң жүргізіліп, жаппай қуғындау мен ланкестікке негізделді. Ұжымдастыру (колхоз құру) алдын ала даярлықсыз, жергілікті жағдайлар ескерілместен, көбінесе әкімшілдік -күштеу әдістермен жеделдете жүргізілді. Көшпелі ауылдарға ұжымдастыруды жеделдету жөнінде нұсқаулар түсіп жатты. Бұл орайда шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер мен мәдени-тұрмыстық объектілер салу жай ғана жарияланған күйінде қалды. Ұжымдастыру және сонымен бірге отырықшыландыру ауылдың ғасырлар бойы қалыптасқан өмір салтын түп негізіне дейін күйретті. Қазақ қоғамының әлеуметтік негізі жойылды, ғасырлар бойы көшпелі өркениет жасаған тіректер қиратылды. Қатаң әкімшілдік жағдайында, әскери коммунизм кезеңіндегі белсенділердің мерейі үстем болды. Кей жерде кедейлер мен орта шаруларды орынсыз соттау және олардың малын жөнсіз тәркілеу, меншік құқығынан айыру, тұрақты мекенінен күштеп көшіру орын алды. Ұжымға енгісі келмеген кедейлер мен орташалары Қазақстаннан тыс жерге жер аударумен қорқыту немесе «кулактар» қатарына жатқызу құбылыстары ұшырасты.

«Семей медицина университеті» КеАҚ

Slide 6

«Семей медицина университеті» КеАҚ

1930-1932 жылдары аштық етек алды. Аштықтан, түрлі індеттерден халықтың 40%-ы қырылды. Жаппай жазалау мен аштық халықты орныққан жерін тастап, көшіп кетуге мәжбүр етті. Аштық тарихқа «Ұлы жұт», қазақ халқының аса зор қасіретті жылдары ретінде енді. Ұжымдастыру көшпелі өркениет ерекшелігі ескерілмей, күштеу әдісімен жүзеге асырылғандықтан, ауыр қантөгіс, дүрбелең жағдайында өтті.

Slide 7

Семей, 2021

«Семей медицина университеті» КеАҚ

Slide 8

Семей, 2021

«Семей медицина университеті» КеАҚ


Ұқсас жұмыстар
ҰЖЫМДАСТЫРУДЫҢ ЗАРДАПТАРЫ
Ауыл шаруашылығын ұйымдастыру
Ұжымдастыру қарса ңында
Төлен Әбдіков кім
Ұжымдастыру кезінде
Қазақстанда ұжымдастыру саясаты
Кіші қазан идеясы 1927 жылы ақпанда
Бастапқы сөйлемнің мысалы
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҰЖЫМДАСТЫРУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz