ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУДАҒЫ СЫНИ




Презентация қосу
ҚР Білім және Ғылым министрлігі
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды
университеті

ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ
МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУДАҒЫ СЫНИ
ОЙЛАУ
Орындаған: БО-21 тобының студенті
Бектемир Мехри
Тексерген: Сагатова А.С.

2020-2021
СЫНИ ОЙЛАУ ДЕГЕН
НЕ?
Сыни ойлау— фактілерді анализдеу
арқылы тұжырым қалыптастыру. Бұл
ұғым күрделі және әртүрлі
анықтамаларға ие, ол негізінен
рационалдылықты, скептикалықты,
сыңаржақтылықсыз анализдеуді және
факттік дәлелдерді тексеруді қамтиды.
Сыни ойлау дегеніміз өз-өзін
басқаратын, өз-өзін тәрбиелейтін, өз-өзін
бақылайтын және өз-өзін түзететін ойлау
формасы. Оның алғышарты сананы
кемелдендірудің қатаң стандарттарына
келісу және оларды сергек қолдану
болмақ. Сыни ойлау тиімді қарым-
қатынас жасау мен проблемаларды шешу
қабілеттерін меңгеруді талап етеді,
сондай-ақ болмысымыздағы табиғи
эгоцентризмді және социоцентризмді
жеңуді міндеттейді.
Сыни ойлау проблема шешуге
бағытталумен қатар өзінділікпен
(дербестік) ерекшеленеді: қандай да
болмасын мәселе/ақпарат бойынша
өзіндік түсінік қалыптастырып, оған
тәуелсіз тұрғыдан баға беру, дербес
шешім қабылдау.
Сыни ойлауды дәріптеушілердің бірі
Ричард Поль мына аумалы-төкпелі,
күнделікті өзгеріп отырған заманда
адам «өз инстинктеріне бостан босқа
сенбеуі керек» деп есептейді. Мұның
себебі мынада: адам өз түсініктерін,
ұстанымдарын, құндылықтар мен
нанымдарын бірден қалыптастырмай
(мысалы, сезімдер жетегімен немесе
басқа біреудің айтқаны бойынша),
олар туралы терең ойланып, оның
бәрін күмәнмен қабылдап, «тұла
бойынан» өткізуі қажет.
Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі
бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан
дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп
қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен
тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді
мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің
жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек.
Америкалық саясаттанушы Карл Дойч ХХ ғасырдың 60-шы жылдарының өзінде
«Жаңғырудың сыни мәселесі – бұл экономикадағы құрылымдық өзгерістер емес,
құндылықтар жүйесіндегі өзгерістер» деген болатын. Біздің барлық қорқыныштарымыз,
шектеулеріміз, тілемейтін ойларымыз тек өз басымызда ғана екені сөзсіз анық.
Сондықтан, жеке мақсаттарды іске асыруымыз тек біздің өзімізге, алдағы міндеттерді
қалай сезініп, түсінетімізге, табысқа жетуге қаншалықты ынталы екенімізге,
әрқайсымыздың өз өмірімізде оң өзгерістер болуы үшін қандай әрекеттер жасауымызға
байланысты. Махатма Ганди: «Егер сен әлемнің өзгергенін қаласаң, өзің сол өзгерісте
бол» деген екен.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың
«Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» атты бағдарламалық
мақаласында қойылған міндеттер -
негізінде қоғамдық сананы
жаңғырту тұрғысынан қарастыруға
арналады. Біз өзіміздің ұлттық
ерекшеліктерімізді сақтай, әрі
ескере отырып, әлемде болып
жатқан жаңалықтарды қабылдай
білуіміз керек. Егер, осы ретте
қарастырлып отырған рухани сана
мәселелерінің пайда болу себептері
ретінде жаңа сыни ойлау мен
қоғамдық санада әлі де болса орын
алып отырған ескі стереотиптер
арасындағы келіспеушілікті жою деп
алып қарастырсақ, онда бірінші
кезекте
бізгеойлау жүйесін жаңғырту қажет.
Себебі, өмір сүру үшін өзгере
білуіміз керек.
ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ
МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ -ОЛ РУХАНИ
ЖАҢҒЫРУ
Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты
мақаласында санамыздың ісімізден озық жүруінің маңыздылығын атап,
жүйелі түрде талдап көрсетті. Халық ассамблеясының «Жаңғырудың негізі –
тұрақтылық, бірлік, келісім» тақырыбымен өткен 25-ші сессиясында сол
бағдармалық мақаласын кеңейтіп түсіндірді. Қоғамдық сананы
модернизациялау (қазақшалағанда – жаңарту) мәселесін таратып әңгімеледі.
«Біз өзіміздің болашағымызды, жеке балаларымыздың болашағын
қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті» деп
көрсетілген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға арналған
стратегиялық бағдарламасында. Сондықтан еліміздегі ұлттық қоғамды
кемелдендіру, ел болашағы-жас ұрпақты жаңа инновациялық әдісте
рухтық тәлім және білім негіздерімен қаруландырып, қалыптастыру
қажет.
Әдебиеттер және интернет ресурстар тізімі

1. «Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту нысандары
мен әдістері » С. Мирсеитова, 2011 жыл.
2. Есім Ғ. Сана болмысы(саясат пен мәдениет туралы ойлар).
Алматы. «Ғылым». -272 б.
3. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» бағдарламалық мақаласы
4. Википедия
Назарларың
ызға рахмет

Ұқсас жұмыстар
БАСКЕТБОЛ ТАРИХЫНАН
Сана философиясы
Болмыс философиясы
Ойлау мәдениеті
Кері байланыс
Патриоттық тәрбие беру
Теориялық сана
Өнер қоғамды
Сыни ойлаудың этимологиясы және келіп шығуы
Мәдениет тілі
Пәндер