Терминальды жағдай кезеңдері


Slide 1

Терминальды жағдай кезеңдері. Қарапайым жүрек өкпелік реанимациясы

Дайындаған: Мейрамбекова Эльназ

108топ фельдшер-емдеу ісі

Тексерген: Изтелеуова. А. Т

Slide 2

Жоспар:

1. Кіріспе. Терминальды жағдайлар

2. Сатылары және профилактикасы

3. Преагония. Терминальды пауза

4. Жүрек-өкпелік реанимация

Slide 3

Кіріспе

3

“Өлім” түсінігі “ өмір” түсінігінің логикалық жалғасы. Адамдарда өмірдің өлімге өтуі - зат алмасу процесстерінің субклеткалық және молекулалық деңгейде бұзылуынан болады. Ағза үшін бұл ең алдымен өмірге қажетті функциялардың “өшуі” - қанайналым, тыныс алу, жүйке жүйесінің қызметтерінің тоқтауы. Өлу процесінің ұзақтығы әр түрлі болады. Кейде өлім тез арада бірнеше секунд немесе минуттар ішінде, ал кей жағдайларда баяу және бірнеше ондық минуттардан бірнеше сағаттарға дейін созылады. Терминальді жағдайлар - ағза қызметтерінің өшу және өлу процесі немесе өмір мен өлім арасындағы жағдай. Танатология - өлу мен өлім процесстерін зерттейтін ғылым.

Slide 4

4

Терминальді жағдайдың сатылары

В. А. Неговский, 1986ж., және П. Сафар, 1997ж. бойынша терминальді жағдайлардың 3 сатысы бар:

преагония;

агония;

клиникалық өлім.

Slide 5

Преагония

Преагония - артериялық қан қысымының жылдам төмендеуімен сипатталатын ағзаның өлу кезеңі. Ұзақтығы - бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін.

Жалпы тежелу;

Естің сопор немесе комаға дейін бұзылуы;

Гипорефлексия;

Әуелі тахикардия және тахипноэ, кейін брадикардия мен брадипноэ

САҚ 50 мм. сын. бағ. -нан төмендеуі;

Перифериялық артерияларда пульс анықталмайды, бірақ ұйқы және сан артерияларында пальпацияланады;

Айқын ентігу;

Тері бозғылттығы мен цианоз

Slide 6

6

Бұл - преагонияның агония сатысына өту кезеңі. Ұзақтығы 5-10 с-тан 3-4 минутқа дейін. Преагония кезіндегі тахипноэ немесе брадипноэ осы кезеңде апноэға ауысады. Терминальді пауза ЖҚТЖ жұмысының нашарлауы мен көздің конъюктивальді және мүйізді рефлекстердің жоғалуымен сипатталады. Кезең гипоксия шартында парасимпатикалық жүйке жүйесінің белсенуімен түсіндіріледі

Терминальді пауза

Slide 7

Агония

7

Бұл - өлім алды кезеңі. Ұзақтығы - 20-40 секунд. Бас миының жоғарғы бөлігінің қызметтері жойылады. Физиологиялық прцестердің регуляциясы бульбарлы орталықпен іске асырылып, реттелмеген сипатқа ие болады. Бағаналы түзілістердің белсенуі АҚ мен тыныс алудың біршама жоғарылауына әкеледі.

Есі жоғалған ( терең кома) ;

Пульс пен АҚ әуелі жоғарылауы мүмкін,

кейін төмендейді немесе анықталмайды;

Жүрек тондары тұйық;

Тыныс алу беткей ( Куссмауль, Биот, Чейн-

Стокс патологиялық тыныстары)

Slide 8

Клиникалық өлім

8

Клиникалық өлім - өлудің қайтымды кезеңі. Ұзақтығы 5-6 минут. Кейде фармакологиялық әдіспен немесе гипотермиялық жағдайда ұзақтығын 10-15 минутқа дейін созуға боллады.

Тыныс алу мен жүрек қызметінің толық тоқтаған сәттен бастап тіркеледі;

Егер 5-6 минутта өмірге қажетті қызметтер қалпына келтірілмесе, гипоксияға өте сезімтал бас миы қыртысының жасушаларының некрозы дамып, биологиялық өлімге әкеледі

Slide 9

9

ЖҮРЕК-ӨКПЕЛІК РЕАНИМАЦИЯ (ЖӨР)

Науқастың немесе зақымданушы ағзасының барлық функцияларын қалпына келтіруге арналған шаралар кешені .

Бірақ бірінші кезекте тыныс жолдарының өтуін, өкпе желденуі мен қанайналымды қалпына келтіру, сонымен қатар орталық жүйке жүйесінің қайтымсыз өзгерістерінің алдын алу керек.

Slide 10

10

ЖҮРЕК-ӨКПЕЛІК РЕАНИМАЦИЯ ( өмірді сақтап қалу кезеңі)

Ағзаның тіршілік етуін қамтамасыз үшін жүргізілетін шаралар (А+В+С) :

А - тыныс жолдарының өтуін қамтамасыз ету (airway)

В - тыныс (breathing)

С - қанайналымы (circulation)

Slide 11

11

Тыныс жолдарының өтуін қамтамасыз ету

Тыныс жолдарының өтуін қалпына келтіру үшін астыңғы иегін жоғары тартып көтеріп, аузын ашу және басын барынша шалқайту қажет.

Мойынды көтеру әдісін де қолдануға болады, ол үшін алдымен науқастың маңдайын бір қолмен басып, екінші қолмен алдыңғы мойын бұлшық еттерін тарту үшін иекті ұстап тұру немесе бір қолды мойынның астына қойып оны көтеру, ал екінші қолын маңдайға қою.

Slide 12

12

Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. - Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6

Пайдаланылған әдебиеттер:

Slide 13

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Орталық артерияда пульс анықталмауы
Терминальды жағдайлар
Ақтық жағдайлардың кезеңдері мен олардың клиникалық көріністері
ТЕРМИНАЛЬДІ ЖАҒДАЙЛАР
Жүрек - өкпе реанимациясының әдістері
Жыныс жасушалары
Өлім,өлімнен кейінгі өзгерістер
Трансляция түсінігі. Формальды тілдер түсінігі
Базальды туберкулезді менингит
Трансляция түсінігі. Формальды граматика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz