Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі




Презентация қосу
3-дәріс. Азаматтық-саяси қайшылықтар. Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси
өмірі.
Уақытша үкіметтің халық күткен аграрлық мәселені шеше алмауы, езілген халықтарға өзін-өзі билеуі
немесе автономия алу мәселесін күн тәртібіне қоюға тырыспауы, жұмысшыларға 8 сағаттық жұмыс күнін
енгізу сияқты көкейкесті мәселелерді шешпеуі халық наразылығын одан әрі күшейтті. 1917 ж. жазының
соңы мен күзінің бас кезінде бүкіл Ресейдің жер-жерінде бұқараның Уақытша үкіметке деген қарсылығы
өсе түсті. Бұл Кеңестердегі большевиктердің ықпалының артуына жағдай жасады. Большевиктер
партиясы 1917 жылғы шілде оқиғасынан кейін алынып тасталған “Барлық билік Кеңестерге берілсін”
деген ұранды қайта көтерді. Енді бұл ұран қарулы көтеріліске, Уақытша үкіметті құлатуға, пролетариат
диктатурасын орнатуға бағытталды.
1917 ж. 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталды. Келесі күні көтерілісшілер
қаланың ең маңызды объектілерін басып алды. 1917 ж. 25 қазанда (7 қарашада) Әскери-революциялық
комитет Уақытша үкіметтің билігінің жойылғандығын жариялады. Осылайша Қазан төңкерісі жеңіске
жетті. Қазан қарулы көтерілісінің Петроградта жеңіске жетуі, сондай-ақ Қазақстанмен іргелес Ташкент,
Омбы,Орынбор, Астрахань тәрізді ірі қалаларда Кеңес өкіметінің орнауы Қазақстанда да биліктің
Кеңестердің қолына өтуіне ықпал етті. Алайда Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату төрт айға, 1917 ж.
соңынан 1918 ж. наурызына дейін созылды. Бұл процесс аймақтың әлеуметтік–экономикалық және
мәдени баяу дамуымен, ұлтаралық қатынастардың күрделілігімен, жұмысшылар мен большевиктік
ұйымдардың аздығымен шиеленісе түсті. Кеңес өкіметі Уақытша үкіметтің жақтастары қарулы қарсылық
көрсете алмаған Сырдария, Ақмола облыстары және Бөкей Ордасында бейбіт жолмен орнады. Ал,
Торғай, Орал, Орынбор, Семей және Жетісу облыстарында Кеңес өкіметін орнату үшін қиян-кескі күрес
болды. Облыстық орталықтар мен уездік қалаларда кеңес өкіметі қызыл гвардиялық отрядтардың және
жергілікті горнизондар солдаттарының қарулы көтерілісі арқылы орнады. Перовск (Қызылорда)
жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін 1917 ж. 30 қазанда (12 қараша) өз қолына алды.
2 бет

Ташкентте Кеңес үкіметі 1917 жылы 1 қарашада кескілескен ұрыс нәтижесінде орнады. Ал
1917 жылдың қараша айының орта кезінде Кеңес өкіметі Черняев (Шымкент) қаласында
жеңді. Қараша-желтоқсан айларында Кеңес өкіметі Әулиетада, Түркістанда, Қазалыда,
Аралда және облыстың басқа да ірі елді мекендерінде бейбіт жолмен орнады. Көкшетау,
Павлодар, Атбасар, Өскемен уездерінде казак-орыс әскерлерінің басым болуынан Кеңес
өкіметі үшін күрес біраз қиындыққа кездесті. Кеңес өкіметі 1918 ж. наурыз айында
Жаркентте, Сергиопольде (Аягөзде), Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады.
1917 ж. соңы мен 1918 ж. наурызы аралығында Кеңес өкіметі Қазақстанда негізінен қалалар
мен басқа да ірі халық тығыз орналасқан жерлерде орнады. Кеңес өкіметін орнатумен бірге
өлкенің шаруашылығы мен мәдениетін қайта құру шаралары қатар жүргізілді. Өнеркәсіп
орындарында, мәселен Спасск заводында, Қарағанды шахтасында, Успен кенішінде, Ембі
мұнай кәсіпорындарында бақылау қойылып, сондай-ақ банктер мемлекет меншігіне
көшірілді. Кеңестердің 2-ші Бүкілресейлік съезінде қабылданған Жер туралы декрет
бойынша алғашқы шаралар жүргізіле бастады.
Қазан төңкерісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ облыстық және уездік орталықтарда да
жұмысшылар мен шаруалардың өкіметін нығайту ісі, ауылдық және селолық Кеңестерді
құру ісімен бірге жүргізілді. Алайда ауылдың экономикалық және мәдени жағынан артта
қалуынан туындаған қиыншылықтар, әлі де күшті рулық байланыстар қазақ ауылдары мен
болыстарында Кеңес өкіметінің органдарын ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарын
қиындатты. 1918 жылдың күзінен бастап билік Кеңес атқару комитеттері қолына алына
бастады. Сонда да болса, ауыл-селоларда әлі Кеңестер күш ала алмай жатты. Халық азық-
түлік тапшылығынан зардап шекті. Кеңес өкіметіне қарсы күштер бас көтерді. Кеңеске қарсы
күштердің қарсылығын басу үшін, жергілікті жерлерде өкімет билігін нығайту қажет болды.
Кеңес өкіметін нығайту жолындағы күресте облыстық және уездік кеңестер съездері көп
3-бет
• Қазан төңкерісінің жеңісінен кейін ұлттық, ең алдымен ұлттық-мемлекеттік құрылыс
мәселелері талқылана бастады. Кеңес өкіметінің ұлттық саясатының негізгі принциптері
маңызды екі құжатта - 1917 ж. 2 қарашада қабылданған “Ресей халықтары құқықтарының
Декларациясында” және 1917 ж. 20 қарашада жарияланған Кеңес өкіметінің “Барлық
Ресей және Шығыс мұсылман еңбекшілеріне” үндеуінде көрініс тапты. 1918 ж. қаңтарда
кеңестердің Бүкілресейлік 3-съезінде В.И.Лениннің дайындаған “Еңбекшілер мен қаналған
халықтардың құқықтары Декларациясы” қабылданды. Бұл құжатта Коммунистік
партияның кеңес республикасының мемлекеттік құрылымы түріндегі кеңестік
федерацияны жақтайтыны айқын көрсетілді. Декларацияда “Кеңестік Ресей Республикасы
еркін ұлттар одағының негізіндегі кеңестік ұлттық республикалардың федерациясы түрінде
құрылады” делінген.
• РКФСР құрылғаннан кейін елдің Шығысында жаңа автономиялық республикаларды құруға
дайындалды. Большевиктік ұйымдар, Қазақстан және Түркістанның Кеңестері кеңестік
бүкілқазақ, бүкілтүркістандық съездерін шақыруға дайындала бастады. 1918 ж. көктемінде
еліміздің шығысында Түркістан автономиялық Кеңестік социалистік республикасы
құрылды. Қазіргі Қазақстанның оңтүстік аймағы (бұрынғы Сырдария және Жетісу
облыстары) Түркістан автономиясының құрамына кірді. Бірақта 1918 ж. қаңтарда
кеңестердің 3 - Бүкілресейлік съезі Ленин дайындаған “Еңбекшілер мен қаналушы
халықтар құқықтарының Декларациясында” өзге ұлттардың өзін-өзі билеу құқы жоққа
шығарылды. Қазақстанның қалған жерінде – Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарында
және Маңғыстауда қазақ кеңестік мемлекеттілігін құруға дайындық жөніндегі күрделі
жұмыс одан әрі жалғастырылды.
4
Қазақ зиялылары мемлекет құруды кеңестік жолмен шешілуімен келісе алмады. Мұндай
қарсылықтың себептері мынада еді: бірінші - қазақ зиялылары әуел бастан тәуелсіз ұлттық
автономия құруды жоспарласа, екінші - олар Қазан төңкерісін қабылдамады, сөйтіп Кеңес
үкіметін мойындамады, оны заңсыз орнаған үкімет деп есептеді. Сондықтан да „Алаш”
зиялылары ұлттық мемлекет құру үшін күрес жүргізді. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов,
М.Дулатов, Е.Ғұмаров, Е.Тұрмухамедов, Ғ.Жүндібаев, Ғ.Бірімжанов құрастырған
бағдарламаның жобасы “Қазақ” газетінің 1917 ж. 21 қарашадағы санында жарияланды.
Бағдарламаның жобасы он пункттен тұрды. Осы бағдарлама Құрылтай жиналысына
сайлауда “Алаш” партиясының ірі табысқа жетуін қамтамасыз етті және 1917 ж. 5-12
желтоқсанда Орынборда өткен Екінші жалпықазақтық съезде қазақ халқының әр түрлі
топтарының өкілдерін біріктірді. Төралқа төрағасы Бақтыгерей Құлманов және
орынбасарлары Әлихан Бөкейханов, Әзімхан Кенесарин, Халел Досмұхамедов және Омар
Қарашев басқарған съезд Қазан төңкерісіне байланысты тез өзгеріп жатқан саяси
жағдайдағы “Алаш” партиясының міндеттерін, қазақ автономиясын құру және оның
үкіметін қалыптастыру мәселелеріне бірінші кезекте көңіл бөле отырып, қарастырды.
Съезде қазақ автономиясы құрамына Бөкей ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу
облыстары және Закаспий облысымен Алтай губерниясының қазақтар мекендеген
Аудандары енуге тиіс деп шешті. Съезд Уақытша үкімет құлатылғаннан кейін қалалар мен
селоларда, далада қазақтардың өмір сүруіне қауіп-қатер күшейіп бара жатқандығын атап
көрсетті. Сондықтан съезд қазақ халқын “аман алып қалу мақсатымен” “Уақытша Халық
Кеңесі” түріндегі билік құру, оған Алаш-Орда (алаш автономиясының үкіметі деген ат беру
жөнінде шешім қабылдап және бүкіл қазақ халқына “бағынатын үкіметіміз осы деп сеніп…
басқа үкіметті мойындамай, өз үкіметінің әмірін екі етпей орындау керектігі” баса
ескертілді.
5- бет
Ұлттардың өзін-өзі билеу құқығын талап етуін заңды процесс ретінде түсінген “Алаш”
азаматтары Кеңес өкіметімен келіссөздер жүргізіп, ұлттық автономия мәселесін шешуді қолға
алды. Осы мақсатта 1918 ж. наурызында Алашорда үкіметінің тапсыруымен Халел және Жаһанша
Досмұхамедовтер Оралдан Мәскеуге барып, Халық Комиссары Кеңесінің төрағасы В.И. Ленинмен
және Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен кездесіп, оларға 1917 ж. желтоқсанда
өткен екінші қазақ-қырғыз съезінің қаулысын табыс етті.
Алашордашылдар И.Сталиннің ұсынысын талқылап, автономияға қатысты өз шешімдерін
мәлімдеді. Ол қаулы төмендегідей еді: 1918 жылы наурыздың 21-інде Алашорданың мүшелері ұлт
жұмысын басқарушы халық комиссары Сталиннің Алаш автономиясы туралы айтқан сөзінен кейін
Кеңес өкіметін Ресейдегі барлық автономиялы халықтардың кіндік өкіметі деуге қаулы қылып,
төмендегі өз шарттарын білдіріп: “Желтоқсанның 5-нен 13-іне шейін Орынборда болған
жалпықазақ-қырғыз съезінің қаулысы бойынша тоқтаусыз Алаш автономиясын
жариялайтындықтарын, Алаш автономиясының құрамына: Семей, Ақмола, Торғай, Орал,
Сырдария, Ферғана, Жетісу, Бөкей ордасы, Закаспий облысының Маңғышлақ уезі, Самарқанд
облысының Жизақ уезі, Әмудария бөлімі, Алтай губерниясына қараған Бийскі, Барнауыл,
Змеиногор уездеріндегі қазақтар мекендеген аудандар енуге тиістігін, Алаш автономиясында заң
шығаратын, ел билейтін үкімет Алашорда болатындығын, Қазақ-қырғыз істері туралы елші ретінде
совет өкіметінің қасында болуға Алашорда мүшелері Халел һәм Жаһанша Досмұхамедовтар
жіберілетіндігін ескертіп, жергілікті Советтердің бұйрығы бойынша ұсталып, абақтыда жатқан
Алашорданың мүшелерін тоқтаусыз босатып, мұнан былай оларды өтірік шағым, жаламен қуғын-
сүргінге ұшыратуды тоқтатуды” талап етті. Өкінішке орай Ұлт істері жөніндегі халық комиссары
Алашорданың қойған талап- шарттарына тікелей ресми түрде жауап бермеді. Себебі
алашордалықтардың автономия құру жөніндегі талаптары кеңес өкіметінің мүддесіне қайшы
келетін еді.
5- бет
•2. Азамат соғысы және социалистік құрылыстың басталуы
•Азамат соғысы үкімет үшін күрестің жалғасы болды, сол себепті де революция мен азамат соғысы
арасында шекара болған емес. Кеңес үкіметінің белсенді әрекеттеріне қарамастан, Қазақстанда азамат
соғысының ошақтары өте тез пайда болды: 1917 ж. қарашаның аяғында Орынборда атаман Дутовтың
басшылығымен ақ гвардия әскерлері Орынбордағы Кеңес күштерін шегіндіріп, билікті басып алды. Сол
айда Жетісуда казак әскерлері кеңесінің “әскери үкіметі” және революцияға қарсы ошақ Оралда да
құрылды. Құрылған облыстық әскери үкімет көп ұзамай жергілікті кеңесті таратып, өкіметті басып алды.
Сөйтіп, Верныйда және Орал қалаларында ақгвардия диктатурасы орнатылды. Бұл үш “әскери үкімет”
Қазақстанда кеңес өкіметіне қарсы қозғалыстың басты күші болып табылды. Олар ақгвардиялық
офицерлерге, ауыл-село шаруаларына сүйенді және меньшевиктер мен ““Алаш партиясыының
жетекшілерінен қолдау тапты.
•1918 жылдың көктемінде кеңестік билік тарапынан түсінушілік пен қолдау табудан күдер үзген
Алашорда, енді большевиктерге қарсы ымырасыз күрес жүргізуге ұйғарып, Сібір Уақытша үкіметі (Омбы)
мен Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы мүшелерінің (Комуч) Самар комитеті қолдауына сүйеніп, Алаш
автономиясын жүзеге асыруға кірісті. Сөйтіп, азамат соғысының бастапқы кезеңінде алашордашылар
ақтармен одақтасып, қызылдарға қарсы соғысты. 1918 ж. шілде мен тамызында Ә.Бөкейханов,
Ә.Ермеков пен әскери бөлім меңгерушісі капитан Қ. Тоқтамысов Самар мен Омбыда Комуч пен Сібір
уақытша үкіметтері әскери ведомстволары өкілдерімен кездесіп, Алаш орданың қарулы күштерін құру
жөнінде келіссөздер жүргізді. Алаш орда Батыс бөлімінің басшылары Халел мен Жаһанша
Досмұхамедовтар Комуч арқылы Самарадан 600 винтовка мен пулемет алды және таяу уақытта 2000
адамнан қазақ отрядтарын ұйымдастыруға уәде береді. Торғай тобына 300 берданка мылтығы, 20000
патрон, әскери киім-кешек бөлінді. Дутовтың көмегімен екі атты полк: біріншісі - Қостанайда, екіншісі –
Ырғызда құрыла бастады. 1918 жылы тамызда Семей қаласында құрамында 38 офицері мен 750
жауынгері бар Бірінші Алаш атты әскер полкі ұйымдастырылды. Ақ гвардияшылардың көмегімен асығыс
үйретілген Алаш отрядтары көп ұзамай Қызыл Армияға қарсы шайқастарға қатысты.
7-бет

• Мамыр айының аяғында В.В. Куйбышев В.И.Лениннен Орынбордағы Дутов
авантюрасының тамырын жою туралы көмек сұрады, олай болмаған күнде
Торғай мекенінің 12 млн. тұрғыны аштан қырылатындығы туралы ескерткен
еді. Осыған орай облысқа әскери көмек көрсетіліп, Қызыл Армияның
бөлімдері құрылды, кейін бұл бөлім Ақтөбе майданының құрамына енгізілді.
Ақ гвардиялықтар негізінен Орынбор және Илецкі аудандарында Дутовтың
басшылығымен әрекет етіп, олар Ташкент және Самараны Орталықтан бөліп
тастады. 1918 ж. 2 шілдеде Дутов басқарған әскер Орынборды екінші рет
басып алды да, Түркістанды орталық Ресейден бөліп тастады. Лениннің
нұсқауымен 1918 ж. Ә.Жангелдин басқарған 600 адамнан тұратын Балтық
матростарының отряды орталықтан бөлініп қалып, көптеген қиыншылықтарды
көре жүріп, 7 ай көлемінде Ақтөбе майданына қару-жарақ пен оқ-дәрі
жеткізді. Орынборды алу операциясына Ақтөбе майданының әскерлері мен
Шығыс майданның әскерлері де қатысты. 1918 ж. 29-желтоқсанда ауа
райының қиындығына қарамастан шабуыл басталды, Дутов ақ гвардияшылары
екі майданның әскерлерінің қысымынан жеңіліп, толық талқандалды. 1919 ж.
22-ші қаңтарында Орынбор қаласы алынып, Түркістан аудандары мен Орталық
Ресей арасындағы қатынасты қалпына келтірді. Осымен Ақтөбе майданының
• тарихтағы 1-ші кезеңі аяқталды (1918 шілде-1919 қаңтар).
8 бет

Азамат соғысы тарихындағы партизан қозғалысының ірі ошақтарының бірі - Черкасск
қорғанысы, Тарбағатай мен Алтайдың “Тау қырандары” отрядтарының қозғалысы
Қазақстандағы Азамат соғысы тарихынан өшпес орын алды. 1919 ж. жазында Шығыс
майдандағы Колчак армиясының негізгі күшінің күйреуі батыс, солтүстік, солтүстік-шығыс
Қазақстан мен Жетісуды азат етуге жағдай жасады. 1919 ж. аяғында Қазақстанның негізгі
территориясы Дутов пен Анненковтың армияларының қалдықтарынан босатылып, 22
наурызда кеңес әскерлері Қапалды, 28 наурызда Арасан станциясын азат етті. 22 наурызда
Үржар станциясын, 27 наурызда Бақты станциясын, 25 наурызда атаман Анненковтың
ставкасы тұрған Үшаралды, 29 наурызда Қапал гарнизонын тізе бүктіріп, атаман Анненков
және Дутов бастаған ақ гвардияшылардың қалдықтарын Синьцзянға қарай қуды. 1920 ж. 29
наурызында ең соңғы майдан Солтүстік Жетісу майданы жойылып, Кеңес үкіметі қайтадан
қалпына келтірілді.
1920 жылы азамат соғысы аяқталып, онда қызылдар жеңіске жетті. Азамат соғысы
жылдарындағы қызылдардың жеңісінің себептері: біріншіден, Кеңес өкіметіне қарсы
күштер ұйымдасып, бірлесіп қимыл жасай алмады; екіншіден, ақ гвардияшылар өкіметі
орнаған жерлерде бұқара халыққа қарсы бағытталған шаралар жүзеге асырылып, оған
керісінше Кеңес өкіметі тарапынан ұлттардың өзін-өзі билеу құқығының сөз жүзінде болса
да мойындалуы; үшіншіден, Кеңес өкіметінің орта шаруалармен одақ құруы және 1919
жылы шілдеде Казревком құрылғанда қазақтардың жерге мұқтаждығын өтеу жөнінде сөз
болып, Қазақстанға қоныс аударуды тоқтату мәселесі қойылды. Түбірлі революцияық
сипатта болмағанмен бұл шаралар большевиктерге азамат соғысы кезінде ақтар мен
қызылдар арасында ауытқыған қазақтардың көмегіне сүйенуге жағдай жасады;
төртіншіден, 1919 жылдың көктемінен бастап, А.Байтұрсынов бастаған алашордашылар
қызылдар жағына шықты. Себебі, олардың Колчактық орыс шовинистік көзқарастарынан
үміттері үзілді. Ақтар билеушілері қазақ халқына ұлттық автономия бергісі келмеді, тіпті,
9- бет
• Кеңес үкіметінің Қазақстандағы кейбір өкілдері Алашорда жетекшілеріне жау ретінде қарады.
Мәселен, 1920 ж. Қазақ партия бюросының есебінде былай деп жазылды: „Бұрынғы
алашордалықтардан тұратын қырғыз зиялыларының 3/4–і буржуазиялық-шовинистер”. Сондай-ақ
кешірім жасалғанға қарамастан Алашорда жетекшілері саяси тұрғыда оқшаулануға тиіс болды.
Қазревкомның 1920 жылғы 5- наурыздағы “Алашорданың батыс бөлімін тарату туралы”
қаулысында “Ұлттық Алашорда үкіметінің батыс бөлімінің жауапты жетекшілері қырғыз өлкесінде
кеңес үкіметі толық негізде орныққанша халық бұқарасынан оқшауландырылсын…”- деп ашып
айтылды. Олар ревком мүшелігіне және басқа да жауапты кеңес қызметіне ұсынылмайтын
болсын”. Ақырында жоғарыда көрсеткеніміздей Қазревкомның 1920 ж. 5- наурыздағы қаулысына
сәйкес Алашорда таратылды. Осылайша біртұтас тәуелсіз ұлттық мемлекетті құруға талпынған
қазақ зиялыларының пәрменді әрекеті нәтижесіз аяқталды. Кеңес үкіметі мойындамаған Қазақ
Ұлттық Автономиясы қазақ зиялыларының өркениетке, тәуелсіздікке қол созған әрекеттері ретінде
тарихта ғана қалды.
•Қазревком Қазақстанда әскери-азаматтық билікті қолға алып, кеңестердің бүкілқазақстандық 1-ші
съезін шақыруды ұйымдастыру, Қазақ автономиясы туралы ереже жобасын дайындап, съезд
талқысына ұсыну, РКФСР, Түркістан Кеңестік Республикасы және Қазақ өлкесі арасындағы қарым-
қатынастарды реттеу, қазақтың байырғы жерін бір қолға жинау, яғни болашақ қазақ кеңес
мемлекетінің территориялық тұтастығын қамтамасыз ету міндеттерін өз қолына алды.
•Алғашқы күннен Қазревком әрекет-қимылда жүрген армияны азық-түлікпен жабдықтау, астықты
және басқа тамақ өнімдерін Орталыққа, Түркістан АССР-на жеткізу яғни, “соғыс коммунизм”
саясатының басты мәселесін шешу ісімен айналысты. Бұл саясаттың мәні - өнеркәсіпті жаппай
национализациялау, басшылықты орталықтандыру, тіршілік үшін маңызды тауарлардың бәрін
бөлу, азық-түлік салғыртын, карточкалық жабдықтау жүйесін, жалпыға бірдей еңбек
міндеткерлігін, еңбекке бір мөлшерде ақы төлеуді енгізу, тауар-ақша қатынастарын жою болды.
10 -бет
•1920 ж. тамызында Мәскеу қаласында қазақ әскери төңкеріс комитеті және Түркістан
•майданының әскери–төңкеріс кеңесі, РКП(б) Түркістан өлкелік комитетінің партия және
•кеңестік ұйымдардың өкілдері қатысқан Қазақ АКСР-н құру туралы бірнеше мәжілістер өткізді. Соңғы
мәжіліске В.И.Лениннің өзі төрағалық етті. Нәтижесінде 1920 ж. 17 тамызында РКФСР Халық
Комиссарлары Кеңесі Қазақ Республикасы жөніндегі Декреттің жобасын қарап қолдады. 1920 ж. 26
тамызында Ленин мен Калинин қол қойған БОАК және РКФСР ХКК-нің құрамында, астанасы Орынбор
қаласында болатын “Қырғыз (қазақ) Кеңестік Автономиялы Республикасын құру туралы” тарихи Декреті
жарияланды. 1920 ж. 4- 12 қазанында Орынбор қаласында өткен Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай съезі,
Қырғыз (қазақ) Кеңестік Автономиялық социалистік республикасы еңбекшілері құқықтарының
Декларациясын қабылдады, ол Декларация РКФСР құрамына жеке автономия болып кіретін ҚазАКСР-нің
құрылуын жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалар, қызыл әскерлер депутаттары
Кеңестерінің Республикасы ретінде бекітті. С.Меңдешевті бас етіп, Орталық Атқару Комитетін (ОАК) және
В.Радус–Зеньковичті бас етіп Халық комиссарлары Кеңесін (ХКК) сайлады.
•1920 жылдың көктемінен Қазақстан жерінде азамат соғысы жылдарында өлкенің жаудан азат етілген
аудандарында ақ гвардиялық аппараттар жойылып, кеңестік мемлекеттік органдар ұйымдастырылып
жатты. Революциялық комитеттер азат етілген территорияларда халық шаруашылығын қалпына келтіру,
экономиканы көтеру, мемлекеттік құрылысты нығайту жұмыстарын жүргізді. 1920 жылдың көктемінде
партияның ІХ съезі болды, съезд бейбіт тыныс алудың мүмкіндіктеріне сүйене отырып, халық
шаруашылығын қалпына келтірудің бірыңғай бекітті.
•Қорыта келгенде, Қазақстанда Кеңес үкіметі негізінен және көпшілігінде күштеп орнатылды. Қазақ халқы
Қазан төңкерісінің мәнін, Ленин бастаған большевиктер партиясының бағдарламасын түсінген де жоқ,
қабылдаған да жоқ. Әлеуметтік революцияға Қазақстанда ешқандай негіз жоқ болатын. Орта Азия мен
Қазақстанның жергілікті халықтары үшін Қазан революциясының мән-мағынасы орыс үстемдігі жойылып,
тартылып алынған жер-суымыз өзімізге қайтарылады деген үмітке ғана сайды.

Ұқсас жұмыстар
Ақмола облысы демократиялық төңкерісі және оның Қазақстанға әсері
Қазақтар патша
Жұмысшылар туралы
Қазақ автономиясы
Алаш партиясын құрылуы
Қазақстан Қазан төнкерсі мен Кеңес мемлектінің орнауы
Қазан төңкерісі
1917 ЖЫЛҒЫ АҚПАН, ҚАЗАН ТӨҢКЕРІСІ
Алашорда үкіметінің құрылуы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КІШІ ҚАЗАН
Пәндер