Интеграциялық оқытуда ерекше білім алу қажеттіліктері бар оқушыларға психолого-педагогикалық қолдау және критериалды бағалау


Slide 1

Интеграциялық оқыту жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру

ЖГА-811

Худайбергенова Дилмира

Slide 2 Slide 3

Бірінші типологиялық топты жаппай оқу процесінде бағдарламалық материалды анағұрлым сәтті меңгеретін оқушылар құрайды. Олар оқу материалын өз бетінше орындауға қабілетті, өзгерген тапсырманы орындауда үлкен қиыншылық көрмейді, жаңа жұмысты орындау барысында бар тәжірибесін негізінде дұрыс қолданады. Бұл балалар есептеу тәсілдерін, есептерді шығару амалдарын, жылдам есінде сақтап, пәндік көрнекілікті сирек қажет етеді. Әдетте оларға белгілі бақылауға, құбылысқа сөзбен ауызша сілтегеннің өзі жеткілікті. Олардың алған білімдерінің жеткілікті дәрежеде берік және икемді болуын атауға болады. Бұл мектеп оқушылары сөз өрбітудің кері жүрісін игеруге қабілетті. Олардың сөз саптау қолданысында сөйлемдер қалыптасқан, олар өз әрекеттерін еркін түсіндіреді, келешек жұмысын, тапсырма орындау тәсілдерін жоспарлай алады. Бұл топтың оқушылары үшін өзіне қойылған баға не үшін, қандай критерилер бойынша қойылғанын білу маңызды.

Slide 4 Slide 5 Slide 6 Slide 7

Педагог әртүрлі типологиялық топ оқушыларына берілген оқу материалдарын меңгеру нәтижесі бірдей болмайтынын түсінуі қажет және соған дайын болуы тиіс. Ақылой кемістігі бар, қимыл-қозғалыс бұзылыстары бар, көру, есту қабілетінің бұзылыстары бар оқушылардың жетістіктерін бағалау білім беру процесінің ажырамас бөлігі бола отырып, олардың мүмкіндіктері мен шынайы оқу жағдайына сәйкестендірілген болуы тиіс. Мұғалімге ерекше білім беруде қажеттіліктері бар бұл оқушылардың оқу жетістіктері туралы ақпаратты үнемі қадағалап отыру қажет

Slide 8 Slide 9

Баға және бағалау - мұғалімдер үшін шексіз талқылауға дайын тақырып, себебі мектептегі баға бұл тек оқушы еңбегінің нәтижесі ғана емес, онда педагогтың жеке қасиеттері, көңіл-күйі, мінезі, оның оқушыға қарым-қатынасы, мұғалімнің жұмыс істеу мәнері жинақталған. Оқушы еңбегін бағалаусыз ешқандай меңгеру процесі жүзеге асырыла алмайды. Бағалау оқушыларға, олардың пәнге, мұғалімге, мектепке және жалпы айналадағы әлемге деген қарым-қатынасына үлкен әсерін тигізеді.

Педагогикалық диагностика - оқыту процесінің жағдайын және оның нәтижелерін зерделеу, соның негізінде оқыту мен бағалау процестерінің сапасын арттыру мақсатында оларға түзетулер енгізуге мүмкіндік беретін ерекше әрекет түрі. Диагностикалауға бақылау, тексеру, бағалау, мәліметтер жинақтау, оларды зерделеу жатады; оларға қол жеткізу әдістері арқылы нәтижелерді қарастырады, дидактикалық процестің үрдісі мен динамикасын анықтайды.

Slide 10 Slide 11

Берілген жағдайдағы жобалау - бұл жоспарланған білім беру нәтижесіне алып келетін мұғалім мен оқушы әрекетінің негізгі ерекшеліктерін ұсыну міндетін қоятын педагогикалық процесті сипаттау тәсілі. Дәл осы мәнде, жоба - барлық компоненттерінің мазмұнын ашатын педагогикалық процестің болжалған моделі болып табылады : Оқыту процесін жобалау кезеңдеп жүзеге асырылады: алдымен оқу курсы деңгейінде, содан соң оқу тақырыбы деңгейінде және соңында сабақ деңгейінде. Пән бойынша оқу процесін жоспарлаудағы шешуші сәт мақсат қою немесе оқу бағдарламасының әр тарауына оқу мақсатын анықтап алу. Бұл этапта жоспарын шағын оқу мақсаттарына айналдыру арқылы, мұғалім бағдарламаның мазмұнымен жұмыс жасайды. Технологиялық тәсілдерді қолдануда мақсатты операционалдық тұжырымдау әдісі қолданылады, яғни оқушының алуы тиіс білім-білік дағдылары атап көрсетіледі(оқушының сырттай іс-әрекеті арқылы бағаланады) . Мақсатты осылай тұжырымдау нақты, диагностикалауға қолайлы, нәтижені бағалау тәсілі түсінікті.


Ұқсас жұмыстар
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға жалпы білім беру мектептерінде психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру және енгізу проблемалары
Қазақстандағы инклюзивті білім беру: ерекше қажеттіліктері бар балаларды анықтау және психолого-педагогикалық сүйемелдеу
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету: принциптер, кезеңдері және жеке-дамыту бағдарламалары
Ерекше қажеттіліктері бар балалардың сапалы білімін қамтамасыз етудегі психологиялық-педагогикалық қолдау: мектепішілік модельдер мен әдістемелер
Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларға психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру
Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға арналған лекотекада коррекциялық және психологиялық-педагогикалық жаттығу жоспары (2022-2023 оқу жылы)
Ерекше білім беру қажеттігі бар оқушыларға оқу бағдарламаларын бейімдеу және даралау
Мектептегі ерекше білім беру қажеттілігін бағалау және қолдау жүйесі
Оқытуда критериалды бағалау жүйесін енгізу және қолдану
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы және инклюзивті білім беруді жүзеге асыру шарттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz