Диагностикалық бағалау



Диагностикалық бағалау
ЖГА-811
Худайбергенова Дилмира


Мұғалімнің қызметінде оқушының жетістіктерін тиімді бағалауды жоспарлауда бағалаудың мақсатын білу қаншалықты маңызды болса, оның жеке түрлерін білу соншалықты маңызды. Осы параметрлер бойынша бағалау мынандай үш түрге бөлінеді: диагностикалық, формативтік (қалыптастырушы), суммативтік (жинақтаушы) .
Диагностикалық бағалау - оқушының білімінің, іс-әрекетінің, дағдысы мен құзіреттілігінің қалыптасуының алғашқы деңгейін анықтау. Диагностикалық бағалау әдетте оқу жылының басында немесе бір тақырыпты, тарауды оқытудың алғашқы сабағында жүргізіледі. Бағалаудың бұл түрі оқушыға да, мұғалімге де қазіргі жағдай мен талаптар туралы дұрыс көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Диагностикалық бағалаудың қажеттілігі мыналар арқылы анықталады:


Диагностикалық бағалаудың бірінші буыны - оқушының бір тақырыпты, курсты оқығанға дейінгі жинақтаған білім қорына немесе дағдысы мен құзіреттілігінің деңгейіне сүйеніп, оның білім алу деңгейін алдын ала сараптау (алдын-ала тест алу) . Бұл жұмыс мұғалімге жаңа тақырыптың қай бөлігінде оқушыға қиындық туындайтынын анықтауға және бұл қиындықтарды болдырмау қадамдарын жоспарлауға көмектеседі.
Диагностикалық бағалаудың екінші буыны - жаңа тақырып бойынша оқушының білімін, іс-әрекеті мен дағдысын, құзіреттілігін тексеру болып табылады. Мұғалім тестілеуді тақырыпты оқудың соңында жүргізіп, оқушы өтілген тақырыпты қаншалықты дұрыс қабылдағанын, құзіреттіліктерді меңгеру дәрежесі туралы ақпараттар алады Педагогикалық диагностиканың қиындығы қасиеттер мен категориялардың арасында қатаң байланыстың жоқтығында. Бір қорытынды жасау үшін бір қасиеттің өзі жетіспейді, ол үшін бірнеше қасиетті тесттер арқылы талдау жасау керек.


Бақылаудың тәрбиелік функциясы - оқушыларды жүйелі жұмысқа үйретуі, оларды тәртіптілік және жігерге тәрбиелеу. Бақылаудың жүйелігі оқушыларда өз жұмыстарына деген жауапкершілікті қалыптастырады. Сонымен қатар, бақылау оқушыларға өз білімдерін бағалауға, өзінің қабілетін анықтауға және өзінің оқу ісәрекетін түзетуіне мүмкіндік береді. Бақылаудың негізгі функцияларының бірі ынталандыру функциясы. Оқушылардың жақсы баға алуға ұмтылуы немесе төмен баға алудан корқуы, мұғалімнен мақтау естуі бақылаудың аталған функциясын іске асыруға мүмкіндік береді.

Оқытудың теориясы мен практикасы бойынша оқушылардың оқу іс-әрекетін бақылауды ұйымдастыруға келесі педагогикалық талаптар қойылады:
- әр оқушының жеке жұмысына бақылау жасауды талап ететін бақылаудың жекелік сипаты;
- бақылаудың оқыту процесінің барлық кезеңінде жүйелі жүруі, оның оқушылардың оқу іс-әрекетінің басқа жақтарымен байланысы;
- бақылаудың барлық функцияларын іске асыруды қамтамасыз ететін бақылаудың әртүрлі формаларын қолдану;
- оқыту бағдарламасының барлық бөлімдерін қамтитын, оқушылардың теориялық білімдерін, интеллектуалдық және практикалық іскерліктері мен дағдыларын тексеруді қамтамасыз ететін бақылаудың жан-жақтылығы;
- оқушыларды жетік білмеуінен және кейбір оқушыларға деген теріс қарымқатынастан туған мұғалімнің субъективті көзқарастарынан тәуелсіздікті талап ететін бақылаудың объективтілігі;
- әр оқу пәнінің және оның жеке бөлімдерінің, оқушылардың дара ерекшеліктерін ескеруді талап ететін бақылауға саралық тұрғыдан келу;
- оқушылардың оқу жұмыстарына бақылауды іске асырудағы мұғалімдердің талаптарының бірлігі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz