Информатиканы оқытуда қолданылатын электрондық ресурстардың құрамы және қолданылу бағыттары
Презентация қосу
Информатиканы оқытуда қолданылатын электрондық
ресурстардың құрамы және қолданылу бағыттары
Бүгінгі күні, жоғары оқу орындарының оқу процесінде жаңа
ақпараттық технологияларды қолдану туралы түрлі ойлар айтылып
жүр. Ондай ойлар осы технологиялардың толық мүмкіндігі мен
практикалық қолданылуы аралығында теңеспей тұр. Бірақ көптеген
мамандар бір ойда, яғни электрондық ресурстар мен ақпараттық
технологиялар оқытуға маңызды басымдылықтар әкеледі. Олар:
оқу процесін интенсификациялау;
студенттерді ескішіл есептеу жолдарынан құтқару;
оқытушыларды оқу сабақтарын қалыптастыру мен нәтижелерін
тексерудің ескішіл жолдарынан құтқару;
білім алушының білімін жиі әрі жедел түрде бақылап отыру
мүмкіндігі.
Контекстік оқыту шарттарында студент қызметінің үш базалық
формасы және көптеген аралық, бір базалық формадан келесі түріне
өтпелі формалары бөлінеді. Базалыққа жататындар:
классикалық мысалы ретінде ақпараттық лекция жататын
академиялық типті оқу қызметі;
ең жақын формалары іскер ойындар болып табылатын кәсіби
қызмет;
студент өндірістік практикада шындық зерттеулер немесе
практикалық функциялар орындайтын оқу-кәсіби қызметтер.
Барлық электрондық ресурстар студенттерге информатиканы оқытуда
мынадай сипаттарды иеленуі тиіс:
студенттің негізгі мәселесін шешуге бағытталуы;
іс-әрекет жайлы түсінікті сипаттау үшін білім жүйесінің толық
болуы;
информатиканы оқытудың қызметтік тәсілі, белсенді әдістері,
электрондық ресурстардың интерактивтілігі, өзара оқыту арқылы
қарқынды болуы;
студенттерге информатиканы оқытудың әдісін таңдауға мүмкіндік
беретіндей коммуникация әдістері мен электрондық ресурстардың
кешенде көп болуы;
психологиялық жағдайдың жағымды болуы.
Информатика бойынша зертханалық-практикалық сабақтарда
электрондық ресурстарды ендіру біршама факторларды түсіндіріп
отыр:
жеке практикалық сабақтарды өткізу мен тексерудегі оқытушының
жұмысын автоматтандыру қажеттілігін;
электрондық ресурстарды қолдану информатиканы оқытуды
жекелендіреді және тәжірибелік зерттеулер шекарасын кеңейтеді;
информатика бойынша зертханалық-практикалық сабақтар
сапасына, қызметтік мүмкіндіктеріне және компьютерлік техниканың
бөліктік құрамдарына көп талаптар қоймайды.
Сонымен, студенттерге информатиканы оқытуда қолданылатын
электрондық ресурстардың негізгі түрлері мыналар болып табылады:
жалпы бағыттағы сервистік бағдарламалық құралдар;
білім алушының білім, біліктілік және дағды деңгейін өлшеуге
және бақылауға арналған бағдарламалық құралдар;
электрондық тренажерлар;
математикалық және имитациондық модельдеуге арналған
бағдарламалық құралдар;
виртуалды зертханалық бағдарламалық құралдар;
ақпараттық-іздеу анықтамалық жүйелері;
автоматтандырылған оқыту жүйелері;
электрондық оқулықтар;
эксперттік оқыту жүйелері;
интеллектуалдық оқыту жүйелері;
кәсіби қызметті автоматтандыру құралдары.
Электрондық тренажерлар практикалық біліктіліктер мен
дағдыларын қалыптастыруға арналған. Бұлардан басқа, электрондық
тренажерлар информатикада мәселелерді шешуде біліктілік мен
дағдыны өңдеуде қолданылады. Бұл жағдайда, теория бойынша
қысқаша ақпарат алуды, түрлі өзіндік дәрежедегі жаттығуларды,
бақылау және өзін-өзі бақылауды қамтамасыз етеді.
Математикалық және имитациялық моделдеуге арналған
бағдарламалық құралдар эксперименттік және теориялық зерттеулер
көлемін кеңейтуге, есептеу эксперименттерін физикалық
эксперименттермен толықтыруға мүмкіндік жасайды. Кейбір жағдайда,
зерттеу объектісі, ал екінші бір жағдайда өлшеу қондырғылары
моделденеді. Бұндай құралдар қымбат қондырғыларды алу шығынын
азайтады, оқу лабораторияларында жұмыс қауіпсіздігінің деңгейін
төмендетеді. Моделдеуші бағдарламалық құралдарға тағы да,
информатика қатысты пәндерді оқытуда жиі қолданылатын пәндік
бағытталған бағдарламалық орталар жатады.
Ақпараттық-іздеу анықтамалық бағдарламалық
жүйелер қолданушыға түрлі ақпаратты шығару, сақтау
және беруге арналған. Бұндай жүйелер қатарына
материалдың иерархиялық ұйымдастырылуын және
ақпаратты жылдам іздестіруді қамтамасыз ететін түрлі
гипермәтіндік және гипермедиа бағдарламалар
жатады. Сонымен бірге барлық мүмкіндікті берілгендер
қоры кеңінен қолданылады. Берілгендер қорын басқару
жүйесі ақпаратты сорттау және іздеу мүмкіндіктерін
қамтамасыз етеді. Берілгендер қоры информатиканың
оқу процесінде оқу материалдарының мазмұны мен
оларды талдауды ұйымдастыру үшін қолданылады.
Оқудың берілгендер қоры білім алушының өзіндік
жұмысы кезінде қажетті ақпаратты іздеу және талдау
мақсатында қолданылуға ұсынылады.
Автоматтандырылған оқыту жүйесі білім алушының
теориялық материалмен, жаттығумен және
информатика бойынша білім деңгейін бақылаумен
таныстыруды қамтамасыз ететін шағын көлемді
электрондық ресурстардан тұрады.
Электрондық оқулықтар негізгі білім беру электрондық
басылымдары болып табылады. Электрондық оқулықтар жоғары
ғылыми және әдістемелік деңгейде жасалады және бағдарлама мен
стандарттың дидактикалық бірліктерін анықтайтын, мамандықтың
білім беру стандарттарына толығымен сәйкес келуі керек. Одан басқа,
электрондық оқулықтар интерактивті кері байланысты жүзеге
асыратын информатиканы оқыту барысында дидактикалық жүйенің
үздіксіздігін және толықтығын қамтамасыз ету керек. Электрондық
оқулықтардың негізгі қасиеттерінің бірі оның мазмұнын қағаз жүзінде
шығаруға мүмкіндік жасау болып табылады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz