Республикасының денсаулық сақтау жүйесі


Slide 1

Тақырып: Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесі

Дайындаған:

Қабылдаған:

Slide 2

Денсаулық сақтау жүйесі

Денсаулық сақтау - қоғамның әлеуметтік өмірінің маңызды саласы. Бірнеше рет қайта құруларды басынан кешіріп, алдағы уақытта да дамытылуы жоспарланып отырған ұлт денсаулығы - еліміздің ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласын жетілдіру үшін орасан зор қаржы бөлінуде, жеке меншік секторды қоса отырып қаржыландыру мен басқарудың жаңа әдістері енгізілуде, дәрігерлерді оқыту мен олардың қызығушылығын арттыру бойынша жаңа кадр саясаты қалыптасуда, осының бәрі дамуда.

Slide 3

Кеңес одағының денсаулық сақтау жүйесі

Қазақстан тәуелсіздік алуымен бірге мұраға бұрынғы Кеңес Одағынан денсаулық сақтаудың орасан зор жүйесін де алды. Көптеген емханалар мен ауруханалар, сол кезде материалдық және кадрлық жағынан құнды болып табылып, бүгінге дейін қолданыста жүрген ескі техникаларды да иеленген еді.

Денсаулық сақтау саласын басқару 1991 жылдан 1996 жылға дейінгі аралықтағы қаржы және білікті маман тапшылығы (ең мықты деген кадрлар эмиграцияға кетіп қалған) кезіндегі бала және ересектер арасындағы өлім-жітімнің өршіп тұрған қиын материалдық жағдайына қарамастан тұрғындарға медициналық қызмет көрсетуге барынша тырысқан Денсаулық сақтау министрлігі деп аталған арнайы министрлікпен басқарылған еді.

Slide 4

1996 жылы елде сақтандыру жүйесінде қайта құру басталып, ол өз кезегінде денсаулықсақтау саласын айналып кете алмады. 1996-1998 жылдар бюджеттік-сақтандыру жүйесіне өту кезеңімен белгілі. Қазақстан Республикасы Президентінің заңдық күші бар 1995 жылғы 15 маусымдағы №2329 Азаматтарды медициналық сақтандыру туралы Жарлығы шықты. Ол жарлық бойынша міндетті медициналық сақтандыру Қоры арқылы тұрғындарды міндетті және ерікті сақтандыру ойластырылды. Бұл Қор Денсаулық сақтау министрінде жасалған міндетті медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасын қалыптастырған мемлекеттік коммерциялық емес ұйым еді.

Бұл бағдарлама күйреп қалғанымен қазіргі кездегі медициналық сақтандырудың қаржы нарығында қаржылық тұрақтылық пен сақтандырудың жаңа қаржылық институттарының қалыптасуына жағдай жасады.

Slide 5

Халық денсаулығы

1990 жылы мемлекеттік басқару ұйымдарын оңтайландыруға байланысты елде мемлекеттік ұйымдардың саны қысқарып кеткені белгілі Сол науқаннан Денсаулық сақтау министрлігі де шет қала алмады. Осылайша, бұл ұйымның аты ҚР Денсаулық сақтау, білім, Спорт министрлігі деп аталды. Осы атаудағы министрлік ҚР «Қазақстан-2030» стратегиялық дамуы аясында «Халық денсаулығы» атты алғашқы мемлекеттік бағдарламаны ұсынды.

Slide 6

Бағдарламаның мақсаты - Қазақстан халқының денсаулығын жақсарту еді. Ол 1998-2008 жж. арналып, үш базалық кезеңнен тұрды және төмендегі қағидаларға сүйенді:

Slide 7

Ұлт саулығы

2005-2010 жж. мемлекеттік бағдарлама Қазақстан медицинасының дамуына өз үлесін қосты.

ҚР Президенті, ұлт көшбасшысы Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Кемелденген мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Ұлт денсаулығын жақсартуда айтарлықтай табысқа қол жеткіздік. Денсаулық сақтау саласының тиімділігін арттыруда оның ұйымдық жүйесі басқару мен қаржыландыру қайта құрылды», - деді

Slide 8

Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында саланың стратегиялық даму мақсаттарына, жобалау, құрылыс, денсаулық сақтау нысандарын жабдықтау стандарттары мен медициналық қызметтің сапасын қамтамасыз етуге негізделген денсаулық сақтау жүйесінің бірыңғай инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде. Денсаулық сақтау инфрақұрылымы денсаулық сақтау желісін дамытудың бірыңғай ұзақмерзімді жоспары негізінде халықтың қажеттіліктеріне сәйкес инвестицияларды тарту және жеке сектордың үлесін арттыру есебінен қалыптастырылады.

Slide 9

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарының желісін құру және дамыту, сондай-ақ материалдық-техникалық қамтамасыз ету жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады. Халықтың тұрғылықты жерінің ерекшеліктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, 2018-2025 жылдарға арналған денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік ұзақ мерзімді жоспарлары бекітілді. Аймақтық жоспарлар бірыңғай құрылымға келтірілген, денсаулық сақтау ұйымдарының қолданыстағы желісі туралы ақпарат беріп, жоспарлы қайта құрылымдау мен денсаулық сақтау мекемелерінің қажеттілігін көрсетеді.

Slide 10

Денсаулық сақтау жүйесіндегі шешілмеген мәселелер


Ұқсас жұмыстар
Медициналық көмек
БҰЙЫМДАРДЫҢ АЙНАЛЫМЫ
Медициналық қызметтің кұрылымы
Алдын ала және кезекті медициналық тексеруді ұйымдастыру
Денсаулық сақтауды мемлекет тарапанынан реттеу
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтаудағы MEDICAL UNIVERSITY
МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ САПАСЫ
Денсаулық сақтау саласында жүйелі тәсіл
ҚР денсаулық сақтаудағы электронды жүйенің приниптері мен жалпы ерекшеліктері. Емхана мен ауруханаларда науқастарды қабылдаудың тәртібі. Емхана мен ауруханалардағы құжаттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz