Дезинфекциялық ерітінді түрлері




Презентация қосу
Тақырып: Заманауи
дезинфекциялық ерітінділердің
жіктелуі

Дайындаған:
Қабылдаған:
Мазмұны

I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
1.Дезинфекция және оның түрлері.
2.Дезинфекцияның әдістері.
3.Дезинфекциялық ерітінді түрлері
III.Қорытынды.
Кіріспе

Дезинфекция бұл-адамды қоршаған ортада
патогендi және шартты патогендi
микроағзаларды жою. Дезинфекция кезiнде
микроағзалардың тек вегетативті түрлерi өледi.
Микроағзаларды физикалық факторлар және
химиялық заттар әсер ету арқылы жоюға болады.
Микроағзалардың жойылуы дезинфицирлеушi
заттардың әсер ету ұзақтығы (экспозиция) мен
интенсивтiлiгiне (концентрация) байланысты
Дезинфекцияның түрлері.
Алдын-алу дезинфекция – анықталған инфекция көздері
болмаған жағдайда жүргізіледі. Алдын-алу дезинфекциясының
мақсаты – пациенттің қолданған құралдарын жүйелі түре
залалсыздандыру жолымен басқа адамдарға жұғу қауіпін азайту.
Ошақты залалсыздандыру – ауырған адам мен малдың
қасында болып, олар сауығып кеткенге дейін күнделікті бақылау
жүргізіп отыру, ауруды емдеуге алып кете салысымен және
аурудан жазылып кеткеннен кейін немесе ауру (адам не мал) өліп
қалғаннан кейін бірден (көп кешікпей) ауру орнын толық өңдеуден
өткізу.
Дезинфекциялау әдістері
ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ

ФИЗИКАЛЫҚ ХИМИЯЛЫҚ БИОЛОГИЯЛЫҚ МЕХАНИКА-ЛЫҚ

ТЕМПЕРАТУРА ФЕНОЛ АНТИБИОТИКА-ЛЫҚ УЛЬТРА ДЫБЫС

КЕПТІРУ ҚЫШҚЫЛДАР

УЛЬТРАКҮЛГІН СӘУЛЕ СІЛТІЛЕР

КҮН СӘУЛЕСІ ҚҰРАМЫНДА ХЛОРЫ БАР
ЗАТТАР

СУ БУЫНЫҢ ҚЫСЫМЫ
Дезинфекциялау ерітінділері
Жуғыш дезинфекциялық ерітіндіні
дайындау реті
1. 5 грамм Лотос ұнтағы.т.б.
2. 27,5% -17 мл сутегінің асқын тотығы.
3. 978 мл су.

Жуғыш ерітіндіні 20-25˚С жылытамыз.
Антисептикалық және дезинфекциялық
заттар
• Химиялық тобы
• Препараттары
• 1. Құрамында галогені бар қосылыстар
• Құрамында хлоры бар: хлорамин Б, хлоргексидин биглюконаты.
• Йодты: йодтың спиртті ерітіндісі, люголь ерітіндісі, иодоповидон, йодинол,
йоданат, йодопирон
• Тотықтырғыштар
• Сутегі асқын тотығы ерітіндісі, калий перманганаты
• 3. Ауыр металл тұздары
• Сынап: сынап дихлориді /сулема/, сынаптың сары тотығы.
• Күміс: күміс нитраты, проторгол, колларгол.
• Мырыш: мырыш сульфаты, мырыш тотығы,
• Мыс: мыс сульфаты
• Висмут: ксероформ, дерматол
4.Альдегидтер мен спирттер Формальдегид, гексаметилентетрамин
Этил спирті
5.Фенол мен оның Таза фенол /карбол қышқылы/, ихтиол
туындылары
6. Нитрофуран туындылары Фурациллин
7. Бояғыштар Бриллиантты жасыл, метилен көгі,
этакридин лактаты.
8. Қышқылдар мен сілтілер Қышқылдар : бор,салицил
Сілтілер: аммиак ерітіндісі
9. Детергенттер Церигель, дегмицид, роккал, жасыл
сабын
10. Табиғи препараттар Тұнбалар, тұндырмалар және басқа да
препараттар: календуланың, жапон
сафо-расының, түймедақ гүлінің,
шалфейдің, эвкалиптің, шайқурай,
сарымсақ, пияз және т.б.
Антисептикалық өсімдік жинақтары:
эктерицид, лизоцим, бализ-2
Лизоформин ерітіндісін дайындау үшін

0,5% лизоформин дайындау үшін 8 л суға 40мл
лизоформин;
1% лизоформин дайындау үшін 8 л суға 80мл лизоформин;
2% лизоформин дайындау үшін 8л суға 160 мл лизофрмин;
3% лизоформин дайындау үшін 8 л суға 240 мл
лизоформин.
Лизоформин сұйық көгілдір түсті пластмасс ыдыста
шығарылады. Суда жақсы ериді. Сулы ерітінділері
көгілдір және мөлдір, хош иісті болады. Дайындалған
ерітіндінің сақталу мерзімі 14 күннен артық болмауы
керек. Түсі өзгергеніне қарай ауыстырылып отырады.
Қорытынды
Денсаулық-зор байлық” дегендей, адам денсаулығы –өмірлік қуатқа толы
жан-тәнінің айнасы.Денсаулық – тылсым өмір. Қазіргі таңда денсаулық
сақтау мәселесі алдыңғы қатарлы проблемалардың қатарына жатады.
Шынымен де бүгінгі күні өте ауыр сырқаттардың таралуы жиілеп
отыр.Әрине мұндай сырқаттардың көбейіп кетуі алуан түрлі жағдайлармен
байланысты. Сондай жағдайлардың бірі емдеу мекемелеріндегі медициналық
құралдардың жоғары сапада стерильденбеуі.Медициналық құралдарды
стерилизациялау кезінде ереже бойынша уақытында стерилизация жүргізу
ауыр сырқаттардың алдын алуға мүмкіндік береді. Міне, сондықтан да
емханаларда, емдеу мекемелерінде, процедуралық кабинеттерде, медициналық
құралдарды пайдаланғаннан кейін қатаң түрде стерилизацияның жүргізілуіне
мән беруіміз қажет.Тек сонда ғана ауыр сырқаттардың таралмауын
қамтамасыз ете аламыз.

Ұқсас жұмыстар
ГАЗБЕН ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ
Зарарсыздандыру мақсаты эпидемиялық ошақты инфекциядан толық бір жолата тазарту
Дезинфекция туралы
Дезинфекция жүргізу тәртібі
Заттарды өңдеуге арналған құралдар
Дезинфекциялық ерітінділерді қолданғанда медицина қызметкерлерінің қорғану ережелері
Дезинфектанттардың сапасын саралау
Дезинфекцияның түрлері
Дезинфекциялау ерітінділері
Дезинфекцияның мақсаты
Пәндер