БОРЫШҚОР МІНДЕТТЕМЕСІ


Slide 1

Міндеттілік қүқық

Орындаған: Құдайберген Әлия 201 оқу тобының курсанты

Тексерген: Полиция майоры Райбаев Д. К

2020-2021 оқу жылы

Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы Жалпызаң пәндері кафедрасы

Slide 2

Мiндеттемеге сәйкес бiр адам (борышкер) басқа адамның (кредитордың) пайдасына мүлiк беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және тағы да сол сияқты белгiлi бiр әрекеттер жасауға не белгiлi бiр әрекет жасаудан тартынуға мiндеттi, ал кредитордың борышкерден өз мiндеттерiн орындауын талап етуге құқығы бар. Кредитор борышкерден атқарылғанды қабылдауға мiндеттi. Егер осы Кодекстің Ерекше бөлімінде өзгеше көзделмесе, міндеттемелерге осы кіші бөлімнің ережелері қолданылады.

Мiндеттеме туралы

Slide 3

Мiндеттеме тараптары

Slide 4

Міндеттемені орындау

Мiндеттеме - мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда - iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиiс.

Егер мiндеттеме шарттарында, заңдарда өзгеше белгiленбесе немесе iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан немесе мiндеттеме мәнiнен өзгеше туындамаса, несие берушi мiндеттеменi бөлшектеп орындауды қабылдамауға құқылы.

Slide 5

Борышқор міндеттемесі

Егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе және iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан немесе мiндеттеме мәнiнен өзгеше туындамаса, борышқор мiндеттеменi орындау кезiнде несие берушiнiң өзi немесе бұған ол уәкiлдiк берген адам орындауға қабылдайтын нәрсенi талап етуге құқылы және мұндай талап жасалмауының зардабын тартуға тәуекел етедi.

Slide 6

Мiндеттеменi үшiншi жақтың орындауы

Slide 7

Мiндеттеменi бiрқалыпты орындау жөнiндегi талаптар

Ұзақ мерзiмде орындалатын болып есептелген мiндеттемелер, егер заңдарда немесе мiндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе, не мiндеттеме мәнiнен немесе iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан туындамаса, бiрқалыпты, мiндеттеменiң осы түрi үшiн ақылға қонымды кезеңдерде (күн, онкүндiк, ай, тоқсан және т. б. ) орындалуға тиiс.

Slide 8

Мiндеттеме орындалатын жер

Егер мiндеттеме орындалатын жер заңдарда немесе оның шарттарында белгiленбесе немесе мiндеттеме мәнiнен немесе iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан көрiнбесе, ол:

Slide 9

Ақшалай мiндеттеме

1. Ақшалай мiндеттемеге байланысты бiр адам (борышкер) екiншi адамға (кредиторға) ақша төлеуге мiндеттi, ал кредитордың борышкерден ақша төлеу жөнiндегi мiндеттерiн (ақша қарызы және басқа да мiндеттемелер) орындауын талап етуге құқығы бар. Өтеу туралы шарт, залалды өтеу және тұрақсыздық айыппұлын төлеу туралы мiндеттемелер, сондай-ақ зиян келтiру не негiзсiз баю салдарынан туындаған мiндеттемелер бойынша ақша төлеу жөнiндегi мiндеттерге, егер осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе немесе мiндеттеме мәнiнен туындамаса, ақшалай мiндеттемелер туралы ереже қолданыл Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай мiндеттемелер теңгемен (осы Кодекстiң 127-бабы) көрсетiледi.

2. Ақшалай мiндеттеменi орындау үшiн жеткiлiксiз төленген төлемнiң сомасы тараптардың өзге келісімi болмаған жағдайда, ең алдымен негізгі борыш және сыйақы (мүдде) бойынша берешекті, ағымдағы кезеңдегі негізгі борышты және сыйақыны (мүддені), ал қалған бөлігінде - кредитордың орындауды алу бойынша тұрақсыздық айыбы мен шығасыларын өтейдi.

3. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, ұзақ мерзiмдi мiндеттемелерде тараптар келіскен шарттарда төлемдi индекстеу көзделуi мүмкiн.

Slide 10

Өзара мiндеттердiң орындалуы

1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасынан, шарттан, iскерлiк айналым ғұрыптарынан, мiндеттеме шарттарынан немесе оның мәнiнен өзгеше туындамайтын болса, тараптар өзара мiндеттердi бiр мезгiлде орындауға тиiс.

2. Тараптардың бiрi мiндеттеменi орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда, екінші тарап өз мiндеттемесiн орындауды тоқтата тұруға не осы мiндеттемесiн орындаудан бас тартуға және залалды өтеуін талап етуге құқылы.

Балама мiндеттеменiң орындалуы

Екi немесе бiрнеше әрекеттiң бiрiн жасауға мiндеттi борышқорға, егер заңдардан немесе мiндеттеменiң шарттарынан өзгеше туындамаса, таңдау құқығы берiледi.

Slide 11

Бiрнеше несие берушi немесе бiрнеше борышқор қатысатын мiндеттеменiң орындалуы

Егер мiндеттемеге бiрнеше несие берушi немесе бiрнеше борышқор қатысса (адамдар көп болған мiндеттеме), несие берушiлердiң әрқайсысы мiндеттеменi орындауды талап етуге құқылы, ал борышқорлардың әрқайсысы заңдардан немесе мiндеттеме шарттарынан өзгеше туындамайтындықтан, басқалармен тең үлестi орындауға мiндеттi (үлестi мiндеттеме) .

Slide 12

Ортақтасқан мiндеттеменiң орындалуы

Slide 13

Регрестiк талаптар

1. Басқа адамның мiндеттемесiн орындаған борышқор орындалған мiндеттеме мөлшерiнде сол адамға керi талап (регресс) қоюға құқылы.

Үшiншi адамның әрекеттерi салдарынан мiндеттеменi орындамаған борышқор осы адамнан залалдарын талап етуге құқылы.

2. Ортақтасқан мiндеттеменi орындаған борышқор қалған борышқорлардың әрқайсысына оның өзiне тиесiлi үлесiн шегерiп, тең үлеспен керi талап қоюға құқылы.

Борышқорлардың бiреуi ортақтасқан мiндеттi орындаған борышқорға төлемегенi осы борышқорға және қалған борышқорларға тең үлесте түседi.

Осы тармақтың ережелерi борышқорлардың бiреуiнiң қарсы талабы есептеле отырып, тиiсiнше ортақтасқан мiндеттемелердi тоқтату кезiнде қолданылады.

3. Борышқордың орындағанын қабылдаған ортақтас несие берушi басқа несие берушiлерге, егер олардың арасындағы қатынастардан өзгеше туындамаса, оларға тиесiлi үлестерiн өтеуге мiндеттi.

Slide 14

Мiндеттеменiң орындалғанын куәландыру

1. Мiндеттеменiң орындалғанын қабылдай отырып, несие берушi борышқордың талап етуi бойынша оның толық немесе бiр бөлiгi орындалғаны жөнiнде оған қолхат беруге мiндеттi.

Егер борышқор мiндеттеменi куәландыру үшiн несие берушiге борыш құжатын берсе, несие берушi оның орындалғанын қабылдай отырып, құжатты борышқорға қайтаруға тиiс. Қайтарып беру мүмкiн болмаған жағдайда ол мұны өзi беретiн қолхатта көрсетуге мiндеттi.

Қолхат борышқорға қайтарылған борыш құжатындағы жазумен алмастырылуы мүмкiн.

2. Борышқорда борыш құжатының болуы, өзгеше дәлелденгенге дейiн мiндеттеменiң тоқтатылғанын куәландырады.


Ұқсас жұмыстар
Тараптар борышқор несие беруші
Міндеттемені тоқтатудың мейлінше тиімді түрі - оны орындау
Міндеттеме орындалатын жер
Міндеттеме ұғымы
Міндеттемелік құқық. Міндеттемені орындау негіздері
Міндеттемені орындауын қамтамасыз ету
МІНДЕТТЕМЕНІ ОРЫНДАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Кәсіпорындардың банкротқа ұшырауы
Кәсіпорын және олардың банкротқа ұшырауы
Қазақстанның сырты қарыздары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz