Отандық өнім сапасы


Slide 1

Тақырыбы: Отандық өнім және оны қолдану

Дайындаған: Абдулахат Аяулым

Қабылдаған: Бутабаева Самал Ермуратовна

Slide 2

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 1-наурыз 2006 жылғы Қазақстан халықтарына жолдауында «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын ұсынды». Бұл жұмыстың мақсаты осы стратегияға байланысты отандық кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату тәсілдерін іздеу. Өнімнің сапасын жетілдіруде сапаны басқару жүйесінің халықаралық тәжірибесін қолдану, оның ішінде ИСО 9000 сериялы стандарттарын енгізу қажеттілігін айқындау.

Отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі

Slide 3

Қазақстан сыртына өз өнімін халықаралық стандартқа сай шығару кәсіпорын үшін ең басты міндет болады, себебі қазіргі кезде сапа менеджменті клиенттердің талаптарын толық орындау және өндіріске қойылатын сапа жағынан ең дұрыс амал - тәсіл ретінде қабылданады. Сапа менеджментінің стандарты сапасыз өнімді өндіру немесе сапасыз қызмет көрсету практикалық түрде мүлде мүмкін болмайтын түрде жұмыс істейді.

Сапаны халықаралық стандарт төңірегінде компанияларды сертификатай отырып, осы аздаған шығынды алып тастауға болады.

Slide 4

Нарықтың жоғарғы технологиялық деңгейдегі бұйымдар мен сапалы тұтыну тауарларына толығуы - экономиканың толық өркендеуінің белгісін көрсетеді. XX-шы ғасырдың 80-ші жылдары бәсеке қабілеттілікті қамтамасыз етуде сапа негізгі маңыздылыққа ие болды. Әлемдік нарықта тұтынушылардың 80 пайызы тауарды сатып алуда бірінші оның сапасына мән берді. Мәселен: Батыс Еуропа елдерінде кейбір тауарлар сапа сертификатынсыз нарыққа шығуына рұқсат етілмейді. Ал, басқа да сертификатталмаған тауарлар, сертификатталған тауарлардан екі есе төмен бағамен сатылуы тиіс деген заңнамалар бекітілген.

Slide 5

Сапаның халықаралық стандарты төменгі жолмен кәсіпорынның бәсекелестігін көтереді:

Slide 6

Отандық өнім әлем нарықтарында

Индустрияландыру картасының аясында іске қосылған 100-ге жуық өндіріс орны өз өнімдерін шетелдерге экспорттау үстінде. Өткен бес жылдың ішінде бұл кәсіпорындардың экспорттаған өнімдерінің қаржылай көлемі 1 миллиард доллар болды. Қазақстан бірқатар елдердің нарықтарында жекелеген өнімдердің негізгі жеткізуші болып табылады. Мәселен, Қазақстанның мұнай өнімдері Өзбекстан нарығын 100 пайыз, ұн өнімдері 99 пайыз, бидай жөнінен 99 пайыз қамтамасыз етеді.

Slide 7

Отандық экспорттау

Әр жыл сайын отандық экспорттау­шыларды қолдау мақсатында Қазақ­станда және шетелдерде 100-ден астам шаралар өткізіледі. Кәсіпорындар әлеует­­ті нарықтарға өнім өткізуге қа­жет­­ті тал­дау ақпараттарымен қамтама­сыз етіледі. Қазақстандық тауарлар үшін нарық­тардан орын алу жолдары көрсетіледі. Әлемнің әр шалғайынан ірі сатып алушылар мен әріптестер іздестіріледі. Қазақстандық өңделген өнім­­дерді сыртқы нарықтарда алға жыл­­жыту үшін жарнамалау, таныстыру ша­ра­лары ұйымдастырылады. Экспорт­­­тау­­­шы­лардың жүйелік проблемала­рын шешу жолдары да жалықпай іздестіріледі.

Slide 8

Экспорттаушылар Кеңесі

ҚР Сыртқы істер министрлігі қасынан Экспорттаушылар Кеңесі құрылған. Онда шетелдерге тауарлар экспорттайтын немесе осы іске әзірлік жүргізудегі отандық компаниялардың аталған мәселе бойынша проблемалары және оларды шешудің жолдары қарастырылады. Бүгінгі күнге дейін бұл кеңестің 10 мәжілісі, сондай-ақ, Алматыда Өңірлік экспорттаушылар кеңесінің 1 мәжілісі өткізілді. 40-тан астам проблемалардың шешу жолдары қарастырылды.

Slide 9

Өнім сапасы

Өнімнің сапасы ─ бұл белгілі мұқтаждықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі мен кәсіпорынның маңызды көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Өнімнің сапалығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны ─ бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса, ал өнімнің сапалылығы ─ бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейінің көрінуі.

Slide 10

Өнімнің сапасын басқаруды жетілдіруде отандық өндірушілердің алдына қойылатын негізгі мәселелер, олар:

Slide 11

Отандық өнім сапасы

Бірақ қазіргі уақытқа дейін өнім сапасын жоғарлату мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлінбеді, тұтынушылар сұранысы жоғары сапалы өнім жағына ауыса бастады. Өкінішке орай, өндірушілердің өздері шикізаттың сапасына емес, ең алдымен табысты максимизациялауға, өндіріс көлемінің өсуіне көп көңіл бөлді.

Сонымен қатар, сапасы төмен өнімдер импортының өсуі байқалып жатыр. Қазіргі таңда Қазақстанда көптеген өнімдердің сапасы европаның және әлемдік стандарттардан едәуір артта қалған.


Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын - предприятие
АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
Өнім көрсеткіштері сапасы,
Өнім сапасы, негізгі көрсеткіштері
Өнім сапасын арттырудың шетелдік тәжірбиесі
Сауда дауларын конструктивті шешу
Рахат акционерлік қоғам
Жазғы резидент
ФАРМАЦЕВТИКА ӨНДІРІСІНДЕ САПАНЫ БАҚЫЛАУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz