Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы




Презентация қосу
Кәмелетке
толмағандардың
қылмыстық
жауаптылығы
ДАЙЫНДАҒАН
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мен
жазасы туралы мәселелер арнайы, бірінші рет Қазақстан Рес-
публикасы Қылмыстықкодексінің тарауларыньщ бірінде орын алған,
яғни ол әділеттілік қағидаттарына сәйкес 1990 жылғы 15 қазанда
Біріккен Үлттар Үйымының бас ассамблеясының келісімімен
мақүлданған және күшіне енген "Балалардың қүқықтары" туралы
Конвенциясымен сәйкестендірілген.
Заң шығарушы кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауы олар-
дың психологиялық өсуі ерекшеліктерінен, қоршаған ортаның
қылмыстекті жағдайының әсерінен, қамқорлыққа алынбауы-ның
салдарынан және тағы басқа факторлардың әсерінен пай-да болады
деген тұжырымнан шығады.
Кәмелеткетолмағандардыңқылмыстылығының алдын алу-да
мемлекет, жасөспірімдерді қадағалаусыз қалдырумен қатар
ересектердің құқық бұзушылық әрекеттерінің жасөспірімдерге кері
әсер беруі сияқты жәйттермен күресуде.
Бүгінгі таңдағы Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексі бойынша қылмыстық жауаптылыққа,
қоғамға кауіпті іс-әрекетжасаған 16 жасқа толған адам
тартылады. Ал кейбір жағдайларда қоғамға қауіптіліктің
деңгеяіне қараи, заңда көзделген қылмыстарды
жасағандығы үшін кәмелетке толма-ғандар 14-жастан
бастап қылмыстық жауаптылыққа тартыла-ды.
Бұл қылмыстарға: кісі өлтіру, денсаулыққа қасақана
ауыр зиян келтіру, ауырлататын мән-жайлар кезінде
денсаулық қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру,
зорлау, жыныс-тық сипаттағы күштеу әрекеттері, адам
үрлау, ұрлық жасау, кісі тонау, үрып-соғу, қорқытып алу,
ауырлататын мән-жай-лар кезінде автомобильді немесе
өзге де көлік құралдарын үрлау мақсатын кездемей
заңсыз иелену, ауырлататын мән-жайлар кезінде мүлікті
қасақана жою немесе бүлдіру, терро-ризм, адамды
кепілге алу, террорлық акті туралы біле түра керінеу
өтірік хабарлау, қару жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш
заттар мен жару қүрылғыларын ұрлау не қорқытып алу,
ауыр-лататын мән-жайлардағы бүзақылық, тағылық,
есірткі заттар-ды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды
ұрлау не қорқытып алу, ауырлататын мән-жайлар
кезінде қайтыс болған адам-дардың мүрдесін және
олардың жерленген жерлерін қорлау, көлік қүралдарын
немесе қатынас жолдарын қасақана жарам-сыз ету
қылмыстары жатады.
Қылмыстық кодексің 78- бабының1-бөлігіне сәйкес “Кәмелетке толмағандар деп
қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған
адамдар танылады ”Яғни, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын ең төменгі жас 14-
ке толу.
Егер кәмелетке толмаған адам Қылмыстық кодексте көзделген жасқа толса , бірақ
психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуы жағынан артта қалуы
салдарынан кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасау кезінде өзінің іс-
әрекетінің іс жүзіндегі сипатымен қоғамдық қауіптілігін толық көлемінде түсіне
алмаса не оған ие бола алмаса, қылмыстық жауапқа тартылуға тиісті емес (15-бап,3-
бөлігі).
Егер кәмелетке толған адамның ( 14, 16 жас ) есінің дұрыстығын жоққа
шығармайтын психикалық бұзылуы оларды қылмыстық жауаптылықтан босатпайды ,
бірақ бұл мән-жайды сот жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән – жай ретінде
ескереді және ол қылмыстық заңда көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу
шараларын тағайындау үшін негіз болады( ҚК-тің17-бабы,1,2-бөліктері)
Қылмыс жасаған кезде 18-ге толған адам кәмелетке толмаған деген атаққа ие
бола алмайды. Бірақ та ҚК 87- бабының талабына сәйкес 18 бен – 20 жас аралығында
қылмыс жасаған адамдарға жасаған әрекетінің сипатын және жеке басын ескере
отырып, сот ерекше жағдайларда оларға кәмелетке толмағандарға арналған
арнаулы тәрбие немесе емдеу, тәрбиелеу мекемесіне орналастыруды қоспағанда,
осы бөлімнің ережелерін қолданаалады. Мұндай ретте қоғамға қауіпті істелген іс-
әрекеттің мәні 18 бен – 20 жас аралығындағы адамның жас мөлшеріне байланысты
және психикалық жете болуы қажет.
ҚК-тің 79-бабына сәйкес кәмелетке толмағандарға мына-дай
жаза түрлері тағайындалады:

а)айыппұл

б)белгілі бір қызметпен айналысу
құқығынан айыру;
в)қоғамдық жұмыстарға
тарту;

г)түзеу жүмыстары;

д)қамау;

е)бас бостандығынан айыру
Кәмелетке толмағандардың жас ерекшеліктерін ескере отырып оларға
жаза тағайындау барысында ең алдымен тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу
шараларын қолданады. Тәжірибе кәмелетке толмағандарға бірінші рет
қылмыс жасағандығы үшін, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны
қолданудың тиімді емес екендігін дәлелдеп көрсетті.
Кәмелетке толмағандарға мына аталған жаза түрлері
қолданылмайды: бас бостандығын шектеу (ҚК-тің 45-
бабының бесіиші бөлігі), емір бойы бас бостандығынан
айыру (ҚК-тің 48-бабының төртітшбөлігі), өлімжазасы
(ҚК-тің 49-бабының екінші бөлігі), және мүлікті тәркілеу.
Кәмелетке толмағандарға қолданылатын
жазалардың мазмүны өзіне тән арнаулы белгілерге ие.
Айыппүл, ҚК-тің 79-бабының екі бөлігіне сәйкес,
кәмелетке толмай сотталған адамның дербес табысы
немесе өндіріп алуға жарайтын мүлкі болған жағдайда
ғана тағайындалады. Айыппұл, оннан бес жүз айлық
есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе кәмелет-
кетолмаған адамның жалақысының немесе өзге
табысының екі аптадан алты айға дейінгі кезендегі
мөлшерінде тағайындалады.
Көріп отырғанымыздай, ересек адамдарға
қарағанда (ҚК-тің 40-бабының екінші бөлігі), кәмелетке
толмағандарға айыппұлдың темендетілген мелшері
белгіленген, сонда да мұнымен қатар ҚК-тің 40-
бабының екітиі бөлігінің шарттары сақталады,
айыппұлдың мелшерін жасалған қылмыстың ауыр-лығы
мен сотталған адамның мүліктік жағдайын ескере оты-
рып сот белгілейді. Кәмелетке толмағанның мүлкі оның
өзіне тән болуы керек.
Кәмелетке толмағандарға белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру бір жылдан
екі жылға дейінгі Імерзімге та-ғайындалады, және жазаньщ осы түрі олар занды негізде
белгілі бір қызметпен айналыса жүріп, қылмыстық жазаға әкеп соқтыратын әрекеттерді
істеген жағдайларда ғана қолданылады.
Қоғамдық жұмысқа тарту жазаның жаңа түрі болып табылады және де қырық сағаттан жүз
алпыс сағатқа дейінгі мерзімге тағайындалады. Ол кәмелетке толмаған адамнын қолынан
келетін жұмысты орындауы болып табылады және де кәмелетке тоймаған ол жүмыстарды
оқудан немесе негізгі жүмысынан бос уақытында атқарады. Он алты жасқа толмаған
адамдардың жазаның бұл түрін орындауының ұзақтығы күніне екі сағаттан, ал он алтыдан
он сегіз жасқа дейінгі адамдар үшін күніне үш сағаттан аспауыкерек. Егер бас бостандығын
шек-теуге сотталған адам жазаны етеуден әдейі жалтарса, онда жа-заның бұл түрі ҚК-тің 45
және 46-баптарына сәйкес, қамаумен ауыстырылады.
Түзеу жұмыстары сот үкім шығарған кезде он алты жасқа жеткен кәмелетке толмаған
сотталған адамдарға бір жылға дейінгі мерзімге тағайындалады (ересектермен
салыстырғанда — ҚК-тің 43-бабының бірітиі бтігі бойынша — екі жылға дейін). Ең теменгі
мерзім (ересек адамдарда да) — екі ай көлемінде болады.
Қамау сот үкім шығарған кезде он алты жасқа жеткен кәме-летке толмаған сотталған
адамдарға бір айдан төрт айға дейінгі мерзімге тағайындалады. Бүл жаза, жазаның негізгі
түрі бо-лып табылады және де мазмүны жағынан бас бостандығынан айырумен ұқсас болып
келеді. Қамау сотталған адамды тағай-ындалған жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан қатаң
оқшаулау жағдайында ұстау болып табылады. Қамауды кәмелетке тол-мағандарға, тек 16
жасқа толған жағдайда ғана қолданады. Қамауды қолданар кезде қылмыстың сипаты мен
қоғамдық қауіптілік дәрежесі, айыпкердің жеке басы ескеріледі.
Кәмелетке толмаған сотталған адамға бас бостандығынап \ айыру онжылдан, ал
ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіргені үшін — он екі жылдан аспайтын мерзімге
тағайындалуы мүмкін. Он төрт жастан он алты жасқа дейін кішігірім ауырльгқтағы қылмысты
бірінші рет жасаған адамдарға бас бостандығынан айыру тағайьшдалмайды. Кәмелетке
толмағандарға жасалғаи қылмыстың ауырлығына байланысты алты айдан бастап он жьтлға
дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады.
Кәмелетке толмағандар бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуді ересек
адамдардан белек колонияларда отейді. Колония екі топқа белінеді: бас бостандығъшан
айыруға бірінші рет сотталған еркек жынысты кәмелетке толмағандардъщ, сон-дай-ақ әйел
жынысты кәмелетке толмағандардың — жалпы режимдегі тәрбиелеу колониялары; бұръш бас
бостандығын айыру жазасын өтеген еркек жынысты кәмелетке толмағандар — жазасын
күшейтілген режимдегі тәрбиелеу колонияларын-да өтейді. Қоғамдық қауіптілік сипатына
және дәрежесіне, кінәлі адамның жеке басына және басқа да мән-жайларға карай сот
қабылдаған шешімнің себебін көрсете отырып, еркек жы-нысты кәмелетке толмай сотталған
адамның бас бостандътғы-нан айыруды жалпы режимдегі тәрбиелеу колониясында етеу ін
тағайындауы мүмкін.
Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бүрын босатудың белгілі бір
аныкталған ерекшелік-тері ҚК-тің 84-бабында белгіленген. Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын
босату кәмелетке толмаған жаста кылмыс жасап бас бостандығынан айыруға немесетүзеу жұмыстарына
сотталған адамдарға:
а)кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшін тағайындаған жаза мерзімінің кемінде үштен бірін;
б)ауыр қылмысы үшін сот тағайындаған жазаның кемінде жартысын;
в)аса ауыр қылмысы үшін соттағайындаған жаза мерзімінің кемінде үштен екісін нақты өтегеннен кейін
қолданылуы мүмкін.
Жазаны өтеуден шарттытүрде мерзімінен бұрын босатудың негізгі болып, соттың адамның түзелуі үшін
тағаиынндалған жазаны толық етеуді қажет ешейді деп табуы болады. Жасқа толған адамдарға қарағанда,
кәмелетке толмағандарға қолда-нылатын жазаны өтеуден мерзімінен бүрын — шартты түрде босатуда, заң
қылмыс санаттарына байланысты жазаны отеудің ең төменгі мерзімін белгілейді. Жазаны өтеуден шартты
түрде мерзімінен бүрын босатуды кәмелетке толмағандарға қолдан-ған жағдайларда, ҚК-тің 70-
бабының жетінші балігшдегпалап-тар қолданылады.
Кодекстің 69 және 75-баптарында көзделген ескіру мерзімінің кәмелетке толмағандарды қылмыстық
жауаптылық-тан немесе жЯзаны өтеуден босату кезінде мерзімнің тен жар-тысы қьісқартьілады, яғни
кішігірім ауырлыктағы кылмыс үшін — бір жыл; орташа ауырлықтағы қылмыс үшін — екі жарьтм жыл; ауыр
қылмыстар үшін — бес жыл; аса ауыр қылмыстар үшін — жеті жыл, алты ай болып есептеледі.
ҚК-тің 86-бабына сәйкес он сегіз жасқа толғанға деиін қыл-мыс жасаған адамдар үшін Қылмыстық
кодекстің 77-бабында көзделген соттылықты жою мерзімдері қысқартылады және тиісінше
а)бас бостандығынан айыруға карағанда жазаньщ неғүрлым жеңіл түрлерін өтегеннен кейін төрт айға;
б)кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшін бас бостандығы айыруды етегеннен кейін бір
жылға;
в)ауыр және аса ауыр қылмысы үшін бас бостандығьтнан айыруды өтегеннен кейін үш жылға тең болады.
Сонымен қатар, ҚК-тің 13 бабының төртітиі болігіне сәйкес он сегіз жасқа толмаған адамның жасаған
қылмысы үшін, сондаіі-ақ
Қылмыстық кодексте белгіленген тәртіп бойъшша соттылығы алынып тасталған немесе жойылған
жағда^ідағы қылмыстың қайталануын тану кезінде ескерілмейді.
Назарларыңызға рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Қылмыстарды саралау бойынша практикум
Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының Криминологиялық сипаттамасы
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылық жасау статистикасы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗА
Құқық әлемінде. 8-11 сынып
ШАРТТЫ ТҮРДЕ СОТТАУ
Қылмыс және қылмыстық жауапкершілік
Кәмелетке толмағандар арасында профилактикалық жұмыстың негізгі деңгейлері
Зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің алдын алу
Пәндер